Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар



Дата01.03.2024
өлшемі72.96 Kb.
#493464
stud.kz-34414

Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар

Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар

  • Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім - ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы . Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанына биыл 32 жыл толып отыр . Осы уақыт ішінде елімізде оң өзгерістер , табыстар мен көптеген ғылыми жаңалықтар өмірге келді . Жаңа ғасырдың жаңаша ойлайтын білімді де білікті жастарының арқасында жаңа технологиялар өндіріске енгізіліп , қай салада болмасын әлемдік озық тәжірибе өмірімізге еніп келеді .

Білім беру мен ғылымды дамыту мәселелерін Елбасы әрдайым өзінің басты назарында ұстайды . Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде . Ал күн сайын өзгеріп отырған технология , нанотехнология , молекулярлық биология , космосты игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін біздің мамандарға үлкен ізденіс керек . Педагогикадағы жаңалықтарды жасаушыларды ерекше атап өту қажет . Себебі, инновациялық дамудың негізгі түсініктерін ашу жаңалықтарды іске асырушы адамдарсыз мәнсіз болып табылады .

  • Білім беру мен ғылымды дамыту мәселелерін Елбасы әрдайым өзінің басты назарында ұстайды . Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде . Ал күн сайын өзгеріп отырған технология , нанотехнология , молекулярлық биология , космосты игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін біздің мамандарға үлкен ізденіс керек . Педагогикадағы жаңалықтарды жасаушыларды ерекше атап өту қажет . Себебі, инновациялық дамудың негізгі түсініктерін ашу жаңалықтарды іске асырушы адамдарсыз мәнсіз болып табылады .
  • Педагог - новатор нақты жаңалықты жүзеге асырушы, сонымен бірге жаңалыкты жасаушы немесе үлгісін керсетуші , Инновациялық педагогикалық іс - әрекет белгілі оқытудың тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама - қайшы , ол белгілі межеден шығып , жеке шығармашыл өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады .
  • Педагогикалық жаңалық- жаңа идеялар , әдістер , технологиялар ғана емес , педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.

Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары (А.А.Вербицкий бойынша)

  • Бірінші тенденция – білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғары оқу орны; ЖОО мен студенттердің болашақ өндірістік қызметі);
  • Екінші тенденция – «оқытуды индустрияландыру», яғни қазіргі заманғы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік беретін оқытуды компьютерлендіру және оны технологияландыру.
  • Үшінші тенденция - басым мәлеметтік формалардан проблемалық элементтер, ғылыми ізденістер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен қолданулары қамтылған оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу.
  • Төртінші тенденция – оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру мен алгоритмделген әдістерден осы процесті дамытушы, белсендіруші, жылдамдатушы, ойын және т.б. әдістеріне ауысудың психологиялық-дидактикалық шарттарын қарастыру.
  • Бесінші және алтыншы тенденция - оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде басты назар «оқытушының оқыту әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады».


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет