Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
Қ.Әбдәлиев атындағы жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Исақұлова Гулсара Ешанкуловна
Сынып: 1
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: 10 санынан азайту
Сабақтың мақсаты:
1)10 санынан азайту тәсілімен таныстыру,қосу кестесі туралы білімдерін, есептерді шығару дағдыларын бекіту.
2)Логикалық ойлау қабілетін, және ауызша есептеу қабілетін, және ауызша есептеу қабілетін дамыт, өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды шығару, ой-пікірін білдіруін дамыту. Сыйластыққа, ізгілікке тәрбиелеу
1.Психологиялық дайындық.
Сабақта арланба да, қорықпа,
Айтқанымды орында.
Білесің бе сен өзің-
Бес саусақ бар қолыңда
Қайтадан бір санап ал,
Құпиясы және бар.
«5»алады сондықтан
Қол көтерген балалар.
Оқушыларға санға байланысты ертегі айту.
Ерте кезде алғаш адамдар жазуды, оқуды білмеген. Күндердің күнінде аң аулауға шыққан бір аңшы келе жатса, жолдың шетінде жалғыз таяқша сияқты 1 деген цирф (сан) жатыр екен. Кенет оған тіл бітіп, әлгі аңшыға былай депті: «Эй, адам, мені өзіңмен алып кет те, жерге егіп, суар. Күнде суарсаң, менен көптеген сандар өсіп шығады. Ауласына еккен 1 деген ағаштан суарған сайын көптеген сандар пайда бола беріпті.
Олар 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,10, 100, 1000. Әлгі ағаш сендер сияқты
үлкейген сайын, сандар да көбейе береді.
Содан бері адамдар сандарды оқып, таңбалайтын болыпты:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 107
Өткен сабақты пысықтау
Сұрақ - жауап алу
1. Аптада неше күн бар?
2. Бүгін қай күн?
3. 5+3 өрнегінің мәні.
4. Қосудың компоненті.
5. 6 – 2 айырманың мәнін тап.
6. Азайтудың компоненті.
7.Кесіндіні өлшейтін құрал?
8. 10 санының құрамы?
9.Геометриялық фигураларды ата.
3.Қызығушылықты ояту: Математикалық жұмбақ.
Аулада 5 үйрек,
Қорада 2үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек?
Себеттен 5 алма алғаннан кейін, онда тағы 5 алма қалды.
Себетте қанша алма болды?
Тиін 6 алма, ал кірпі 3 алма теріп алды.
Тиін кірпіге қарағанда неше алма артық жинап алды?
Жаңа сабақ. «Моншақ тізу» ойыны. 1-1-ден санай отырып, 9 моншақ тізіледі.
1.2.3.4.5.6.7.8.9 - натурал сандар.
Тақтамен жұмыс: Кесте толтыру.
Азайғыш
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
Азайтқыш
|
9
|
7
|
5
|
8
|
6
|
4
|
2
|
0
|
3
|
1
|
Айырманың мәні
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№ 2
Гүлшоғында 10 гүл бар.
Олардың 3-еуі қызыл,
ал қалғаныдары - ақ.
Гүлшоғында неше ақ гүл бар?
Сергіті сәті
Аппақ болып таң атып,
Түтін тіке шығатын.
Қарлығаштар қанатын,
Самғап биік үшады
№ 3. Теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр.
№ 4. Теңдіктер жаз.
№5 Салыстыр:
0 + 5 * 5 + 0 10 – 5 * 10 - 3 7 – 5 * 5 + 0
10 – 0 * 10 - 1 9 – 8 * 9 - 9 8 – 8 * 5 – 1
“Гүл тереміз” ойыны
Сабақты қорытындылау
Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда қолыңда
Неше асық қалады
Бір қоянда 2 құлақ бар
Бес қоянның неше құлағы бар?
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызға отырайық.
Сонау-сонау алысқа
Жүзсек деген кемемен
Тылсым сырлар ғарышқа
Ұшсын десең денелер
Жасау үшін бәрің де
Математика-ғылым бұл
Сондықтан да балалар
Сол ғылымның тілін біл!
Үйге тапсырма.
Оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |