ПОЛИМЕР - Үлкен молекулалық массасы және өзіне тән бірқатар қасиетті бар қосылыстарды жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимерлер деп атайды.
- Бір немесе бірнеше типті құраушы буындары еселеніп тізбектеліп жалғанған молекуланы полимер деп атаймыз. Полимердің құрамынан бір немесе бірнеше құраушы буындарды алғанда немесе қосқанда физика-химиялық қасиеттер жиыны өзгермейді.
- И.Берцелиус 1833 ж. “полимерия” терминін ғылымға енгізген.
- Алғашқы синтетикалық полимерлер
- 1838 (поливинилиденхлорид) және 1839 (полистирол) жылдары алынған.
- Полимерлер химиясы А.М.Бутлеровтың химиялық құрылым теориясын шығарғаннан кейін ғана туындады.
- Г.Бушарда, У.Тилден, неміс ғалымы К Гарриес, И.Л.Кондаков, С.В.Лебедев және т.б.
- 30-шы жылдары бос радикалдар және ионды механизмді полимерлеудің негізін салған У.Карозерс болған.
- Г.Штаудингер – ЖМҚ үлкен молекулалық массадан тұратынын дәлелдеген.
- Жоғары молекулалы қосылыс немесе полимер деп бір немесе бірнеше түрлі буындардан құралған, буындары бір бірімен химиялық байланыс арқылы жалғанған, үлкен молекулалық массасы және өзіне тән бірқатар қасиеттері бар қосылыстарды атайды.
- Полимерлердің ішіндегі ең қарапайымы полиэтилен:
- nСН2 = СН2 → -[СН2 – СН2] n -
- Буындардан құралған үлкен молекула макромолекула деп аталады.
-
НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР - Құраушы буын – макромолекула құрамындағы ең кіші қайталанатын атомдар тобы.
НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР - Полимерлену дәрежесі – макромолекула құрамындағы құраушы буындардың саны.
- Р=М/м
- Олигомерлер – молекулалық массасы полимерлерден төмен мономерлерден құралған қосылыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |