Қазақстандағы рухани жаңғыру бағдарламасы



Дата06.01.2023
өлшемі11.4 Kb.
#468177
түріБағдарламасы
срс

Қазақстандағы рухани жаңғыру бағдарламасы



Мен еліміздің бір азаматы ретінде заман талабына сай көштен қалмай болып жатқан соңғы жаңалықтарға көз жүгіртіп, назардан тыс қалдырмауға тырысамын. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев рухани жаңғыру бағдарламасын еліміздің жарқын болашағы мен кемел тарихы үшін қарастырған бағдарламасы. Еліміздегі рухани жаңғырудың тұжырымдамасын баршаға жеңіл, бай әрі қолайлы тілмен жеткізілген. Оның басты мақсаты – еліміздің жоспарын орындау барысында әлемнің гүлденген 30 елінің қатарына кіруді мақсат етіп қойды. Қазақстан Рухани жаңғырудың бастамасы көзі білімді жетілдіріп,оны жүзеге асыру қарастырылды.Бұрын әлемді күшпен алған болса,қазіргі ақпарат заманында біліммен алатын уақыт. Рухани жаңғыру бағдарламасының білім саласына қатысты бөлігі - келешек ұрпақты жарқын білімге деген ынтасын үлкен мүмкіндік. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген қазақ мақалының мән - маңызы ешқашан жоғалған емес. Керісінше,уақыт өткен сайын халқымыздың мәдени құндылығы артып келе жатыр.Өйткені келешек дәуір - нағыз білімділердің дәуірі.
Тақырыптың актуалдығы:
Қоғамымызда барлық сала басекеден тыс қалмаған. Ал барлық саланың биіктеп көтерілуі, білім мен ғылымның өсуіне тікелей қатысты.Мұны «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ҚР Президенті Н. Назарбаев ерекше атап көрсетті: «Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын - соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атауды ертең - ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт.
Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Иә, үрейлі көрінуі мүмкін, бірақ алдағы санаулы жыл ішінде бүгінгі қолданыстағы кәсіп түрлерінің тең жартысы қажетсіз болып қалары анық. Бұл мыңдаған адамға табыс көзінен айрылу қаупін тудырады. Мұндай қатер келешегін күні бұрын болжай білген мемлекеттер үшін ғана қауіпсіз. Жеткен жетістігіне тоғаймай, тың бағыт, жаңа бағдар таба білген елдер ғана осы сындарлы кезеңнен сүрінбей өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет