Қазақстан Республикасының Қазынашылық Клиент жүйесімен және Ұлттық Куәландыру Орталығымен пайдаланушылардың өзара іс-қимыл Тәртібіне
1-қосымша
Қазынашылық және мемлекеттік мекемелер арасындағы
электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісім
Келісім жасау орны қала/ауыл (село): _______________________________________________________________________
Келісім жасаған күн: ____________________
Журналдағы жазбаларға сәйкес Келісімге мына нөмір берілді________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________,
(қазынашылық органының атауы)
(бұдан әрі - Қазынашылық) Аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының тұлғасында немесе оның уәкілетті тұлғасында ______________________________________________________________________,
( қазынашылықтың атынан лауазымы, тегі, аты-жөні)
негізде әрекет ететін________________________________________________________________,
(ереже, тағайындау туралы бұйрық)
бір тараптан, және
______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________,
(ұйымның атауы және оның құқықтық - ұйымдастыру нысаны)
«(бұдан әрі-Клиент) мемлекеттік мекеме басшысының атынан_______________________,
(тегі, аты-жөні)
(ереже,тағайындау туралы бұйрық, нөмірі мен күні көрсетілген сенімхат)
негізінде әрекет ететін,
сондай-ақ Жүйені пайдаланушы___________________________,
(лауазымы, тегі, аты-жөні)
негізінде әрекет ететін
(ереже,тағайындау туралы бұйрық, нөмірі мен күні көрсетілген сенімхат)
Жүйені пайдаланушыға орындайтын функционалдық міндеттеріне сәйкес мынадай рөл беріледі: __________________________________________________________
_____________________________________________________________________,
(Регламентке сәйкес рөлдің атауы мен коды)
Екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп “Тараптар” деп аталатын осы Келісім төмендегі туралы жасасты.
1- бөлім. Келісімнің мәні
1. Осы келісім Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан беретін ЭЦҚ кілттерін және сертификаттарын жасау, алу және пайдалану үшін қызмет көрсету негізі болып табылады.
Тараптар «Қазынашылық - Клиент» бағдарламалық өнімін пайдаланған кезде: Қазынашылық – клиент жүйесімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығымен пайдаланушылардың өзара іс-қимыл тәртібіне сәйкес Жүйені пайдаланушының Қазынашылыққа ұсынатын ЭЦҚ қол қойылған электронды құжаттарды қалыптастырған, жіберген және қабылдаған кезде осы Келісімнің шарттарын таниды.
Тараптар, Жүйені пайдаланушының ЭЦҚ қолы қойылған және Қазынашылық алған электронды құжаттың қағаз тасығышта қол қойылған құжатпен бірдей заңды күші бар деп таниды.
2. Тіркеу куәлігін пайдалану облысы (заңды мәні бар болатын электрондық цифрлық қолтаңбамен электрондық құжаттың қатынасын анықтайтын объектілік сәйкестендіру)
1) Қазынашылық – клиент ақпараттық жүйесінде электрондық құжаттарға қол қою;
2) Қазынашылық – клиент ақпараттық жүйесінде тіркеу.
2- бөлім. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Жүйені пайдаланушы:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік заңнамаға сәйкес белгіленген нысанда ресімделген электронды құжаттарды Қазынашылыққа беруге міндетті;
2) электронды құжаттармен алмасу жүргізілетін өз жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті;
3) ЭЦҚ жабық кілтін жеке құпияда сақтауға, оның жоғалуына, ашылуына, бұрмалау және рұқсатсыз пайдалануына жол бермеу үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауға міндетті;
4) Жабық кілтке рұқсатсыз қол жеткізуге күдіктенген немесе өз ЭЦҚ жабық кілтінің бұрмалану жағдайлары туралы Қазынашылыққа бір жұмыс күні ішінде хабарлауға және істiң мән-жайын анықтағанға дейін өзінің жабық кілтін қолданбауға міндетті;
5) Өзінің жабық кілтін жоғалған, ашылған, бұрмаланған жағдайда, сондай-ақ басқа тұлғалар рұқсатсыз пайдаланған жағдайда, тіркеу куәлігін қолдану саясаты мен Қазынашылық – клиент Жүйесін пайдаланушылардың ЭЦҚ сәйкес (бұдан әрі – ҰКО ТКҚС) тез арада ҰКО-ға ашық кілтін кері қайтарып алу туралы өтінішпен хабарласуға міндетті;
6) ЭЦҚ рұқсатсыз пайдалануына жол бермеу үшін өздерінің кілттері компрометация болған немесе тіркеу куәліктерін кері қайтарып алған жағдайда, Клиент Қазынашылыққа ресми түрде хабардар етуге міндетті;
7) осы келісімнің №1.1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанда берілген Сенімхат негізінде, бір ұйымның ішінде және Клиенттің ішкі бұйрығына сәйкес тиісті құжаттарға қол қоюға құқығы бар сенімді тұлғаға ЭЦҚ беруге құқығы бар;
8) берілген сәйкестендіру деректеріне, ЭЦҚ сақталуына және ЭЦҚ сенімді және бөгде тұлғаларға беруге толық жауап береді;
9) жұмыстан босатылған немесе тиісті құжаттарға қол қоюға құқығы бар лауазымды міндеттерінен алып тастаған жағдайда, ҰКО ТКҚС сәйкес белгіленген нысанда жазбаша өтінім беруге міндетті;
10) тиісті тіркеу куәлігін кері қайтарып алғаннан кейін немесе Жүйені пайдаланушының тіркеу куәлігін қолдану мерзімі өткеннен кейін жабық кілтін жоюға міндетті. Жою актісі жасалуы тиіс;
11) ҰКО тіркеу куәлігінің екі жабық кілтін алуға құқығы бар (2004 – 34. 310 МЕМСТ ЭЦҚ қою үшін; RSA түпнұсқаландыру үшін). Пайдаланушының тіркеу куәлігінің мерзімі өткеннен кейін немесе оны кері қайтарып алғаннан кейін Жүйені пайдаланушы сол пайдаланушыға тіркеу куәлігін қайтадан алуға құқығы бар. Сонымен қатар, Жүйені пайдаланушы ЭЦҚ және RSA кілтін жазу үшін сыртқы ақпараттық тасығышта беруі тиіс;
12) Сенімхат бойынша жабық кілтті осы ұйымның қызметкерлеріне ғана беруге құқығы бар;
13) Сенімхат бойынша сенімді тұлғаға берілген жеке жабық кілтін Сенімхат мерзіміне пайдалануға құқығы жоқ.
4) «Қазынашылық» міндетті:
1) ЭЦҚ қол қойылған және белгіленген нысанда ресімделген мемлекеттік мекемелерден келіп түскен электронды құжаттарды қабылдауға және өңдеуге;
2) ЭЦҚ кілттерін пайдалану және/немесе электронды құжат айналымы тәртібіне байланысты барлық өзгерістер туралы мемлекеттік мекемелерді хабардар етуге міндетті.
2-бөлім. Тараптардың жауапкершілігі
5. Осы Келісім бойынша міндеттемені орындамау немесе орындауға жатпағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
6. ЭЦҚ рұқсатсыз пайдаланған жағдайда кілттің иесі (Жүйені пайдаланушы) жауапқа тартылады.
7. Басқа тұлғаның ЭЦҚ заңсыз пайдаланған, жабық кілтті заңсыз алған және (немесе) лауазымдық өкілеттігі жоқ басқа тұлғаның ЭЦҚ қойған және ЭЦҚ жабық кілтін заңсыз жасаған тұлғалар ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық, азаматтық - құқықтық және әкімшілік жауапқа тартылады.
8. Егер Жүйені пайдаланушы ЭЦҚ пайдалану туралы Сенімхат бойынша ЭЦҚ ашық кілтін ұсынған жағдайда, ЭЦҚ ашық кілтін алушы сақтау шартының орындалуына және ашық кілттің пайдалануына жауап береді.
4-бөлім. Ерекше шарттар
9. Тараптар осы Келісімнің шарттарын орындау процесінде даулар және жанжалды жағдайлар туындаған жағдайда, соттан тыс тәртіпте оларды реттеу үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндеттенеді.
10. Тараптар өзара келісімге келмеген кезде даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот арқылы шешіледі.
5-бөлім. Келісімнің әрекет ету мерзімі
11. Осы келісім тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және Келісім бұзылғанға дейін әрекет етеді.
12. Келісімді бұзу немесе қайта тіркеу негізі Жүйені пайдаланушының тіркеу деректерін өзгерту, оны жұмыстан босату, лауазымдық міндеттерін өзгерту, сондай-ақ Клиенттің заңды тұлға ретінде қайта құрылуы немесе жойылуы болып табылады.
6- бөлім. Тараптардың деректемелері
(Келісімге қол қою үшін Қазынашылықтың уәкілеттігі Т.А.Ж., лауазымы)
________________________ қолы
М.О.
|
(Жүйені пайдаланушы Т.А. Ж,. паспорттың/куәліктің сериясы және нөмірі, кім және қашан берді,СТН)
________________________ қолы
(ММ Басшысының Т.А.Ж.)
________________________ қолы
М.О.
|
Келісім жасалатын күні _______________
Келісімге
№ 1.1.-қосымша
СЕНІМХАТ
_______________ қ.
(елді мекеннің атауы)
200__ж. “_____”____________
ММ атауы және оның СТН: _________________________________________________,
Тіркеу туралы куәлік № ______________ «___» _______________ ______ қ., ММ Басшысының тұлғасында берілді _______________________________,
______________________________________________________,
(Тегі, аты - жөні)
Негізде әрекет ететін
____________________________________________________________________________,
(ереже, тағайындау туралы бұйрық)
Осы сенімхатпен уәкілеттік береді ____________________________________________________________________________
( Сенімді тұлғаның Т.А. Ж,. паспорттың/куәліктің сериясы және нөмірі, кім және қашан берді,СТН)
тұлға атынан жүзеге асыру _________________________________________________________
(Сенім берушінің Тегі,аты - жөні, лауазымы)
мынадай іс-қимылдар:
Сенімді тұлға атынан, Өкіл ЭЦҚ пайдалану және жоғарыда аталған ММ электрондық құжаттарына қол қою құқығына ие болады.
Сенімхат 200 ж ___ бастап ___ мерзімге берілді (қоса алғанда). Басқа біреуге сенім білдіру құқығы жоқ.
ММ Басшысының қолы (Т.А.Ж)____________________________________________
МО
Қолы___________________________ Қолы________________________
(Сенім берушінің) (Сенімді тұлғаның)
(Т.А.Ж) ___________________________ (Т.А.Ж) ________________________
Күні «______»__________ 200__ж Күні «______» __________ 200__ж.
Пайдаланушылардың Қазынашылық-клиент жүйесімен өзара іс-қимыл тәртібінің
1-қосымшасы
Достарыңызбен бөлісу: |