АҚзуллақызы ләззат білім беру жүйесін ақпараттандыруды ұйымдастырудың әдістемесі



Дата03.07.2016
өлшемі236.81 Kb.
#175132
түріДиссертация


ӘОЖ 025.4:004:316.774 Қолжазба құқығында


АҚЗУЛЛАҚЫЗЫ ЛӘЗЗАТ


Білім беру жүйесін ақпараттандыруды ұйымдастырудың әдістемесі («Информатика» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары)
6M011100 – Информатика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012ж.


Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және ИОӘ» кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Е.Ы.Бидайбеков

Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор К.М.Беркімбаев

Қорғау өткізіледі:

Диссертация 20______жылы «______»_______________сағат_________ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалады (120014, Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі, 6 оқу ғимараты, Физика-математика факультеті, №211ауд.)

Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының хатшысы: Өтетілеу А.

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі.

Білім беруді ақпараттандыру, сонымен бірге, жоғары оқу орындарында білім алушыларға информатиканы оқытуды ақпараттандырудың шешілмеген көптеген мәселелері бар. «2015 жылға дейін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында», «...білім беру саласында ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану нақты тұтынушылықтан қалып келе жатқандығы» атап көрсетілген.

Білім беруді ақпараттандыру – оқыту мен тәрбиелеудің психолого-педагогикалық мақсаттарына жету үшін білім беру саласында жаңа білімді қалыптастыру мен жүйелендіруді қамтамасыз ететін, ақпаратты таратуға, өңдеуге, жасауға, жинауға технологиялар мен құралдарды пайдалануға бағытталған адамның ғылыми-практикалық іс-әрекеті.

Республиканың университеттері мен институттарында информатиканы оқыту барысында ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану – көпжоспарлы және көпвариантты процесс. Бұл процеске осы зерттеу жұмысы арналған әрі ол ұқыпты, дәл өңдеулерді талап етеді. Оқытуда электрондық ресурстарды енгізудің міндеттерін кешенді шешуде жоғары оқу орындарында информатика және онымен байланысты пәндерді оқыту деңгейін игеру керек; жаңа желілік жүйелердің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін зерттеу керек; оқу орнының түрі мен салаларына телекоммуникацияны енгізудің мүмкін жолдарын қарастыру керек.

Жоғары білім беру жүйесінде телекоммуникацияны қолданудың әдістемелік және дидактикалық аспектілері жете зерттелмеген және қосымша ғылыми зерттеулерді қажет етеді. Осыған байланысты бұндай технологиялардың информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесіне әсері бар. Телекоммуникация құралдары мен электрондық ресурстарды енгізу информатикаға қатысты пәндердің ғана емес, жоғары оқу орындарының көптеген басқа да пәндерін оқытудың әдістері мен мазмұнын өзгертті.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, «қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз». Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, оқу орындары өміріне енуде.

Қазіргі жағдайда информатика және информатикамен байланысты бағыттар республиканың жоғарғы оқу орындарында маман дайындауда маңызды рөл атқарады. Әсіресе осы пәндерді оқыту барысында ақпараттық технология құралдары әрі объект, әрі оқу құралдары болып табылады. Компьютерлер мен бағдарламалық қамсыздандырулар оқу құралы ретінде қолданылған жағдайда осындай білім беру компьютерлік бағдарламаларын информатика бойынша ақпараттық технологияларды айналдыратын нақты бір мазмұндық толықтырулар сәйкес келеді. Информатикада сапалы ақпараттық технологияларды қолдану мен енгізудің қажеттілігі осындай ресурстарды қолдану әдіснамасы мен сапалық бағасы және оларды тиімді жасау тәсілдері жайлы мәселелерді тудырады.

Aқпараттық технологияларды қолдану негізінде білім беруді жетілдіруге педагогика саласы ғалымдарының [Е.Н.Бидайбеков, К.М.Беркімбаев, С.С.Үсенов, А.А.Кузнецов, В.Роберт, В.В.Лукин, И.А.Трубина, И.А.Румянцева, Ю.А.Первин, М.П.Лапчик, В.М.Монахов, А.Г.Кушниренко және т.б.] еңбектері арналған.

Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Осыдан кейін туындайтын мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте, колледжде, жоғарғы оқу орындарында білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, білім алушыны ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне - оның ілгерлігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктерін дамыту ақпараттық технологияларды қолданумен жүзеге асады.

Сондықтан жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту мәселесі теориялық жағынан негізделген. Әдістеменің жеткіліксіздігінен зерттеу тақырыбын «Білім беру жүйесін ақпараттандыруды ұйымдастырудың әдістемесі («Информатика» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары)» деп таңдауымызға негіз болды және оның көкейкестілігі дәлелденді.

Зерттеудің нысаны. Білім беру жүйесін ақпараттандыру.

Зерттеу пәні Жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі

Зерттеудің мақсаты. Жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеп, қолдану әдістемесін жасау және тәжірбиелік – эксперименттік түрде дәлелдеу.

Зерттеудің міндеттері.

Білімді ақпараттандыру саласы бойынша ақпараттық технологияларға негізделген. Нәтижесінде білім алушыларға информатиканы оқытуда республикалық білім беру жүйесіне және оның кредитті-рейтингілік жүйесіне негізделген сапалы, тиімді және барлық талаптарға жауап беретін электрондық ресурстар жасалатын педагогикалық зерттеулер жүргізу керек. Информатиканы қазақ тілінде оқытуға арналған электрондық оқу құралын жасау және ұсыну.



  1. Жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияны қолдануды теориялық негіздеу.

  2. Жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияны қолданудың моделін жасау.

  3. Жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізіп, ұсыныстар даярлау.

Зерттеудің жетекші идеясы. Білім беруді ақпараттандыру және жоғарғы оқу орындарында информатиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға жаңа жағдай жасап, үлкен мүмкіншіліктер туғызуда. Бұл білім беру жүйесіндегі оқытудың тиімділігін арттырып, білім дәрежесі жоғары, сапалы маман-кадрлар даярлауға жағдай жасайды.

Зерттеулердің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

Жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін ашып көрсетіп, оқу процесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдануда зерттеулер жүргізілді.



Зерттеудің практикалық құндылығы:

  • Оқыту процесін жетілдірудің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін компьютерлік техниканы оқыту құралы ретінде пайдалану;

  • Компьютер және басқа қазіргі заманғы жаңа ақпаратты технология құралдарын үйрету объектісі ретінде құрастыру;

  • Компьютерлік техниканы бақылау, жөндеу, тестілеу және психодиагностикалау процесін автоматтандыру құралы ретінде пайдалану;

  • Педагогикалық тәжірибелер мен әдістемелік және оқу әдебиеттерін меңгеру және алмасу мақсатындағы ақпараттық технология құралын пайдалану негізінде коммуникацияны ұйымдастыру;

  • Жаңа ақпараттық технологияны парасаттылық ортасын ұйымдастыру құралы ретінде пайдалану;

  • Жаңа ақпараттық технология жүйесін пайдалану негізінде оқу орындары мен оқу процесін жетілдіру және қарқындату;

  • Болашақ білім алушылар интеллектуалдық мүмкіндіктерін бағалау, сонымен бірге олардың білім деңгейін, іскерлігін, дағдыларын, нақты бір тапсырмаға дайындығын, стандарт талаптарына сәйкес олардың материалды игеру нәтижелерін тексеру;

Зерттеу базасы. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары.

Қорғауға зерттеудің төмендегі қорытындылары ұсынылады:

Диссертацияда ұсынылған шаралар, информатика пәнін ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың көмегімен қалыптастырудың теориялық негіздері; білім алушылардың танымдық белсенділігін компьютерлік технологияны қолдану арқылы қалыптастырудың деңгейлері және көрсеткіштері.



Диссертацияның құрылымы:

Диссертация кіріспеден, екі тараудан, зерттеудің тұжырымдамасы келтірілген қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.



Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны, пәні анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы, әдіснамалық негізі, басты идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу әдістері көрсетіледі, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеулер нәтижелерінің дәйектілігі баяндалады.

«Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бүгіні мен келешегі» деп аталатын бірінші бөлімде Қазақстандағы білім беру жүйесі және оның дамуы, білім беру жүйесінде АКТ-ды қолдану және ЖОО-ның оқу үдерісінде АТ-ды қолданудың педагогикалық шарттары, орындау тәсілдері, әдістемелік бағыттарын анықтау қаралып, талданған.

«Білім беру жүйесін ақпараттандыруды ұйымдастыру әдістемесі» атты екінші бөлімде білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері, білім беру жүйесін ақпараттандыруды ұйымдастыру, білім беру жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәсілдері, білім беру жүйесін ұйымдастыру әдістемесі, оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар, информатика пәнінен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен электрондық оқу басылымдарын даярлау, қолданылуға ұсыну және енгізу ұсынылған.

Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері талданып тұжырымдалды және оларды пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілген.

Қосымшада «Оқытудағы ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық жүйелерінің негізі» пәні бойынша білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы, студенттердің танымдық белсенділігін анықтау мақсатында жасалынған сауалнамалар, «Информатиканы оқытуда электрондық ресурстарды пайдалану» электронды оқу құралы берілген.

Диссертация көлемі 88 беттен және 80 әдебиеттер тізімінен тұрады. 3 сурет және 2 кестеден тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
АКТ-ды қолдану мен даму темптерінің жылдамдауы қоғамның «индустриалдыдан» «ақпараттыққа» өтуіне әкеліп соғады. Бұл процестің тереңдігі мен сызықсыздығы адамзаттың әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына үлкен әсер қалдыруы мүмкін.

Көптеген елдерде ұлттық ақпараттық инфрақұрылымдардың дамуы мен арақатынасын қолдау үшін ақпараттық қызметтер мен өнімдерді ұсынуы бойынша ұлттық және халықаралық базардың әрі қарай дамуын қадағалайтын құқықтық негіздер мен стандарттар реті өңделуде.

Педагогикалық информатика облысында аса перспективті бағыт – адамзаттың творчествалық қабілетін дамыту үшін АКТ құралдарын қолдану. Соңғы жылдары адамзаттың өнерге деген қабілетін дамытуға бағытталған компьютерлік графика мен когнитивті технологияларды қолдану бұл есепті шешу үшін мұнда жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Есептеу техникасы мен жаңа технологияның дамуы, олардың қолданылуы білімді түрлі формаларда (текстік, графикалық, дыбыстық, динамикалық) көрсетудің сапалы жаңа мүмкіндіктеріне әкеп соқты.

Қазіргі заманғы әлемдегі білімдік аумақты кеңейту мен жаһанданудың тиімді әдістерінің бірі коммуникациялық технологиялар негізінде қашықтан оқыту жүйесінің дамуы болып табылады. Соңғы жылдары білімді ақпараттандыру процесінде бар назар құраушы мәселелерге бөлінеді, яғни білімдік процестердің өзін құрау мен түбірін өзгерту. Білімді ақпараттандырудың мәселесі қазір инструментальды-технологиялық ғана болып қарастырылмайды.

Білімді ақпараттандыруды дамытудағы негізгі есептер:


  • жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялармен жұмыс істей алатын мамандандырылған қызметтер үшін мамандар даярлау;

  • қоғамда жаңа ақпараттық мәдениеттің орын алуы;

  • білімді негіздеу;

  • жаңа ақпараттық әлемтанудың орын алуы.

Қазірдің өзінде информатиканың көптеген заманауи құралдарының функционалды мүмкіндіктері мамандардың дайындалу дәрежесін жеңуде.

Білім беру орындарының ішінде компьютерлік ақпараттандырудың дамуы бойынша аса тәжірибеге АҚШ университеттері ие. Көптеген уақыттар ішінде олар берілгендерді жіберудің корпоративті және ғаламдық желілерін құрып қолданды. Ғылыми-білімдік ақпараттық жүйелерді құрудың мысалы ретінде АҚШ-тың келесі оқу орындарын атауға болады:



  • MIT (Массачусетс техникалық институты) жоғары интеллектуалдық деңгейге ие;

  • Berkeley University of California (Калифорнияның Беркли университеті) заманауи желілік технологиялар мен Internet құралған;

  • KYVU (Кентукки виртуалды университеті) – толық жоғары білімді ұсыну үшін қашықтан оқыту әдістері мен Internet қолдануға негізделген жаңа білім беру орны.

  • Ресейдің жоғары оқу орындарының ішінде бұл облыста аса тәжірибеге ие:

  • Мәскеу мемлекеттік университеті – Ресейдегі аса дамыған және заманауи желілік инфрақұрылымға ие;

  • Санкт-Петербург мемлекеттік университеті;

  • А.Ф.Иоффе атындағы физика-техникалық институты - өзінің АЖ (ақпараттық жүйе) құру барысында әлемдік танымал университеттің тәжірибесін қолданатын ғылыми институт.

ҚР бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған.

АКТ-ны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:



  • білім алушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;

  • оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық - iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);

  • жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолданылатын ақпараттық технологиялар түрлері 1-суретте көрсетілген.

1-сурет. Информатиканы оқытуда қолданылатын ақпараттық технологиялар түрлері.


Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:

  • вариативтiлiк — әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;

  • болашаққа негiзделген — күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;

  • рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;

  • эргономикалық — нақты мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;

  • iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;

  • тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақты iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық процестерiнiң өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;

  • жекелеген кеңес беру - тыңдаушыларға кеңес беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.

Оқу процесінде пайдаланылатын мультимедиялық үйретуші бағдарламалардың, тексеру бағдарламаларының, электрондық оқулықтардың өскелең өмір талаптарына сай дайындалып, компьютерді окыту кұралы ретінде пайдалана алатындай деңгейде болуы керек. Бұл мәселе өз алдына үлкен ғылыми ізденістерді талап ететін мәселе, сондықтан осы мәселе жөніндегі зерттеулер одан әрі жалғасуда.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру қарқынының соңғы жылда үдеуі бақылауды қажет етпейтін үдеріс электрондық оқулықтарды жасау, оқыту бағдаламалары, тренажерлар, әртүрлі тасымалдауыштардағы білім беретін және дамытатын бағдарламалар, соның ішінде білім алушылар арасында үлкен сұранысқа ие желілік бағдарламаларды тудырды.

Осыған байланысты білім беру саласында қолдану үшін кеңес берілетін сертификаттан компьютерлік оқу бағдрламаларының қорлары ерекше маңызды дамуына ие болады. Мұндай қорлар жасалған және жеткілікті белсенді қолданылады, негізгі міндеттері білім беру үдерісін басқару және орта білім беру пәндерінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және насихаттау болып табылады.

Оқу-әдістемелік кешенге электрондық оқу басылымдарынан шығарып кірістіру – ең маңызды мәселелердің бірі. Оқу барысын дәстүрлі технологияда жүргізуде электрондық оқу басылымдары жиі қолданылмайды. Осы ахуалды жеңу әдістерінің бірі – оқытудың дәстүрлі жүйесінде электрондық оқыту материалдарын кірістірудің жолдарын іздестіру.

Дәстүрлі оқу әдебиеті оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) түрінде шығарылады, ол қажетті және жеткілікті оқу материалдарының кешенін нақты пән, сынып немесе курс үшін ұсынады (бағдарлама, оқулық, хрестоматия, көрнекі-оқу құралдары, жұмыс дәптері (практикум), есептер жинағы, оқу анықтамасы, дидактикалық материалдар және т.б.) ОӘК негізінен оқу есептерін жүзеге асырады. Мұндай кешен қолданудың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Жаңа электрондық оқу құралдарын өте үлкен санда өңдеу, соның ішінде мемлекеттік тапсырыстан тыс шығаратын құралдардың сапасы төтенше көкейкесті мәселені тудыруда. Компьютерлік дидактикалық материалдардың ерекшелігіне олардың кешенді бағасының қажеттілігіне қоса техникалық және әдістемелік жоспар да себепші болады.

Зерттеулердің көрсетуі бойынша мұндай критерийлерді өндіру күрделі міндет, әртүрлі облыстардағы мамандардың бірлескен күштерін талап ететін шешім болып саналады. Жоғарыда аталып көрсетілгендей, әдістемелік талаптар кез келген оқу материалдарын бағалауда бастамашы болып табылады.

Республиканың жоғары оқу орындарында бүгінгі күні оқу материалдарының үш тобы қолданылады – баспа, аудиовизуалды (техникалық оқыту құралдары тобы) және компьютерде жүргізілетін электрондық ресурстар. Осымен байланысты, кітаптың қолданылып келе жатқанына 500 жыл, техникалық оқыту құралдарына шамамен 50 жыл, ал электрондық ресурстарға – 6 жыл (Қазақстанда).

Электрондық ресурстарды қолданып оқыту жаңа педагогикалық технологияның бір түрі болып табылады, ол педагогиканың негізгі заңдарына бағынады және білім берудің дәстүрлі дидактикалық ерекшеліктерін ұстанады, бірақ оқу ортасының жаңа шарттары мен критерийлерімен толықтырылады.

Білім беру мекемесін ақпараттандыру (БМ) – қоғамның ақпараттық инфрақұрылымына енуі және қоғамның ақпараттық ресурсын толық деңгейде қолдану процесі, яғни мектептің жаңа сапасына көшу.

Қазіргі АКТ-ны белсенді енгізіп жатқанда, білімнің ақпараттану сапасын анықтайтын негізгі фактор ретінде ЖОО-ның білім беру процесінде АКТ қолдану сапасын алуға болады, білім беру процесінің барлық сатысында шынайы жүйелі қолдану тиімділігімен анықталады.

АКТ мынадай өзара байланысты құраушылардан тұрады: үйретуші, тиісті бағдарламалармен қамтамасыз етілген компьютер, үйренуші және оқу материалы.

АКТ пайдалана отырып өткізілетін сабақты (мейлі ол қашықтықтан оқыту болсын) әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын негізгі шарттардың бірі оқу материалын алдын ала жоспарлау, оқу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін бағдарламалық құралдарды пайдалану мүмкіндіктерін және оны пайдаланудың бағыттарын көрсету болып табылады.

Эксперименттік жұмыс 2010-2011 оқу жылынан 2011-2012 оқу жылына дейінгі аралықта Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 5В011100-«Информатика» және 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының оқу топтарында жүргізілді.

“Оқытудағы ақпараттық технологиялар” пәнін оқытуда қолдануға электронды оқу құралын жасап, ол аталған пәнді оқыту кезінде қолданылды.

Эксперимент жұмысы үш кезеңге сәйкес жүргізілді, олар: айқындау, іздену, оқыту кезеңі.

Осы жұмыстарды жүргізу үшін экспериментке қамтылатын оқу топтары мен олардағы білім алушылар саны белгіленді (1-кесте).


Топ түрі

Оқу жылдары



1 кезең

2010-2011


2 кезең

2011-2012

3 кезең

2010-2012

Эксперименттік топ

22

22

22

Бақылау тобы

20

20

20

1-кесте. Тексеруге әр оқу жылдарында қатыстырылған студенттер құрамы


Экспериментке дейін және эксперименттен кейін білім алушылардың ақпараттық білімдік ортасының белсенділігі артқаны байқалды (2-сурет).

2-сурет. Эксперимент барысында білім алушылардың ақпараттық білімдік ортасының белсенділігі әрекетінің мониторингі.
Тәжірибе көрсеткендей, АКТ қолданудың бір шарты - сабақтарды педагогикалық бағдарламалық құралдарды пайдалану арқылы өткізу үшін онымен жұмыс жасау жөніндегі нұсқаулықтардың болуы.

Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі міндеттері:



  • оқу-тәрбие үрдісін екпінді ету негізінде білімнің сапасы мен ықпалдылығын арттыру;

  • білім алуға қызығушылық пен шығармашылық қабілеттің ынтасын дамыту;

  • ақпараттандыру үрдісіне негізделген оқытудың жаңа тәсілдерін жасау;

  • оқу-тәрбие үрдісін басқару жүйесін жетілдіру.

Сонымен, сабақ жоспарларында, слайдтарда, анимацияланған сюжеттерде, бейнематериалдарда студенттердің қажеттілігін көрсететін, оқу материалының іздену, бағалау, таңдау, мүмкіндігін қамтамасыз ететін электрондық ресурстар болашақ маманның ақпараттық технологияларды пайдалану шеберлігін қалыптастыру процесін жетілдіруге тиімді екенін көрсетті, студенттердің ақпараттық білімдік ортасының белсенділігі артқаны байқалды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезде еліміздің білім беру саласының алдына қойып отырған негізгі міндеттері ұлттың бәсекелестікке қабілетін арттыру, әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруде білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық бағдарламаларды тиімді және кеңінен қолдану, елдегі ақпараттық инфрақұрылымды әлемдік білім берумен ықпалдастыру, білім беру ұйымдарының байланыстарын нығайту болып табылады.

Жоғары білім беру жүйесінің халықаралық білімдік кеңістікке ықпалдастыру тетіктерінің бірі - оқытудың кредиттік жүйесі болып табылады. Бұл жүйенің мәні студенттердің өз бетімен білім алуына басымдық беріліп, маманға «өмір бойы» оқу дағдысын қалыптастыруы тиіс.

Жоғары білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы мен оларды даярлаудағы кәсіптік, әрі ақпараттық білімділігі мен қабілеттілігі, ақпараттық мәдениетінің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын білім стандарттарына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейтесті мәселе болып отыр.

«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.

Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді. Жылдан-жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр.

Тек білім беру арқылы ғана біз өткенімізді тануға, қазіргі уақытымызда еркін бағытталуымызға және келешегімізді болжап, қалыптастырумызға мүмкіндік аламыз.



Қорыта келе, білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан - жақты білім қызметін ұсынатын, ақпараттық технологияны меңгерген көпсалалы болуы керек. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы педагогикалық нәтижеге жетуде компьютерді ақпараттық технологияның құрамдас бөлігі ретінде оқыту үдерісінде қолдануда. Білім беруді ақпараттандыру дәстүрлі әдістерден ерекшеленетін жолы - ол оқыту мазмұнына, формаларына, әдістеріне электронды оқулықтарды енгізу, сонымен қатар оқытушы мен білім алушы арасындағы іс-әрекетіне басқа амалдарды қажет етеді. Ақпараттық технологияларды пайдалану білім жүйесін бәсекелестікке қабілетті тұлға дайындауда және әлемдік білім кеңестігіне кірудің бірде бір жолы деп есептеймін.
Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:


  1. Ақпараттық технологиялар көмегімен білім беру сапасын көтеру тәсілдері// Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің хабаршысы. №2(32) Қызылорда 2011ж. 94-98б. (бірлестікте: С.С.Үсенов)

  2. Информатика пәні бойынша электрондық ресурстарды қолдануға оқытушыларды кәсіби даярлау// «Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік саяси инновациялық аспектілері» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы. Қызылорда 2011ж. 255-259б. (бірлестікте: Е.Ы.Бидайбеков)

  3. Білім беру ортасында ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану мәселелері// Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Ұлттық авиация университетінің Аэроғарыш институты, «Болашақ» университеті, Қызылорда-Киев 2012ж. 141-144б. (бірлестікте: А.А.Есназарова)

  4. Білім берудің әртүрлі деңгейлерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану әдістері// Білім саласындағы инновациялық ақпараттық–педагогикалық технологиялар жаңашыл педагогтардың 3-ші форумы Шымкент 2012ж. 204-208б. (бірлестікте: Е.Ы.Бидайбеков)

  5. Жоғары оқу орындарында электронды оқытуды ұйымдастыру - білім беру жүйесіндегі серпіліс// Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университетіне 75 жыл. Қызылорда 2012ж. (баспада).

  6. Ақпараттық технология көздері – маман даярлаудың кепілі// Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университетіне 75 жыл, Қызылорда 2012ж. (бірлестікте: Қалиева Э., Сұлтанова Т.) (баспада).

  7. Информатиканы оқытуда электрондық ресурстарды пайдалану// Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университеті. Қызылорда 2012ж.


РЕЗЮМЕ
АКЗУЛЛАКЫЗЫ ЛАЗЗАТ
Методика организации информатизации системы образования (специальности «Информатика» и «Информационные системы»)
6M011100 – Информатика
Актуальность исследования. Есть очень много проблем в организации информатизации в сфере образования, высших учебных заведениях в обучении информатики обучающихся «В государственной программе о развитии образования РК до 2015» сказано «...об отставании использования информационных и телекоммуникативтых технологий в сфере образования».

Информатизация образования – это процесс обучения и воспитания с психолого-педагогическиой целью в формирования новых знаний в сфере образования, систематизация, распространение информации, обработка, сбор технологий для использования человеком научно-практических действий.

«Образование поможет Казахстану войти в ряд 50-ти развитых стран, быть наравне с ними. Для этого нашей стране необходимы знания, соответствующие этому» - было сказано в Послании президентом РК Н.А.Назарбаевым.

В основу информационных технологий в повышении образования использованы труды ученых-педагогов (Е.Н.Бидайбеков, К.М.Беркимбаев, С.С.Усенов, А.А.Кузнецов, В.Роберт, В.В.Лукин, И.А.Трубина, И.А.Румянцева, Ю.А.Первин, М.П.Лапчик, В.М.Монахов, А.Г.Кушниренко и т.д.)

Поэтому вопросы обучения информатики в высших учебных заведениях основано с теоретической точки зрения. Из-за недостаточности методики тема исследования «Методика организации информатизации в сфере образования» (специальности «Информатика» и «Информационные системы») была выбрана в связи с этим и её проблематичность доказана.

Объект исследования. Информатизация системы образования.

Предмет исследования. Методика преподавания информатики в вузах.

Цель исследования. Обоснованность с теоретической точки зрения методики обучения информатики в вузах, выработка прикладной методики и доказательства в практико-экспериментивном виде.

Обязательства исследования. Область информатизации образования основано на информационные технологии.

В итоге для обучающихся необходимо проводить педагогические исследования в обучении информатике в системе республиканского образования, основанной на его кредитно-рейтинговой системе качество и соответствующий всем требованиям электронные ресурсы. Предоставление и разроботкаэлектронных учебников и принадлежностей для обучения информатики на казахском языке.

1. Теоретическая обоснованность использования информационных технологий в Высших учебных заведениях.

2. Разработка модели использования информационных технологий в Высших учебных заведениях.

3. Эффективность использования информационных технологий в ходе работы экспериментивно-практического зачета в вузах, подготовка предложений.

Основная идея исследования. Информатизация образования и сделать новые условия в использовании информационно-коммуникационных технологий в обучении информатике в вузах.

Это повышает эффективность в обучении системы образования дает высокий уровень обучения, подготовку условий обучении качественных кадров-специалистов.



Научная новизна и теоретическая суть исследования. Открыто показать теоретические основы методики обучения информатики в вузах, были проведены исследования информационно-коммуникационных технологий в учебном процессе.

Практические ценности исследования:

  • Для повышения качества и эффективности учебного процесса использовать компьютерную технику как учебную наглядность.

  • Использовать и составить как объект обучения компьютер и другие современные информационные технологии.

  • Использовать как материал контроль, ремонт, тестирование компьютерной техники и психодиагностику процесса автоматизации.

  • Организовать овладение педагогическими экспериментами и учебно-методической литературой и использовать в целях обмена информации информационных технологий, основанной на организации коммуникации.

  • Использовать как инструмент организацию среды новых современных информационных технологий

  • На основе использования системы новых информационных ттехнологий повышение и улучение учебного процесса

  • Оценить интеллектуальные возможности будущих обучающихся, наряду с этим проверит уровень знаний, к конкретно одному заданию, соответствие стандарту, а также проверить итоги освояние или материала.

База исследования. Кызылординской государственный университет имени Коркыт Ата специальности «Информатика» и «Информационные системы».

К диссертации предлагаются следующие итоги исследования. Теоретические основы в формирование с помощью информационно-коммуникационных технологий предмета информатики предложено в этой диссертации: уровни и показатели познавательной автивности обучающихся через использование компьютерных технологий.

Объем диссертации: состоит из 88 страниц и 80 литературы, 3 рисунка и 2 таблиц.

RESUME
AKZULLAKYZY LAZZAT
Methods of organizing informating of teaching (“Informatics” and “Informational systems” professions)”
6M011100 - Informatics
Actuality of the research. There are many unsould problems about informating of teading and informating of teading Informatics in higher institutions. In public program of developing of yeaching in Kazakhstan Republic until 2015, it is said that using of informational and telecommunicational technologies is lugging behind current consuming.

Informating of teacxhing is scientific fnd practice action to distribute, cultivate, make, collect information, which is purposed to use technologies and items and which provides for forming and systematizing new knowledge in teaching in order to reach phsygological and pedagogical aims teaching and education.

As our president N.A Nazarbayev said in his epistle: To become one of developed countries we weed modern education. Only thing that will help Kazakhstan be one jf 50 most developed countries is knowledge. So, this period of development requires solving problem or informating or teaching process. Different texnjlogies of teaching are being examined, experiences of new pedagogs are being researched and entering the life of educational establishments. There are works of pedagogy science academics [E.I. Bidaibekov, K.M.Berkimbayev, S.S.Usenov, A.A.Kuznesov, V.Robert, V.V.Lukin, I.A.Trubina, I.A.Rumyantseva, U.A.Pervin, M.P.Lapchik, V.M.Monahov, A.G. Kushnirenko and etc]. Which are based on using informational tehnologies.

So, in higher educational establishments, the problem ofteaching IT theoretically based. Becouse of the lack of methods we had to chang the name of topic to “ Methods of organizing informating of teaching (“Informatics” and “Informational systems” professions)” and its actuality is proved.



Object of research. Informating of teaching system

Subject of research. Methods of teaching Informatics in high institutions.

Aims of research. to found theoretically methods of teaching it in high institions, to make using methods and to prove in an experimental way.

Research tasks. Dased on informational technologies in accordance with informating of teaching sphere. It’s necessary to hold qualitative, advantageous and available to do electronic resourcescorresponding all the requirements pedagogical research of teaching IT besed on republican educating system and its system of credit-rating. To produce and offer an electronic tutorial destined to teach informatics in Kazakh language.

1. To found the oretically using of informational technologies in high institutions.

2. To produce a model of using of using an international technologies in high institutions.

3. To test the advantages of using informational technologies in high institutions, during the experimental work.



The maih idea of the research. To create conditions of using informatonal and communicational technologies in informating of teaching and teaching informatics in high institutions: to create big opportubities. It will help to increase efficiency of teaching educating system and to prepare qualitative specialist with high level of knowledge. Scientific novelty and theoretical meaning of the research.

Theoretical bases of methods of teaching informatics in high institutions are exposed, researches of using of informational and communicational technologies during learning process were held.



Practical value of teaching process.

  • To constitute computers and other modern new informational technology items at objects of teaching

  • To use computers as the automating instrument of observation, correction, testing and psycodiagnostic process.

  • To organize communication in the basis of using informational technologies in order to exchange and assimilate pedagogical experiences and methods and manuals.

  • To use new informational technologies for organizing medium of sanity.

  • To improve and enhance the rate of institutions and learning process, basing on using of new informational technologies system.

Basis of the research. Korkyt Ata Kyzylorda national inivercity’s professions of “Informatics” and “Informational systems”.

To protect, the conclusions are presented: actions represented in dissertation. Theoretical bases of forming of teaching Informatics with help of informational and communicational technologies. Rate of computer technology.

Dissertation consists of 88 pages, 80 used literatures, 3 pictures and 2 table.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет