Қазіргі қазақстан тарих және жбб қафедрасы



Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451204
Өзіндік бағалау
ашық тәрбие сағаты, ашық тәрбие сағаты, ашық тәрбие сағаты, ашық тәрбие сағаты, kktwig-blshyetter-men-syekter

Семей мемлекеттік медицина медицина университеті

Қазіргі қазақстан тарих және ЖББ қафедрасы

СӨЖ

Пәні:Психология негіздері

Тақырыбы:Өзіндік бағалау. Өзіндік бағалаудың қалыптасуына әсер етуші факторлар.

Тексерген: Жакупбекова Э.А

Орындаған:Слямканов Ш

Семей2016

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Өзіндік бағалау

    Өзіндік жағымды бағалау

    Өзіндік бағалауды ерекшелігі

  • Қортынды
  • Пайдаланылған әдебиеті

Адамның өзіндік бағалауын эмпатияға деген қабілеттілікті анықтау әдістемесі толығымен көрсетіп береді. Оны қолданудың нәтижелері, сонымен қатар, нақты тұлғааралық қатынастардағы адамның өзінің туыстық мәнін меңгеруінің индивидуалды-ерекше мүмкіндіктері жоспарындағы оның әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары үшін де маңызды болып табылады.

Эмпатияның (бірлесіп қайғыру ретінде) басқа адамдардың жүріс-тұрысына эмоциялық, тікелей реакцияларды білдіретіндігі, олардың әрекеттеріне еліктеуге дейін болатындығы, оның анықтамасы бойынша белгілі. Эмпатияның негізінде адам өзін тез таниды және өзіне ұқсайтындардың күйлерін түсініп және оларды алдын-ала біле отырып, олардың қайғысына ортақтасуға қабілетті бола бастайды. Дамыған эмпатиялық қабілеттіліктер адекватты өмірлік тәжірибе туралы және агрессивтіліктің, фрустрациялылықтың және ригидтіліктің құбылыстарына қатысты өзіндік бақылаудың мүмкіндігі туралы мәліметтер береді

Тұлғаның өзіндік бағалауы мен өзіне сенімділігі сияқты қасиеттерінің арасында белгілі бір тәуелділік бар. Кеңес ғалымы Е.А. Серебрякова  атап көрсеткендей, өзіне деген сенімділіктің немесе сенімсіздіктің және өзіндік сенімнің көрінуі өзіндік бағалаудың сипаты болып табылады [1]. Осы орайда, ол тұлғаның өзі туралы жағымды пікіріне тәуелді болып келеді. Өзіндік бағалауда тұлғаның өзіне, өз мүмкіндігі мен әлеуетіне деген көзқарасы көрініс береді

. Өзіне сенім арқылы тұлға өз күші мен мүмкіндіктерін дұрыс бағалайды. Бұл жағдайда тұлғаның әрекеті әлеуметтік орта талаптарына сәйкес болады. Сенімсіздік қасиеті тұлғаның өз мүмкіндіктері мен әлеуетін жеткілікті бағаламауы болса, ал, өзіндік сенім асыра бағалау болып табылады.

Сондықтан да, тұлғаның өзіндік бағалауынан тұлғааралық қарым-қатынас сипаты, басқа адамдарға қатынасы, іс-әрекет жетістігі, тұлғаның жан-жақты дамуы тәуелді болып келеді. Тұлғаның өзін дұрыс бағалауы оған рухани қанағаттануды қамтамасыз етеді.

Психологиялық әдебиеттерде өзіндік бағалау бірнеше сипатта түсіндіріледі. Солардың ішінде ерекше атап өтетініміз өзіндік бағалаудың адекваттылық мәселесі болып табылады. Бұл тұжырымда тұлғаның өзіндік бағалауы «өзі туралы ой» ұғымына сәйкес анықталады [2]. Ал, кейбір зерттеулерде болса, тұлғаның өзіндік бағалауы өзіне жалпы қатынасы ретінде тұжырымдалады [3]. Бұл еңбектердегі осындай біртекті емес бағыт тұлғаның өзіндік бағалауы әрі өзі туралы ойы мен әрі өзіне қатынасы сипатына байланысты туындап отыр.

Қазақстандық ғалымдар С.Қ. Бердібаеваның, Н.С. Жұбаназарованың және А.Ж. Аяғанованың ғылыми зерттеулерінде тұлғаның өзіндік бағалауы өзі туралы ойы деген тұжырым жасалды [4]. Аталмыш ғалымдардың зерттеулерінде өзіндік бағалау мен интеллекттік дамудың өзара байланысы анықталып, оның этнопсихологиялық табиғаты негізделді. Өйткені, тұлғаның өзі туралы ойы негізінде өзіне және  әлеуметтік ортаға қатынасы  қалыптасады.

ОРТА-адамның дамуына табиғи жане әлеуметтік орта жағдай жасайды.

Адамдардың қоршаған ортадағы қубылыстарды тусініп қабылдауы әр адамның жеке басына тән физологиялық, писихологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне тән.

Біз өзін-өзі танытуды тұлғаның өзін-өзі дамытуының ажырамас атрибуты ретінде қарастырамыз. Тұлғаның өзін-өзі таныту мәселесін зерттеуге қатысты әдіснамалық принциптер мен тұрғыларды, ұғымдық схеманы құру, яғни берілген ұғымның анықтамасы мен негізгі критерийлерін анықтау, тұлғаның өзін-өзі танытуының механизмдері мен деңгейлерін, сәйкес детерминанттар мен кедергілерді, өзін-өзі таныту жолында тұлға пайдаланатын стратегияларды айқындау тұлғаның өзін-өзі таныту психологиясының тұжырымдамалық-теориялық негіздерін қалауға мүмкіндік тудырады.

Тұлғаның қалыптасуы әлеуметтік құндылықтармен байланысты болып келеді және «Мен» бейнесінің кез келген элементтері тікелей этномәдени қоршаған ортаның, тұлға дамып отырған этностық кеңістіктің әсерімен қалыптасады. Тұлға құрылымындағы этностық құрамдас бөлікті елеп-ескермеу этностық дәстүрлердің, құндылықтардың тегістелуіне себепкер болады, бұл адамның мәнін түсінуді қарапайым ете түседі.

Психологияда мазмұны бойынша өзін-өзі таныту ұғымына жақын бірнеше термин қолданылады, олар өзін-өзі таныту ұғымын толықтырып, оның мәнісін түсінуге көмектеседі. Кей кездері таныту мағынасы бойынша жақын осы ұғымдардің көмегімен түсіндіріледі. Олардың арасынан «өзін-өзі жүзеге асыру», «трансценденция», «өзін-өзі бекіту», «өзін-өзі көрсету», «өзін-өзі жетілдіру» секілділерін бөліп көрсетуге болады.



Л.А. Коростылёва, осы ұғымдардің бірлігін баса көрсете отырып, танытуды (өзін-өзі жүзеге асыруды) өзін-өзі жетілдіру арқылы анықтайды. Ол былай деп жазады: «өзін-өзі жүзеге асыру – бұл бір өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, яғни тұлғаның … өз мүмкіндіктерінің үнемі өсуіне, осының негізінде жоғары жалпы адамзаттық құндылықтар жатқан өз іс-әрекетінің сапасын арттыруға бағытталған ең жоғарғы қажеттіліктерінің бірі ».

Қорытынды

Адам өзін тану үшін әрине

Өзінің санасымен қызығушылықпен тәрбиесімен қабылдау арқылы өзін тани біледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет