БАҒдарламасы алматы 2012 Бағдарлама «6М020300-Тарих»



Дата09.06.2016
өлшемі203.07 Kb.
#124579
түріБағдарламасы
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТІЛДІ

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысы

Хаттама № _______

«______» _____________ 2012 ж.
«6М020300-Тарих»
МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА

ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕМТИХАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

Бағдарлама «6М020300-Тарих» мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес дайындалған
Бағдарламаны дайындағандар: т.ғ.д., профессор Қ.Т.Жұмағұлов; т.ғ.д., профессор Т.О. Омарбеков; т.ғ.к., доцент К.Е.Абикенова; т.ғ.к. А.М.Уразбаева, т.ғ.к. Беделова Г.С.

Бағдарлама Қазақстан тарихы кафедарысының отырысында қаралды

Хаттама № ______, «____» ___________ 2012 ж.

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі ____________ Т.Омарбеков

Бағдарлама дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедарысының отырысында қаралды

Хаттама № ______, «____» ___________ 2012 ж.

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және

деректану кафедрасының меңгерушісі ____________ Қ.Т.Жұмағұлов


Тарих, археология және этнология факультетінің әдістемелік Бюро отырысында мақұлданды

Хаттама № ______, «____» ___________ 2012 ж.
Әдістемелік бюро төрайымы, т.ғ.д.

профессор ____________ О.Х.Мұхатова


Ғылыми Кеңес отырысында бекітілді

Хаттама № ______, «____» ___________ 2012 ж.
Ғылыми Кеңес төрағасы,

факультет деканы ____________ Ж.Қ.Таймағамбетов


Ғалым хатшы ____________ Т.Е.Қартаева


МАЗМҰНЫ
«6М020300-Тарих» мамандығы бойынша магистратураға түсу сұрақтары, тарих ғылымының негізгі салалары бойынша жалпы білім деңгейін анықтауға бағытталған. Соның ішінде, теориялық-әдістемелік, деректанулық, тарихнамалық аспектілермен қатар, кең ауқымды фактологиялық материалдар да қамтылған.

Магистратураға түсу емтиханының мақсаты - абитуриенттің кәсіби біліктілік деңгейін, ғылыми-зерттеу жұмысына бейімділігін, жалпы жеке тұлғалық мәдениеттілігі және магистратурада оқуға дайындығын айқындау.
Магистратураға түсу емтиханының міндеттері:

  • Отандық және дүние жүзі тарихының ауқымды мәселелері шеңбері бойынша теориялық және фактологиялық білім деңгейін;

  • Тарихи деректерді игеріп, ғылыми әдебеттерге сыни талдау жасйа алуын;

  • Тарихи терминдер мен ұғымдарды жеткілікті деңгейде игергендігін;

  • Берілген сұрақтарға жауап беруде жалпы ғылыми дедукция, индукция, синтез, талдау, аналогия әдісі, ретроспекция, өзектілендіру сияқты әдістерін пайдаланудағы эвристикалық және аналитикалық мүмкіндіктерін;

  • Отандық және дүние жүзі тарихының әртүрлі мәселелері бойынша маман ғалымдардың еңбектерін білуін;

  • Отандық және дүние жүзі тарихының әртүрлі кезеңдері тарихи деректерінің негізгі кешендерін білуін;

  • Материалды жеткізуде тарихи карталар мен сызбаларды пайдалану алуын;

  • Өз ойын логикалы, дәлелді, дәйекті жеткізе алу, шешендік өнері мен өз пікірін қорғай алу мүмкіндігін айқындау.

Емтихан формасы – аралас (ауызша, жазбаша эссе)
2. «6М020300-Тарих» мамандығы бойынша магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талап

«6М020300-Тарих» мамандығы дүние жүзі және Отан тарихы салаларынан жоғары білікті маман даярлауға негізделген.

Аталған мамандық бойынша магистратураға түсушілер:


  • келесі мәселелер ауқымында білімдерін көрсетуге тиіс: тарихи процесстің теориясы мен методологиясы, отандық және шетел тарихнамасы, дүние жүзі және Отан тарихының деректануы, ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы, Ортағасырлар, жаңа және қазіргі замандағы Европа мен Америка, Азия мен Африка тарихы;

  • бүгінгі таңдағы тарих ғылымының түбегейлі және өзекті мәселелері туралы тұрақты түсінігі болуы керек;

  • гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылым салаларының негізгі ілімдерімен таныс болуы, әлеуметтік маңызды мәселелерді ғылыми талдай алуы, әртүрлі кәсіби және әлеуметтік қызметте осы ғылымдар әдістерін пайдалана білуі қажет;

  • зерттеушілілік және оқытушылық қызметке бейім болуы тиіс;

  • ойлау мәдениетін игеріп, оны ауызша және жазбаша жүйелі жеткізудің заңдылықтарын игеру қажет;

  • кәсіби лексиканы өз қызметінде сауатты пайдалануды білу мен игеруі тиіс;

  • ҚР мемлекеттік тілін жетік меңгеріп, шетел әдебиетін оқып, пайдалана алуы тиіс.



3. 6М020300 – «Тарих» мамандығы магистратурасының білім беру бағдарламасының пререквизиттері:
Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы - 3 кредит

Ортағасырлар тарихы – 3 кредит

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы– 3 кредит

Европа және Американың жаңа және қазіргі заман тарихы – 3 кредит


4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы» пәні


  1. Ежелгі дәуірдегі Қазақстан. Қазақстан –Еуразия территориясындағы ежелгі адамдардың таралу аймағы. Қазақстан территориясындағы палеолит, мезолит, неолит кезеңінің археологиялық мәдениеттері. Қола дәуірі мәдениетін ің қалыптасу мәселесі және таралу аймағы.

  2. Евразия аймағындағы ежелгі этносаяси және этномәдени процестер. Ерте темір дәуіріндегі тайпалық құрылымдар, уйсіндер мен қаңлылардың этникалық және тілдік ерекшеліктері. Ұлы Жібек Жолы: көшпелі және отырықшы - жер өңдеуші өркениеттердің өзара байланысы. Ғұндар (сюнну) империясы. Еуразия халықтарының Ұлы қоныс аударуындағы ғұндардың рөлі.

  3. Еуразия халықтарының саяси тарихындағы түркі дәуірі. Жазбаша және археологияқ ескерткіштер. Түрік қағанатының құрылуы мен саяси тарихы. Қазақстан Батыс түрік қағанатының құрамында: құрылуы, территориясы, этникалық құрылымы. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан территориясындағы түргеш, қарлұқ қағанаттары. Қазақстан территориясындағы оғыз мемлекеті. Қазақстан Қарахан мемлекетінің құрамында. Орталық және Шығыс Қазақстандағы Қимақ қағандығы. Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтар.

  4. Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті. Түрік-иран-араб мәдени синтезі, жаңа түрік элитасы санасындағы мультилингвизм және универсализм түсініктері. Әбу Насыр әл-Фараби Х – XII ғғ. Ұлы ғалымдар феномені. Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмед Яссауи, Сулейман Бақырғани шығармашылық мұраларының әлемдік мәдениеттегі орны.

  5. Еуразияның этносаяси тарихындағы монғол дәуірі. Еуразияның этносаяси картасына моңғол факторының әсері туралы жаңа көзқарастар. Қазақстан моңғол жаулап алушылығы қарсаңында. Шыңғысхан және моңғол мемлекетінің құрылуы. Шыңғысхан мемлекетінің әскери-потестарлық құрылымы. Қазақстан мен Орта Азиядағы моңғол жаулап алушылығы: себептері, нәтижелері, салдары. Ұлыстардың құрылуы және олардың территориясы. Қазақстан Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының құрамында.

  6. Ортағасырлық мемлекеттер ( XIIIғ. соңғы ширегі – XVғ. ортасы.) Алтын Орда және оның түркіленген тайпалар мен түркілердің этносаяси бірлестігіндегі рөлі. Ақ Орда (XIIIғ. аяғы- XVғ.басы) – алғашқы мемлекеттік этникалық негіздегі ірі мемлекеттік құрылым, Қазақ хандығының құрылуы. Жетісу мен Қашқардағы түркіленген тайпалар және Шағатай ұлысының құлауы негізінде қалыптасқан жергілікті түркілік құрылымдардан құрылған Моғолстан. Көшпелі өзбек мемлекеті. Ноғай Ордасы.

  7. XIII-XV ғғ. Қазақстанның материалдық және рухани мәдениеті. Дешті Қыпшақ аймағындағы түрік, моңғол және ислам дәстүрлі мәдениетіндегі өзара байланыстар. Ноғайлық циклдегі тарихи-батырлық эпостардың гүлденуі. Исламға дейінгі дәстүрлердің қазақ қоғамындағы және тұрмысындағы рөлі мен маңызы. Әлемдік көзқарастар мен діни синкретизм – Қазақстан территориясындағы идеологиялық өмірдің өзіндік ерекшелігі. XIII-XVғғ. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қала мәдениетінің дамуындағы архитектура мен өнердің дамуы.

  8. Қазақ халқының этногенезі. Қазақ халұының этникалық тарихының кезеңдері. Қазақ этносының құрылу процесінің негізгі концепцисы: «миграциялық этногенез», «автохтонды пайда болу», «моңғол дәуіріне дейінгі этногенез», «өзбек кезеңіндегі этногенез», «XVI-XVIIғғ. Кезеңіндегі қазақ этногенезінің қалыптасуының аяқталуы». «Қазақ» термині: этимологиясы мен семантикасы.

  9. Қазақ мемлекеттілігі құрылымының кезеңдері. Қазақ хандығы мәселелесінің тарихнамасы мен деректері. Жазба деректерді тілдік және әулеттік классификациялау. Негзгі жазба деректердің сипаты. Ауызша дерек және оның мәліметтері. XIXғ. ортасы және қазргі таңға дейінгі тарихи әдебиеттердегі Қазақ хандығының құрылуы мәселесіне қатысты негізгі көзқарастар. Қазақ хандығының құрылуындағы этникалық, саяси, мәдени-рухани және тарихи алғышарттар.

  10. Қазақ хандығының саяси тарихы (XV-XVIII ғғ). XV ғ. үшінші жартысындағы Қазақ хандығының нығаюы. Қазақ хандығының Сырдария аймағындағы экономикалық, саяси және стратегиялық мәні. Қазақ хандығының Сырдария аймағы үшін күрестерінің кезеңдері мен нәтижелері. Жетісу аймағындағы қазақ хандары билігініңкүшеюі. Тәуке хан (1652-1715) тұсындағы хандықтың нығаюы. «Жеты-Жарғы» заңдар жинағы. XV – XVIII ғ.бірінші жартысындағы дәстүрлі қазақ қоғамы.

  11. XVI-XVII ғғ. Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде. Орталық Азиядағы геосаяси жағдай: ойраттар қысымы, әскери-казактық отарлау, Цинь империясының жаулаушлық әрекеті, Аштархан әулетінің Орта Азияға келуі.

  12. XIV–ХVIII ғғ. қазақ мәдениеті. Ауызша тарихи дәстүр. Күнтізбе, космологиялық түсінік. Киімі мен дәстүрлері. Жазбаша ескерткіштер. Мухаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри шығармалары. Көшпелі қазақтардың музыка мәдениетінің жауһарлары. Материалдық мәдениет. Ұлттық киім ерекшеліктері, қазақтардың қару-жарақтары. Қолөнері мен үй шаруашылығы. Кейінгі ортағасырлық қала мәдениеті.


«Жаңа және қазіргі заман тарихы» пәні

  1. XVIII ғ бірінші жартысындағы қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы. XVIIIғ бірінші жартысындағы қазақ-орыс елшілік байланыстары. Жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресі. Қазақ-башқұрт, қазақ–қалмақ қарым-қатынастарының күрделенуі. Ресей протекторатын қабылдаудың алғышарттары.

  2. Қазақстан Ресей құрамында (XVIII ғ. 30-50жж. – ХХ ғ. басы). Қазақстанның Ресей империясына қосылуының барысы мен кезеңдері. XVIIIғ. 30-50 жж. Ресей империясының Қазақстандағы саясаты. Шекаралық аймақтағы әскери-казак отаршылдығы. ХIХғ. 20-40жж. Ресей империясының Қазақстанда жүргізген әкімшілік реформалары. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы. ХIХғ. екінші жартысындағы  Қазақстандағы патшалықтың әкiмшiлiк реформалары. Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы «Уақытша Ереже» (1867 ж.) мен Орынбор және Батыс - Сiбiр генерал-губернаторлығын басқару туралы «Уақытша Ереже» (1868 ж.). Қазақ даласында Ресей отаршылдық билігінің күшеюі. 1886 жылғы Түркiстан өлкесiн басқару туралы ереже. Әкімшілік құрылымның ерекшеліктері. 1891 жылғы Дала облыстарын басқару туралы ереже.

  3. XVIII- XX ғасырлардағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Кіші жүздегі Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797жж.). Бөкей хандығындағы Исатай Тайманұлы басшылығымен болған халық көтерілісі (1836-1838 жж.). Сұлтандар Қасым Абылайханұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс. 1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс: қозғаушы күштер, барысы, негізгі кезеңдері мен жеңілу себептері. Мемлекеттілікті қалыптастыру жолындағы күрес. Қазақ сұлтандары және олардың көтерілістерге қатынасы. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілстер. Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

  4. XVIII- XIX ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті. Ауыз әдебиеті және онда халық бұқарасының азаттық күресі көріністерінің бейнеленуі. Қазақ халқының ән-күй мәдениеті. Қазақ ағартушылары (Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев). Ресей зерттеушілерінің Қазақстанды зерттеуі.

  5. 1917 ж. Ресейдегі үш революция тұсындағы Қазақстан. Жаңа заман тұсындағы ұлттық мемелекеттілік пен ұлттық идеяның дамуы. ХVIIIғ - ХХ ғ басындағы қазақ халқының ұлттық сана - сезiмiнiң өсуi. Ресей империясы мұсылмандарының реформаторлық қозғалыстары. Қазақстандағы жәдидтік мектептер мен медреселер. Қазақ элитасы өкiлдерiнiң Жалпы ресейлік мұсылман съездеріне қатысуы (1905-1907жж.). Қазақтардың І-ІІ Мемлекеттік Дума қызметіне қатысуы. Мемлекеттік Думаның Мұсылмандық фракциясы. Қазақ саяси, зияткерлiк, рухани элиталары. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының қазақ халқының ұлттық сана -сезімін, парламенттік идея мен ұлттық автономиясын қалыптастырудағы рөлі мен маңызы.

  6. Социализмнің тоталитарлық жүйесi кезеңіндегі Қазақстан. Қазақстандағы «Әскери комунизм саясаты» (1918- 1921 наурыз). Өлкедегi кеңес мемлекеттiк құрылыс. ЖЭС тұсындағы Қазақстан. «кКіші қазан» саясаты және қазақ аулыдарын күшпен кеңестендіру. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру - Қазақстан шаруашылығының қасіреті. Қазақстандағы индустрияландыру: сипаты, екпіндері, қорытындысы. Кеңестік мәдени модернизация. Қазақстанның 1920 жылдың соңы мен 1930 жылдардағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік – демографиялық дамуы.

  7. Қазақстан Ұлы Отан соғысы (1941-1945жж.) және соғыстан кейінгі жылдар кезеңінде (1941-1945 жж.). Фашистік Германия жоспарларындағы Қазақстан. Қазақстандықтардың майданға жұмылдырылуы. Немiс-фашист әскерлерін қиратудағы қазақстандықтардың жауынгерлiк ерлiктерi. Өлке экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп, қайта құру. Қуғындалған халықтардың Қазақстандағы тағдыры. Соғыстың ауыр әлеуметтiк-экономикалық және демографиялық зардаптары (1941-1945жж.). Бейбітшілік жолындағы қайта құру. 1946-1950 жж. Қазақстандағы халық шаруашылығының бесжылдық даму жоспары. Мемлекеттің милитаризациялануы, Қазақстанның КСРО әскери-өнеркәсіптік кешенінің ең ірі буынына айналуы. Одақтас Республикалар декларативті құқының сипаты және орталық диктатының сақталуы.

  8. Қазақстан «Хрущевтік декада» жылдарында. КОКП-ның ХХ съезі (1956 ж.) және жеке басқа табынудың жойылуы. Ауыл шаруашылығын реформалауға бағыт (1953 ж. қыркүйек). Қоғамдық-саяси өмірде либерализацияның басталуы. Экономиканы басқаруды реформалау. Тың және тыңайған жерлерді игеру (1954) және оның салдарлары. Өнеркәсiп және көлiктiң дамуы. Қала негiздеушi өндiрiстер мен жаңа қалалардың қалыптасуы. «Байқоңыр» космодромының салынуы. КСРО-ның еуропалық бөлігінен Қазақстанға миграциялық ағындардың күшеюі. Республика ғылымы мен мәдениетінің дамуы.

  9. Кеңестік экономикалық және әлеуметтiк-саяси жүйе дағдарысы тұсындағы Қазақстан (1964-1985 жж.). «Дамыған социализм» дәуiрiндегі идеологиялық қысымның салыстырмалы әлсiреуi, кеңестік этностардың ұлттық сана - сезiмiнiң оянуы. Қазақстан Компартиясы ОК-нің І- хатшысы Дінмұхаммед Қонаев. Кеңестік Ғылым, бiлiм, мәдениет және өнер саласындағы кеңестік Қазақстанның жетiстiктерi және позитивтi тенденциялары. Қазақ жазушыларының, ақын-күйшілерінің жаңа ұрпағының өнері. Әкiмшiл-әмiршiл жүйе қайшылықтарының күрделенуі. Орталықтандырылған экономика және оның дамуының экстенсивтi сипатының сақталуы. Одақтық халық шаруашылық кешенінде Қазақстанның рөлiнiң өсуі. Халықтың әлеуметтiк және демографиялық құрылымындағы өзгерiстер. Экологиялық мәселелер, ұлттық мәселенің күрделенуі.

  10. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991жж.) «Қайта құру» саясатының негізгі кезеңдері және оның сипаты. «Қайта құрудың» негізгі кезеңдері және оның сипаты. Реформалаудағы әкімшілік-әміршіл жүйенің қабілетсіздігі: жүйелік дағдарыстың күрделенуі. Бейресми бiрiктiрулердiң құрылуы: экологиялық және ұлттық-мәдени қозғалыстардан қоғамдық-саяси бiрлестіктерге дейін. КСРО-ның күйреуi қарсаңында жүйелік дағдарыстың күрделенуі. Кеңестік экономикалық және әлеуметтiк-саяси даму үлгiлерінің өмірщеңсіздігі және халықтардың өз тағдырын өзi шешуi. 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы.

  11. Қазақстан тәуелсіздік жолында. Саяси паритялар мен қозғалыстардың құрылуы. Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация және оның мәні (1990ж.). Республикадағы Президент постының бекуі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Президент Н.А.Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығы және оның мәнi (1991 жыл). Қоғамдағы демократиялық тенденциялардың күшеюі.

  12. Қазақстан Тәуелсіздігінің жариялануы. Тәуелсіз Мемелекеттер Достастығының құрылуы (ТМД), ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ынтымақтастық әрекеттері. Қазақстандағы алғашқы бүкілхалықтық Президент сайлауы. Қазақ КСР атауының Қазақстан Республикасына өзгеруі. Қазақстан республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы конституциялық заң (1991). Әлемдік қауымдастықта Қазақстан тәуелсіздігінің мойындалуы және оның БҰҰ-на қабылдануы. Тәуелсіздік - ұлттық және мемлекеттік құрылым факторы ретінде.

  13. Тәуелсіз Қазақстан тарихы. Мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатының қалыптасуы. Экономиканы реформалаудың басымдылықтары мен перспективалары. Индустриалды–экономикалық дамудағы мемлекеттік бағдарлама, оны іске асырылудың алғашқы жетістіктері. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмiрiнiң демократизациялануы және жаңғыруы. Батыс-Шығыс мәдениетаралық және өркениетаралық даму диалогіндегі Қазақстанның үлесі. Әлемдік қауіп пен халықаралық терроризмге қарсы өзара сенімділікті, діндердің диалогін күшейту әрекеттері.

«Ортағасырлар тарихы» пәні

    1. Антика мен ортағасырлар тоғысындағы Еуропа. Қоғамдық және мемлекеттік құрылыс және Рим империясындағы дағдарыс (б.э.д. III-V ғғ.). Халықтардың Ұлы қоныс аударуы дәуіріне дейінгі ежелгі германдықтардың қоғамдық құрылысы. Батыс Рим империясының құлауы және варварлық корольдықтардың пайда болуы. Халықтардың Ұлы қоныс аударуы дәуіріндегі ғұндар. Франк мемлекетінің тарихы – феодализмнің синтездік дамуының мысалы ретінде.

    2. IV-XII ғғ. Византия. Византия империясының құрылуы. Территориясы мен этникалық құрылымы. Аграрлық қатынастардың ерекшеліктері. Империяның сыртқы саяси жағдайы.

    3. Ертеортағасырлар аяғындағы Батыс Еуропа. XI ғ. аяғында Батыс Еуропада феодалдық құрылыстың негізгі ерекшеліктері. Француз корольдығының құрылу. Италиядағы саяси бытыраңқылық. Оттондардың «Римдік» империясы. Британиядағы англосаксондық корольдықтар. Испанияны мұсылмандардың жаулап алуы. Реконкиста.

    4. Дамыған ортағасыр. Ортағасырлық қалалардың пайда болуы мен дамуы. Крест жорықтарының алғышарттары, барысы, нәтижесі. XI-XV ғғ. Франция. Корольдық биліктің папалықпен күресі. Франциядағы таптық монархия. Нормандық жаулап алушылық және оның Англиядағы феодализімнің дамуына ықпалы. Англиядағы феодалдық құрылыстың және таптық монархияның ерекшеліктері. Инвеститура үшін күрес. «Қасиетті Рим империясы». Карла IV Люксембургтің «Алтын булласы». Ресейдегі феодализімнің даму ерекшеліктері.

    5. Кейінгі ортағасыр. Батыс Еуропа мемлекеттерінде капиталистік қатынастардың пайда болуы. Буржуазия табының қалыптасуы. XVI-XVII ғғ. Абсолютизм. Ұлы жағрафиялық ашулар және колониалдық жүйенің пайда болуы.

    6. Германия, Швейцария, Англиядағы Реформация дәуірі. XVI ғ. басындағы әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі. Мартин Лютердің оқытулары. Томас Мюнцер. Германиядағы шаруалар соғысы. Швейцарлық одақ. Цвинглиандық Реформация. Кальвинистік діни оқытулар. Англикандық шіркеудік мінездемесі.

    7. XVI-XVII ғғ. Халықаралық қатынастар. Отызжылдық соғыс. Халықаралық қайшылықтардың ошағы. Отызжылдық соғыстың төрт кезеңі. Вестфальдық бейбіт келісім.

    8. Ертеортағасыр (Шығыс). Орталық Азия халықтарында феодалдық қатынастардың пайда болуы мен дамуы. Орта Азияны арабтардың жаулап алуы. Хань империясы күйрегеннен кейінгі Қытай. Қытайдың бірігуі. Ертеортағасырлардағы Жапония. Сасанидтік Иран. Үндістандағы Гуптар империясы. Исламның пайда болуы және Омейядтар Халифатының құрылуы. Аббасидтердің Бағдад халифаты.

    9. (III – VIII ғғ.) Тропикалық Африка. Ежелгі мәдениеттің негізгі ошақтары. Қоғамдық құрылыс. Феодалдыққа дейінгі құрылыс. Христиандықты қабылдау. Солтүстік-Шығыс Африкаға арабтардың басып кіруі. Нубиядағы христиандық мемлекет.

    10. Классикалық ортағасыр. Орталық Азия мемлекеттері. Қытайдағы геосаяси жағдай. Ляо, Сун империялары. Танғұттармен, қидандармен, чжурчжэньдармен қарым-қатынасы. Миномота сегунатының пайда болуы. Самурайлар табы. Ортағасырлық Жапония мәдениеті.

    11. Мұсылмандық Шығыс мемлекеттер. Фатимидтер кезіндегі Араб халифаты және Айюбидтер династиясы. Мамлюктер мемлекеті. Халифат құрамындағы Иран. Махмуд Газневидің жаулап алушылық жорықтары. Иранды Селжүктердің жаулап алуы. Иран мәдениеті.

    12. Монғол жаулап алушылықтары және олардың салдары. Монғол мемлекетінің пайда болуы. Хулагуидтер билігі кезіндегі Иран. Қытайды жаулап алудың негізгі кезеңдері. Юань империясы. Мамлюктердің монғолдармен күресі. Делий султанатының құрылуы.

    13. XVI-XVII ғғ. Осман империясы және араб мемлекеттері. Осман империясының жаулап алушылықтары және оның еуропалық және мұсылмандық мемлекеттердің (Иран, Аравия, Египет, Сирия) әлеуметтік-саяси, мәдени дамуына ықпалы. Осман империясының халықаралық қатынастары. Араб мемлекеттерінің діни ағымдары және мәдениеті.

«Европа және Американың жаңа және қазіргі заман тарихы» пәні

      1. XVIIғ.–XIX ғ. басындағы Европа мемлекеттері. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың негізгі тенденциялары. Модернизация, аграрлық революция, колониалдық экспансия процесстерінің дамуы. Ғылыми революция. Ағартушылық кезең. Англияда абсолютизм жүйесінің тоқырауы. Англиядағы буржуазиялық революция. Конституциялық - монархиялық тәртiптiң нығаюы. Өндірістік төнкеріс. Француздық буржуазиялық революция. Якобиндік диктатура. Дериктория тәртібі. XVI–XVII ғғ. Франция экономикасы. Италияның саяси бытыраңқылығы. Экономикалық тоқырау. Австриялық империя. Габсбургтер кезінде таптық монархия және абсолютизмнің басталуы.

      2. Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін күрес, АҚШ-ның құрылуы. Мемлекеттік құрылыстың қалыптасуы және Конституцияны қабылдау. «Капиталдың алғашқы қорлануы». Версальдық бейбіт келісім және АҚШ тәуелсіздігін мойындау.

      3. Халықаралық қатынастар және колониалдық саясат. Англияның алға шығу жолындағы күресі. Францияның еуропалық гегемония үшін күресі. Испандық мұрагерлік үшін күрес. XVIII ғ. екінші жартысындағы Шығыс мәселесі. Еуропалық капитализм генезисі және колониализм. Еуропадағы Напалеондық соғыстар.

      4. XIX-XX ғғ. Еуропа мен Америка елдері. Әлемдік шаруашылықтың капиталистік жүйесінің пайда болуы. Саяси жүйенің эволюциясы: Ұлыбритания мен АҚШ-тағы қоспартиялық жүйе. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Францияның, Германияның и Австро-Венгрияның экономикалық дамуы. Конституциялық-монархиялық тәртіп, Франциядағы Реставрация. Елді біріктірудің аяқталуы және Герман империясының құрылуы. Үштік одақ. ХХ ғ. басындағы ұлттық мәселелердің шиеленісуі. Әскери мемлекеттік-монополиялық капитализм.

      5. Халықаралық қатынастар. Еуроцентристік әлемнің геосаясаты. Халықаралық қақтығыстардың жаһандануы. Әскери-саяси блоктардың қалыптасуы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себебі, мінезі және нәтижелері.

      6. Тоталитаризм еуропалық мемлекеттердің қоғамдық жүйесіндегі саяси тенденция ретінде. Франция, Германия, Италия, Испанияда әскери-тоталитарлық тәртіптің қалыптасуы. Либерализм және марксизм негізгі идеологиялық доктрина ретінде. Германдық нацизм тоталитаризмнің алғашқы варианты ретінде. Халықаралық жұмысшылар қозғалысының ыдырауы. 1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс.

      7. АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы. Капитализмнің тұрақтануының ерекшеліктері. Ф.Д.Рузвельттің «жаңа бағыт» реформасы. Экономиканы мемлекеттік жүйелеудің либералдық моделі.

      8. Екінші дүниежүзілік соғыс алдында және барысында еуропалық мемлекеттердің экономикалық және саяси дамуы. Экономика милитаризациясы. Фашистердің билікке келуі. Веймар республикасының құлауы. Алғашқы лейбористік үкімет. Британдық Достық ұлтының пайда болуы. Франциядағы әлемдік дағдарыстың ерекшеліктері. Халықтық майдан қозғалысының мәні және оның бағдарламасы. Латын Америкасында үстемдік үшін англо-американдық күрес.

  1. Әскери кезеңнен кейінгі еуропалық интеграция. Еуропаны біріктіру идеясы. БЕЭО, ЕО, «Ортақ нарық». У.Черчилль қызметі. Еуропаны біріктіру процесіндегі жетістіктер мен қиындықтар. «Қан майдан» және жаңа геосаяси тәртіп.

  2. Қазіргі кезеңдегі еуропалық мемлекеттер. Тэтчеризм Ұлыбританияның саяси жүйесінің феномені ретінде. Ағылшын консерватизімінің ерекшеліктері. Дж.Мейджор, Т.Блэр және Д.Камерон үкіметтері. Францияда V Республиканың орнауы. Социалистер (Ф.Миттеран және т.б.) мен республикандықтардың ( В.Жискар д Эстен және т.б.). президенттік биліктерінің ерекшеліктері. ГФР құрылуы: «Эр Аденауэрдің» конституциялық құрылымы мен партиялық саяси жүйесін талдау. Германияның бірігу процесі. Канцлер Г.Коль, Г.Шредер және А.Меркельдің ЕО-та Германия рөлін нығайту жолындағы саясаты.

  3. Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекеттері. Әлемдік социализм жүйесінің күйреуі кезеңіндегі Ресей. Демократиялық революциялар. Мемлекеттер дамуындағы перспективалар мен ерекшеліктер. Социализмнен нарықтық экономикаға және либералдық демократияға трансформация. КСРО ыдырауы. Суверенді Ресейдің қалыптасуы.

  4. Қазіргі замандағы Латын Америка мемлекеттері.. Латынамерикалық интеграция және модернизация. Экономикалық дамудың неоконсервативтік түрі. Бразилия, Мексика, Уругвай, Чили, Аргентинаның экономикалық модернизациясының жетістіктері.

5. Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Историческая наука Советского Казахстана(1917-1960). А. 1990.

  2. История Казахстана в 5 т. Т.1-4. А. 1996-2004

  3. История Казахстана и Центральной Азии. А. 2001. /учебное пособие/.

  4. Васильев Л.С. История Востока. М., Т. 1-2. 2008.

  5. Всемирная история: Учебник для вузов /Под ред. Г.Б Поляка, А.Н. Марковой. М., 1997.

  6. История Древней Греции / Под ред. В.И. Кузищина. М., 1996.

  7. История Европы. М.,1994.

  8. Новая история стран Европы и Америки. Первый период / Под ред. Е.Е. Юровской и И.М. Кривогуза. М., 1997.

  9. Новая история стран Европы и Америки. Второй период / Под ред. И.М. Кривогуза и Е.Е. Юровской. М., 1998.

  10. Новая и новейшая история стран Европы и Америки: Практическое пособие. Учеб. пособие, в 3-х ч./Под ред. Пономарева М.В., Смирнова С.Ю. М., 2000.

  11. Новейшая история Азии и Африки. XX век. Т.1,2,3. / Под ред. Родригеса. М., 2001-2004.

  12. Бартольд В.В. История изучения Востока в Европе и России Сочинения в 9 т. т. 9. М.1977.

  13. Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций. А.1987.

  14. Абусеитова М. Х. Баранов Ю.Г. Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в ХУ111-Х1Х вв. (библиографические обзоры). А. 2001.

  15. Материалы по истории казахских ханств ХV-ХVIIIвв.( извлечения из персидских и тюркских сочинений) А. 1969.

  16. Проблемы этногенеза и этнической истории народов Средней Азии и Казахстана. М. 1990.

  17. Жумагулов К.Т. Древнегерманское общество: проблемы и концепции. Алматы, 1993. Проблемы истории германских племен (с древнейших времен до начала средних веков). Алматы, 2002.

  18. Буданова В.П. Готы в эпоху Великого переселения народов. М., 1990.

  19. Буданова В.П. Этнонимия племен Западной Европы: рубеж античности и средневековья. М., 1991.

  20. Гутнова Е.В. Историография истории средних веков. Изд. 2-е, М., 1985.

  21. Жумагулов К.Т. Развитие ремесел и торговли в древнегерманском обществе до эпохи Варварских Правд. Уч. пособие. Алматы, Изд. КазГУ, 1997.

  22. Колесницкий Н.Ф. Этнические общности и политические образования германцев I - V вв. вып. 48, 1985, С. 5-26.

  23. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Алматы, 1997.

  24. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. Алматы, 1994.

  25. Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. Алматы, 1996.

  26. Назарбаев Н.А. Евразийский союз: идеи, практика, перспективы. 1994-1997. М., 1997.

  27. Назарбаев Н.А. В потоке истории. Алматы, 1999.

  28. Назарбаев Н.А. Стратегия трансформации общества и возрождения евразийской цивилизации. Астана, 2005.

  29. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Астана, 2003.

  30. Казахстан и мировое сообщество. Алматы, 2000.

Қосымша:

  1. Международные отношения в Центральной Азии. ХУ11-ХУ111 вв. Документы и материалы. Кн.1-2. М. 1989.

  2. Казахстан, Средняя и Центральная Азия в ХУ1-ХУ111 вв. А. 1983.

  3. Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения каазхского народа в СССР. А. 1966.

  4. Цинман М. Методологические проблемы типологии отношений собственности у кочевников. А. 1992.

  5. Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи 13 в. М. 1993.

  6. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингис хана. А. 2001.

  7. Хазанов А.М. Кочевники и внешний мир. А. 2000.

  8. Кляшторный С.Г., Савинов Д.Г. Степные империи Евразии. СПб. 1994.

  9. Енсебаева Э.Т. Европейский Союз во внешней политике Республики Казахстан. Алматы, 2003. 

  10. Есдаулетова А.М. Становление дипломатической службы в Казахстане.- Алматы, 1998.

  11. Есентугелов А. Трансформация экономики Казахстана: рыночная экономика, реформы, экономическая политика.- Алматы, 2002.

  12. Закумбаев А.К, Арынов Е.М. Проблемы охраны окружающей среды в Казахстане. Алматы, 1995.

  13. Интеграция Казахстана в мировую экономику: проблемы и перспективы Алматы, 1999.

  14. Казахстан в системе международных отношений.- Алматы, 2001.

  15. Кабдешев К. Казахстан в международных организациях.- Алматы, 2005.

  16. Проблемы региональной интеграции и участие Казахстана в экономических союзах государств // Арынов Е.М., Трофимов А.Е. Международные экономические организации и экономические союзы.- Алматы, 1996.

  17. Ретивых А.В. Особенности формирования геополитической стратегии Республики Казахстан на современном этапе.- Алматы, 2002.

  18. Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение. Алматы, 1997.

  19. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации.- Алматы, 2000.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет