Бағалы қағаздар нарығында Инсайдерлік ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы



Дата02.07.2016
өлшемі48 Kb.
#172891
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 20.09.2012 10:43:08
Бағалы қағаздар нарығында Инсайдерлік ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 69 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бағалы қағаздар нарығында Инсайдерлік ақпаратты ашу қағидалары бекітілсін.

2. «Қазақстан қор биржасы» АҚ және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өз ішкі құжаттарын осы қаулыға сәйкес келтірсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Г. Марченко

 

Ұлттық Банк Төрағасы



Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы

69 қаулысымен



бекітілген

 

 

Бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік ақпаратты ашу

қағидалары

 

Осы Бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік ақпаратты ашу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және эмитент қызметіне қатысты және жалпы қол жетімді болып табылмайтын егер осы ақпарат эмитенттің мүліктік және қаржылық жағдайының салдарларына байланысты осы эмитент шығарған (ұсынған) бағалы қағаздардың (туынды қаржы құралдарының) құнына әсер етуге қабілетті болса, ақпаратты ашудың тәртібі мен талаптарын айқындайды.

Осы Қағидалар Заңның 56-1-бабына сәйкес осы эмитенттердің инсайдерлері болып танылған эмитенттер мен тұлғаларға қолданылады.

1. Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары - сауда-саттықты ұйымдастырушының Директорлар кеңесімен бекітілген және қор биржасының сауда жүйесіне немесе биржадан тысқары бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді айырбастау жүйесіне айналысқа жіберген қаржы құралдарымен мәміле жасау кезінде сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелерінің қызметін, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушы мен оның мүшелері (клиенттері) арасында туындаған арақатынастарды реттейтін уәкілетті органмен келісілген сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаты;

2. ішкі бақылау қағидалары - Заңның 56-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және эмитенттің басқару органы бекіткен эмитенттің ішкі құжаттары;



3) инсайдерлер тізімі - жүргізуді эмитент жүзеге асыратын эмитенттің инсайдерлік ақпаратына рұқсат берілген, Заңның 56-1-бабының 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар тізімі;

4) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жүзеге асыратын тұлға;

5) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.

2. Инсайдерлік ақпаратты ашу Заңның 56-1-бабында, Қағидаларда және эмитенттің ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тәртіпте және талаптарда жүзеге асырылады.

3. Эмитенттің инсайдерлік ақпаратын басқару және пайдалану бөлігінде ішкі бақылау қағидалары эмитенттің интернет-ресурсында немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының интернет-ресурсында (сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімінде эмитенттің бағалы қағаздарын енгізген және сонда тұрған жағдайда) осы эмитенттің инсайдерлері болып танылған тұлғалардың көзіне түсетін қол жетімді жерге мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады, сондай-ақ осы тұлғаларға олардың сұрау салулары бойынша беріледі.

4. Заңның 102-бабының 2-тармағында көрсетілген эмитенттің бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделері қозғалатын оның қызметіндегі өзгерістер туралы инсайдерлік ақпарат Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жөніндегі заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылады және осындай өзгерістер туындаған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

5. Тізбесі «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 79-бабының 1-тармағында белгіленген эмитенттің - акционерлік қоғамның корпоративті оқиғалары туралы инсайдерлік ақпарат қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 79-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде орналастырылады.

6. Инсайдерлік ақпаратты ашу интернет-ресурста орналастыру және (немесе) кемінде он бес мың дана таралыммен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында мемлекеттік және орыс тілдерінде таратылатын, мерзімді баспа басылымдарында барлық мүдделі тұлғалар үшін ашық түрде қол жетімді етіп жариялау арқылы жүзеге асырылады.

Эмитенттің бағалы қағаздарын сауда-саттықты ұйымдастырушының тізіміне енгізген кезде эмитент және осы эмитенттің инсайдерлер тізіміне енгізілген тұлғалары эмитент және осы бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) сауда-саттық басталғанға дейін сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларымен белгіленген тәртіпте және талаптарда олардың құнының және эмитенттер қызметінің өзгеруіне әсер етуі мүмкін олар шығарған (ұсынған) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратты ашуды қамтамасыз етеді.

7. Шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін, қор биржаларының сауда жүйелерінде сауда-саттықты ұйымдастырушының тізіміне енгізілген бағалы қағаздардың айналысы кезінде инсайдерлік ақпараты мынадай тәсілдердің бірі арқылы ашылуы тиіс:



1) инсайдерлік ақпарат тұлғалардың кең ауқымы аясында ашу болжанатын хабарламалар тізіміне эмитенттің бағалы қағаздары енгізілген барлық қор биржаларының атына бір мезгілде жіберіледі, содан кейін тізбесі эмитенттің ішкі бақылау қағидалармен анықталған өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады (таратылады);

2) инсайдерлік ақпарат тұлғалардың кең ауқымы аясында ашу болжанатын хабарламалар Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының атына жіберіледі, содан кейін тізіміне эмитенттің бағалы қағаздары енгізілген шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының атына жіберіледі және тізбесі эмитенттің ішкі бақылау қағидалармен анықталған өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады (таратылады).

8. Инсайдерлік ақпарат ашу үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының тізбесі эмитенттің ішкі бақылау қағидалармен айқындалады және онда мынадай мәліметтер болады:



1) бұқаралық ақпарат құралының атауы;

2) баспа басылымының кезеңділігі;

3) интернет-ресурстарға хабарласу адрестері;

4) кез келген мүдделі тұлғалардың қол жетімділігіне мүмкіндік беретін бұқаралық ақпарат құралы туралы өзге де мәліметтер.

9. Эмитент ішкі бақылау қағидалардың көшірмелеріне оны дайындауға шығындардың шегінен аспайтын мөлшерде төлем жасауды қоспағанда, ішкі бақылау қағидалармен ақысыз еркін танысуға рұқсат беруді қамтамасыз етеді.

10. Инсайдерлік ақпаратты эмитенттің ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тізбеге кіретін бұқаралық ақпарат құралдарында ашу жүзеге асырылады.

11. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларына қатысты ашу мерзімі көрсетілмеген инсайдерлік ақпаратты ашу мерзімі эмитенттің ішкі бақылау қағидалармен белгіленеді.



Инсайдерлік ақпаратты эмитенттің ішкі бақылау қағидалармен белгіленген бірнеше бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру (жариялау) арқылы ашқан кезде инсайдерлік ақпаратты ашу күні бұқаралық ақпарат құралдарында инсайдерлік ақпаратты алғашқы орналастыру (жариялау) күні болып есептеледі.

12. Эмитенттің инсайдерлер тізімін эмитент уәкілетті органға оның талап етуі бойынша, талап етуде көрсетілген мерзімде эмитенттің инсайдерлік ақпаратқа кіруге рұқсаты бар тұлғалар туралы бар ақпаратын көрсете отырып, мыналар туралы ақпаратты қоса алғанда ұсынады:



1) жеке тұлғаның тегі, аты (бар болса - әкесінің аты), туған күні;

2) заңды тұлғаның атауы, оның мекенжайы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжат деректемелері;

3) инсайдерлер тізіміне енгізу негіздері;

4) инсайдерлер тізіміне енгізу үшін негіздің пайда болған күні;

5) инсайдерлер тізімінен алып тастау күні;

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет