Қазақстанның еуразиялық экономикалық интеграцияландырылу үрдісіндегі туристік индустрияның жағдайы мен келешектік бағыттары



Дата09.07.2016
өлшемі99.5 Kb.
#187429
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯЛАНДЫРЫЛУ ҮРДІСІНДЕГІ ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН КЕЛЕШЕКТІК БАҒЫТТАРЫ
Дуйсембаев А.А.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Астана қ., Қазақстан Республикасы

e-mail: duisembaev_aa@enu.kz

Қазіргі таңда туризм экономикада қарқынды салалардың бірі. Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін салалардың біріне жатқызды. ДТҰ-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес туризм 6% әлемдік экспортқа және 30% барлық экспорт қызметіне тиесілі. Алдыңғы жылдың өзінде Халықаралық деңгейде келушілердің саны 1,4 миллиардқа жеткен. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайып, туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеуде [1].

Туризмнің дамуы Еуразиялық интеграцияда жоғары талқылауға ие. Сонымен қатар ЕАЭО елдерінде туристік секторлар белгілі потенциалды көрсетеді, яғни интеграциялық процесстерге әсер етіп экономикалық нүктенің шегіне шықты. 2015 жылдан бастап ЕАЭО құрамына жалпы ауданы 20 млн.кв.км-ге жететін ел – қатысушылар кірді. Яғни, осы елдерде туристік жабдықтарды алу 183 млн. адамға дейін өсті. ХБҚ-ң дерек көздері бойынша ЕАЭО елдерінде ЖІӨ 4 трлн. АҚШ долларымен тең. Еуразиялық Экономикалық Комитетте БАҚ-ң айтуынша, ЕАЭО экономиканың 40 секторын басып ала алады, оның ішінде туризм саласы да кіреді. Басқа елдер өздерінің туристік секторларын біріктіріп, бәсекелестіктің алдын алып, керісінше оған ықпал жасап, туристер бір ғана өңірге ғана бармай басқа да өңірлерді аралауына мүмкіндік беруге ықпал етуде. Соған ең үлкен мысал ретінде Шенген өңірін жатқызады, яғни адамдардың келіп кетуі ешқандай тексерілусіз өткізіледі. Сонымен қатар басқа да жоспарлар бар. Ол Оңтүстік –Шығыс Азия қауымдастығы үшін ортақ визаны шығару.

ЕАЭО елдеріндегі ішкі өңірінде туризмнің дамуына үлкен нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді. Жақында интеграция және макроэкономика министрі Татьяна Валоваяның айтуынша болашақта ЕАЭО елдерінде ортақ виза шығарылады. Бұл Халықаралық Туристік ұйымның ұсынысымен қабылданған болатын. Қазақстан Республикасының Халықаралық интеграциялық жобаларға қатысуын қарап шығуымыз қажет. Қазіргі уақытта, Дүниежүзілік туристік ұйымының мәліметтері бойынша әрбір 11 жұмыс орны , бүкіл әлемде туристік бизнесті құрады. Қазақстанда Еуразияның қоғамдық және мәдениет орталығын жасау үшін конгрестік туризмді дамыту маңызды. Туризм саласында халықаралық ынтымақтастық жұмыстарын жүргізудің ЮНЕСКО және БЭСҰ бағдарламаларына қатысу, екі сондай-ақ көп жақты шет елдік мемлекеттермен келісім жасау. Туризмдегі мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру туристік қызметті жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтік—экономикалық жағдайларға толық жауап беретін мақсаттарына, қағидаттарына және міндеттеріне сай жаңа көзқарастарды талап етеді. Бүгінгі таңда атқарушы билік органдарымен туризм саласында әрекет ететін ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды реттеудегі мемлекеттің ролін арттыру қажет [2].

1994 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде Қазақстан Республикасының Президені Н.Ә.Назарбаев ең алғашқы лидерлердің бірі ретінде Еуразияшылдық идеяны қолдаған болатын. 2014 жылдың мамыр айында Астана қаласында Қазақстан, Ресей және Беларуссия елдерінің арасында Еуразиялық Экономикалық одақ құру жайлы келісімшартқа қол қойылып, ол 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Кейін ЕАЭО – на Армения мен Қырғыз Республикасы кіреді.


Кесте 1

Ішке келушілер мен сыртқа шығушылардың саны






2010

2011

2012

2013

2014

ҚР-на келушілердің саны

4 097 387


5 685 132


6 163 204


6 841 085


6 332 731



ҚР-нан шығушылардың саны

6 019 171


8 020 400


9 065 579


10 143 710


10 449 972


Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің мәліметтеріне сәйкес елге кірушілер 35% көрсетіп 2014 жылы 6,3 млн адамға жеткен. Ал 2014 жылы сыртқа шығушылардың саны 10,4 млн адамға жеткен. Көбісі шетел келушілері (80%-ға жуығы) – іскерлік және белгілі бір мақсатқа, транзиттік және «жеке мақсатта» келу үшін. Бұл барлық ЕАЭО елдерінде белгілі. Шығу туризмі келу туризміне әсер етеді. ЕАЭО елдерінің ішінде шығу туризмі бойынша ДСҰ-ң айтуынша бірінші орында Ресей, ал екінші орында Қазақстан, содан кейін Қырғызстан, Беларуссия, Армения, Өзбекстан. Әр елдің өзінде туристік бағытта өсуінің белгілі дәрежесі көрсетілген.

Егер географиялық тұрғыдан шығу туризмін қарайтын болсақ, онда Қазақстанға мына елдерден азаматтар келген, олар: Өзбекстан Республикасы-33%, Ресей Федерациясы 27,7%, Қырғыз Республикасы-20,6% құрайды. Қазақстан үшін басты алыстан келетін келушілер: Қытай-3.6 %, Турция- 1,6%, Германия -0,4%. Осы көрсеткіштерден Қазақстан ЕАЭО-ң ішіне кіретін Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының көп туристік бағыттағы қазығушылыққа ие.

Енді Қазақстан Республикасында Халықаралық деңгейде туризмнің даму көрсеткішін қарастыратын болсақ. Бірінші кезекте бұл көрсеткіштер шығу және келу туризміне байланысты.

Туристік өнімдерді экпорттау соңғы 5 жылда 24 % өсіп ол 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. Туристік өнімдерді импорттау да 24 %-ға дейін өсіп 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Сол себепті туристік сальдо елдің болымсыз қаржылық балансы болып табылады. Сондықтан Қазақстан басқа елдер үшін «туристік донор» екені белгілі. Отандық туристік саланың қазіргі жағдайы анық сыртқы нарықтағы көрсеткішін көрсетеді. Ары қарай ішкі туризм бойына басты көрсеткіштерді қарастыруға болады. Айта кететін жайт Халықаралық практикада статистикалық туристік есеп бойынша туристердің «келуі» Қазақстанның шығу пунктері арқылы шағушылардың санына емес, «орналастыру орындарындағы санына» байланысты [3].


Сурет 1- Жол жүрушілердің экспорт пен импорт қызметтерін қолдануы
ҚР ҰЭМ статистика Комитетінің мәліметтері бойынша соңғы 5 жылда орналастыру орындарындағы қызмет көрсетілген келушілердің саны 33% өсіп, 3,8 млн адамды құраған.

Сонымен бірге елдің ішіндегі туристік сапарлардың мақсаттарын да қарастыру маңызды болып табылады (2-кесте).

Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілерге келу мақсаты бойынша талдау жүргізе отырып, соңғы 3 жылда келесі жағдайды қорытындылауға болады: Қазақстандағы туризм негізінен жергілікке халыққа негізделеді, сонымен қатар шетелдік азаматтардың іскерлік және кәсіби келуіне негізделеді. Қазақстандық келушілер демалыс мақсатында, сонымен қатар іскерлік мақсаттарда белсенді саяхаттайтынын ескеріп кету қажет. Әрі саяхат мақсаттары бойынша бірінше топқа кіретін демалушылар жыл сайын сандық қатынаста өсіп отырады. Шетелдік келушілер елге негізінен іскерлік және кәсіби мақсаттарда келетін болған.
Кесте 2

Сапар мақсаттар бойынша туристерді үлестіру




Резиденттер/резидент еместер

2012




2013




2014

ЖАЛПЫ

Соның ішінде:



2 507 005/519 222




2 721 714/586 038




3 129 876/ 679 018

Демалыс

867 670/38 522




1 061 096/52 373




1 574 649/109 085

Достар мен туысқандарға бару

103 699/19 891




106 564/15 465




-

Іскерлік және кәсіби мақсаттар

1 478 073/457 683




1 472 230/512 089




1 549 282/564 579

Емдік сауықтыру процедуралары

8 971/145




13 553/827




-

Дін және қажылық

12 993/1




11 440/171




-

Дүкендерге бару

26 653/2 498




13 805/755




-

Басқа да мақсаттар

8 946/482




43 026/4358




5 945/5354

Қазақстанның туристік саласындағы көрсетілген қызметтердің негізгі көлемі қонақ үй бизнесіне тиесілі екен.

2010 жылдан 2014 жылға дейін орналастыру орындарында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі тұрақты болып қала беретіндігін, тіпті оң динамиканы көрсетіп отырғандығын ескертіп кету қажет. Қарастырылып отырған аралықты (ҚР ҰЭМ мәліметтер бойынша) ол 31,1% көбейген. Қызметтер көлемі бойынша бастапқы орынды Алматы және Астана қалалары алатын болса, минимал қызметтер көлемін Солтүстік-Қазақстан облысы көрсетеді екен. Осыдан келе – кірістер деңгейі, шығындар деңгейі және салықтық төлемдер де орын алып отырған позицияларына сәйкес келеді.

Қызмет көрсетілген келушілердің саны бойынша тенденцияларды аша отырып, шетелдік қонақтар негізінен 3,4 және 5 жұлдыз категориялы қонақ үйлерде тоқтайтынын ескерынын ескерп айтамыз. Ал біздің отандық туристер көбінесе ешқандай категориясы жоқ қонақ үйлерде тоқтайды. Яғни қонақ үй қызметінің сапасын көтеру маңызды жағдай болып табылады.

Дербес сала ретінде туризм Қазақстанда біздің еліміздің тәуелсіз алған күнінен бастап бар. Біздің ақырғы мақсатымыз – бұл халықтың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету үшін, сырттан келетін және ішкі туризм көлемдерін арттыру есебінен мемлекет пен халық кірістерінің тұрақты өсуі үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру болып табылады. Ал бұны ЕАЭО елдерімен бірге жасаған тиімдірек және жүзеге асыруға болады. Бұны жүзеге асыруға туристік стандарттарды унификациялау, туристік ресмилікті қысқарту ғана емес, ортақ туристік жобалар облысындағы ынтымақтастық та көмек бере алады. Қазақстандық туристік өнімнің нарықта кешенді орталық-азиаттық өнім құрамында тиімді шыға алады [4].

Қазақстанның Кедендік одаққа енуі, ДСҰ енуі, ЕАЭО құрылуы секілді әлемдік экономикаған интеграциялануының барлық процестері бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде талқыланып келеді. Қазақстан мен Ресейдің зерттеушілері Қазақстан тұрғындарының арасындағы интеграциялық процесстердің оң бағаларын көрсетіп отыр. Осы жағдайлардың әрқайсысын 77% аз емес қазақстандықтар оң бағалаған болатын. Бұл Қазақстан тұрғындары үшін интеграциялық процесстер айтарлықтай және нақты болып табылады, себебі экономикалық, білім, мәдени ортаның ашықтығы ынтымақтастықтың жаңа типтерін қалыптастырады. Экономикалық интеграция процесстерінің тереңдеу шамасына байланысты бизнес, капитал, еңбек нарығы саласындағы байланыстар дамитын болады [5].

ЕАЭО құрылғанына дейін ЕАЭО елдері туризм дамуы облысында маңызды қадамдар қабылдап отырған. Жақында Қазақстан Республикасы Универсидла-2017, ЭКСПО-2017 секілді әлемдік масштабтағы маңызды іс-шараларды өткізеді. Ресей Федерациясы 2014 жылдың Қыстық олимпиада ойындарын өткізген болатын. 2018 жылы оның территориясында футболдан әлем Чемпионаты өтетін болады. 2014 жылы Беларусь өз территориясында хоккейден әлем чемпионатын өткізген болатын. Әлемдік масштабтағы маңызды іс-шаралар (ӘЧ, ЭКСПО және т.б.) статистикасы көрсетіп отырғандай, осы іс-шараларға келушілердің 50%-дан астамы көршілес мемлекеттерден келеді. Бұл біздің елдердегі ішкі туристік, экономикалық және әлеуметтік-мәдени алмасу үшін туризм инфрақұрылымын дамыту үшін керемет ынталандыру болып табылады.
Әдебиеттер

1 Папирян Г.А. Экономика туризма. - М.: Финансы и статистика, 2000. –

208с.

2 Аттокурова Н.С. К вопросу о развитии евразийской интеграции // Экономика и управление в XXI веке: тенденции: XXV Международная научно-практическая конференция. - Екатеринбург. - 2015. - №25. – С.5.



3 Кисель П.А. Проблемы туристской отрасли в Республике Казахстан

// Экономика и управление в XXI веке: тенденции: XXV Международная научно-практическая конференция. - Екатеринбург. - 2015. - №25. – С.5.

4 Кайгородцев А.А.,Форсайтные исследования состояния и перспектив

развития туризма в Республике Казахстан // Отчет «Проведение форсайтных исследований состояния и перспектив научно-технического развития и управления туристской отраслью Республики Казахстан. – Усть-Каменогорск, 2010.



5 Садвокасова А.К. Отношение населения Казахстана к интеграционным

роектам // Евразийская Экономическая Интеграция. – 2015. - №3. – С.8.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет