БАҒдарламасы алматы 2012 Бағдарлама «050419 Музей ісі және ескерткіштерді қорғау»



Дата10.06.2016
өлшемі134.2 Kb.
#126349
түріБағдарламасы
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі





Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

____ хаттамасымен



бекітілген




«6М041900– МУЗЕЙ ІСІ ЖӘНЕ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН

МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

Бағдарлама «050419 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар т.ғ.к., доцент Т.Е. Картаева, т.ғ.к., аға оқытушы Н.Ю. Сойкина.


Бағдарлама кафедра мәжілісінде қарастырылған

Хаттама № _______ _________________2012 ж.

Кафедра меңгерушісі__________________ А.Б. Қалыш

Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Хаттама №______ __________________2012 ж.

Әдістемелік бюро төрайымы__________ О.Х. Мұхатова

Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

Хаттама №______ ________________ 2012 ж.

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы ____________________ Ж.Қ. Таймағамбетов

Ғалым хатшы ____________________ Т.Е. Картаева



МАЗМҰНЫ



  1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері

6М041900 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған емтихан сұрақтары олардың жалпы білімінің ортақ деңгейін және ғылыми білімінің деңгейінің дайындығын анықтауға арналған.



Міндеттері:

  • музей қызметінің теориялық-әдістемелік негізі және музеологиялық зерттеулер туралы білім деңгейін анықтау;

  • кешенді сараптау жасау, ғылыми әдебиеттер мен тарихи деректерді қолдану әдістерін игеру;

  • алған теориялық білімдерін қолда бар материалды талдауға қолдана білу;

  • музейлік мәселелерді салыстырмалы зерттеуде шығармашылық-сараптаушылық қабілетін қолдана білу;

  • зерттеу тақырыбы бойынша жиналған материалдарды сараптау және жүйелей білу;

  • музей қорларын комплектациялаудың бағыттары мен міндеттерін білу;

  • тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, консервациялау және реставрациялау туралы білімдер игеру;

  • отандық және шетелдік музеология бойынша еркін білімдерінің болуы.

Түсу емтиханының формасы – аралас, жазбаша-ауызша емтихан. Емтихан тапсырушы емтихан сұрақтары бойынша өзінің жауаптарын жауап парағына жазып, емтихан комиссиясына ауызша жауап береді. Апелляция берілген жағдайда жауап парағындағы жазбаша жауаптары қарастыруға негіз болады.
2. Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талап

Алдыңғы білім деңгейі – жоғары базалық білім (бакалавриат).

Емтихан тапсырушылардың аталған сала бойынша халықаралық және отандық заңдылық базасы жайында тұрақты білімдері мен ұсыныстары болуы керек. Оларда музейдегі есептік құжаттармен жұмыс жасау дағдысы, музей экспозициясын және көрмелерді жобалау туралы мағұлмат білуі, музей мекемесінде маркетинг және басқару, музей колллекцияларын қорғау және сақтау, музей коммуникациясы және экскурсиялық қызметінде білімдері болуы керек.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері

Мамандық бойынша келесі базалық және кәсіптік пәндер пререквезиттері болып табылады: «Музейтануға кіріспе», «Қазақстан музейлерінің тарихы», «Ғылыми-қор жұмысы», «Музей экспозициясы».



4. Емтихан тақырыптарының атауы
«Музейтануға кіріспе» пәні
1. Музейтану ғылыми пән ретінде. Музейтанудың міндеттері. Зерттеу объектісі және музейтану пәні. «Музеография», «музеология», терминдері. Термины «музеография», «музеология». Музей ісінің тарихы және оған қатысты шетелдік және отандық авторлардың негізгі еңбектері.

2. Музейтанудың танымдық түсініктері. Музей ісі және оның бағыттары. Арнайы танымдар. Негізгі деректер.

3. Музейлер классификациясы. Музейлердің кәсіптік түрлері: техникалық, тарихи, өнер және т.б. Музей типтері. Ашық аспан астындағы музейлер. Музей-қорықтар. Музей-үйлер. Мемориалдық музейлер. Музей квартиралар.

4. Музей және оның қызметі. Музейлердің әлеуметтiк қызметі. Құжаттау қызметтері. Бiлiм беру және тәрбиелік қызметі. Негізгі қызмет бағыттары: танымдық, үгiт-насихат, адамгершiлiк-тәрбиелiк, эстетикалық-тәрбиелiк. Музейлердің әлеуметтiк қызметтерді дамытуы. Әлеуметтiк мәдениет қызметiндегi музейдің мәдени-ағарту жұмысының ролi. Музей және қоғам. Адамның әлеуметтік дамуындағы музейлердің ролi.

5. Музей ісінің тарихы. Музейлердің пайда болуының алғышарттары. Музей сөзiнiң этимологиясы. Музейлердің пайда болу тарихының негiзгi тұжырымдамалары. Тарихи дамудың әртүрлi кезеңдерiндегі музей iсiнiң тарихы. Алғашқы музейлер. Алғашқы жаратылыстану тарихи музейлердің, «кунсткмера» және кабинеттердің пайда болуы.

6. XVIII-XIX ғғ. әлем музейлері. Музей жинақтарының мазмұны, тарихы, классификациясы. Көркемөнер музейлерінің қалыптастыру. Ұлттық музейлерді қалыптастыру және ұйымдастыру. ХІХ-ХХ ғғ. басындағы музей ісінің тарихында бүкiләлемдiк көрмелердiң ролі. Арнайы мамандандырылған музейлердің дамуы. Европа елдерінде музей ісінің дамуы. Лувр, Прадо, Британ музейі, Дрезден сурет галереясының қалыптасу тарихы.

7. КСРО-дағы музей ісінің дамуы. Қазан төңкерiсінен кейiн музей iсi мазмұнының өзгерiсi. Музей құндылықтарының ұлттық көрінісі. Мемлекеттiк музейлер желiсiнiң қалыптасуы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы музейлер қызметi. Соғыс жылдарынан кейінгі музейлер. 1960-80 жылдардағы КСРО-дағы музей ісі. Музей туралы жаңа ережелердің жазылуы мен қабылдануы.

8. Қазақстандағы музей ісі. Қазақстандағы музейлердің қалыптасуының тарихи-мәдени алғышарттары. Төңкерiске дейiнгі Қазақстан музейлері. Кеңес үкiметi жылдарында музей iсiнің ұйымдастырылуы. ҚР Мемлекеттiк Орталық музейінің тарихы, оның коллекциясының тарихы және қазiргi қызметі. А.Қастеев атындағы өнер музейі және оның қызметiнiң бағыттары.Жаңа музейлердің қалыптасуы. Ірi музейлер және ҚР музей-қорықтары.

9. Халықаралық музей ұйымдарының қызметі. Музейлердің халықаралық кеңесі (ICOM). Жарғы, мақсаттар және ИКОМ міндеттері. ИКОМ құрылымы және қызметі. ИКОМОС - ескерткiштер мен тарихи орындарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес. Жарғы, мақсат және ИКОМОС міндеттері. Музей iсiн дамытудың негiзгi басым бағыттары.

10. Ғылыми-қор жұмысы. Музей қорының ұғымы. Классификация және систематизациясы. Сараптау. Сақтау және қорғау. Музей заттарын консервациялау және реставрациялау. Тасымалдау.

11. Экспозициялық жұмысы. Музей экспозициясы ұғымы. Экспозиция ісі тарихы. Жобалау әдісі. Ғылыми, көркем және жұмыс жобасы. Экспозициядағы қазіргі заманғы технологиялар.

12. Музейлердің ғылыми-ағартушылық жұмысы. Музей педагогикасының тарихы. Музейдегі мәдени-ағарту жұмысының мәні. Оның түрлерi. Экскурсиялық тәжiрибенiң қалыптасу тарихы. Экскурсиялардың түрлерi. Экскурсияны өткiзудің әдiстемесі, экскурсия өткiзудің формасы.

13. Музейдің ғылыми-зерттеу жұмысы. Міндеттері. Жоспар жасау. Составление планов. Жинақтау, өңдеу, сақтау және музей қорын қолдану жұмыстарын ғылыми қамтамасыз ету. Экспозиция және көрме жоспарлауда ғылыми-зерттеу жұмысының ролі. Ағартушылық жұмыста ғылыми зерттеу нәтижелерінің енгізілуі.

14. Музейлік менеджмент және маркетинг. Музейдегі басқару. Комерциялық емес мекемелер маркетингі. Музей жарнамасы. Музей дүкені. Қосымша табыс көздері. Фандрейзинг.

15. Коллекционирование как явление культуры. Коллекция ұғымы. Коллекция жинаудың себептерi. Коллекция жинаудың бағыттары: ғылыми, оқу, әуесқойлық. Коллекция жинаудың бағыттары: өнер, жаратылыстану-ғылыми, «ерекше заттар» кабинеттерін жасау. Коллекция жинаудың түрлері.
«Ғылыми-қор жұмысы» пәні
1.Қорды ғылыми ұйымдастыру. Музей қорының қалыптасуындағы негізгі жағдайлар. Қордың мазмұны және олардың музей профиліне сәйкес келуі. Қорды ғылыми ұйымдастырудың ерекшелігі. Музей коллекциясын жасау және оның түрлері. Музей қорларының құрамы мен құрылымы.

2. Музей заттары білім дерек ретінде. Музей деректерінің типтері. Музейдегі материалдық және материалдық емес ескерткіштер. Музей заттарын игеру негіздері. Музей заттарының ерекшелігі, типтілігі, раритеті. Ғылыми-қосымша материалдар. Туындылар және оның ролі. Макет, модель, муляж,құйма, реплика, жаңғыртпа.

3. Музей қорын зерттеу. Музей заттарының классификациясы, оның түрлері. Музейдегі заттар негізінде оларды топтау. Әрбiр затқа анықтама беру, оның құндылығын анықтау, заттағы мәліметтерді ақпараттық топтау. Интерпретация: мұражай заттарын білім көзі ретінде сыни талдау.

4. Музей заттарының атрибуциясы. Музей заттарын атрибуциялау. Оның маңызды белгiлерiнiң анықталуы. Мұражай заттарын анықтаудағы әдiстеме.

5. Қорды жүйелеу жұмыстарын ұйымдастыру. Жүйелеу әдістері. Жүйелеу түрлері. Коллекция түрлері. Әртүрлі бағыттағы музей қорларының жүйелеу бағыттары.

6. Музей қорын жүйелеудің ғылыми әдістерінің негіздері. Қорды жүйелеу кезеңдері. Фактілерді анықтау. Зерттеу нысанын анықтау. Музейлік құндылығы бар заттарды жүйелеудің негізгі мәселелері. Қорды жүйелеуде қор сатып алу комиссиясының ролі. Қорды жүйелеу деректері.

7. Музей қорын есепке алудың міндеттері. Қорды есепке алу міндеті. Музей қорын есепке алу ісінің қалыптасу тарихы. Негізгі заңдық құжаттар: қабылдау актісі, өткізу актісі, қабылдау кітабы, тіркеу кітабы. Қор құжатын тіркеу және сақтау тәртібі. Тіркеу құжатына заттың ғылыми дерегін түсіру. Қор құжатын санаққа алу әдісі және нұсқау түрлері.

8. Тіркеу құжаттамасы. Музей қорларын тіркеудің негізгі сатылары. Заттарды музейге қабылдау және оның алғашқы инвентаризациясы. Құжаттама түрлері, олардың бағытталуы, толтырылуы. Түсім кітаптары. Арнайы тіркеу кітабы. Тіркеу карточкасы – музей заттарын ғылыми сипаттау және тіркеу формасы.

9. Музей қорларын ғылыми каталогтау (Музей каталогтары және олардың жүйесі. Каталогтың бағытталуы, олардың қолданылу салалары. Каталог түрлері. Каталогтық карточкалар түрлері. Қағаз және элекьтронды каталогтар. ААЖ (автоматты ақпараттық жүйелер) құру.

10. Музей қорларын сақтау тәртіптері. Музей қорларын сақтау түсінігі. Музей ғимаратының жабдықталу және аумағының ерекшелігі. Қор ғимараттарын сақтау тәртібі. Музейдегі өрттен қорғану әдісі. Температуралық тәртіп. Ылғалдылық тәртіп. Жарық тәртібі. Ауа ластаушыларынан сақтау. Биологиялық тәртіп. Механикалық бұзылулардан сақтау. Қатерлі жағдайларда музей қорларын сақтау.

11. Музей қорларын сақтау жүйесі. Сақтаудың жеке және кешенді жүйесі. Қорлардыға заттарды деректердің түрлеріне, материалдарға, бағытталуына, мазмұнына қарай бөлу. Қор сақтау бөлімдерінің жабдықтары, түрлері. Заттарды экспозицияда сақтау ерекшеліктері.

12. Музей заттарын тасымалдау. Нақты бір заттарды тасымалдау мүмкіндігін анықтауда реставрациялық кеңестің алатын орны Заттардың топтарға бөлу. Музей заттарын буып түю. Заттардың салмағын, көлемін, салмағын есепке ала отырып буып түю. Музей заттарын қабылдап алу ерекшеліктері.

13. Музей заттарын консервациялау және қалпына келтіру. «Қалпына келтіру» терминінің түсінігі. Қалпына келтірудің негізгі мақсаты – заттың алғашқы бет-бейнесін қалпына кетіру. Музей заттарын қалпына келтіру әдістемесі. Қалпына келтіру жұмыстарының әдістері. Қалпына келтіру жұмыстарының құжаттамасы. Қалпына келтіру комиссиясының қызметтері.

«Қазақстан музейлері тарихы» пәні
1. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі Қазақстан музейлері. Қазақстанда музейлердың пайда болуынының алғышарттары. Жалпыресейлік көрмелер. ОРГ және өлкетанушы ғалымдар қызметі. Облыстық статистикалық комиттердің құрылуы.

2.Семей округтық музейінің құрылуы. Семейде музейдің құрылуы. Бүкілресейлік көрмеге Семей музейінің қатысуы. Музейдің қызметі. Ағайынды Белослюдтардың үй музейі.

3. Жетісу облыстық музей. Құрылуы және музейдің қызметі. Облыстық музейдің қалыптасуындағы Н.Н.Пантусовтың қызметі. Музей коллекцияларының тарихи қалыптасуы. В.Е.Нездвецкий және Н.С.Хлудов.

4. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы музей жүйесі. Қазан төңкерісінен кейінгі кезендегі өлкетану жұмысының дамуы. Жаңа музейлер қалыптастыру туралы. Міндеттер. Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Ақмола, Қарағанды аймақтарында.

5. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан музейлер жүйесі. Ә.Қастеев атындағы өнер музейі. Кітап музейі. Музыкалық аспаптар музейі. Ғылым Академиясы музейі. Кеңестік қоғамдағы музейлер ролі.

6. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан дағы музей мекемелері. Қазақстанның музейтану ісінің мақсаты мен міндеттері. Жаңа музейлердің қалыптасуы ИКОМ және ИКОМОС Қазақстанның мүше болуы. Музейтанудағы қазіргі басылымдар.

7. Музей кешен-қорықтар. "Әзірет сұлтан" мемлекеттік корық-музейі. "Отырар" музей қорығы. Семей қаласындағы Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық "Жидебай-Берш" музей қорығы. "Ордабасы" мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы. Тамғалы. Қазақстанның музей жүйесіндегі кешендердің мәні мен маңызы.

8. Аймақтық дәрежедегі музейлер. Жамбыл облыстық тарихи өлкетану музейі. Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі. Қызылорда, Ақтөбе, Талдықорған тарихи өлкетану музейі. Жергілікті өлкетану мен білім беру дамуындағы облыстық тарихи өлкетану музейларының pолi мен маңызы.

9. Қазақстанның мемориалдық музейлері. Алматы облысындағы Жамбыл мемориалдык музейі. "Әуезов үиі" ғылыми-мәдени орталығы. F.Mycipenoв және С.Мұқанов мемориалдық муражайлары. Академик К.И.Сәтпаевтың мемориалдық музейі.

10. ҚР ОММ. Музейдің құрылу тарихы. Қазіргі қызметінің бағыты. ҚР ОММ экспозициялық-көрмелік жұмысы. Музей бөлімдері және олардың жұмысы.


«Музей экспозициясы» пәні
1. Экспозиция ісінің тарихы. «Музей экспозициясы» түсінігін талдау. Жиналған коллекцияларды ашу. Протоэкспозиция элементтері. Қайта өркендеу дәуірінде коллекция көрсетудің ерекшелігі. Ағарту. ХІХ ғасырдың аяғындағы коллекцияларды демонстрациялы көрсету. Музей экспозициясын дамыту тенденциясы.

2. Экспозиция құру принциптері. Ғылымилылық, ғылыми шынайылық, заттық, комуникативтілік, идейялық, түсім және әрқырлылық прициптері. Экспозиция материалдарын топтау және интерпретациялаудың принциптері: тарихи-хронологиялық, кешенді-тақырыптық, өзектілік. Өнер музейлері экспозициясын құру ерекшеліктері: декоративті кешен, академиялық қатар, фокустағы экспонат, мәселелік топтау.

3. Экспозицияны жобалау әдістері. Экспозицияны жобалау әдістерін жасау. Классификациялау (А.Михайловская, Ф.Кротов, М.Гнедовский, Т.Поляков). Жүйелеу, тақырыптық, ансамбльдік, ландшафтық әдістер.

4. Экспозициялық әдістер. Музейлік зат экспозициялық материалдың бірі ретінде. Экспозициядағы ғылыми-көмекші материалдар. Шығармалар. Олрадың түрлері (көшірмелер, репликалар, жаңғыртпалар, құймалар, макеттер, модельдер, муляждар), орналастыру және олардың экспозициядағы ролі. Экспозициядағы мәтіндер. Көрсеткіштер. Аудиовизуальды қондырғылар.

5. Экспозицияны ғылыми жобалаудың ерекшеліктері. Экспозицияны жобалаудың алғашқы кезеңінің мазмұны. Тақырыпты құру, әдебиеттерді және деректерді зерттеу. Жобалау кезеңінде ғылыми қызметкерлер жасайтын құжаттар түрлері. Ғылыми тұжырымдама жасау. Тақырыптық құрылым, кеңейтілген тақырыптық құрылым. Экспозициялық материалдарды жинақтау.

6. Экспозициялық кешен. Танымдарды анықтау. Музейлік натюрморт. Қойылатын кеңістік. Экспозициялық кешен құрамы (біртипті немесе әртипті материалдар). Экспозициялық кешенді құрау және қалыптастыру әдістері. Экспозициялық орта және жетекші экспонаттарды таңдау. Тапсыру құжаттарын қабылдау. Салыстыру. Бірінші, екніші және жасырын бағыттарын ашу.

7. Тақырыптық-экспозициялық жоспар. ТЭЖ жасау ерекшелігі. ТЭЖ жасау уақытын таңдау. ТЭЖ құрылымы. ТЭЖ-ға қосымша (авторлық мәтіндер, ғылыми-көмекші материалдарды жасау. Техникалық құралдарды пайдалана отырып, экспозицияны жобалаудың сценариін жасау.

8. Экспозицияны көркем жобалау. Музей экспозициясының сәулет-көркем щешіміне қазіргі заманғы талап. Экспозиция жалына сәулеттік талап. Экспозицияның сипаты, оған жету жолдары. Музей заттарының әртүрлерін экспозициялау ерекшелігі.

9. Бас шешім және эскиздік жоба. Эскиздік жобаны жүзеге асыру ерекшелігі. Экспозициялық белдеу. Экспонаттарды орналастыру әдістері. Ғимараттың көлемі және экспозициялық бағытты жоспарлау. Музейлік дизайн. Экспозициялық зал, витринаны жарықтандыру. Зал және экспозициялық жиһаздарды безендіру түсі. Экспозициялық ансамбль жасау. Музей экспозициясының психологиялық аспектілері.

10. Экспозицияны техникалықжұмыс жобалау. Көркем-орындау, жөндеу-құрылыс және әрлеу жұмыстары. Инженерлік шешімді жүзеге асыру. Экспозиция монтажы. Дайын экспозицияны қабылдау. Экспозицияны ашуға және вернисажға дайындық. Экспозицияның қорғау-топографиялық тізбесі. Экспозицияны насихаттау.

11. Музейдің көрмелік жұмысы. Музейдің көрмелік қызметінің ерекшелігі. Музей көрмесін жобалау ерекшелігі. Музей көрмесінің классификациясы мен типтері. Көрме түрлері: тақырыптық, қор, есептік. Музейдегі көрме қызметі. Қазіргі заманғы өнер көрмелері.

12. Экспозициядағы техникалық қондырғылар. Мағынасы, міндеті, музей экспозициясында қазіргі заманғы технологияларды пайдалану әдістері. Аудиовизуальды қондырғылар түрлері. Оларды қолдану әдістері. Голографиялық қондырғылар. Қазіргі заманғы музейлердегі аудиогидтер. Музейге электронды жолсеріктер. Әлем музейлеріндегі интерактивті экспозициял.



5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:

  1. Музейная экспозиция. Теория и практика. Искусство экспозиции. Новые сценарии и концепции. - М.,1997.

  2. Система научного описания музейного предмета: классификация методика, терминология. Справочник. – СПб., 2003. – 408 с.

  3. Музееведение. Музеи мира. - М., 1991

  4. Музейная экспозиция. На пути к музею XXI века. - М., 1997.

  5. Калугина Т.П. Художественный музей как феномен культуры.- СПб., 2008

  6. Каулен М.Е. Экспозиция и экспозиционер. - М., 2001.

  7. Музей и новые технологии/ под ред. Никишина Н.А. - М., 1999.

  8. Мазный Н.В., Поляков Т.П., Шулепова Э.А. Музейная выставка: история, проблемы, перспективы. – М., 1997.

  9. Поляков Т.П. Мифология музейного проектирования. – М., 2003.

  10. Музей. Маркетинг. Менеджмент. – М., 2001

  11. Музеи в период перемен. – СПб.: Контрфорс, 1997.

  12. Музей будущего: информационный менеджмент. – М., 2001.

  13. Пономарев Б.Б. Несовершенный музей в несовершенном мире. – М.,

2002.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Пул Дж. Когда менеджмент приносит деньги: руководство для культурных учреждений разных стран. – Спб., 1997.

  2. Решетников Н.И. Комплектование музейных фондов. - М., 1997.

  3. Актуальные проблемы фондовой работы музеев. - М., 1979, 1980, 1981.

  4. Кучеренко М.Е. Научно-фондовая работа в музее. - М., 1999.

  5. Вопросы охраны и использования памятников искусства и культуры. -М., 1990; 1992.

  6. Вопросы изучения истории и культурного наследия Казахстана. - А., 1998

  7. Проблемы изучения и сохранения исторического наследия. - А., 1998

  8. Юренева Т.Ю. Музей в мировой культуре. – М.: Рус. слово, 2003.

  9. Музей в современном мире: традиционализм и новаторство/ сост. Л.И. Скрипкина. – М.: ГИМ, 1999. (Труды Государственного Исторического музея; вып. 104).

  10. Музей как сообщество в условиях глобализации/ М-во культуры Рос. Федерации, Рос. ком. междунар. совета музеев (ИКОМ России). – М.: ИКОМ России, 2002.

  11. Мерекеева С.К. Музеи Казахстана. – А., 2009.

  12. Галкина Е.Л. Этнографические источники в музее: проблемы интерпретации/ М-во культуры Рос. Федерации, Рос. ин-т культурологи. – М., 1998.

  13. Хадсон К. Влиятельные музеи/ пер. с англ. Л.Ю. Мотылев. – Новосибирск: Сиб. хронограф, 2001.

  14. Атрибуция музейного памятника: справочник/ М-во культуры Рос. Федерации, Рос. этногр. музей; под ред. И.В. Дубова. – СПб.: Лань, 1999.

  15. Охрана и использование памятников культуры/ Моск. гос. ун-т культуры и искусств; [сост. С.М. Шестова]. – М.: МГУКИ, 2004.

  16. Культурно-образовательная деятельность музеев. - М., 1997.

  17. Реставрация музейных ценностей: науч. и практ. работы/ отв. ред. М.В. Юсупова. – М.: ГИМ, 1999.

  18. Российская музейная энциклопедия: в 2 т./ Рос. ин-т культурологи; [редкол.: В.Л. Янин и др.]. – М.: Прогресс, 2001. – 2 т.

  19. Мұсаева С.Т. Музей менеджменті және маркетингі.- Алматы, 2006

  20. Раимханова К., Хатран Д. Музей ісінің теориясы мен практикасы.- Алматы, 2002


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет