Саланың беталысына шолу



Дата17.07.2016
өлшемі23.82 Kb.
#205425
Саланың беталысына шолу
Атом энергетикасы әлемдік электр энергиясы өндірісінде барған сайын елеулі рөл атқаруда (шамамен әлемдік электр энергиясы өндірісінің 15%).

«Фукусима» АЭС-інде болған оқиғалар әртүрлі елдерде атом энергетикасын дамыту бағдарламаларын іске асыру мерзімдеріне әсер еткенімен, ол бағдарламаларды тоқтата алған жоқ. Тек санаулы елдер ғана (Швейцария, Германия, Италия) болашақта атом энергиясын пайдалануды тоқтататындықтары туралы мәлімдеді. Орта және ұзақ мерзімдік перспективада Франция Үкіметі атомдық қуаттардың үлесін қысқартатыны туралы мәлімдегендіктен, бұл елде де атом энергиясына деген сұраныс азаймақ.

Бұл ретте АҚШ, Азия және Еуропалық одақтың бірқатар елдері, энергетикалық қауіпсіздікті және парниктік газдар шығарындыларын азайтуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегияның маңызды элементі ретінде, ядролық энергетиканы дамытуға ден қоятынын жеткізді. Қытай, Индия, Оңтүстік Корея мен Ресей секілді елдер атом энергетикасын дамытуды жалғастыруда, келешекте атом қуаттарын көбейту солардың есбінен жүзеге асырылмақ. Яғни «тас түскен жеріне ауыр» дегендей, салмақтың дені сол жаққа аумақ.

Мұның сыртында, өздерінің энергия балансында бұрын ядролық энергетика болмаған бірқатар елдер өздерінде АЭС-тер салу ниетін білдіріп отыр. Мәселен, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдерде қазірдің өзінде АЭС-тердің алғашқы блоктары салына бастады. Бүгінде ядролық реакторлардың ең үлкен паркі АҚШ-та бой көтерген.

2014 жылдың өн бойында нарық бұрынғысынша ұсыныс сұраныстан асқан сипатта болды. Бағаның аса құбылмалылығы байқалды. Жылдың екінші жартысында, тамыздан бастап бағаның көтерілу тренді белгілі болды. Егер 2014 жылдың бірінші жартысында, 2013 жылдағыдай, табиғи уранның әлемдік бағасы келеңсіз әсерлердің салдарынан көбіне төмендесе, екінші жартыжылдықта жағдай мүлдем өзгеріп шыға келді: баға үнемі көтерілу үстінде болды. 2014 жылы, орташа алғанда, уранның споттық бағасының Ux Consulting и TradeTech ай сайынғы индикаторы U3O8 бір фунты үшін 33,21$, ұзақ мерзімдік бағасы U3O8 бір фунты үшін 46,45$ болды. Дәстүр бойынша нарықтағы белсенділік жыл соңына қарай баяулады, және желтоқсанда бағаның төмендеуі байқалды.

2014 жылғы бағаның түсу себептері сол баяғы 2013 жылдағыдай, – Жапония реакторларының әдлі де жұмыс істемей тұруы, өнім өндіруші елдердің ұлттық валюталарының АҚШ долларына қатысты әлсіреуі, қоймадағы қорлардың көбеюіне байланысты тұтынушылар тарабынан сұраныстың азаюы.


2014 жылы бағаның аржандауынан және тұрақты сұраныстың болмауынан кейбір уран жобаларындағы жұмыстарды тоқтата тұруға тура келді. Осыған байланысты өндіру деңгейі бұрын жоспарланғаннан төмен болды. Алайда іске қосылған жаңа жобалар да болды, мысалы Cigar Lake (Канада).

2014 жылы әлемдік өндірістің жалпы көлемі, WNA бағалауы бойынша, 56,2 мың тонна U құрады. Әлемдік уран өндірісінің жартысынан астамы аса ірі 3 өндірушінің: Қазатомөнеркәсіп, Cameco мен AREVA-ның еншісіне тиді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қазатомөнеркәсіп табиғи уран өндірісі бойынша тиісінше 22,8 мың тонна U мен 13,6 мың тонна U көрсеткішімен көшбасшылық позициясын сақтап қалды.



2014 жылы сұраныс, WNA бағалауы бойынша, 65,9 мың тонна U құрады. WNA бағалауы бойынша, 2014 жылы 5 жаңа реактор іске қосылды. 2014 жылдың соңына қарай жұмыс істеп тұрған реакторлардың саны 437 құрады.

Тұтастай алғанда, талдаушылардың болжамдары бойынша қазіргі өндірістік қуаттар мен игеріліп жатқан кен орындарындағы еңбек өнімділігі сұраныстан басым болады, сондықтан да нарықтағы аумалы-төкпелі жағдай соңғы бірнеше жыл бойы сақталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет