БАҒдарлама-минимум



Дата22.06.2016
өлшемі89.96 Kb.
#153361


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің

Ғылыми кеңесінде бекітілді.

30.06.2009 жыл. Хаттама № 10


БАҒДАРЛАМА-МИНИМУМ

13.00.02 - оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі

(бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиеті)

мамандығы бойынша кандидаттық емтихан тапсыруға арналған.

Алматы, 2009

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиеті) мамандығы бойынша кандидаттық минимум емтихандарын тапсыруға арналған бағдарлама – аспиранттар мен ізденушілердің қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу, даму тарихы, мақсат-міндеттері, мазмұны, зерттеу нысанасы, ғылыми-тәрбиелік негіздері жөніндегі мәселелерді терең зерттеп игеруіне бағыттама қызметін атқарады. Және сол арқылы әдіскер ғалымдар мен мамандардың кәсіби деңгейін көтеруді мақсат етеді.

Бағдарлама-минимум университеттердің оқу жоспарларындағы дәстүрлі «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» курсының материалдарын негізге ала отырып әдебиетті оқыту әдістемесі мазмұнының даму жолындағы мәселелерді зерттелу үрдісіне қарай жасалды. Бүгінгі күн талабында әдебиетті оқытудағы мұғалімдердің таңдаулы тәжірибелеріндегі ой түйіндері әдістеме пәнінің мәселелерімен байланыста берілді.

Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылыми пән ретінде

1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің мазмұны, зерттеу нысанасы мен әдістері және методологиялық негіздері: Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мазмұны, мақсаты, зерттейтін мәселелері. Әдебиетті оқыту әдістемесінің қоғамдық-саяси ойдың, әдебиеттану, педагогика, эстетика, тіл білімі, т.б.ғылым салаларының дамуымен сабақтастығы Әдебиет және әдебиетті оқыту ғылымының уақыт талабына сай өзгертіп, түлеп отыратыны. Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының салалары.

2. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретінде қалыптасу, даму тарихы: Қазан төңкерісіне дейін қазақ жерінде үш түрлі мектептің қатар болғаны.Жадит мектептеріндегі сабақ жүргізу тәртібі, көздеген мақсаты, пайдалы және зиянды жақтары. Медресе оқуы. Ыбырай Алтынсариннің демократиялық оқу-ағарту жүйесіндегі мектептері, олардың халық мектебі саналуының себептері. Ыбырайдың сөз өнерінің үлгілерін оқытуға деген көзқарастарының қазақ халқының этнопедагогикалық ойларымен және орыстың прогресшіл педпгог-жазушылары К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, В.В.Водовозов , В.Я.Стоюнин тәжірибелерімен байланыстылығы.

Х1Х ғ.екінші жартысында (Абай) ХХ ғ.басында «демократ-ағартушы» ақын-жазушылардың (Шәкәрім, С.Көбеев, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б.) жастарды оқуға, мәнениетке, өнер-ғылымға үндеулерінің әдебиетті пән ретінде оқытуға ықпал жасағандығы.

30-жылдарда әдебиет пәнінің алғашқы бағдарламалары мен оқулықтарын жасаудағы М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев. М.Ғабдуллин т.б. еңбегі.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретінде дамытуда С.Жиенбаев, Ш.Кәрібаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаевтың алатын орны.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы әдебиетті оқыту әдістемесінің даму ерекшеліктері. Әдебиетті оқыту әдістемесін жетілдірудегі педагогикалық озат тәжірибенің жинақталып, насихааталуы, зерттеу жұмыстарының нәтижелері.

Қазіргі кезеңдегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің арнаулы мектептерде гимназия, лицейлерде тереңдете оқытылуы және бұл мектептердің тәжірибесінің әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуына жасайтын ықпалы. Бұл істегі «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мектебі», «Қазақ әдебиеті» газет-журналдарының ролі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, Жазушы, 1989.

2. Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы, Ана тілі., 1991

3. Ыбырай Алтынсарин тағылымы. Алматы, 1991.

4. Тәжібаев Т. Просвещение и школы Казахстана во второй половине Х1Х века. Алматы, 1962.

5. Шонайұлы Т. Оқыту әдістемесі мен программа жолындағы дамуымыз. Жаңа мектеп, 1927, № 10.

6. Жиенбаев С. Кәрібаев Ш. Орта мектептегі қазақ тілі мен әдеб. Қызылорда, 1939.

7. Роткович Я.А. Вопросы преподавания литературы.М., Просвещение, 1965.

8. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту м етодикасының очерктері. Алматы, 1962.

9. Сембаев Ә. Қазақ совет мектебінің тарихы, Алматы, 1966.

10. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту м етодикасы. Алматы, 1969.

11. Қыдыршаев А. А.Байтұрсынұлының әдіскер ізбасарлары. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1988, № 2.

12. Сыздықова Р. А.Байтұрсынұлы – ағартушы, ғылым, қоғам қайраткері. -А, 1991.

13. Рез З.Я. Методика преподавания литературы. М., Просвещение, 1985.



Мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы
1. Қазақ әдебиетінің мектептегі оқу пәні ретінде алатын орны, оған арналған бағдарламалардың құрылысы.

Пән бағдарламасының мемлекеттік құжат екендігі. Әдебиет пәнінің бағдарламасының әдебиеттану, педагогика, психология ғылымдарымен байланысты жасалатыны. Бағдарламаның жаңарып жетіліп отыратындығы, методикалық аппараты.

Қазіргі кезеңдегі әдебиет пәнінің мазмұны мен оны жаңартудағы ізденістер. Бағдарлама жасау талаптары.

Әдебиетті оқыту мазмұнының бастауыш оқу (1-1У), әдебиеттік оқу (У-УШ) әдебиет тарихы курсының негізі болып құрылатыны, мақсаты мен міндеттері.

У-УШ сыныптардағы әдебиет курсы. Бұл сыныптардағы балалардың әдеби эстетикалық түсініктері мен көркем шығарманы қабылдау ерекшеліктері. Оқу материалдарының жанрлық, хронологиялық принципке негізделетіні.

1Х-Х1 сыныптардағы әдебиеттің тарихы әдеби принциппен жүйелі түрде оқылатыны. Оқу материалдарының шолу және монографиялық түрде болатыны.

2. Жазушы өмірбаяны, әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту.

Оқушының көркем шығарманы оқып-түсінуіне оны жазған автор туралы мәлімет қажеттілігі. У-УШ сыныптарда жазушының өмірбаяны оқу материалына сәйкес кіріспе әңгіме ретінде болатыны. 1Х-Х1 сыныптарда жазушының идеологиялық, адамгершілік, эстетикалық мұрат-мақсаттарымен таныстыруға арналған сабақтардың түрлері.

Әдеби-теориялық ұғымдар – көркем шығарманы оқып-үйренудің құралы.

1Х-Х1 сыныптарда берілетін әдеби-теориялық ұғымдар, олардың көлемі, қалыптасу жолдары. Жоғары сыныптарда берілетін әдеби-теориялық ұғымдардың күрделене түсуі, оқытылу ерекшеліктері, оқушыларға әдеби білім берудегі орны.

3. Әдебиет пәнінің мұғалімі.

Мұғалімнің әдебиетті оқытудағы орны, оған қажетті кәсіби, адамдық, азаматтық өлшемдері. Сабақтың теориясы мен практикасын білуде әдебиеттану, педагогика, психологияға сүйенуі шартты болуы.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Көшімбаев А. Сегізжылдық мектепте әдебиетті оқытудың методикалық мәселелері. Алматы, 1962.

2. Ысқақов А. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысының жайы мен міндеттері. Алматы, 1957.

3. Шәріпов Ә. Қазақ мектептері дамудың жаңа кезеңінде. Алматы, 1959.

4. Қазақ әдебиеті мұғалімдерінің іс-тәжірибесі. Алматы, 1972.

5. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. Алматы, 1985.

6. Мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың мәселелері. 1958, 1961.1968.

7. Құтқожина Р. Пәнаралық байланыс. Алматы, 1982.

8. Рыбникова М.Н. Очерки по методике литературн. М., Просвещение, 1985.

9. Әдеби білім стандарты. Алматы, 1988.

10. Әдеби білім тұжырымдамасы. Алматы, 1997.

11. Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасы. Алматы, 1991.

12. Қазақ әдебиетінің білім мазмұны мен әдістерін жетілдіру мәселелері. А:, 1990.

13. Ақшолақов Т. Жақсы оқулық керек-ақ. Қазақ тілі мен әдебиеті.1995. № 2.

14. Әбілқасымова К. Әдебиет пәнінің мазмұнын құру жолдары.Қазақ тілі мен әдебиеті.1992. № 4.

Әдебиет пәнінің негізі – көркем шығарманы оқыту

1. Әдебиетті оқыту әдістері.

Оқыту процесі, оның екі жақты мәні. Оқыту әдістерін негіздейтін принциптер. Әдістердің өзара сабақтастығы, жекеленген әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асатыны. Әдістерді жүйелеу мәселелерінің зерттелуі, шешімдері (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, Н.И.Кудряшев).

Творчестволық оқу әдісі. Бұл әдістің шығарманы оқытуда қолданылатыны, мақсат міндеттері. Творчестволық оқу әдісінің әдістемелік тәсілдері.

Эвристикалық әдіс. Эвристикалық әдістің оқытудағы мақсаты, оқушылардың алғашқы шығармаларын оқудағы эмоциональдық көңіл күйінің интеллектуальдық қалыпқа ауысуындағы алатын орны. Эвристикалық әңгімедегі ізденушілік бағыт. Эвристикалық әдісті жүзеге асыру тәсілдері.

Зерттеу әдісі. Зерттеу әдісінің қолданылу мақсаты, орны. Әдебиетті проблемалық түрде оқыту. Проблемалық сұрақтардың шешуші ролі. Дәстүрден тыс сабақтардағы зерттеу әдісімен жұмыс істеу тәсілдері. Зерттеу әдісінің дамыта оқытуда, оқушының қызығушылығын арттыруға жасайтын игі ықпалы.

Репродуктивтік әдіс. Репродуктивтік әдіспен жұмыс істеу түрлері, әдіске тән амал-тәсілдер. Әдістің тиімділігі.

Оқыту әдістерінің сабақтастығы, оқу материалы мен сабақ мақсатына байланыстылдығы.

2. Көркем шығармамен жұмыс істеу реті мен кезеңдері.

Кіріспе сабақтар. Кіріспе сабақтардың мазмұны мен маңызы. Кіріспе сабақтардың түрлері, оларға бөлінетін уақыт. Кіріспе сабақтардағы пәнаралық байланыс.

Көркем шығарманы оқыту мен талдау кезеңі. Көркем шығарманы оқытудың түрлері, мәні, мақсаты. Үйде оқудың нәтижелі болуына мұғалімнің жетекшілігі. Шығарманы талдаудың күрделілігі. Мәтінді талдауға әзірлеу (сабақтарға бөлу, материалды көтерілген мәселелерге жүйелеу, т.б.). Талдау жолдары. Тура және «астыртын» тәсілдерді пайдалану.

Қорытынды сабақтар. Қорытынды сабақтардың мақсаты, оларға қойылатын талаптар. Қорытынды сабақ мәтінді талдаудың жауапты кезеңі. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге бейімдейтіні.

3. Көркем шығармаларды жанрлық ерекшеліктеріне тән оқыту.

Эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері У-У1, УП-УШ, 1Х-Х1 сыныптарда талдпудың өзіндік талаптары эпикалық шығармаларды сюжеттік, композициялық негізіне қарай талдау жолдары. Образдық талдау жасатудың талаптары мен әдіс-тәсілдері. Проблемалық талдау.

Лириканы оқыту. Лириканы көркемдік табиғаты мен оны оқып талдаудың сабақтастығы. Лирикалық шығармаларды У-УШ, 1Х-Х1 сыныптарда оқытудың ерекшелігі, жолдары, теориялық жағынан оқып үйренудің мәні, бағдарламалық талабы.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қоңыратбаев Ә. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы. Алматы, 1987.

2. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы.Алматы, 1969.

3. Кудряшев Н.И. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы.М., 1981.

4. Никольский В.И. Методика преподав. лит-ры в средней школе.М., 1971.

5. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. Алматы, 1979.

6. Ақшолақов Т. Мектепте әдеби шығарманың компоненттерін оқыту. А:,1974.

7. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. Алматы, 1982.

8. Тасболатов Қ. Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Алматы, 1974.

9. Дайырова Ә. Орта мектепте І.Жансүгіровтің шығ-рын оқыту жолдары. –А:, 1974.

10. Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. Алматы,1974.

11. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997.

12. Сүлейменова Қ. Қазақ совет әдебиетін оқытудың кейбір мәселелері.-А:, 1982.

13. Маранцман Б., Чириковская Т. Проблемное изучение литературного произведения в школе. М., Просвещение, 1977.

14. Нұрмұқанов Ж. , Дайырова Ә. Орта мектепте лириканы оқыту. Алматы, 1991.

15. Әбілқасымова К. Талдай білген ұтады. Қазақ тілі мен әдебиеті, 1994, № 2.

Әдебиет сабағы және сыныптан тыс жұмыстар

1. Әдебиет сабағы және оның түрлері.

Әдебиетті оқытудағы сабақтың негізгі оқыту түрі екендігі. Әдебиет сабағының басқа оқу пәндерінен айырмашылығы. Сабақта оқушы мен оқытушының жұмыстарының арақатынасы. Қазіргі әдебиет сабағына қойылатын талаптар. Дәстүрден тыс сабақтар. Сабақтың тәрбиелік мәні, мазмұны. Сабаққа дайындалу жолдары. Сабақ құрылысы. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар, сабақтың шартты кезеңдерінің жоспарлануы. Үйге тапсырма және тексеру, бағалау. Үйге берілетін тапсырманың педагогикалық, әдістемелік негіздері. Әдебиет сабағында көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері.

2. Шығарма жаздыру әдістемесі.

Мектептегі шығарма жаздырулдың мәні, атқаратын қызметі. Шығарма түрлері. У-УШ, 1Х-Х1 с ыныптарда шығарма жаздыру жұмысының ерекшеліктері. Шығарма - әдеби шығарманы талдау әдісі және тіл дамытудың тиімді құралы.

Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын молайтуға арналатын жұмыс түрлнрі. Шешендік өнерге баулу, төселдіру жолдары.

3. Сыныптан тыс жұмыстар.

Сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың түрлері, әдебиетті оқытудан алатын орны. Сыныптан тыс жұмыстардың сабақ мазмұнымен байланыстылығы. Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға бейімдейтіндігі. Әдеби кеш, мерекелер, конференция, үйірме жұсмыстарын өткізудің принциптері.

Оқушыларды кітапты өз бетімен оқуға тәрбиелеуді сыныптан тыс оқудың ролі. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру, бақылау жолдары.

Әдебиеттер

1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. Алматы, 1985.

2. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. Алматы, 1994.

3. Құрманбаева Г. , Дүйсебаева С. Әдебиет сабақтарының үлгілері.Алматы, 1999

4. Дайрабаев Е. Мектепте шығарма жаздыру методикасы. Алматы, 1963.

5. Тілешова С. Әдебиет сабағында жазу жұмыстары. Алматы, 1971.

6. Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. Алматы, 1987.

7. Мұхтаров Ә. Оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары.Алматы, 1997.

8. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің іс-тәжірибесінен. Алматы, 1972.

9. Жұмажанова Т.Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы, 1995.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің

Ғылыми кеңесінде бекітілді.

30.06.2009 жыл. Хаттама № 10

Ғалым хатшы Тазабекова Е.Т.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет