Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


тәжірибе, билік және әлеуметтік сәйкестіктер



Pdf көрінісі
бет214/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   217
философия хасанов

тәжірибе, билік және әлеуметтік сәйкестіктер арасындағы ӛзара байланыс 
күшейе түсетіндігі туралы болжам айтады. 
Кастельстің пікірі бойынша, «даму тәсілдері – еңбектің материалға әсер 
етуін жүзеге асыратын технологиялық сызбалар, олар ӛнім жасау үшін, 
ақырында экономикалық артықшылықтың кӛлемі мен сапасын детерми-
нациялайды». Оның ойынша, «дамудың жаңа, ақпараттық тәсілінде 
ӛндірімділік кӛзі білімді қалыптастыру, ақпарат пен символикалық 
коммуникацияны ӛңдеу технологиясында қамтылады. Әрине, білім мен 
ақпарат дамудың барлық тәсілдеріндегі ең маңызды элементтер болып 
табылады, себебі ӛндіріс процесі әркез білім деңгейі мен ақпараттың 
ӛңделуіне негізделеді. Дегенмен, дамудың ақпараттық тәсілі үшін, білімге 
негізгі ӛндірімділік кӛзі ретіндегі білімнің әсер етуі ӛзіндік ерекшелік 
болып табылады». 
Американдық философ әрі әлеуметтанушы Льюис Мэмфорд (1895-
1990 жж.) қоғам дағдарысының себебін «мегамашиналар» рӛлінің тым 
күшейіп кетуінде кӛреді. «Машина туралы миф» кітабында ол адамды 
құрал ӛндіріп, оны басқарушы ретінде технократиялық бейнелеу енді артта 
қалғандығын айтады. Жағымсыз технологиялық детерминизм тұрғысынан 
Мэмфорд бүгінде техниканы пайдаланып басқаратын адам емес, керісінше 
техника адамдарды пайдаланып басқаратындығын кӛрсетеді. Оның 
айтуынша, адамдардың техниканы басқару процесі ӛзінің шоғырлан-
дырылған кӛрінісін жансыз әрі келбетсіз Мегамашинадан тапқан. Бұл 
Мэмфордтың айтуынша, адам қызметінің ӛте ұтымды, технократиялық 
әлеуметтік ұйымдастырылуы болып табылады. 
Техниканың әлеуметтік функциясының қалыптасуының жарқын 
кӛрінісі ретінде энергия мен білімді қолдану арқылы ӛндіріс құралдарын 
пайдалану функциясы ретіндегі материал мен еңбек арасындағы 
қатынастардың ӛзгеруі саналады. Бұл процесс «даму тәсілдерін» 
анықтайтын ӛндірістегі техникалық қатынастарды сипаттайды. 
Заманауи техника қоғам ӛмірінің барлық салаларына әсер етті, атап 
айтқанда, материалдық ӛндіріс саласы революциялық ӛзгерістерге ұшырады, 
әлемнің дамыған елдерінің әлеуметтік құрылымы айтарлықтай ӛзгерістерді 
ӛткерді. «Қазіргі техника» кітабында К.Ясперс былай деп кӛрсетеді: 
«Техниканың нақтылығы адамзат тарихында ақылға қонбайтын ӛзгеріске 
алып келді, оның барлық салдары тіпті ең қиялшыл оймен болжамдана 
алмайды. Бірақ бір нәрсе ғана айдан анық: техника – тек құрал ғана, ӛздігінен 
ол жақсы да, жаман да бола алмайды. Мәселе адамның одан не 
жасайтындығында, оны қандай мақсатта пайдаланып, қандай жағдайда 
қолданатындығында. Оны пайдаланатын адамның ӛзі қандай, техниканы 
қолдану арқылы оның кӛздейтін мақсаттары қандай? Техника ӛзінің 


кӛмегімен қол жеткізілетін нәтижелерге тәуелсіз, яғни бұл дербес мәннен 
кӛрі құралдың мақсаттан үстем болуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет