«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің жарғылықміндеттерді орындау жөніндегі жұмыстары туралыаны қ т а м а



Дата23.02.2016
өлшемі67.5 Kb.
#5484
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің

жарғылықміндеттерді орындау жөніндегі жұмыстары туралы

А Н Ы Қ Т А М А
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ХIII съезі шешімдерін, салалық кәсіподақ ұйымы Жарғысы мен облыстық кәсіподақ ұйымы Жарғысы міндеттерін орындау жөнінде бірқатар жұмыстар жүргізіп келеді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы құрамында 2015 жылғы 1 қаңтарға 1218 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. (слайд № 1). Оларда 120 мыңнан аса кәсіподақ мүшесі есепте тұрады.

Облыстық кәсіподақ ұйымы, кәсіподақтың негізгі міндеті – кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметіне жаңа серпін беру жөнінде шаралар қолдануда. Облыстық кәсіподақ комитеті әлеуметтік әріптестікті дамыту, жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарымен қарым - қатынасты арттыру нәтижесінде, білім саласында еңбек етушілердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда бірқатар нәтижелерге жетті. ҚР «Білім туралы» Заңының 48 бабы 4 тармағына сәйкес, педагог қызметкерлердің ақысыз дәрігерлік тексеруден өтуі іске асырылуда. (слайд № 2). Алайда, 2014 жылы Қазығұрт, Шардара аудандарында педагогтар дәрігерлік тексеруден ақылы өтуге мәжбүр болған. Бұл жөнінде жұмыстар жүргізілуде, нәтижесі күтілуде. ҚР «Білім туралы» Заңының 53 бабы 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, коммуналдық қызмет шығындары үшін өтемақы беріледі. (слайд № 3). Аудандардың мүмкіндіктеріне қарай олардың деңгейі әр түрлі. Мысалы, мұғалімдер Кентау қаласында 9700 теңге, Созақ ауданында – 7000 теңге, Сарыағашта – 4700, Бәйдібекте-4500 теңге, Арыста-4400 теңге, Ордабасыда -3000 теңге, басқа аудандарда 1500-2000 теңге аралығында.

Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде аудандық, қалалық кәсіподақ кеңестері де белсенді жұмыс жүргізуде. Сарыағаш, Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеттерінің белсенді қызметі арқасында соңғы екі жылда, коммуналдық қызмет шығындары үшін төленетін өтемақы Сарыағаш ауданында 1000 теңгеден 4700 теңгеге, Ордабасы ауданында 1000 теңгеден 3000 теңгеге көтерілген.

Шымкент қалалық кәсіподақ кеңесі 2014 жылы, бала-бақша қызметкерлерінің уақытша еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша төленетін жәрдемақы төлеуді Шымкент қаласының бюджетіне енгізу, Ордабасы аудандық кәсіподақ кеңесі, білім беру саласы мекемелерінде жұмыс істейтін техникалық қызметкерлерге 10 %, қарауылдарға мереке күндері кезекте тұрғаны үшін 10 % қосымша ақы төлеуді шешкен.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Білім туралы» және «Кәсіптік одақтар туралы» заңнамаларына сәйкес, Оңтүстік Қазақстн облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ кеңесі арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы 2014-2016 жылдарға арналған екі жақты келісім, аудандық, қалалық білім бөлімдері мен аудандық, қалалық кәсіподақ кеңестері арасындағы екі жақты 16 келісімдер, барлық білім беру ұйымдары әкімшіліктері мен кәсіподақ комитеттері арасында 1175 ұжымдық шарттар түзілген. Олардың орындалу барысы облыстық, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері мәжілістерінде, жалпы жиналыстарда қаралып отырады. Облыстық екі жақты келісімнің орындалу барысы 2015 жылғы 13 мамыр күні өткен облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген пленумы мәжілісінде қаралды. 2015 жылы 7 аудандық кәсіподақ комитеттері пленумдарда, кәсіподақ активі жиналыстарында екі жақты келісімдердің орындалуын тыңдаған.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған салалық келісім 13 мамыр 2015 жылғы облыстық кәсіподақ комитеті пленумында қаралып, салалық келісімдегі еңбек етушілердің әлеуметтік құқықтарын қорғауға байланысты жаңадан қосылған пункттерді басшылыққа алып, дайындық жұмыстарын жүргізу, 2016-2018 жылдарға арналған екі жақты келісімдер мен ұжымдық шарттар жобасын дайындау жөніндегі міндеттер белгіленді. Облыстық, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары қазір осы мәселе бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Шалқар облыстық үш жақты келісім комиссиясының мүшесі ретінде облыстың әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша облыстық кәсіподақ ұйымының ұсыныстарын білдіріп отырады. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, жұмыс берушілер бірлестіктері мен еңбеккерлер бірлестіктері арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты келісімге облыстық кәсіподақ комитеті үш ұсыныс берді, оның екеуі келісім жобасына енгізіліп, бекітілді.



Облыстық кәсіподақ ұйымы еңбек заңнамасына сәйкес, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселесіне үнемі көңіл бөліп отырады. Облыстық кәсіподақ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес, 2103 жылы «Мақтаарал және Шардара аудандық кәсіподақ кеңестерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстары туралы», 2014 жылы «Облыс білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық байқауды өткізу туралы» мәселелер қаралды.

Облыстық кәсіподақ ұйымы бойынша білім беру ұйымдарында 1210 еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар сайланған. Оларға ҚР Еңбек кодексіне сәйкес куәліктер дайындалып берілген. 2013 жылы 17 еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор ҚРКФ оқу орталығында 3 күндік оқуда болды. Олар келгеннен кейін аудандарда еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлармен семинарлар өткізіліп, Астана қаласына оқуға барған қоғамдық инспекторлар алған білімі туралы хабарламалар жасады. Осындай семинарлар Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш, Ордабасы аудандары мен Түркістан, Арыс қалаларында өткізілді. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар 2014 жылы 862 тексерулер өткізіп, 493 бұзушылықтарды анықтаған. Олар бұзушылықтарды жою туралы 380 ұсыныс беріп, кемшіліктер реттелген. Олардың арасында белсенді жұмыс жүргізіп келе жатқан активтер баршылық. Дегенмен, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың жұмысы толық жолға қойылған деп айта алмаймыз. Олардың жұмысында енжарлық, самарқаулық та кездеседі.

Облыстық кәсіподақ комитеті облыстық білім басқармасымен бірлесіп 2015 жылғы бірінші тоқсанда облыс білім беру ұйымдарында еңбекті қорғау жөніндегі байқау өткізу туралы қаулы қабылдады. Бірлескен қаулыға сәйкес, жергілікті жерлерде семинарлар өткізіліп, байқаудың мақсаты мен міндеттері түсіндірілді, байқауға байланысты құжаттар таратылып берілді. Байқауға білім беру ұйымдары белсенді қатысты. Байқау білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жұмысын жақсарта түсуге едәуір ықпал етті. Еңбекті қорғау бойынша стендтер жаңартылды, жаңа плакаттар дайындалып, байқау туралы көрнекіліктер ілінді. Байқауды өткізу барысында еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына, еңбек қауіпсіздігі бойынша қызметкерлерге нұсқаулықтар беру, орындалуын бақылау жөнінде жұмыстар жүргізілді. (слайд №4). Облыстық байқау қорытындылары бойынша жеңімпаздар анықталып, облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің 13 мамыр 2015 жылы өткен мәжілісінде қаралып, үздік ұжымдар мен кәсіподақ комитеттері, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар дипломдармен, Құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Облыстық кәсіподақ ұйымы еңбек заңнамасына және жұмыс жоспарына сай, жеке еңбек дауларын шешу мәселесін қарап отырады. 2015 жылы ақпан айында облыстық кәсіподақ комитеті мамандары Сарығаш ауданында «Еңбек дауларын алдын-алу және болдырмау жөніндегі кәсіподақ комитеттерінің жұмысы туралы» мәселе бойынша оқыту семинарын өткізді. Семинарға мектеп директорлары, кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар қатысты. Аудандағы білім беру мекемелерінде келісім комиссиялары құрылған. Бәйдібек, Отырар, Сарыағаш, Мақтаарал аудандық, Түркістан, Арыс қалалық кәсіподақ комитеттерінде еңбек дауларын келісім комиссиясы арқылы шешу практикаға енгізілуде. Облыстық кәсіподақ комитеті атқару комитетінің 13 мамыр 2015 жылғы кеңейтілген мәжілісінде «Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің еңбек дауларын алдын-алу және болдырмау жөніндегі жұмыстары туралы» мәселе қаралып, тиісті қаулы қабылданды.

Облыстық кәсіподақ комитетінде кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуға көңіл бөлінуде. Кәсіподақ ұйымдары жетекшілері және активтің кәсіби даярлығын көтеру, біліктілігін арттыру мақсатында (слайд № 5). облыстық кәсіподақ комитеті, Сарыағаш, Мақтаарал, Ордабасы аудандық және Түркістан қалалық кәсіподақ комитеттерінде бес оқу әдістемелік кабинеті құрылып, жұмыс атқаруда. Оқу әдістемелік кабинеттері қажетті ұйымдастыру техникасымен, техникалық құрал-жабдықтармен және кәсіподақ активі үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілген. Қажетті материал кәсіподақ активіне қағаз немесе электронды түрде жазып беріледі. Әдістемелік кеңес құрылып, оқытуға, лекторлар мен оқу программаларын дайындауға басшылық жасайды. Соңғы бір жарым жылда облыстық кәсіподақ комитетінің оқу- әдістемелік кабинеті 8 оқыту семинарларын өткізді.Осындай жұмыстар басқа да аудандарда жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік Одағының жұмыс жоспарына сәйкес, 2013 жылы мамыр айында «Оқытуды ұйымдастыру және кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғауды іске асыру жөніндегі оқу-әдістемелік кабинеттерінің ролі мен міндеттері» туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ кеңесінің оқу-әдістемелік кабинеттерінің жұмысы жайлы» республикалық семинар өтті. Семинарға М.Т.Амантаева басқарған барлық облыстық, аймақтық кәсіподақ ұйымдары басшылары қатысты. Сол жылы қараша айында оқу әдістемелік кабинеттері жұмысы тәжірибесін үйрену үшін Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымы активі келді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің оқу-әдістемелік кабинетінде құқықтық және заңгерлік кеңес беру ұйымдастырылған. «Сіздердің сұрақтарыңызға жауап береміз» деген стенд жасалып, түскен сұрақтарға нақты жауаптар беріледі. Кәсіподақ мүшелеріне, кәсіподақ ұйымдарына еңбек заңнамасына сай, құқықтық көмек көрсетіледі.

Дегенмен, мұғалімдердің еңбек құқықтарына қысым жасау деректері орын алады. 2014 және 2015 жылдың алты айында облыстық кәсіподақ кеңесі аппаратының қызметкерлері облыстық кәсіподақ комитетіне түскен хаттарға сәйкес, 27 арызды жергілікті жерге барып тексеріп, мәселелердің оң шешілуіне қол жеткізді. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын бұзу негізінен, жұмыстан заңсыз босату, бала тууына байланысты демалыстан кейін мұғалималардың жұмысқа тұруындағы қиындықтар, сағат жүктемесін бөлудегі әділетсіздік және тағы да басқа бұзушылықтар сияқты деректер. Мысалы, Сарыағаш ауданы А.Оразбаева атындағы орта мектеп директоры Р.Тастановтың директордың орынбасары Р. Тұрсынбаеваны жұмыстан заңсыз босатуы туралы арыз облыстық кәсіподақ кеңесі және Келес аймақтық кәсіподақ кеңесі қызметкерлерінің қатысуымен тексеріліп, Р.Тұрсынбаева қызметіне қайта орналастырылды. Қазығұрт ауданындағы «Дарын» мектебі директорының орынбасары Б.Амантаева, Сайрам ауданы Ғ.Ғулам атындағы орта мектеп мұғәлімі П.Зайнидинов, Сарыағаш ауданы Гагарин атындағы орта мектеп мұғалімі С.Мағзумова, барлығы соңғы екі жарым жылда 7 адам жұмысқа қайта тұрғызылды. Түркістан қалалық кәсіподақ кеңесі 4 мұғалиманың декреттік демалыстан кейін жұмысқа қайта тұруына көмек беру жайлы өтініштерін қанағаттандырған. Сайрам, Отырар, Мақтаарал, Сарыағаш және басқа да бірқатар ауданда сағат жүктемесін дұрыс бөлмеу туралы 17 адамның өтініші уақтылы шешіп берілді. .

ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ХIII съезі шешімдеріне сәйкес, облыстық кәсіподақ ұйымы 6 сәуір 2015 жылы облыстық әділет департаментінде қайта тіркеуден, филиалдар есептік тіркеуден өтіп, облыстық кәсіподақ ұйымының құрылымы бекітілді.

Облыстық кәсіподақ комитеті, аудандық кәсіподақ комитеттері кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады. (слайд № 6). Тек қана биылғы жылдың 6 айында 40 жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылды.

Білім саласы бойынша кәсіподақ мүшелігіне тартылмаған мемлекеттік білім беру ұйымдары жоқ. Облыстық кәсіподақ ұйымына мүше емес жеке меншік түріндегі оқу орындары бар. Олармен жұмыс жүргізілуде.

Облыстық кәсіподақ комитеті кәсіподақ бірлігін нығайту жөнінде жұмыс жүргізуде. Жеке жүрген Шымкент қалалық кәсіподақ комитеті (төрағасы Ғ.Сүлеймен) құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарын облыстық кәсіподақ ұйымы құрамына тарту жөнінде жұмыстар атқарылуда. .Қазір оның құрамында 58 бастауыш кәсіподақ ұйымы қалды. Бұл жұмыс алдағы кезде одан әрі жүргізілетін болады.

Облыстық кәсіподақ ұйымы құрамындағы филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ мүшелерінің санын өсіру, олардың есебін жүргізуді кәсіподақ мүшелерінің есебін жүргізу туралы Нұсқаулық талаптарына сай ұйымдастырады. Облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан бастауыш кәсіподақ ұйымдарына кәсіподақ билеттері мен есеп карточкалары берілген. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында кәсіподақ мүшелерінің есебі туралы, кәсіподақ билеттерін тапсыру туралы журналдары жүргізіледі. Жыл сайын кәсіподақ мүшелері жайлы статистикалық есеп дайындалып, аудандар мен қалалар бойынша облыстық кәсіподақ комитетіне тапсырылады.



«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ Жарғысы талаптарына сай, кәсіподақ ұйымдарында бірегей қаржы саясаты жүргізіледі. 2015 жылдың ақпан айынан бастап кәсіподақ мүшелерінен жиналған мүшелік жарнаның жалпы сомасынан 23 % облыстық кәсіподақ комитетіне аударылады, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына 50 %, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінде мүшелік жарнаның 27 % қалады. Облыстық кәсіподақ комитеті кәсіподақ мүшелік жарнасының пайдаланылуы жайына үнемі бақылау жасап отырады.

Салалық кәсіподақтың Жарғысына сай, облыстық кәсіподақ комитеті ҚР кәсіподақтар Федерациясы, Салалық кәсіподақ қызметін ұйымдастыруы үшін кәсіподақ мүшелік жарнасының жалпы түсімінен кәсіподақтар Федерациясына 2 %, Салалық кәсіподаққа 4 % қаражат аударып отырады. 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында облыстық кәсіподақ комитетінің жоғары кәсіподақ органдары алдындағы кәсіподақ мүшелік жарнасын аудару жөніндегі міндеттемелері бойынша қарызы жоқ. Облыстық кәсіподақ комитетіне түскен кәсіподақ мүшелік жарнасының, жоғары кәсіподақ органдары қызметі үшін аударылған сомадан қалғаны, атқару комитеті бекіткен сметаға сәйкес пайдаланылады.

Облыстық кәсіподақ комитеті Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы атқару комитетінің 13.03.2013 жылғы қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясына мүше ұйымдарда кәсіподақ кадрларының резервін қалыптастыру жөніндегі Ережеге» сәйкес, облыс, аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдары төрағалары лауазымына кадрлар резерві жасақталған. Олардың орташа жасы 41, 37 пайызы әйелдер.

Облыстық кәсіподақ комитеті 2014-2015 жылдары 6 аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерімен бірлесе отырып, 8 оқыту семинарларын өткізді. (слайд № 7). 2014 жылы оқытудың барлық деңгейі бойынша (республикалық, облыстық, жергілікті жерлерде) 3043 кәсіподақ активі оқытылса, 2015 жылдың 6 айында 3398 адам оқытылды.

Облыстық кәсіподақ комитеті жұмыс жоспарларына сәйкес, ішкі одақтық тәртіпті нығайту, кәсіподақ органдары жетекшілерінің Жарғы талаптарын, кәсіподақтың жоғары органдарының шешімдерін орындау жөніндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында, бес жыл өкілеттік мерзімі ішінде аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша атқарып отырған жұмыстары туралы атқару комитетінің кеңейтілген мәжілістерінде есептері тыңдалып тұрады. 2014-2015 жылдары 7 аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері төрағаларының есептері тыңдалды. Осы кезеңде 5 облыстық комитет, 17 атқару комитеті, соның ішінде 8 кеңейтілген мәжілістері өткізіліп, 35 мәселе қаралды.

Облыстық кәсіподақ комитеті, бастауыш кәсіподақ ұйымдары жетекшілері мен кәсіподақ активіне көмек ретінде «Кәсіподақ активіне көмекші құрал» әдістемелік кітапшасын, «Кәсіподақ ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстарын дйындау және өткізу» әдістемелік дайындап, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына таратты. Соңғы бір жарым жылда облыстық, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің жұмыстары мен өткізілген іс-шаралары туралы 5 оқу дискісі, кәсіподақ комитеттерінің жұмыстары жайлы 26 деректі фильм, 25 слайд фильмдер жасалды. 2014-2015 жылдары 37 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының озат тәжірибесі қорытылып, буклет дайындалды..



Облыстық кәсіподақ комитеті жастармен жұмыс жүргізуге көңіл бөліп отырады. Облыстық кәсіподақ комитетінің практикалық көмегімен М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерінің кәсіподақ комитеті 2104 жылы «Жастар еліміздің келешегі», «Жастар және кәсіподақ» атты іс-шаралар өткізді. Атқарылған шараларда жаңадан қабылданған кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ билеттері тапсырылады, жастардың оқу-тәрбие, демалыс және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуы мәселелері қозғалып, пікір алысады, ұсыныстар айтылады. Іс-шараларды дайындау мен өткізуге жастар белсенді қатысып, қызығушылық білдірді. Осындай іс-шаралар көлік және жаңа технологиялар, құқықтық, политехникалық, саз колледждері және басқа да оқу орындарында, мектептерде өткізіліп отырады. Облыстық кәсіподақ комитетінде, кәсіподақ ұйымдарында «Жастар кәсіподақты қолдайды», «Жастар туралы» стенділер жасалған. (слайд № 8). Балалар мен жастарды сауықтыру үшін 2013 жылы кәсіподақ органдары 4 млн.107 мың теңге, 2014 жылы 6 млн. 956 теңге қаражат бөлді. Кәсіподақ мүшелеріне сауықтыруға 2015 жылы 1569 жолдама берілді.

Облыстық кәсіподақ ұйымдарында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу және пайдалану жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Барлық кәсіподақ ұйымдарында факс пайдаланылады, облыстық және 10 аудандық кәсіподақ комитетінде электрондық пошта жұмыс істейді.

Кәсіподақ ұйымдары қызметін насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып тұрады. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Шалқар 2014 жыл және 2015 жылдың 6 айында «Шымкент» телеарнасында 3 рет, «Отырар» телеарнасында 2 рет тікелей эфирде сұқбат өткізді, көрермендер сұрақтарына жауап берді. Осы мерзімде облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі, өткізілген іс-шаралар жайлы республикалық, жергілікті баспасөзде, телеарналарда 54 мақала, жарияланым және ақпарат жарық көрді. Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысы туралы жергілікті баспасөзде 205 мақала, ақпарат жарияланды.

Облыстық кәсіподақ комитеті және оның филиалдары өздерінің қызметі, атқарылған іс-шаралар туралы барлық ақпаратты Қазақстандық салалық кәсіподақтың электрондық сайтына жіберіп отырады.

Облыстық кәсіподақ комитеті, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ХIII съезі шешімдерін орындау жөнінде іс-шаралар түзіп, осыған сәйкес жұмыс жүргізуде. Кәсіподақ жиналыстарында, кәсіподақ активімен өткізілген жиындарда Съезд материалдарын насихаттау бойынша съезд делегаттарының сөйлеуі, бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялау, стендтер жасау жүргізілді.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкрлерінің кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің 10.04.2015 жылғы № 3 п. 4 қаулысымен бекітілген «Кәсіподақ органдарында іс қағаздарын жүргізу, жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық» басшылыққа алынып, жұмыс жүргізілуде. Нұсқаулық барлық аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттеріне жеткізілді.

2014 жылы және 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында облыстық, аудандық кәсіподақ комитеттеріне 146 өтініш түскен, оның 61-і ауызша. Олар арнайы журналға тіркеледі. 84 өтініш оң шешілді, 1 өтініш қанағаттандырылмады. Ауызша өтініштерге түсіндірме, кеңес берілді.


Облыстық кәсіподақ

комитетінің төрағасы Ә.Шалқар




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет