Қазіргі оқытудағы инновациялық технологиялық ерекшелігі



Дата06.03.2023
өлшемі17.82 Kb.
#470437
Ақпанова А.С



Қазіргі оқытудағы инновациялық технологиялық ерекшелігі


Эссе


Орындаған: Ақпанова А.С.

Қазіргі оқытудағы инновациялық технологиялық ерекшелігі
Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру,оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов « Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Инновациялық технологияны пайдалану — өмір талабы.
Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті — білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім.
Жаңа нәтижеге бағытталған білім — инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану — біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек .
Жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру. Ендеше,осы міндетті орындауда инновациялық технологияны қолдану — өмір талабы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет