Қазақстанның ежелгі тарихы қазақстанның КӨне және ежелгі тарихы


ХVIП-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТАРИХНАМА



бет4/5
Дата23.02.2016
өлшемі360 Kb.
#6675
1   2   3   4   5

ХVIП-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТАРИХНАМА

XVIII г. тарихи білім.

XVIII ғасырдағы орыс тарихи ойының Қазақстан тарихын зерттеудегі теориялық-әдістемелік мәселелері. Тарихи зерттеулердегі оң бетбұрыс. Ресейдің шығыстағы сыртқы саясаты. Саясаттың идеологиялық қалыптары - еуроцентризм, шовинизм, қазақ халқын тарихи зерттеудегі бұрмалаушылық, Қазақстанды зерттеудің отаршылдық мақсаты. Қазақстандық тақырыптың тарих ғылымының ерекше саласына айналуы, орыс шығыстануының қалыптасуы. Батыс еуропалық тарихнаманың әсері: басқа халықтар тарихымен салыстыра отырып қазақ халқының тарихын түсіндіру, көшпенділікті адамзат дамуының заңды жалғасы ретінде мойындау, құжаттарды зерттеуде деректанулық тәсілді жетілдіру, ағартушылық тарихнаманың әсері, "қалыпты жағдай теориясы" мен "адамзаттың алтын ғасырын" қазақ топырағына жоғарыдан жасанды түрде көшіру. Географиялық ортаның қоғам дамуына әсері.

Қазақтар туралы этнотарихи түсінік. Бұл түсініктегі отаршылдық, гуманистік бағыт.

Тарихнамалық еңбектердің түрлері: кешенді экспедициялық зерттеулер, өлкетанушылық тарихи зерттеулер, саяхаттарды жазудың беллетристикалық жанры, картографиялық және тарихи-географиялық материалдар, отаршыл әкімшілік пен әскерилердің шығармалары.

Қазақ даласын зерттеу бойынша алғашқы ресейлік экспедициялар. Сібір халықтарының тарихы бойынша материалдарды жинау бойынша нұсқау. Г.Ф Миллердің "История Сибири" еңбегі. И.К. Кириллов "Цветущее состояние Всероссиского государства". В.Н. Татищев және қазақ халқының этногенез мәселесі. Қазақ халқын оқып үйренудегі П.И. Рычковтың қызметі. "Топография Оренбургской губернии". Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесі.

ІІ-ші Академиялық экспедиция.

ІІ-ші Академиялық экспедицияның ғылыми-зерттеу еңбектері. Қазақ халқы туралы тарихи-географиялық мәліметтер. П.С. Паллас "Описание всех в Российском государстве обитающих народов, а также их житейских обрядов, обыкновений, жилищ, одежд и прочих достопамятностей". И.Г. Георгий, Иоганн Фальк, Н.П. Рычков. ІІ-ші Академиялық экспедиция қызметінің қорытындылары.



XIX ғасырдың І-ші жартысындағы тарихи ойдың дамуы.

В.В. Григорьевтің (1176-1881 жж.) буржуазиялық-ақсүйектік тарихнамасы. Қазақтардың ежелгі тарихы бойынша еңбектердің сипаттамасы. Проблематика мәселесі. В.В. Вельяминов-Зернов (1830-1904). "Исторические известия о киргиз-кайсаках и сложениях Россий со Средней Азией со времен Абулхайрхана", "Исследование о касымовских царях и царевичах". Қазақ халкының қалыптасуының мәселелері. М.И. Ильминский., В.Г. Тизенгаузен., Я.ЬІ Ханыков «Географическое обозрение Оренбургского края». "Очерк состояния Внутренной Орды".

И.Н. Березин (1818-1896 жж.) шығыстанушы. Басылымдық қызмет. Г. Спасский "Сібір хабаршысы" журналы. Г. Спасскидің "Киргиз-кайсаки Большой, Средней и Малой Орды" атты еңбегі. Қазақтардың этногенезі.

Қазақстан туралы орыс тарих ғылымындағы демократиялық бағыт.

Жер аударылған декабристердің Қазақстанды зерттеулері. В.Д. Вольховский, П.Е. Величко, М.И. Муравьев-Апостол, С.М. Семенов, И.В. Виткевич, А. Янушкевич, С. Сераковский, А.Д. Боровков, А.О. Корнилович, Г.С. Батеньков және т.б.

Ресейдің әскери тарихшылары: С.Б. Броневский, М.И. Венъоков. Ресейдің Орта Азияны басып алу тарихының ағымдары. М. Красовский, Г.Ф. Генс және басқалар. Қазақтардың өмірі туралы мәліметтердің жиналуы. А. И. Левшиннің қазақтардың тарихы бойынша еңбектері "Қазақ немесе қырғыз қайсақ ордалары мен далаларын сипаттау". А.И. Левшиннің тарихи көзқарастары. Құрылымы. Тарихи ағым. Қазақстанның Ресейге қосылуын бағалау.

Ғылыми қоғамдар мен университеттердің тарих ғылымын дамыту бойынша қызметі. Орыс географиялық қоғамының қызметі. Статистикалық комитеттер. Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясы. Жаратылыстану, антропология және этнография әуесқойларының Мәскеу қоғамының Түркістан бөлімі. Археология Әуесқойларының Түркістан үйірмесі.

Ш.Ш. Уәлиханов. Ш.Ш. Уәлихановтың тарихи-этнографиялық еңбектері, Қазақтардың этногенезі деректану саласында.



Қазақстан тарих ғылымының ХІХғ. ІІ-ші жартысы мен ХХғ. басында дамуы.

Қазақстан тарихының мәселелері батыс еуропалық тарихнамада. Герман тарихнамасы: Ф. Грен, Ф. Шварц, М. Альберхт, Мозер және т.б. Ағылшын тарихнамасы және Үлкен ойын концепциясы. Батыс еуропалық этнографиялық әдебиет.

В.В.Бартольд, В.В. Радловтың еңбектерінің сипаттамасы. Қазақтардың этнографиясын зерттеудегі В.В Радловтың орны. Тарихи тұжырымдамасы.

А.Н.Харузин (1864-1900 жж.). Бөкей ордасының қырғыздары Ә.Диваевтың (1856-1933 жж.) қазақтарды этнографиялық зерттеуі. Қазақ тарихындағы библиографиялық бағыт. А.Е. Алекторов.

В.В.Вельяминов, И.В. Мушкетов, П.П. Семенов-Тянь-Шанский және еңбектері. Орыс географиялық қоғамының Қазақстандағы рөлі.

Қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдерінің тарихи көзқарастары. Ә. Бөкейханның "Қырғыз өлкесінің тарихи тағдыры" және "Қырғыздар" атты еңбектері, Ш.Құдайбердиевтің тарихи көзқарастары. Қазақ халқының тарихи санасын оятудағы "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетінің рөлі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ зиялыларының еңбектерінде.




ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ КЕҢЕСТІК ТОТАЛИТАРЛЬІҚ ЖҮЙЕ КЕЗЕҢІНДЕ
Қазақстан тарих ғылымы қазан төңкерісінен кейін және XX ғасырдың 20-30 жж.

Қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының 1917 жылғы Қазан төңкерісінің мәні мен мазмұны туралы еңбектері. А. Байтұрсыновтың "Революция және қырғыздар" мақаласы. 1917 жылғы оқиғалар М. Шоқай естеліктерінде. Қазақ ұлттык-демократиялық зиялылары Қазақстан мен Түркістанды автономияландыру туралы.

Қазақстандағы азамат соғысының тарихнамасы. Қазақстанда ғылыми - тарихи орталықтар мен мекемелердің пайда болуы. Тарих ғылымын орталықтандыру негіздерінің қалыптасуы. Ғылыми орталықтарды құру. Академорталық. Қазақстанды зерттеу бойынша орталық. Қазақстан тарихы бойынша жинақталған алғашқы еңбектер.

К. Кемеңгерұлының "Қазақ тарихынан" атты зерттеуі. Жер мәселесінің тарихы Т. Шонанұлының еңбектерінде. А.П. Чулошников "Очерки по истории казах-киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских народов". А.П. Чулошниковтың қазақ-қырғыз халқының тарихы бойынша еңбегіне М. Тынышбаевтың сыни пікірі. Академик В.В. Бртольдтың еңбектері және олардың Қазақстандағы тарих ғылымының дамуындағы орны. А.Ю. Якубовскийдің, В. Владимировтың еңбектері. Революцияға дейінгі Қазақстан тарихының мәселелері бойынша ғылыми пікірталастар.

X. Досмұхамедұлының қазақ батырлары: Исатай, Махамбет, Жалаңтөс туралы зерттеулері. М. Тынышбаевтың қазақ халқының тарихы бойынша материалдары мен ғылыми еңбектері және оның өлкетанушылық зерттеулері.

Г. Сафаровтың "Колониальная революция" еңбегі. Түркістан тәжірбиесі және оның мәні. П.Г. Галузо "Туркестан колония" М. Шоқайдың XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Түркістанның тарихи тағдыры туралы тарихи көзқарастары. С.Ф. Асфендияров пен А.П. Кунттың "Прошлое Казахстана в источниках и материалах" еңбегі. Т. Рысқұловтың 1916 жылғы түземдіктердің көтерілісі туралы зерттеулері. Б. Бөкейханов пен Дулатовтың 1916 жылғы қазақтардың көтерілісі туралы еңбектері.

Халық ағарту комиссариаты жанындағы Испарт (Қазан төңкерісі тарихы мен коммунистік партия тарихы бойынша материалдарды жинау және зерттеу жөніндегі комисия) - большевизмнің саяси қарсыластарына қарсы күрестің ғылыми орталығы. Академиялық жүйенің Қазақстан тарихын зерттеудегі маңызы. Ұлттық мәдениеттің қазақ ғылыми-зерттеу институтының тарихты, археологияны, әдебиетті және фольклорды, музыка мен биді зерттеудегі рөлі. Қырғыз өлкесін зерттеу бойынша қоғамның" жұмысы. Тарих ғылымы үшін мамандар дайындау. Тарихи мекемелерді ұйымдастыру.

Қазақ интеллигенциясының большевизмнің таптық бағытына көшуі. Ғ.Тоғжанов "А. Байтұрсынов және байтұрсыновщиналық туралы", "Қазақ ауылы туралы", Т. Рысқұловтың "Қазіргі Қазақстан" мақалалары. С.Асфендияровтың "Ежелгі дәуірден 1916 жылғы көтеріліске дейінгі Қазақстан тарихы" еңбегін әзірлеуі. М. Шоқайдың қазақстандықтардың большевиктік таптық рухта жазған тарихи еңбектеріне сыни бағасы.

И. Сталиннің қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясын саяси қарсыластары ретінде қудалауы. "Ақжол" газеті. Ф. Голощекиннің баяндамалары мен сөйлеген сөздері - қазақстандық тарих ғылымында сталиндік бағытты бекітудегі идеолгиялық негіз. "Алаш" партиясы мен "Алашорда" үкіметінің рөлі мен қызметін бұрмалаған еңбектердің пайда болуы.

Дәстүрлі шаруашылық бойынша еңбектердің мәні. П.С. Щвецовтың "Природа и быт Казахстана" еңбегі (Қазақ шаруашылығы өзінің тарихи тұрмыстық жағдайларында). С. Сәдуақасовтың тарихи көзқарастары. А. Чаяновтың, А. Челинцевтың, А. Доничтің, М. Сириустың, Е. Полочанскиидің еңбектері.

Қазақстан тарих ғылымында көшпелілерді жаппай ұжымдастыру негізінде жаппай отырықшыландыру туралы большевиктік концепцияның бекуі. И. Зверяков, Н. Сырғабеков, Б. Семенский және т.б. "Қазақстандағы ауыл шаруашылығы дамуының буржуазиялық теориясын" сынауы. "Қазақстандағы кондратьевщинаның" мәні мен мазмұны туралы саяси аңыз және шындық.

«БКП(б) тарихының қысқаша курсы» тұжырымдамасының бекуі. Тарих ғылымын сталинизм рухында саясаттандыру-обьективтілік пен тарихи шындықтан алшақтау.

Қазақстан тарих ғылымы И. Сталиннің жеке басына табынудың шыңына жеткен жағдайында (40-шы-50 жж. ортасы)

Қазақстан тарих ғылымы мүмкіншілігінің республикаға ғылыми-зерттеу орталықтарының, жоғары оқу орындары мен тарихшы-зерттеушілердің қоныс аударуы кезеңінде күшеюі. М.П. Вяткиннің Қазақстан тарихы мәселелерін зерттеуі.

М. Әбдіқалықов, А. Панкратовалардың редакциялауымен "Қазақ ССР тарихын" (Алматы, 1943 ж.) еңбегін дайындау және шығарумен байланысты ғылыми пікірталастар. Қазақстан КП ОК-нің "Қазақ ССР тарихының" 2-ші шығарылымын дайындау туралы 1945 жылғы 14 тамыздағы қаулысы.

"Қазақ ССР тарихының" бірінші шығарылымын негізсіз сынау: «қазақтардың феодалдық-патриархалдық қатынастарын асыра бағалау» еңбекші халықты қазақ сұлтандары мен хандарының езуін жеткіліксіз көрсету; ХV-ХVІП ғғ. қазақ хандығын берік және күшті мемлекет деп жариялап "Қазақстанның Ресейге қосылуын біржақты көрсету"; "Сұлтан Қаратай мен Кенесары Қасымовтың феодалдық-кертартпа бас көтерулерін ұлт-азатты қозғалыс ретінде бұрмалау"; қазақ, орыс және КСРО-ны басқа да халықтарының арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды жеткілікті дәрежеде көрсетпеу.

Қазақстандағы қоғамдық ғылымдардың көрнекті өкілдерін "қазақ ауылындағы таптық күресті бүркемелегені, феодалдық-рулық құрылысты дәріптегені үшін" саяси айыптау. Қазақ ғалымы Ә.Х. Марғұланның ғылыми тұжырымдары мен болжамдарын негізсіз әшкерелеу және оны "буржуазиялық пантюркизмге", тарихты бұрмалаушылыққа, "орыс пен қазақ халықтарыньң достық тамырын жоюға" жол бергені үшін айыптау.

Е.Б. Бекмаханов - XIX ғ. Қазақстан тарихы бойынша ірі және мойындалған маман. Оның "Қазақстан XX ғасырдың 20-40 жылдарында" атты іргелі еңбегі бойынша пікірталастар. Тоталитаризмнің қазақ зиялыларының жетекші өкілдерін қудалауы. Тарихи әдебиеттерді кітапханаларда шектеулі пайдалану. "Қазақ ССР тарихының" (Алма-Ата, 1949 ж.) негізгі қағидалары.

Ғылым академиясының құрылуы. Тарих, археология және этнография институтының этнографиялық экспедициялары, Тарихи ғылыми еңбектер мен деректерді жариялау, олардың қайшылықты мәні.

Қазақстандық тарихшылардың жалпы одақтық және аймақтық ғылыми конференциялар мен сессияларға қатысулары. Ғалымдардың Ташкенттегі Орта Азия мен Қазақстан халықтарының төңкеріске дейінгі дәуірінің мәселелеріне арналған біріккен ғылыми сессиясы (1954 ж. қаңтар-ақпан).

Қазақтың ұлы ағартушы-демократтары Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсариннің қызметтерін зерттеу. Олардың еңбектерін басып шығаруға дайындау.

ХХғ. 50-ші жылдардың екінші жартысы мен 1991 жылдың басындағы Қазақстан тарихнамасы.

И. Сталиннің жеке басына табынушылықты сынаудың Қазақстанның тарих ғылымына тигізген әсері. Қазақстанның Ресейге қосылу мәселелері. Оны зерттеудің негізгі кезеңдері. Қазақ-орыс қатынастары бойынша құжаттар мен материалдар жинағын шығару. Қазақстандағы патшалықгың территориялық - әкімшілік және саяси актілерінің проблемалары. 1916 жылғы қазақтардың ұлт - азаттық қозғалысы мәселелерін зерттеу. Қазақстандағы маркстік идеологияны зерттеу. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі Қазан төңкерісі мен азамат соғысының тарихнамасы. XX ғасырдағы революция тұсындағы Қазақстан большевиктері қызметінің тарихын зерттеу. Республика жұмысшы табы мен өндірісінің тарихы мәселелері тарихшылар еңбектерінде. Талас мәселелер.

Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын зерттеудің проблемалары. Соғыстан кейінгі Қазақстан тарихын зерттеу. Тың және тыңайған жерлерді игеру тарихнамасы. Колхоз және совхоз құрылысы тарихы бойынша еңбектердің пайда болуы. КОКП-ның республикадағы аграрлық саясатының мәселелерін талдау, олардың тенденциялық сипаты мен еліктері. Қазақстанның кеңестік кезендегі мәдениеті мен мәдени дамуының тарихнамасы.

Социализм дәуіріндегі Орта Азия мен Қазақстан тарихына арналған біріккен ғылыми сессия материалдары.

Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі 5 томдық Қазақ ССР тарихын дайындау және шығару.

Тарихи білімдегі өзгеше ойлауды басып жаншу. О. Сүлейменовтың "АЗиЯ" кітабы бойынша және О. Исмағұловтың "Этническая геногеография" Қазақстан ғылыми зерттеуі бойынша пікірталастар.

Қазақ демократиялық интеллегиясының көрнекті өкілдері Ш. Қудайбердиев, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов және т.б. есімдері мен еңбектерінің халыққа қайтарыла бастауы.




ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ
Қазақстан тарих ғылымындағы әдістемелік ізденістер. Ескі таптық маркстік-лениндік әдістемеден бас тарту. Тарих ғылымының тарихи-партиялық бағытының күйреуі. Қазақстан тарихының ақтандақ беттерін қайта қарау.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Комиссиясының бай және кулак шаруашылықтары туралы ҚАЗОАК мен ҚАЗКХАЛЖОМ-ның қаулыларын зерттеу бойынша қорытындысы (қараңыз: "Казакстанская правда" 1992 ж., 22 желтоқсан).

Қазақстанда тарихи ойдың жаңғыруы бойынша үрдістің басталуы мен барысы. Қазақстан тарихы - жоғары оқу орындарындағы міндетті, жеке оқу пәні.

Қазақстан тарихын идеологияландырудан, саясаттандырудан таза еңбектерді, оқу құралдарын басып шығару барысы.

Қазақ мемлекеттілігінің тарихын жаңа бағыт тұрғысынан зерттеу. С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтановтың "Казахстан: летописъ трех тысячелетий", Қазақ хандығының тарихы бойынша Ә. Хасенов, М.Х. Әбусейітова, К.Ш. Хафизова, Ж. Қасымбаев еңбектері.

Н. Мартыненконың редакциясымен шыққан "Алашорда" құжаттар жинағын қайта басып шығару. "Алаш" қозғалысы бойынша М.Қ. Қойгелдиев, К.Нүрпейісов, Д.А. Аманжоловалардың монографиялық еңбектері. Алғашқы газеттер мен "Айқап" журналы материалдарының библиографиялық ескерткіштері мен жинақтарын басып шығару (құрастыршылар Ү.Субханбердина және басқалар). Алғашқы қазақ мерзімді басылымдарының тарихын зрттеу (Қ.М.Атабаев, Ө.Әбдиманов).

Саяси репрессиядан зардап шеккен қазақ ұлттық-демократиялық интелегенциясы мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері. Мұстафа Шоқай еңбектерінің екі томдық жинағы мен ол туралы естеліктерді басып шығару

Күштеп тәркілеу, ұжымдастыру және көшпелі қазақтарды күштеп отырықшыландыру тарихын қайта қарастыру. 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басындағы шаруа көтерілістерінің тарихын зерттеудің басталуы. М.К. Қозыбаев, Қ.С. Алдажұманов, И.Т. Омарбеков еңбектері. Аталған мәселелер бойынша құжаттар жинағын шығару.

Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси репрессиялау құрбандарын ақтау туралы" (1993 ж., 14 сәуір) заңы және оның тарихи мәні.

Сталиндік саяси репрессиялар мен халықтарды Қазақстанға депортациялау тарихын зерттеудегі жетістіктер. (Г.В. Кан, Г.Н. Ким және т.б. еңбектері).

Қазақстан тарихы бойынша жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын шығару. Олардың ерекшеліктері, кемшіліктері мен жетістіктері.

Қазыбек бек Тауасарұлы мен Өтейбойдақтың еңбектері бойынша пікірталастар 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа; Қ. Қасымов, И. Тайманов көтерілістеріне; Аңырақай шайқасына; Түркістан тарихына және т.б. шараларға арналған мерейтойлық конференциялар.

Қазақ диаспорасының тарихын зерттеу (Н. Мұхамедханұлы, Г.М. Мендіқұлов және т.б.). X. Оралтайдың зерттеулері мен естеліктері.

Қазақстанның шет елдік тарихнамасы. Р. Конквест, М. Олкотт, Б. Хайт және қазақстандағы басқа да ғалымдардың еңбектерін зерттеу (қазақстандық зерттеушілер К.Л. Есмағанбетов, К. Несіпбаева және т.б. еңбектері).

Қазақстандық ғалымдардың тарихи-демографиялық зерттеулері (М. Тәтімов, А. Ғали, М. Асылбеков).

Ежелгі және орта ғасырлық Қазақстан тарихының мәселелері және М.Х. Дулати мен Қ. Жалайридің тарихи мұралары (Ә. Дербісәлиев, С. Жолдасбаев, Н. Нұртазина, С.М. Сыздықов және т.б. зерттеулері). Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі бес томдық Қазақстан тарихының жаңа басылымының шығарыла бастауы.

Қазақстандағы Кеңестік билік кезеңіндегі аграрлық қатынастар тарихнамасының теориялық және методологиялық негіздері. Қазақстанда тарих ғылымындағы ұжымдастыру негізінде жүргізілген көшпенділерді жаппай отырықшыландыру туралы большевиктік тұжырымдаманың орнығуы. Күштеп тәркілеу, ұжымдастыру тарихының қайта қаралуы. Республикадағы КОКП аграрлық саясаты тарихы мәселелерінің қайта қаралуы және олардың басымдылық сипаты мен қателіктері.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында" кітабын талқылау және Қазақстан тарихнамасының алда тұрған міндеттері.



ДЕРЕКТАНУ


ДЕРЕКТАНУ ТЕОРИЯСЫ, ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘДІСІ
Деректанулық ұғымдар мен терминдер. "Ұғым" мен "терминнің" анықтамасы. Қазақ тілінде ғылыми ұғымдар мен терминдер жасау тарихынан. Алаш зиялылары: Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Ш. Құдайбердіұлы, М.Әуезов және Қ.Жұбановтардың қазақ тілінде ғылыми терминдер қалыптастырудың қосқан үлестері. Деректанулық терминдер: "дерек", "деректану", "сыныптау", «тарихи дерек», "тарихи факт" т.б.

Деректану теориясы. Тарихи деректер бейнелеу теориясы тұрғысынан. Деректердегі объективтілік пен субъективтілік туралы. Тарихи шындық пен деректің, дерек пен тарихшының диалектикалық байланыс механизмі. Тарихи танымның ретроспективті сипаты. Тарихи дерек ұғымы ақпарат теориясы туралы білім тұрғысынан. Деректану және тарихи зерттеу.

Деректану пәні. Тарихи деректанудың қосалқы тарихи пәндермен және арнайы тарихи курстармен арақатынасы. Тарихи деректердің анықтамасы Деректану реальды дүниені тану құралы. Адамдар қолымен жасалынған мәдениет құндылықтары: - шығармалар, заттар, жазбалар, құжаттар - деректану ғылымының зерттеу объектісі.

Тарихи деректерді сыныптау проблемасы. Тарихи деректерді сыныптаудың қажеттілігі мен жолдары. Тарихи деректерді типтерге және түрлерге болудің негізгі принциптері. Жазба деректердің негізгі типтері. Жазба деректерді түрлік сыныптау. Ерекше (қайталанбайтын) және көпшілік (қайталанатын) деректер және олардың деректік маңызы. Тарихи деректер эволюциясы. Қазақстан тарихы деректерінің түрлік өзгерістерге ұшырауының өзіндік ерекшеліктері. Деректердің дамуының негізгі тенденциялары.

Деректанудың қалыптасуы және дамуы.

Деректанудың ғылым ретінде пайда болуының және қалыптасуының алғы шарттары. Орыс жылнамаларын зерттеуші А.Л.Шлеһер (1735-1809), неміс ғалымы Ф.Шлейермахер (1768-1834), неміс тарихшылары Б.Нибур (1766-1831), Л. фон Ранке (1795-1886), француз тарихшысы П.Дону (1761-1840) т.б. деректану ғылымының негізін қалаушылар.

XIX ғ. бірінші жартысындағы ірі ғылыми жаңалықтардың ашылуы және ұлттық сананың оянуының деректану ғылымының дамуына тигізген әсері - Г.Ф.фон Штейннің "Ежелгі тарихи деректерді зерттеу қоғамын" құруы. "Герман тарихының ескерткіштері" сериясының жарық көруі. Г.Вайц (1813- 1886) және оның "Германия тарихының деректануы".

Батыс Европа елдерінде тарихи зерттеу ісімен айналысатын мамандарға деген қажеттіліктің артуы. Ұлы француз буржуазиялық революциясы және мұрағат істеріндегі өзгерістер. 1821 жылы Парижде хартиялар мектебінің ашылуы және оның міндеттері мен маңызы. Батыс Европа елдеріндегі арнайы тарихи зерттеу институттарының ашылуы.

Э.Бернгеймнің (1850-1942) "Тарих ғылымьіна кіріспе" атты оқулығындағы: методология, методика, түсініктер және сыныптау мәселелері. Ш.Ланглуа (1863-1920) мен Ш.Сеньобостың (1854-1942) "Тарихи зерттеуге кіріспе" атты еңбектерінің негізгі бөлімдері және олардағы деректанулық ойлар мен тәсілдер.

Орыс тарихшысы В.О.Ключевский XIX ғ. соңындағы Ресей тарих ғылымының ерекшелігі мен міндеттері, тарихи деректер, тарихи сын және тарихи сынның ерекшеліктері туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің (1863-1918) деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи деректер туралы біртұтас жүйелі ғылым.

Кеңестік тарихнамадағы деректану ғылымының дамуының негізгі кезеңдері және деректану пәнін оқытудың ерекшеліктері. Деректанулық орталықтар.

Қазақ ғалымдары мен ойшылдарының деректанушылық көзқарастары.

Ш.Уәлиханов - қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы. Ә.Бокейхан, А.Байтұрсынұлының деректанушылық ойлары. Қазақ зиялыларының ұлттық деректерді іздеп тауып табу және жинау мақсатында жасаған әрекеттері. Қазақтың кәсіпқой тарихшысы Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары. О.Сүлейменовтің "АЗиЯ"-сы және деректің түпнұсқалық проблемасы. Қазақтың деректанушы ғалымдары және олардың еңбектері. Қазақстан тәуелсіздігі және деректану ғылымы.

Тарихи деректерді талдау методикасы

Деректанулық сын. В.Н.Татишев деректанулық сын туралы.

А.Л.Шлецердің тарихи деректанулық сынды негізгі топтарға бөлуі. В.О.Ключевский "филологиялық сын" және "фактілік сын" туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің деректерді ғылыми сынның негізгі кезеңдерін және 14 Ережесін керсетуі.

Тарихи деректерді талдаудың құрамдас үш бөлігі - методология, методика және техника.

Объективтік принцип, тарихилық принцип, партиялық принцип - деректану методикасыньщ негізгі принциптері.

Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңі: деректерді іздеу, табу (деректанулық эвристика), деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтер нақты зерттеулерге пайдалану, тәсілдерін жасау (методика).

Деректің пайда болуын сынау

Деректердің сақталу формалары және олардың деректанулық маңызы. Мәтінді дұрыс оқу - жазба деректі талдаудың басты шарты. Деректің пайда болған уақытын анықтау (датировка). Деректің пайда болған жерін анықтау. Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау (атрибуция). Тарихи деректің әлеуметтік функциясын анықтау. Деректанудың шынайылық проблемасы. Тарихи деректану ғылымындағы өкілеттілік проблемасы.




ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихының деректері

Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде. Олардың түрлері. Фольклордың тарихи дерек ретіндегі ерекшелігі. Қазақ халқында ауызша тарих айту дәстүрінің қалыптасуы және дамуы құрылымы. Фольклорлық туындыларды деректанулық талдау методтары: тарихи типологиялық, тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалық. Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан аңыз-әңгіме, жыр-дастандардың пайда болу, сақталу және деректік ерекшеліктері туралы. Ә.Бөкейхан "Қобланды батыр" жыры туралы.

Шежіренің деректік маңызы, орыны, ерекшелігі. Шежіренің түрлері. Шежіренің тарихи дерек ретіндегі эволюциясы. Шежіренің пайда болуын сынау. Шежіредегі объективтілік пен субъективтілік. Шежіретану – кезеңдері мен қажеттілігі. Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынұлы шежіренің деректік маңызы мен ерекшелігі туралы. Шежіренің қазақтардың этногенезисін, Қазақстан территориясында тайпалардың орналасуын, түркі халықтарының этногенетикалық байланыстарын зерттеудегі маңызы. Шежіретану проблемалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет