Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер



Дата24.04.2016
өлшемі80.5 Kb.
#78941
INTERNET ЖЕЛІСІ

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық үғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі "ханшалардан" күнделікті "күңіңізге" айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC (Internet Society — Internet қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.



29.1. Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер

INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта кұрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.

Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол — желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ен үлкен компьютерлер торабын құрайды.

Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде. университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

INTERNET-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (шындығында, INTERNET компьютерлерінің көпшілігі BBS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады). INTERNET-ке қосылу дегеніміз — баска жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т. б. цифрлық түрге айнала алатын барлык информацияны ала аласыз.

INTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқ6ылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNET-тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ кұпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.

INTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, "телефон жүйесі" қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын -кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

INTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздіц Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.

Олай болса, "scuba" (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді).

Әлде әр түрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? IBM суперкомпьютерімен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебист жөніндсгі анықтамалықты карап, Ресей журналдарыіі оқуыцызга болады.

INTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді дс түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

lNTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:

- косылып түратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);

- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);

- почталық байланыстар.

Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін карастырайық.



Тұрақты қосылып тұратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылған (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol - жеткізуді баскару протоколы/интержелі протоколы) түрінде болады, бұл INTERNET -тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.

Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET -Ке кызмет ететін компьютермен (хост-компьютері) косатың телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Internet арасындағы байланыс тұракты сакталады, сондықтан провайдер-компаниясының компьютерімен байланысуға телефон шалу кажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Internet арқылы мәлімет жібере (алады) береді.



Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, Point-to-Point Protocol немесе РРР деп аталады (Serial Line Internet Pro­tocol — тізбекті желі үшін Internet хаттамасы, Compessed Slip — тығыздалған Slip, Point-to-Point Proprotocol — "нүкте-нүкте" хаттамасы). Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да TCP/IP секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бүл түр түрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.

Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютнрге қойылмайды да, оның орнына Slip (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мең бір телефон номірі қажет болады. Солар аркылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, Slip-пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір езгеріс жоқ.



Почталық байланыс. Internet-пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер бірден Internet-пен почталык байланысқа кіре алады. Олар өз почтасың Internet-ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйссінде почта адресі аддына Internet деп жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмек (network gateways) деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.

Почталық катынастың колмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP деген почталық байлаыыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады (Бүл туралы келесі сабақта айтылған).


Internet-пен қатынас кұру
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тсгін берілетін программа, жұмысқа ксрскті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.

Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе колданылады (File Transfer Protocol — FTP). Практикада FTP немссе ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда "файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу" деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді. FTP арқылы қызмет істетін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген адам одан администратор рүқсатымен әр түрлі мәліметтер ала алады. Бүл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз (аноним) болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал көп кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (namied) жәнс/немесе паролін (password) білу қажет болады.

FTP-серверінің мәліметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:

open ftp.relcom.su nameid password — FTP-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:

open FTP-сервермен қатынас құру сұранысы;



ftp.relcom.rsu — FTP-серверінін қажетті информациямен толықтырылған аты;

nameid — пайдаланушының кіру аты немесе anonimus; password — сұраушы адамның паролі немесе оныц почталық (E-mail) адресі;

Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда: help — сервер командалары бойынша анықтама беру; quit — сеансты аяқтау.

Пароль мен атау дұрыс болса, қатынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:

cd каталог_аты — каталогты ауыстыру;

cd.. — жоғарғы деңгейден каталогка қайту;

get файл_аты — FTP-серверден файл алу;



binary — екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу (типтері ехе, com, arj), гаг, tar, zip және т. б.)

dir — ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.

FTP-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар жиынтығын HELP командасы арқылы алуға болады.

FTP-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.



cd pub/ — барлық FTP-серверін пайдаланушыларға ашық РАВ каталогын (директориін) пайдалану; dir — сол каталог файлдар тізімін беру; get 03ndex.txt — FTP-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;

binary — екілік файлдарды өңдеуге өту; get far 140.zip — FTP-серверден екілік файл алу; quit — FTP-серверден ажырау (байланысты үзу). Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әр түрлі каталогтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз. Netscape Navigator жәнс Internet Explorer тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.

Мысал ретінде Microsoft Internet Explorer 3.01 программасын пайдалану кезіндегі FTP-сервермен ftp://ftp.relcom.ru қатынас кұру сеансын талқылап шығайық.

Браузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер тақтасынан Internet Explorer пиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.

Бұл мысал Internet Explorer жұмысын Windows 98 ортасында көрсетеді, сондықтан оның іс әрексттері осы операциялык жүйеге сәйкес баяндалады (Windows З.х ортасында жүйенің хабарлары маі терезе бейнелері басқаша болады, бірақ негізгі жұмыс кезеңдері мен орындалатын әрекеттері бірдей).

Internet Ехріогег-ді Іске қосар алдында желімен алыстан қатынас кұру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.

Мұндайда үш терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс (29.2. сурет). Сіздің желідегі аты-жөніңіз және пароль (Бұлар сізге провайдер-компания арқылы Intеrnеt-ке косылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындағы ең СОҢҒЫ әрекетіңіз "Байланыс орнату" (Установить связь) батырмасын басу болып табылады. Осы сәттсрде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез келген сәтте "Болдырмау" (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.

Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға Internet Explorer терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізгсе аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болады. Соларды құрастырып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың кызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.

Алдымен "Адрес" өрісін қарастырайық, Бұл өрісте FTP адресі былай теріледі: ftp://ftp.relcom.ru

Адрес терілген соң, "Enter" пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.

Адрес енгізілген сәттен бастап, Internet терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілген сурет козғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің Internet Explorer эмблемасына айналуы FTP- сервермен байланыстың толық орнатылып, тікелей қатынас басталғанын мәлімдейді.



Internet Explorer терезесінің жұмыс аймағындағы 1 цифры тұрған орында FTP-серверге кіріп отырған адамға арналған мәтін көрсетіледі. Одан ары қарай орындалатын әрекеттер осы мәтін нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.

Құрал-саймандар тақтасындағы "Тоқта" (стоп) батырмасын кез-келген кезде басып қалып, FTP-сервермен өз компьютеріңіздің байланысын тоқтатуға болады. Егер сеанс кезінде бірнеше парақ мәтін алған болсаңыз, "Алға"және "артқа" батырмалары сол мәтін бойынша жылжу мүмкіндігін береді. "Таңдамалы" (Избранное) батырмасы арқылы кабылданған парақты өз бумаңызда сол күйінде сақтауға болады. Сонымен FTP-сервермен сеанс аяқталғаннан кейін ол мәтінді аспай-саспай карап шығуға болады.



"Баспа" батырмасы экранда көрініп түрған бетті баспаға шығаруға арналған. Егер сізге қарі мөлшері ұнамаса, онда "Шрифт" батырмасы арқылы оны үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік бар.

Релком желісінің серверлерімен жұмыс істегенде FTP-сервері мен өз компьютеріміздің символдарды белгілеу кодтары сәйкес келмейтіні байқалуы ықтимал. Өйткені Windows жүйесі 1251 шарттаңбалау тәсілін, ал РЕЛКОМ желісі КО18г кодтау тәсілін пайдаланады. Мұндай жағдай туындаса, мәтін символдары кодтары түрлендіру үшін басты мсню пунктін пайдаланған жөн. Басты менюдің "Түр" (Вид) пунктінің "Параметрлер" жолын таңдап алсақ, сол командаға сәйкес терезе экранға шығады. Сол терезедегі "Қаріп" батырмасын басу керек те, "MIME кодтары" параметрлері ішінен қажеттісін таңдап алу қажет.

Мұның себебі кодтардың стандартты кестесінде кириллица әріптері (орыс, казақ әріптері) жоқ, сондықтан әркім өзі енгізген әріптерін немесе өзі ойлап шығарған әріптер программасын пайдаланып жүр (әрбір программалаушы осыған өз "үлесін" жалықпай қосып келеді). Мысалы, КСРО төңірегінде алдымен КОИ8г кодтары қабылданған еді, Microsoft оған қоса екі балама кодтар даярлаған болатын — біріншісі, 886 кодтар MS DOS-қа арналған да, екіншісі, 1251 кодтар Windows жүйесіне бағытталған болатын. Қазіргі ТМД елдерінде осы үш кодтау тәсілі катар қолданылып жүр. Осы жолдармен керекті шарт таңбалар тандап алынған соң, барлық ашық терезелерді ОК батырмасын басу арқылы жауып қою керек. Сонда экрандағы мәтін қалыптағы күйге келеді.

Жұмыс өрісінде FTP-серверінің парағы бейнеленген Internet Explorer терезесі көрсетілген, онда PUB каталогының мазмұны орналасқан мәтін түр. Мұндай каталог көптеген FTP-серверлерінде болады, оның ішінде керекті файлдар сақталуы тиіс.

Керекті файлды не каталогты алу (көру) үшін курсорды сол файл (каталог) атына алып бару керек, сол сәтте курсор сұқ саусағы сол файлды көрсетугс бағытталған кол бейнесіне айналып, тышқан батырмасын шерту арқылы, сол файлдың (каталогтың) мәтін алуға мүмкіндік аламыз. Сол мәтін өз компьютерімізге жеткізіледі (ал каталог болса, ашылып толық көрсетіледі). Жоғарғы деңгейдегі каталогка өту керек болса, "Артқа" батырмасын басамыз немесе жоғары жақтағы "бір деңгей жоғары шығу" батырмасын басу жеткілікті.

Экранда көрінбей одан тысқары түрған мәтін бөліктерін көру үшін колденең немесе тік жылжу сызықтарын пайдалану керек, олар Internet Explorer терезесінің оң жақ және томенгі шеттеріндс орналасады ("лифт"деп те аталады).

Браузер арқылы кез-келген уақытта басқа FTP-серверге ауыса аламыз. Ол үшін "Адрес" деген терезеге жаңа адрес енгізіп, Enter пернесін басу қажет немесе "Адрес" өрісінің оң жағындағы бағыттауыш тілсызық батырманы басып, шыққан тізімнен керектісін таңдап алған жон. Керекті адресті "Таңдамалар" батырмасы аркылы да тізімдср ішінен тауып алуға болады.

Браузермен жұмысты аяқтау үшін "Файл" менюінің "Жабу" пунктін орындау керек. Бұл мақсат үшін оң жақ жоғарғы бұрындағы "X" батырмасын пайдаланса да болады.



WORLD WIDE WEB

Internet ішінен керскті информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті карастырып өтейік.

World Wide Web (WWW, Web), яғни "дүниежүзілік өрмек" информация іздеп бүкіл дүние жүзіне "электрондық саяхат" жасайтын гипермәтіндік жүйе больш табылады. Қазіргі кездегі әр түрлі информация алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде, WWW есептеледі. Intcrnet-тің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл әрі ыңғайлы.

Мүнда бір-бірімен байланысқан сөздер тізбекше аркылы іздеу жүргізіледі. Өзіңізге керекті тақырыпты тандап алып, соған байланысты информацияны карап шығасыз, сол информация ішіпеп тағы бір тақырыпты тандап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысьш қарап шығасыз, бірак, қажет болса, кейін оралуыңыз да қиын емес.

WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Гипермәтін деген не? Егер сіз Windows жүйесінің көмек беретін мәліметтер құрылымын карап шыксаңыз немесе Macintosh компьютерінің Hyper Card файлын көрсеңіз, сол гипермәтін мысалы бола алады. Гипермәтін құжат бір ұғымнан екінші үғымға мәтіндік байланыс арқылы (мазмұны арқылы) тез өтуді қамтамасыз етеді (links). Бір мәтінді бастан аяк оқудан гөрі сол мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана оқып, сонан кейін сол бөлікпен байланысты басқа ұғымдарға жылдам өте аласыз. Бұлай жылжу ерекшеленген мәтін үзіндісіне курсорды алып барып тышқанды шерту арқылы орындалып отырады.
Web жүйесімен катынас кұру тәсілі
Web жүйесімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNIX операциялық ортасында сервистік қызмет көрсететін, компания жасап қойған, арнайы команда арқылы WWW браузерімен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін www немесе Ііпх сөздерін енгізу керек.

Егер тұрақты қызмет атқару қажет болса немесе тікелей теру арқылы байланыс орнату керек болып жатса, өз WWW браузеріңізді пайдалану мүмкіндігі де бар.

Қолданылып отырған тәсілге карамастан сіз гипермәтіндік файлдарда мәліметтерді іздеп таба алатын браузермен жұмыс істей аласыз. Енді біз желіні пайдалану кезінде жұмыс істеуге тиіс Internet Explorer графиктік браузерімен сіздерді таныстыралық. Әрине бұдан басқа да браузерлер бар, мысалы, Netscape Navigator, бірақ Windows 98 жүйесі өз Internet Explorer программасының ішкі браузерімен жабдықталады. Windows жүйесінің басқа түрлерінде де арнаулы бірден бекітіліп берілетін ішкі браузерлер болады, олармен жұмыс істеу де ыңғайлы. Ал егер кейбір себептермен сіз Internet Explorer-мен жұмыс істетіңіз келмесе, онда Netscape Navigator браузеріне немесе басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы жұмыс істеу ережелері бір-біріне ұқсас болады.

Сонымен FTP-серверімен жұмыс істеуді меңгерсеңіз және Web жүйесінің бірнеше адресін білсеңіз, онда желіге кіріп жұмыс істеу қиын болмайды. Адресті білмесеңіз де, өзіңізге керекті информацияларды тақырыбы арқылы іздеу ісіне кірісіп кете бересіз.

Internet Explorer немесе Navigator іске қосылса, браузеп автоматгы түрде, сіз араласпай-ақ, "өз" серверімен байланыс орната береді. Ал, егер де Internet Explorer жүйесімен жұмыс істейтін болсаңыз, онда бірден Microsoft компаниясының WWW сервері парағымен байланысатыныңыз есіңізде болсын, оған мынадай мәлімет енгізілсе,

http://www.home.microsoft.com/int/ru

Internet Explorer терезесі көрсетілгендей болады. Мұнан кейін "лифт" көмегімен парақтың төменгі жағына өтіп, өзіңізге керекті акпаратты таңдайсыз. Курсорды ерскшеленген мәтін бөлігіне алып барып (29.10-сурет), тышқанды бір рет шертіңіз, браузер осы тандап алынған жаңа мәтін бетін сіздің өз машинаңызға жеткізеді.

Біздің жағдайда курсорды "Internet-те парақты іздеу үшін осы сілтемені таңдаңыз" (выберите данную ссылку) деген сөзге, яғни оның ерекшеленіп тұрған үзіндісіне алып барып, тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз. Сол сәтте браузер сіздің компьютеріңізге Internet-тегі информация Іздеу жүйелерінің жиі қолданатын бірнеше адресі көрсетілген кезде парақты шығарады да, сіздің іздеу шарты көрсетілген (критерий) информация енгізуіңізді және "іздеу" батырмасын басуыңызды өтінеді.

Web каталогтары кітапхананың жүйелік каталогтары тәрізді жасалып, олар "Спорт", "Компьютерлер", "Ойындар" сияқты рубрикаларға жіктелген. Каталогтан өзіңізге керекті тақырыпты тауып алып, оның ішінен Wеb-тегі түйінді сөздер тізімінен іздеуді бастауға болады.

Көптеген серверлердегі тізімдерде әрбір түйінді тақырып кысқаша сипатталып отырады да, одан негізгі тақырыпка өту жолы (парақтагы емес) көрсетіліп тұрады.



Бірақ Web каталогтары мәтін парактарының тек аз бөлігін көрсетеді, ал "дүние жүзілік өрнекте" (всемирная паутина) одан басқа толып жатқан мәліметтер жиыны бар екені түсінікті болар. Мұнда да AltaVista, HotBot немесс Lycos сияқты іздеу серверлері іске қосылады, оларда серверге өзіңізге керекті тақырыпты көрсетсеңіз, Web парақтарынан осы салаға байланысты бар мәліметтерді қарап шығу мүмкіндігін аласыз.

Іздеу процесі адамның қатысуынсыз орындалатын болғандықтан, іздеу серверлері каталогтарға карағанда көптеген мәліметтерді қамти алады. Бірақ сіз оларды сұрыптай отырып, мыңдаған парақтан тұратын информация ішінен керектісін тандауыңыз қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет