Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық
және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.
Галактика – ғаламды құрайтын, өлшемдері өте үлкен жұлдыздар жүйеcі.
Ғаламның бізге байқалатын бөлігіндегі галактикалар жиынтығын кейде
метагалактика деп атайды.
Глобалды ластану – Жер шарының кез келген нүктесіндегі ластану. Мысалы,
атмосфераның көміртегі оксидтерімен, күкірт, азот, пестицидтермен, әлемдік
мұхиттың мұнай өнімдерімен ластануы. Ғарыш (араб. – кеңістік, космос) – Ғаламның астрономиялық анықтамасының
синонимі.
Ғарышты ғылыми-зерттеу стансылары – ішінде адам отырмайтын, ғарыштағы
аймақтар мен денелерді зерттеп, Жерге мәлімет жіберуге аттандырылған
ғарыш кемелері.
Демэкология – популяциялар мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-
қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі.
Еңбек – материалдық және рухани байлықтардың көзі, сонымен бірге, ол адам
өмірінің ең бірінші шарты. Бір жағынан, ол адамның өмір құралдарын
табудағы өзара әрекеттесуі. Еңбек келісімшарты – жұмысшы мен жұмыс берушінің еңбек қатынастарын
реттейтін құқықтық акт.
Жасөспірімдік жас – бұл дүниетанудың, адамгершілік сенімнің, қағидалар
мен арман-мұраттың, бағалау ұғымы жүйелерінің белсенді қалыптаса бастау
жасы. Жер – Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар, адамзат-
тың тіршілік ететін бесігі. Табиғи серігі – Ай.
Жұлдыздар – мол жарық пен қуат бөлетін алып газ тәрізді денелер. Жұлдыз-
дардың өлшемі әртүрлі.
Жұлдыздар шоғыры – ортақ гравитациялық байланыс арқылы бірге орналас-
қан жұлдыздардың үлкен топтары. Жұлдыздар шоғыры – аспандағы ең әдемі
нысандардың бірі.
Заң (ағылш.
law) – мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер,
жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
125
органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы
(мысалы: референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормативтік акт.