Қазіргі кездегі гендерлік психология мәселелері және олардың перспективалары



бет1/2
Дата03.01.2024
өлшемі29.04 Kb.
#488423
  1   2
thesis138694

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ГЕНДЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ




Исақожа Б.Ж.
Садықова Н.М.жетекшілігімен
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы e-mail: balgyni@gmail.com

Гендерлік психология – заманауи, қарқынды дамып келе жатқан ғылым саласы. Гендерлік зерттеулер психология ғылымындағы басқа салаларға қарағанда, мысалы – әлеуметтану, педагогика, және т.б. төмен қарқында дамуда. Қазіргі таңда көптеген елдердея, соның ішінде Қазақстанда, гендерлік зерттеулер, конференциялар және көптеген ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Батыс елдерінде гендерлік психология ХХ ғасырдың екінші жартысында қарқынды дами бастады. Батыс елдерінде, біздің елге қарағанда, әйел және гендер мәселелеріне байланысты зерттеулер көптен бері өткізілуде.


Гендер және әйел мәселелерін зерттеуді институттандыру батыс елдерінде 1970 жылдардан жүргізіле басталды. Зерттеулер әйелдерқозғалысының екінші толқынының когнитивтік тәжірибесі ретінде дамыды. Нәтижесінде гендерлік мәселеге байланысты негізігі үш зерттеу бағыты қалыптасты:

  1. Жыныстық-рөлдік бағыт (Sex-role theory);

  2. Түбегейлі феминитсттік көзқарастың бейнесі ретінде әйелдерді зерттеу (women studies);

  3. Гендерлік зерттеулер ғылыми бағыт ретінде, феминисттік қозғалыстар және әлеуметтікконструктивті бағыттардың дамуына байланысты институттандыру [7, с. 21].

Әйелдер қозғалысы жыныс мәселелерін және әйелдермен еркектер қарым-қатынасын психологиялық зерттеуде үлкен әсер етті. Сол себепті батыс психологиясында гендерлік зерттеулер атап өтілген бағыттар бойынша және жалпы гендерлік мәселелердің ғылыми зерттеулердегі даму тенденциясына байланысты қалыптасты.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында батыс және Ресей ғалымдарының зерттеулерінде (атап айтқанда, П.Ф. Каптерев, О. Вейнингер, Г. Гейманс) психологияда әйел зерттеуші және зерттеу объектісі ретінде болмағандығын көрсетті, бұл жағдай гендерлік психологиялық зерттеулердің жүргізілуін қиындаттты [3, с. 127]. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптасқан жағдайлар өзгере бастады: алғашқы психолог-әйелдердің есімі пайда болды, ал зерттуелерде жыныстар арасындағы іргелі психологиялық айырмашылықтар және әйелдердің кемшілігі жайлы жалған пікірлер жоққа шығарылды. Басқа да танымал ғалымдардың (М. Мид, Э. Эриксон, А. Адлер, К. Хорни) жұмыстарында әйелдер мен еркектердің психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуында әлеуметтікмәдени факторлардың маңыздылығын атап көрсетеді. М. Мидтің антропологиялық зерттеулері жыныстық-рөлдік ерекшеліктері әр-түрлі мәдениетте айтарлықтай өзгеруі мүмкін. А. Адлер басқа жынысқа құрметпен қарауды баланың ерте жасынан тәрбиелеу қажеттігін атап көрсетті [1,114].
Ресей психологиясында Л.С. Выготскийдің 1920-1930 жылдары жарық көрген «мәдени-тарихи» концепциясын атап өту қажет. Л.С Выготский: «Жоғары психикалық функциялардың даму фактілеріне біржақты және қате дәстүрлі көзқарастартар, ең алдымен бұл фактілердітарихи даму фактісі ретінде қарастыра алмауда, табиғи және мәдени, жаратылыс және тарих, биологиялық және әлеуметтік фактілердің баланың психикалық дамуында шатастыру және ажырата алмау, яғни зерттеліп отырған құбылыстың табиғи ұстанымдарын қате түсінуде» деп атап өтті [2, 513]. Осы себепті, тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік-мәдени шарттардың маңыздылығы туралы пікірлер, гендер ұғымынан бұрын пайда болған.
Алғашқы уақытта «гендер» термині, адамның биологиялық жынысы мен өзін қабылдауы, мінез құлқы бір-біріне сәйкес келмейтін жағдайларды сипатттауға қолданылған. Кейінірек «гендер» термині әлеуметтену нәтижесінде пайда болған, әйелдер мен еркектердің жынысытқ-рөлдік ерекшеліктерін сипаттауға қолданыла бастады. «Гендер» терминін ғылымға 1955 жылы американдық ғалым Джон Мани, «жыныс» терминіне балама ретінде енгізді. Джон Мани жыныс және гендер ұғымдарын өзара байланысты бүтін бір жүйе бөлшектері ретінде қарастырды. Джон Мани табиғат пен тәрбиені қарапайым қарама-қайшылық ретінде қарастырмады. Ол гендерлік сәйкестік қалыптастыруда табиғат та, тәрбие де маңызды рөл атқарады деп анықтады: «Әр даму деңгейінде ештеңе таза табиғи немесе таза тәрбие болып табылмайды, олардың арасында әрдайым байланыс болады»[8,60].
1968 жылы Роберт Столлер жаңа тұжырымдамасын ұсынды, бұл тұжырымдамаға сәйкес гендер және жыныс ұғымдары арасында өзара белгілі бір байланыс болса да, бірақ көбінесе бір-бірінен тәуелсіз ұғымдар. Сол себепті жыныс- биологияда, ал гендер – психологияда зерттелуі тиіс. Д. Мани и Р. Столлер тұжырымдарында бірнеше түбегейлі өзгешелктер болды. Біріншіден, Р.Столлер «гендерлік сәйкестілік» және «гендерлік рөл» ұғымдарын бөлді, ал Д. Мани бұл ұғымдарды бір жақты қарастырды. Екіншіден, Мани «жыныс» және «гендер» ұғымдарын бір жүйе ретінде қарастырса, ал Р. Столлер оларды екі бөлек ұғым ретінде қабылдады. Р. Столлер ұсынған жаңа гендерлік тұжырым гендерлік психологияның дамуына үлкен әсер етті. «Жыныс» және «гендер» ұғымдарын бөліп қарастыру гендерлік психологияның дамуына жаңа бағыт берді.
«Гендер» ұғымын анықтайтын әдістерді талдау,терминді түсіндірудің негізгі үш бағытын анықтайды:

  • Гендер биодетерминацияланған категория ретінде;

  • Гендер әлеуметтік-биологиялық категория ретінде; - Гендер әлеуметтік-мәдени категория ретінде.

Бірінші бағыт гендер ұғымын белгілі бір дәрежеде биологиялық сипатта алдын-ала анықталған категория ретінде қарастырады. Д. Мани – адамдар санасында белгілі бір дайын үлгілермен туылады және олар феминділікке және маскулинділікке бағдарламаланған деп есептеген. Белгілі біргендерге ие болу постнатальді кезеңде алғашқы 18 айда жүзеге асады және қайтымсыз процесс [9,69-70].
Екінші бағыт гендер әлеуметтік-биологиялық категория ретінде, биологиялық факторларды әлеуметтік-мәдени айырмашылықтар қалыптасатын тірек ретінде қарастырады. Р. Столлер жыныс және гендер ұғымын бөліп көрсеткенімен, гендердің қалыптасуына биология әсер етеді деп санады. Р. Столлер өз тұжырымында «ядерлік гендерлік сәйкестілік» (core gender identity) ұғымын атап өтті, бұл ұғым адамның белгілі бір жынысқа өзін сәйкестендіруде ішкі біліктілігін көрсетті, және биологиялық салдарға қарағанда әлеумеетік салдар басым болды.
Д. Майерс гендер ұғымын тұлғаның негізгі сипаттамасының бірі ретінде қарастыруды ұсынады, «адамның психологиялық және әлеуметтік дамуын қамтамассыз етуші, және биологиялық жынысымен, гендерлік стереотиптермен, гендерлік нормалармен және гендерлік сйкестілікпен анықталатын» - сипаттама [6,228].
Ш. Берн келесідей анықтама береді: « Психологияда гендер – әлеуметтік-биологиялық сипаттама, және ол арқылы адамдар «еркек» және «әйел» ұғымдарына анықтама береді. Жыныс биологияялық категория болғандықтан, әлеуметтік психологтар жиі гендерлік ерекшелік ретінде, биологиялық жыныс ретіндегі негіздемелерге сілтеме жасайды» [2, 21].
И.С. Кон жынысты гендерден толығымен бөлек қарастыру орынсыз деп атап көрсетті [5,33]. Осылайша, әлеуметтік-биологиялық категория ретінде қарастырылып отырған гендер ұғымы «жыныс» ұғымын алып тастау немесе ауыстыруды ұсынбайды. Жыныс және гендер ұғымдары, осы категорияға сәйкес, бір-бірін толықтырушы категориялар ретінде қарастырылады, биологиялық факторлар гендердің қалыптасуына әсер етеді, әсер ету деңгейі және оның байқалуы әр-түрлі деңгейде анықталады.
Үшінші бағытқа сәйкес гендер әлеуметтік-мәдени категория ретінде - биологияға қатысы жоқ, қоғаммен қалыптастырылатын ұғым ретінде қарастырылады. Гендерге бұндай түсініктеме беруде постмодернисттік философия негіз болды.
Р. Ангер «жыныс» терминін адамның биологиялық аспектілерін сипаттауға, ал «гендер» терминін әлеуметтік, мәдени және психологиялыұ аспектілерін сипаттауға ұсынды. Әлеуметтік, мәдени, психологиялық аспектілер қоғамәйелдер мен еркектерге тән деп қабылдаған нормаларды, стереотиптерді, қасиеттерді қалыптастырады[2,42].
Д.В. Воронцов гендер ұғымын « адам сексуалдылығының әлеуметтік-психологиялық аспектісі: тұлға және мінез-құлық ерекшелігі, ол адамның әлеуметтік деңгейі мен белгілі бір жынысқа тән адамдармен әлеуметтік өзара әрекеттесу мағынасымен анықталады, яғни биологиялық факторлармен емес» деп анықтама берді [4,23]. «Гендер» ұғымы адамдардың бір-бірін әйел және еркек ретінде қабылдауы, әйел және еркек арасындағы әлеуметтік әрекеттесу ережелері, әйел немесе еркек ретінде өзін әлеуметтік таныту - сияқты әлеуметтік-психологиялық феномендер қарастырады.
Гендер теориясы біртекті емес және негізгі «гендер» ұғымын анықтаудан көрініс табады. Гендерлік зерттеулер пәнаралық болып табылады. Гендер ұғымы көптеген салаларда қолданылады: психология, тарих, антропология, әлеуметттану, философия және т.б. Әр салада гендер ұғымын қолдануда өзіндік ерекшеліктері тән. Психология басқа ғылым салаларына қарағанда ерекшеленеді, себебі зерттеу пәні жаратылыстану және гуманитарлық ғылым салаларының ортасында орналасқандықтан. Осы себепті де гендерді анықтауда қолданылатын әлеуметтік-мәдени бағыт, басқа әлеуметтік ғылым салаларына келсе психологияда гендер ұғымын толықтай сипаттай алмайды. Келешекте гендерлік психолгияның дамуына интегративтік тәсілдерді, әр-түрлі тұжырымдардың өзара әрекеттестігін және жыныстықгендерлік зерттеулерде жалпы жүйелі зерттеу тәсілдерін қолдануды қажет етеді. Жүйелілік әдісі гендерлік психологияда негзігі әдіс ретінде қолданылуы мүмкін.
ХХ ғасырдағы жыныстық-гендерлік мәселенің дамыуна және ғылыми тұжырымдарға қысқаша шолу, бұл мәселенің дамуы биологиялық детерменизмнен әлеуметтік конструктивизмге дейінгі бағыт бойынша дамыды. Егер ХХ ғасырдың басында жыныс өзгермейтін, әйел мен еркек арасындағы психологиялық және әлеуметтік өзгешелікті анықтаушы категория ретінде қарастырылса, онда ХХ ғасырдың соңында жыныс және гендер қалыптасушы категория ретінде қарастырылады. Бұл өзгерістерге ғаламдық әлеуметтік-тарихи өзгерістер, ғылыми жетістіктер себеп болды, бұл өзгерістер дәстүрлі әйел және еркек бейнесінің және жыныстық-рөлдік қарым-қатынастың трансформациясына алып келді. Биологиялық жыныс түсінігі ХХ ғасыр барысында үлкен өзгерістерге ұшырда. Қазіргі таңда биологиялық жыныстың бірнеше деңгейі бар: генетикалық, хромосомалық және т.б. Э. ФаустоСтерлинг пікірі бойынша, әйел мен еркек – түрлі вариацияларды қоса алғандағы, биологиялық үздіксіздіктің шеткі нүктелері. Осыған сәйкес, екі жыныс емес, бес немесе одан да көп жыныс түрлері бар [8, 31-32].
Гендер ұғымы бір мағыналы емес тұжырым, әйелдер мен еркектердің мінез-құлық және сыртқы бейнесін белгілі бір қоғамға сәйкес басым нормаларды анықтаушы әлеуметтік-мәдени аспектілерді қарастырады. Н.И. Абубикирова, гендер – тек қана ұғым емес, бұл «стратегиялық-концепция» - түрлі ұғымдар кешені, осыған сәйкес гендер ұғымына толық және бір жақты анықтама беру қиын және бұл жағдай гендер ұғымының ерекшелігі болып табылады.
Қазіргі таңда гендерлік психология бірнеше іргелі мәселелерді шешуді қажет етеді. Соның ішінде маңызыдыларының бірі –гендер ұғымын анықтау, биологиялық және әлеуметтік гендерлік теориялардың ара қатынасы. Мәселелерді шешуде интегративті әдісті қолдану, гендерлік психологияның дамуында жаңа мүмкіндіктерді ашуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет