Қазақстанның діни конфессиялардың бір-біріне деген өзара сыйластығы олардың маңызды ерекшелігі болып табылады



Дата17.07.2016
өлшемі189 Kb.
#205414
Қазақстан республикасының президенті Н.Назарбаев конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы

Қазақстанның діни конфессиялардың бір-біріне деген өзара сыйластығы олардың маңызды ерекшелігі болып табылады.

Қазақ жерінен барлық әлемдік діндер жүріп өтті, дегенмен бұл жерде ешқашан фанатизм мен төзімсіздік болған емес.

Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан халқына қашанда айрықша толеранттылық, өзара сыйластық пен өзара жәрдемдесудің айрықша рухы тән еді. Бұл рухани дәстүр бүгінгі күні де сақталған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басқаруымен бірінші Дүниежүзілік рухани келісім Конгрессінде сөйлеген сөзінен,

1992 ж., қазан
*****

...Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!

Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!

Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.

Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.

Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.


Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»атты Қазақстан халқына Жолдауынан,

2014 ж., 17 қаңтар

*****


...Қазақстан діни сенім-наным бостандығын қамтамасыз етіп, конфессиялар аралық келісім мен діни теңқұқылық саясатын дәйекті жүргізіп келеді.

Бізде түрлі конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруі қамтамасыз етілген, әрі діни экстремизмге қарсы дәйекті күрес жүргізіледі.

Астанада өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезі еліміздің бітімгершілік әлеуетінің өсіп келе жатқанының айқын айғағына айналды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан

халқына Жолдауынан, 2005 ж., 16 ақпан

*****


...Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.

Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын.

Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз.
Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында

сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір
*****

...Біздің шекара мәселесін оң шешкеніміз көп нәрсенің түйінін тарқатты. Көршілерімізбен қарым-қатынасымыз дұрыс жолға қойылған.

Осының барлығы бүгінгі Қазақстанның жолы.

Демек, тұрақтылықсыз жөнді даму жоқ. Қазақстан халқы бүгінгідей күрделі кезеңде бұған дейінгі сияқты ішкі татулықты сақтауға үлес қоса берулері керек.

Ұлтаралық келісім, дінаралық төзімділік - біздің басты байлығымыз.
Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың республикалық телеарналардың басшыларына берген сұхбатынан,

2008 ж., 17 қазан

*****



...Қазақстандықтар елдегі тыныштық пен толеранттылықты бағалауы тиіс. Елдегі толеранттылық пен тұрақтылықтың арқасында Қазақстан көп табыстарға қол жеткізді, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуда, экономиканы дамытып, барша әлемге танылып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Ақордада саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен болған кездесудегі сөзінен,

2010 ж., 27 мамыр

*****

...Сонымен бірге қоғамның да тұтастай алғанда кәдуілгі жайлардың өзіне діни сипат беретін кездері көп. Діндер арасындағы жанжалдар мен қарама-қайшылықгар делініп жүргендердің көбі мемлекет арасындағы, экономикалық топтар арасындағы, нақты саясаткерлер арасындағы жанжалдар болып келеді.

Дін – адамның ішкі жан-дүниесіндегі тылсым сөз, ал оны адамдар арасындағы қоғамдық келісім деп атап жатады.


Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезінде сөйлеген сөзінен,

2006 жылғы 12 қыркүйек
*****

...Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы.



Діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.
Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» кітабынан, (101 бет)

*****

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет