«Денсаулығың өз қолыңда» 2021-2022 оқу жылы Тақырыбы: «Денсаулығың өз қолыңда»



Дата28.05.2024
өлшемі21.33 Kb.
#502024
түріСабақ
«Денсаулығың өз қолыңда»


« Бекітемін »
Директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары____________Тапаев А


Сынып сағаты
Сыныбы:5«Д»
Сынып жетекшісі:Мамбетова Айгүл
Тақырыбы: «Денсаулығың өз қолыңда»


2021-2022 оқу жылы
Тақырыбы: «Денсаулығың өз қолыңда»
Сабақтың мақсаты
Білімділік: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру;
Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
Тәрбиелік: денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері түсінік беру, сұрақ жауап
Көрнекілік нақыл сөздер, суреттер, слайдтар, бейнекөрініс

(Оқушыларға бейне-баян көрсету https://youtu.be/by8NcRAsRAE )
Жұмбақ:
Дымқылдап күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-тазаболасың. (Сабын)
Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да. (Сүлгі)
Аузыжоқ, көзіжоқ,
Тіліжоқ, өзіжоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ)
Бізедік, бізедік,
Отыз екі қыз едік.
қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үзілдік. (Тіс)
Мені жалғастыр” ойыны
1. Зиянды заттардан ертең емес бүгін ...
2. Арақ - ...
3. ... – зор байлық.
4. ... саудың – жаны сау.
5. ...- бар байлықтан қымбат.
Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар?
1. Қоршаған орта ластығы.
2. Дұрыс тамақтанбау.
3. Тұқымқуалаушылық.
4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
5. Зиянды заттарды қабылдау.
Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар?
1. Дұрыс тамақтану.
2. Қоршаған орта тазалығы.
3. Дене шынықтыру.
4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
5. Зиянды заттарды қабылдамау.

1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
2.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
3.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?
4. Денсаулыққа не зиян?

Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу
5. Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
Ол әлуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.
6.Біз не үшін тамақтанамыз?
Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз.
Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Сау болыңдар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет