www.РЕФЕРАТ.kz Қазақша рефераттар сайты
Антикалық кезеңдегі тәрбие және мектеп
1. Құл иеленушілік құрылыс–құлдық қанауға негізделген тарихтағы тұңғыш таптық-қоғамдық экономикалық формация. Құлдық қоғамдық құрылыс алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде пайда болды. Ертедегі құл иеленуші мемлекет б.з.д І ғасырда қалыптасты. Құлдық қоғам (Месопатамия), Египет, Жер орта теңізі елдерінде және Азияның бірсыпыра елдерінде б.з. 3-5 ғасырларына дейін үстемдік етті.
Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия мемлекетінің мәдениеті жетік дамыған болды. Осы мемлекеттерде бірінші оқу орыны – «тақта үйлері» (эддуба) пайда болды. Мұнда бір оқытушы болды, тақта-үлгі даярлайтын, мектеп ісін жүргізетін бір өзі еді. Оқушылар тақталардағы мәліметті жаттайтын, көшіретін, күйдірілмеген тақтаны оқытушы тексеретін, кейде оқушы диктант жазатын. Кейін эддубалар мәдениет пен оқу ошағына айналды. Кітапхана мен кітап қорлары пайда болды.
Көне Египетте: от басыда ұл мен ќыз бірдей тәрбие алды. Астрономия, арифметика, геометрия, медицина ѓылымдарыныњ негіздері дамыды.
Көне Египеттегі тәрбие және білім жүйесі: Көне Египеттегі тәрбие және білім жүйесі: оќыту мен тәрбие отбасында жүргізіледі. Ұл мен қыз тәрбиесі бірдей жүргізілді. Ер мен әйел тең құқылы болды. Тәрбие идеалында көп сөйлемейтін, тағдыр ісіне шыдамды адам алынды. Оқушы міндеті: тыңдай білуге үйрену. Емшілер мектебі ашылды: патша мектебінде – ақсүйектердің балалары патша балаларымен бірге оқытылды. Басқа елдердің тілдеріне үйретілді, көне мәтінді аудару ісімен айналысты. (Кесте 1.)
Кесте 1. Көне Египеттегі тәрбие ісі мен мектеп жүйесі
Тәрбие сипаты
|
Мектеп типтері
|
Тәрбие мен оқыту мазмұны
|
Діни, идеалы–аз сөйлейтін, төзімді адам
|
От басы тәрбиесі
|
Жазу, оқу, кәсіптік негізге үйрету
|
Сәуегей мектебі (сарай маңы)
|
Оқу, жазу (700 иероглиф), діни мәтін құ-растыру, астрономия, геометрия, медицина
|
Жазушылар мектебі
|
Жеңілдетілген түрде жазуға үйрету, саусақты санау, діни мәтіндерді көшіру
|
Ќызметшілер мектебі
|
Мемлекет басқару, шаруашылық, жер басқару ғылымдары
|
Емдеушілер мектебі
|
Диагноз қойып, емдеу
|
Патшалар мектебі
|
Басқа ұлт тілін оқып үйрену, көне діни мәтіндерді аудару
|
Б.д.д. УІ ғасырда Көне Қытайда: философиялық мектептер, даосизм, буддизм, конфуцизм дамыды. Төменгі және жоғарғы мектептерде: ерікті және ауқатты отбасы балалары оқыды. Алты өнерге үйретілді–мораль, жазу, есеп, музыка, садақ ату, ат үстінде жүру, қарапайым иероглифтерді жазып үйрену. (Кесте 2.)
Кесте 2. Көне Қытайдағы мектеп ісі мен тәрбие
Тәрбие сипаты
|
Мектеп типтері
|
Тәрбие мен оқыту мазмұны
|
Діни, идеалы–жан-жақты дамыѓан Адам
|
Төменгі мектеп (ауқатты, еркін от басылар бал. Арналған мектеп)
|
Алты өнерге баулу: мораль, санау, музыка, жеңілдетілген жазу, садақтан ату, атпен жүру
|
Жоғары мектеп (үстем тап өкілдерінің балаларына арналған мектеп)
|
Оқу, иероглиф жазу, санау, философия, діни мораль, астрономия, әдебиет
|
Конфуций (б.д.д. 551-479 ж.) 22 жасында өз мектебін ашқан. Мектебінде төрт пәнді оқытты: мораль, тіл, саясат, әдебиет. Оқыту әдісі: үлгі алу, оқытушы мен оқушы арасындағы диалог, салыстыру, қарама-қарсы қою, классификациялау, әңгімелеу мен топшылау. Конфуций ілімінің негізінде–адамды мемлекетті басқаруға даярлау. Оның адамгершілік және ойлау жүйесін қалыптастыру.
Көне Индияда касталар қоғамы болды. 4 каста болды: жоғарғы каста- брахман, кшатрий (әскерилер), вайшья (қол өнершілер, саудагер мен жер иеленушілер), төменгі касташудра (жалдамалы жұмыскерлер, жұмысшылар, құлдар). Б.д.д. 3-2 мыңжылдықта мектепте білім беру пайда бола бастады. Тәрбие мен оқыту от басылық және сословиелік дәреже сипатында болды. әр кастағаға өзіндік тәрбие мен оқыту жүйесі пайдаланылды. (Кесте 3)
Кесте 3. Көне Индиядаѓы тәрбие ісі мен мектеп сипаты
Тәрбие сипаты
|
Мектеп типтері
|
Тәрбие мен оқыту мазмұны
|
Діни-касталық, мақсаты - идеалды Адам
|
Ќауымдастыќ мектеп (8 жыл)
|
Жазу, оқу, дін. Ведаларды қайта айтып беру.
|
Храм жанындағы мектеп (12 жыл)
|
Поэзия, әдебиет, грамматика, философия, математика, астрономия, тәртіп ережелері
|
От басылық мектеп
|
Оқуға үйрету: алфавиттік дыбыстық, сөзді-дыбыстық. Жеңілдетілген түрде жазуға үйрету, саусақты санау, діни мәтіндерді көшіру
|
Спарта мемлекетінде егін шаруашылығы басым болды. Мұнда құлдық қоғам үстемдщік етті. Сондықтан, құлдардың көтерілісін басып отыру үшін–әскери бағындыру тәрбиесі құрылды. 7 жасқа дейін ұлдар үйде тәрбиеленді, 7-18 жасқа дейін «агеллаларда» (интернатта) педаном тәрбиесінде болды. Оларды Геруссия (ақсақалдар) мәжілісі тағайындады. 18-20 жаста эдебов топтарына кіріп, әскери қызметке үйретілді.
Афинада мемлекет тұтқасын плутократийлер ұстап тұрды. Афина мектебінде грек философиясы дамыды. Мұнда (калегатияда) дене тәрбиесі мен адамгершілік рухында тәрбиелеу идеясы бастау алды. Балалар 7 жасқа дейін үйде тәрбиеленді. 7-14 жасқа грамматистер (оқу, жазу, санау) және кифаристер (эстетика, музыка, өлең, дикламация) мектебінде тәрбиеленді. Сабаќты «дидаскалар»-мұғалімдер жүргізді.
Сократ (б.з.д. 399-469 ж. өмір сүрген)–идеалист философ. Тәрбиеніњ маќсаты–адамныњ өзін-өзі тануында деп көрсетті. Ењ жоѓарѓы игілік-білім, аќыл деді. Ақиқатқа жету үшін–сұрау, жауап алу, әњгілемелеу әдісін ұсынды (эвристикалыќ әдіс). Аристотель Сократты индукцияныњ (даралап талдап түсіндіру) атасы дейді.
Платон (б.з.д. 347-427 ж. өмір сүрген)–идеалист философ. Тіршілік негізін идеядан, рухтан, құдайдан іздеді. Дүние құбылысын екіге–аќиќат дүние және идея деп бөлді. Қоршаған орта құбылысы–идеяныњ сәулесі. Жанныњ үш ќасиеті: аќылѓа сыйымды бөлімі, ерік пен сезім, яѓни жанныњ көмескіленуі, жанда үш түрлі игілік бар деді: философ-басќарушы, ерлер-әскери ќорѓаушылар, ќоѓамдыќ момындар–еңбек етіп жоѓарѓы екеуін асыраушылар. Идеалды мемлекетті ањсады. Ол үшін тәрбие керек деді.
Аристотель (б.з.д. 322-384 ж. өмір сүрген) – әлем тұтас ќұбылыс, идея заттан бөлек емес деп түсіндірген философ. Ол жан мен денені – материя және форма түрінде жекелеп түсіндіреді. Үш түрлі жан – өсімдік (ден тәрбиесін тілейді), жануар – тілегіш, түйсінуге, көруге ұмтылѓыштыќ, адам – аќыл-ой арќылы көрінетін ќабілет.
4. Көне Римдегі мектеп пен тәрбие жүйесі.
Көне Рим республикасында құлдық қоғам б.з.д. ҮІ-І ғасырда пайда болды. Қалалардың дамуымен мектептер ашылды: элементарлық және грамматикалық мектептер. Элементарлық мектептерде ерікті шаруалар балалары оқыды. Шонжарлар балалары грамматикалық мектепте оқыды. Элементарлық мектепте ер балалалар оқуға, жазуға, санауға үйретілді. Грамматикалық мектепте латын әдебиеті, грек грамматикасы оқытылды.
Б.з.д. 146 жылдары Грецияны жаулап алғаннан кейін жеке меншікті көтеріңкі мектептер (риторика) ашылды. Аристократ жастар рим және грек әдебиетін, шешендік өнерді, философия мен заңтануды, математика мен музыканы оқыды, мемлекетті басқару қызметін алуға даярлықтан өтті.
Марк Фабий Квинтиллиан (б.з. 30-96 жылдаыр шамасында өмір сүрді)- көне рим теоретигі; шешендік өнер шебері (оратор). Негізгі еңбегінде – «Institutio oratoria» - «Шенедерге нақыл-сөз» - балалар мен жас өспірімдерді тәрбиелеу туралы өй-пікірлері жинақталған. Мектепте дейінгі жастағы балалардың сөйлеу дағдысын қадағалап, тәрбие жүйесінде ойынды кеңінен пайдалануды ұсынды. Тәрбиелеуде мектептің маңызын жоғары бағалады. Мектепте бала көргенін қайталауға, өзіндік шығармашылықпен айналысуға, жарысуға, өз-өзін бағалауға мүмкіндік алады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Бержанов К., Мусин С., Педагогика тарихы. Мектеп 1986ж.
2. Иманбеков М.И. Педагогика тарихы. Қарағанды 1994ж.
3. Мектепке дейінгі тарих: "Педагогика және психология мектепке дейінгі" мамандығы бойынша пед. институт студенттеріне арналған қосымша оқулықтар (М.Ф.Шабаева, В.А. Ротенберг, И.В. Чувашев жєне т.б.;
4. Мектепке дейінгі шетел тарих педагогикасы: хрестоматия (Н.Б.Мчелидзе құрастырған- М.,1986ж.
Достарыңызбен бөлісу: |