Қазақстанның БҮкіләлемдік сауда ұйымына кіруінің Қазіргі жағдайы және өзекті мәселелері



Дата12.06.2016
өлшемі58.15 Kb.
#130427
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Кумекова М.Т. (6М050600-«Экономика» мамандығының магистранты), Қасенов М.Р.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемелекеттік университеті, Тараз қ.

«Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері

толығымен ескерілген жағдайда Бүкіләлемдік сауда ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз»

Нұрсұлтантан Назарбаев,

Қазақстан халқына Жолдауынан.

Бүгінгі таңда Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) мүше болу – кез-келген ел үшін әлемдік тауар айналымы мен қызмет көрсетудегі өркениеттілігінің жоғары көрсеткіші болып табылады. ТМД-ға мүше барлық елдер, БСҰ-ға өтуге өтініш берді. Қырғыстан -1998, Латвия, Эстония-1999, Грузия -2000, Литва, Молдова-2001, Армения-2003, Украина – 2008, Ресей2012 жылдары БСҰ-ның мүшесі болып қабылданды. Тәжікстан 199-шы мемлекет болып кіруге даяр тұр. Оған тек қана өз еліндегі Парламент рәсімдесе болғаны.

Айта кететін бір жәйт ол бұрынғы Кеңес мемлекетіне мүше болған Прибалтика елдері (Литва, Латвия, Эстония) ТМД-ның қатарына кірмейді. Болжау бойынша Қазақстан бұл ұйымға 2013 жылдың екінші жартысында кіреді.

Әлемдегі 192 мемлекеттің 160-қа жуығы осы беделді халықаралық ұйымға мүше. Олар арқылы әлемдік сауданың 98%-ы жүргізіледі. Бұл мемлекеттердің барлығы БСҰ-ға өз беттерімен, өз ықыластарымен кірген елдер. Бұлардан басқа тағы да оншақты ел БСҰ-ға кіруге кезекте тұр.

2003 жылдың 9-15 шілдесінде Женевада тауар мен қызмет көрсету рыногына кіру туралы екі одақты келісімнің 9 раунды өтті. Келісімнің негізгі қорытындысы болып тауар мен қызмет көрсету рыногына кіру мәселелері бойынша нақты іске көшу туралы келісімге қол жеткізілді. Екі жақты келісім жұмысшы тобының 14 мүшесімен тариф ұсынысы бойынша, ал 7 мүше мемлекетпен Қазақстанның қызмет көрсету міндеттері талқыланды. Осы келісімдер барысында Қазақстан жағы ауылшаруашылық және өнеркәсіп тауарларына тариф ұсынысы бойынша Болгария, Канада, Швейцария және Жапония сияқты елдермен нақты келісімге қол жеткізді.

2003 жылдың 17-19 желтоқсанында Брюссель қаласында Еуропалық Одақпен тауар және қызмет көрсету рыногына кіру және жүйелі мәселелер бойынша екі жақты келісім жүргізілді. Мұндай жұмыстар 2004 жылы жалғасын тапты. Мәселен, екі жақты және копжақты келісімдердің нәтижесінде мыналарға қол жеткізілді:


  • жұмыс тобына мүше елдер факталогиялық түйіндеменің бірінші нұсқасын егжей-тегжейлі талқылады;

  • тауарлар рыногына ену бойынша Жапониямен екі жақты келіссөздер аяқталды;

  • өнеркәсіп тауарлары бойынша Бразилиямен екі жақты келіссөздер аяқталды. Бразилия қызығушылық танытып отырған ауыл шаруашылығы тауарларының тізімі іріктелді;

  • Қазақстан Республикасының тырифтік ұсыныстарын қайта қарау бойынша Еуропа Одағымен нақты уағдалыстыққа қол жеткізілді;

  • өнеркәсіп тауарлары бойынша Австралиямен және ауылшаруашылық тауарлары бойынша Еуропалық Одақпен келіссөздер жүргізілді;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын БСҰ-ның санитарлық және фитосанитарлық шаралардағы техникалық тосқауылдар бойынша өзара іс-қимыл жасау жөніндегі ақпараттық орталық құрылды;

  • Қазақстан Республикасының демпингке қарсы, қорғау және өтемдік шаралар саласындағы заңнамаларын БСҰ-ның тиісті келісімдерінің ережелеріне сәйкес келтіру үшін Қазақстан Республикасының «Демпингке қарсы шаралар туралы», «Тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы», «Демеу қаржылар мен өтемдік шаралар туралы» Заңдарына салыстырмалы талдау жүргізілді.

Қазақстан БСҰ-ға кіру процесін 1996 жылы қаңтар айында ресми өтініш берген кезден бастады. Осы жылдың ақпан айында оған бақылаушы статусы берілді. Қазақстанның БСҰ-ға кіруіне арналған жұмысшы тобы құрылды. Осы жұмысшы тобына кірген БСҰ-ның 38 мүше елдерінің ең негізгілері қатарына 15 мемлекет жатады. Олардың ішіндегі АҚШ, Еуропалық Одақ, Жапония, Канада, Австралия, Швейцария, және Қытай Қазақстанның тауар рыногына кіруі үшін екі жақты келісім жүргізуі тиіс.

Қазіргі кезде Қазақстанның қызмет көрсету рыногына кіру үшін жұмысшы тобына мүше сегіз мемлекетпен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Олар: Австралия, Еуропалық Одақ, Канада, Латвия, Польша, АҚШ, Швейцария, Жапония. Айта кету керек, биылғы жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Даниал Ахметов Венгрия Республикасына сапары кезінде Люксембургтың Премьер-Министрі Жан-Клод Юнкермен кездесіп, оның Қазақстанның БСҰ-ға кіруіне қолдау беретін уәдесін алды. Бұл жөнінде Бельгияның, Англияның және Венгрияның үкімет басшыларының қатысуымен Вашигтонда өтетін көктемгі Жаһандану үрдісі халықаралық ұйымдардың ішінде сауда ұйымының да күннен-күнге беделін арттырып , әр елдің экономикасына ықпалын күшейтуде. Осыған орай БСҰ-ға қашан және қандай шартпен қосылу керек, оның біздің экономикамызға тигізетін салдары қандай деген сұрақтар туындайды.

Бірінші көңіл бөлінетіні – БСҰ-ның жоғарғы басқарушы органы – ұйымға мүше елдер министрлігінің конференциясы болып есептеледі. Конференция әр үш жылда өтеді. 1995 жылғы Уругвайдағы конференцияда осы ұйымның қазіргі ресми аты берілді, соңғы министрлер конференциясы Катар мемлекетінің астанасы Доха қаласында 2001 жылы өтті.Конференцияда әртүрлі шешімдер, ережелер, мәлімдемелер қабылданды. Осы шешімдердің кейбірі барлық елдерге бірдей емес, ішінде дамыған елдердің мақсатын көздеп, солардың мүддесін қорғайтыны да бар. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, біздің мемлекетіміз кейбір әділетсіздіктер мен келеңсіздіктерге тап келуі мүмкін.

Екіншіден, сауда ұйымына мүше және мүшелікке ниет білдірген елдерді топтастырғанда олардың экономикасының даму деңгейінің, жалпы ерекшеліктері жан-жақты ескеріле бермейді. Сауда ұйымының заңдары мен ережелері үміткерлерге қай топқа жататынына байланысты әртүрлі, жоғары, төмен, қатал немесе бәсендеу талаптар қояды. Үміткерлерге осы ұйымның талабына өз елінің экономикасын толық сәйкестендіру үшін берілетін өтпелі кезеңнің мерзімі де (5-6-8 жыл) осы елдің қай топқа жататынына байланысты. Дамыған елдерге халықаралық ұйымның баж салығының деңгейі, жалпы сауда ережелері туралы талабы жоғары, ал дамушы елдерге ондай талап төмендеу. Осыған орай Қазақстан дамушы елдердің тобына кірсе, бізге сауда ұйымына мүше болу үшін қойылған шарттардың кейбір жеңілдіктері болады.

БСҰ-ның жаңадан мүше болам деген елдерге қоятын талаптары жылдан-жылға күрделене түсуде. Қазақстан өкілдері қазір көптеген елдермен аталған ұйымға мүше болуға келіссөздер жүргізуде дедік. Басты мәселе ретінде біздің шетелмен экономикалық қарым-қатынас жөніндегі саясатымыз бен заңдарымыздың қосылайын деп отырған халықаралық ұйым талабына сәйкестілігі, сауданы ырықтандыру жөнінде алатын міндеттеріміз, ішкі рыногымызға шетел тауарлары мен қызмет түрлерін жіберу тәртібіне келіп тіреледі. Негізгі күрделі мәселе- кедендік салық болып табылады. Кедендік салық (тариф) сыртқы экономикалық саясаттың басты бір құрады. Оның негізгі міндеті ұлттық экономикада кеңістігін қорғау, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету. Сауда ұйымы кеден салығынан сырт басқа елдердің тауарларына қай елде болсын тежеу болмауын талап етеді.

Жалпы біздің экономикалық бәсекелестік мүмкіндігіміз жақсы дамып келе жатқанымен, ол кей салаларда көштен қалып қоюда. Қазақстан бойынша орташа кедендік салық мөлшері 12,7-13,0 % шамасында. Бұл көрсеткіш Мексикада -33,7 %, Аргентина мен Венесуэлада -30,9 %, Үндістанда -32,4%, Тайландта – 28 %, Түркияда-22,3%, Чилиде-24,9%, Филиппинде -22,2%. Яғни, аталған елдерде екі-үш есе жоғары болып отыр.



Біздің экономиканың шикізат бағытында болуы, әлемдік экономикадағы ықпалдасудың әлсіздігі, өңдеуші өнеркәсіп өнімділігінің төмендігі, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы әлі күнге дейін басты мәселе болып қалуда. Олардың шығарған бұйымдарының өнімдерінің сапасы төмен, ал өзіндік құны жоғары. Халықаралық бәсекеге түскенде мұндай тауарларды сатып алушылар табылмай, оларды шығаратын кәсіпорындарды жабуға тура келеді. Осындай қолайсыз жағдайда химия, тамақ, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ұшырайтыны сөзсіз. Мысалы, тамақтың көптеген түрлері: өсімдік майы, кондитерлік өнімдер, балықтардың дені (50-55%) бізге шет елдермен келеді. Осы саладағы жүздеген өз кәсіпорындарымыз тиянақты жұмыс істемеуде. Қазіргі қолданыстағы кеден салығы мөлшері осы өндіріс салаларын дұрыс қорғауға жарамай отыр. Бұл тұрғыда бізге де тиімді тарифтік-төлемдік саясатты, оны шаруашылықтың әр саласын терең зерттеу арқылы, БСҰ-ға қосылғанда неден ұтып, неден ұтылатынымызды жан-жақты талдау арқылы анықтауымыз қажет. Әсіресе, ғылымды қажетсінетін өндіріс салалары басым дамуы керек.

Әдебиет

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан 15 желтоқсан 2012 жыл.

  2. Қасенов М.Р. «Неден ұтамыз? Неден ұтыламыз?» Егемен Қазақстан 9 маусым 2005 жыл

  3. Намазбаева Г. Вступление Казахстана в ВТО и реализация его транзитно-транспортного потенциала//Саясат №1 2004г.

  4. Арыстанбеков К. Казахстан и ВТО: шансы и упущения//Аль-Пари, №4-5 2003 г.

  5. Жоламанов Е. Экономические взаимоотношения Казахстана и России на пороге всрупления в ВТО//Саясат.№6 2004


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет