БАҒдарламасы алматы, 2015 Бағдарламаны құрастырушылар: г.ғ. д., профессор Каймулдинова К. Д



Дата13.06.2016
өлшемі283.26 Kb.
#133101
түріБағдарламасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Жаратылыстану және география

институтының директоры

____________Х.Н. Жанбеков

«_____» _____________2015 ж.


6D011600 – география мамандықтары

бойынша қабылдау емтиханның

БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2015

Бағдарламаны құрастырушылар: г.ғ.д., профессор Каймулдинова К.Д.

г.ғ.к., аға оқытушы Боранқұлова Д.М.


Елтану және туризм кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды:№ ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.


Кафедра меңгерушісі:

___________

Каймулдинова К.Д.


ЖГИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________

Мукатаева Ж.С.

Бағдарлама Жаратылыстану және география институтының Ғылыми Кеңесінің отырысында мәжілісінде талқыланды.

«___»____2015 ж., хаттама №____

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ
Ғылымның теориялық және әдіснамалық негіздері. Ғылым табиғат, қоғам және ақыл-ой жөніндегі білімнің тарихи қалыптасқан жүйесі ретінде. Ғылыми танымның мәні. Білім жүйесі мен ғылыми қызметтің элементтері: түсініктер, түсінік аппараты, ғылыми заң, теория, ғылыми проблема, гипотеза,идея. Заң- теориялық білімді талдауға басты категория. Ғылыми теория зерттеу нысанының заңдылықтары мен маңызды байланыстары жөнінде бір тұтас ұғым беретін ғылыми білімнің ұйымдасуының ең жоғарғы үлгісі ретінде. Ғылыми проблеманың сапалық ұстанымдары: қоректілігі, өзектілігі, құндылығы, шынайылығы. Гипотеза тәжірибеге алып баратын, ғылыми негізделген болжам ретінде. Гипотезалардың негізгі түрлері. Ғылыми идея туралы түсінік.

Ғылыми зерттеу қызметін ұйымдастырудың практикалық негіздері. Ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастырудың практикалық және қолданбалы негіздері. Эксперимент базасы туралы түсінік. Ғылымның практикамен байланысы. Ғылым нәтижелерін практикада қолдану. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлау. Жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік тапсырыс (грант) беру жүйесі. Ғылыми лабораториялар мен ғылыми-өндірістік бірлестіктердің қызметі.



Инновациялық ғылыми технологиялар. Ғылыми танымның қазіргі әдістері. Географиялық зертеулерде геоақпараттық жүйелер технологиясын пайдалану. Ғарыштық түсірілімдерді географиялық маңызы. Ғарыштық түсірілімдерді бажайлау жасау. Ғылыми зерттеулердегі мультимедиялық технологиялар. Ғылыми-техникалық ақпарат базасын толықтыруда ғаламдық ресурс жүйелерінің маңызы. Технологиялық парктер: құрылымы, ұйымдастыру және қызмет ету ерекшеліктері. ҚР технопарктері және олардың қызметі.

Ғылыми–зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру кезеңдері. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастырудың негізгі кезеңдері. Зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтау. Ғылыми проблеманың теориясы мен зерттеу әдістемесімен танысу. Зерттеу нысанын ажырату. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтердің шынайлығын, біртектілігін, салыстыруға болатындығын және толыққандылығын бағалау. Алынған мәліметтерді әртүрлі әдістер көмегімен, соның ішінде статистикалық-математикалық, өндеу және талдама жасау. Қорытындылау мен ұсыныстар жасау кез келген ғылыми зерттеудің қорытынды кезеңі ретінде. Қорытындылар мен ұсыныстардың ғылыми негізделуі. Зерттеу нәтижелерін ресімдеу. Ғылыми есепті дайындау.

Қазақстан Республикасында ғылыми кадрларды даярлау жүйесі. ҚР ғылыми мекемелер мен ұйымдар. ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрылымы мен қызметі. Ғылымның жеке салалары бойынша ғылыми-зерттеу орталықтары. Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары. Ғылыми- өндірістік бірлестіктер. Тәжірбиелік- конструкторлық мекемелер. Жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми- зерттеу жұмыстарын (СҒЗЖ) ұйымдастыру. Магистратура мен докторантурада ғылыми қызметкерлерді дайындауды ұйымдастырудың ерекшеліктері. Ғылыми және ғылыми- педагогикалық қызметкерлерді жоспарлы түрде дайындау және мемлекеттік аттестациядан өткізу. ҚР ғылыми атақтар мен дәрежелер.

Ғылыми ақпарат және ақпаратты іздестіру жолдары. Бастапқы мәліметтерді жинақтау. Ғылыми ақпарат алынатын дерек көздері.Бастапқы дерек көздеріен жұмыс. Алфавиттік және жүйелік каталогтар. Басылымдылардың түрлері: ресми, ғылыми, оқу және анықтамалық. Ресми ғылыми ақпарат көздерімен жұмыс істеудің ерекшеліктері. Ғылыми ақпарат көздерінің библиографиясын құрастыру. Ғылыми ақпаратқа талдама жасау. Ақпарат іздестіру бағдарламалары. Ғылыми ақпаратты іріктеудің ерекшеліктері.



Ғылыми жұмыстардың түрлері. Хабарлама. Реферат. Баяндама. Курстық және дипломдық жұмыстар. Диссертация. Ғылыми жұмыстардың мазмұндық ерекшеліктері және оларды рәсімдеу. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін жариялау. Ғылыми басылымдар. Баяндама тезистері. Монография. Ғылыми көпшілік басылымдылар. Оқулықтар.

Географиаялық зерттеулерді ұйымдастыру әдістемесі. География ғылымдары саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың негізгі кезеңдері:


Емтихан сұрақтары

  1. Ғылыми түсініктер және түсініктер аппараты

  2. Ғылыми заң теориялық білімді талдаудағы басты категория

  3. «Ғылыми теория» ұғымы

  4. Ғылыми проблеманың басты сапалық принциптері

  5. Гипотеза, оның негізгі түрлері

  6. Ғылыми идея

  7. Ғылыми зерттеулерді жоспарлаудың практикалық негіздері

  8. Іргелі зерттеулерді жоспарлау

  9. Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

  10. Ғылыми лаборатория қызметі

  11. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мемлекетттік тапсырыс (грант) беру жүйесі.

  12. Дәстүрлі географиялық зерттеу әдістері

  13. Қазіргі замаңғы географиялық зерттеу әдістері

  14. Географиялық зерттеулерде геоақпараттық жүйелер технологиясы

  15. Ғарыштық түсірімділерді географиялық зерттеулерде пайдаланудың маңызы

  16. Ғылыми-техникалық ақпарат базасын толықтыруда ғаламдық ресурс жүйелерінің маңызы

  17. Технологиялық парктер: құрылымы, ұйымдастыру және қызмет ету ерекшеліктері

  18. ҚР технопарктері және олардың қызметтінің басты бағыттары

  19. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастырудың негізгі кезеңдері

  20. Ғылыми есептің құрылымы мен оны дайындау кезеңдері

  21. Зерттеу нәтижелерін рәсімдеу

  22. Бастапқы мәліметтерді жинақтау кезеңі

  23. Ғылыми ақпаратқа талдама жасаудың басты принциптері

  24. Ресми ғылыми ақпарат көздерімен жұмыс істеудің ерекшеліктері

  25. Ғылыми еңбектердің түрлері

  26. Ғылыми мақала дайындаудың негізгі кезеңдері

  27. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін жариялауды жүзеге асыру жұмыстары

  28. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеудің әдістемесі

  29. Магистрлік диссертацияны ресімдеудің негізгі ережелері


Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Аскаров Е.С. О научной работе: Руководство для аспирантов, соискателей и магистров. – Алматы, 2002. – 187 с.


  2. Пузынья К.Ф. и другие. Организация и планирование научных исследований и опытноконструкторских разработок.-M .;Наука, 2003

  3. Францифоров Ю.В.,Павлова Е.П От реферата к курсовой от диплома к диссеттации. Книга сервис, 2003.-128

Қосымша:


  1. Кара- Мурза С. Г. Проблемы организации научных исследований. –M; Наука, 1991.-205

  2. Полипанов И. С. Пятлин В. В Основы организации и выполнения научных исследовани Л Наука 1998.-76c.

  3. Ануфриев А .Ф. Научное исследование. Курсовые, дипломные и диссертационные работы. M,2002.-102 c

  4. Кузин Ф. А. Магистерская диссертация; методика написания, правила

oформления и порядок защиты.2- e издание.-1999-340c
.

ОРТА АРНАЙЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Кіріспе. ЖОО мен орта кәсіби білім беру орындарында оқытудың мақсаты мен міндеті. Пәннің нысаны. География ғылымының жүйесі. Географияны оқыту технологиясының практикамен байланысы. Пәннің басқада білім беру салаларымен байланысы (дидактика, психология, логика және т.б.). география магистрлерін және оқытушыларын дайындаудағы пәннің алатын орны мен ролі.

Пәннің құрылымы мен мазмұны. «Географилық білім берудің мазмұны» туралы түсінік. Ғылымның «педагогикалық проекциясы» ретіндегі оқу пәні. ЖОО географияның мазмұны – ұжымдық ғылыми ізденістің нәтижесі. ЖОО географияның мазмұнын өңдеудегі қазіргі кезең.

ЖОО мен орта кәсіби білім беретін орындардағы география курсын кешенді және интеграциялық бағытта жетілдіру. География ғылымын және студенттерді тәрбиелеудің ортақ мақсатын анықтап дамытудағы экологиялық, экономикалық, әлеуметтік және саяси бағыт. Оқыту мазмұнының практикалық және қолданбалы бағыты.

ЖОО географиясының құрылымы. Курстың реттілігі, құрамымен мазмұнының ерекшелігі. МЖМБС және жұмыс оқу жоспарының мазмұны. Жалпы, базалық және таңдамалы географиялық пәндер. Студенттердің тандауы бойынша берілетін және міндетті пәндер.

ЖОО географиясының логикалық сараптамасы. Жалпы және елтану бағытындағы география. Негізгі компоненттердің мазмұны. Білім және олардың теориялық және эмпирикалық бөлімдері, географияның барлық курстарында теориялық білімді күшейту.

МЖМБС, типтік оқу бағдарламасы және оқу жұмыс жоспары - ЖОО география мазмұнын анықтайтын негізгі құжаттар. Студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы, силлабустың әдістемелік безендірілуі. Білімнің негізгі компоненттерін уақыт бойынша нормалау.

Жоғары және орта кәсіби білім беру орынындағы географияны оқытудың даму тарихы.

Университеттік географиялық білімнің философиялық-әдістемелік негізі. География жалпы білім алуға арналған пән. Жоғары және орта кәсіби білім беру орындарындағы география пәнінің тарихи дамуы. Алыс және жақын шетелдердегі география мектебі. Қазақстандық география мектебі.



Оқу құралдары және оқытудың әдістемесі.

Географияны оқыту әдістемесі. Географиялық білімді және икемділікті қалыптастырудағы түсініктеме – сурет, репродуктивті, проблемалық және ізденіс сияқты сабақтың түрлерінің қолдану.

Сабақ - географияны оқытудың негізгі формасы. Сабақты жоспарлаудың түрлері. Тақырыптық жоспардың мәні, олардағы студенттердің танымдық қызметінің сипаты. Мұғалімді сабаққа дайындау. Сабақтың мақсат міндетімен мазмұнын анықтау үшін сабақ өткізудің әдісін таңдау.

Сабақтың құрылымы: сабақтың мақсатын, оның мазмұны мен ерекшеліктерін, сабақтың құрылымын анықтауда білімді қолдануды есепке алу. Оқу материалын бөліктерге бөлу. Студенттердің танымдылық сипатын көрсететін сабақ конспектісін жазу формасы.

География сабағында оқытуды ұйымдастырудың жалпы формалары: фронтальды, жеке, топтық. Проблемалық оқытуды және топтық жұмысты ұйымдастырудағы ролдік ұйымдардың маңыздылығы.

Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында берілетін тапсырмалармен байланыстыратын сабақты қорытындылай білу. Сабақ барысында жаңа тақырыпты түсіндіру ен негізгісі болып есептеледі.

Білім мен біліктілікті тексерудің мазмұны. Студенттің танымдылығын тексеру үшін әртүрлі деңгейлік сұрақтар қою. Ауызша, жазбаша және картографиялық тексеріс түрлерін қолдану. Тапсырмалардың түрі: толық көлемді жауап алатын сұрақтармен тапсырмалар, құрылымды сұрақтармен тесттер.

Білім мен біліктілікті бекіту. Үй жұмысы және оның маңыздылығы. Тапсырмалардың классификациясы. Жеке және топтық үй жұмыстары, проблемалық оқытуды ұйымдастыру. Проблемалық сабақтарды жоспарлау және өткізуге арналған талаптар.

Тексеру сұрақтары мен тапсырмалардың игерілуін үш түрлі деңгеймен тексерудің технологиясы: жеке индивидуальді және фронтальды түрде ауызша сұрау, жазбаша графикалық, тест түрінде.

Географияны оқытудың құралдары. Ауызша түсіндіру: оқу материалдарын іріктеу және әңгіменің қолдану негізі, дауыстап оқу, түсіндіру. дәріс.

Оқулық: мәтіндегі және мәтіннен тыс компоненттер мен топтастыру, оқулықтағы әр түрлі тапсырмаларды іріктеу.

Географиялық карта: студенттердің картографиялық бағдарламаға сай білімін тексеру үшін оған сараптама жасау, картаны білу оқу, түсінуді қамтамасыз ететін, оқу жұмыс тәсілдерін үйретудегі жаттығулар.

Көрнекіліктердің тағы басқа түрлері және ТОҚ: география бойынша оқу құралдарының тізімімен таныстыру. ЖОО-ғы географияны оқытуға арналған бағдарламаға оқу құралдарының сай немесе сай еместігін тексеру.

ТОҚ пайдаланып сабақты ұйымдастыру және өткізу. Құрал жабдықтарды сабақ үстінде пайдаланудың теориялық негізділігі.

Сабақтың тақырыптық жоспары: сабақтың тақырыптық жоспарымен студенттерді таныстыру, тақырыптық жоспар жасауға студенттерді үйрету. Сабақтың тақырыптық жоспары: сабақтың мақсатын анықтауға арналған тапсырма (білім беру, тәрбие беру, дамытуға арналған) оқу материалдарын және құралдарды іріктеудің әдістері, аталған іріктеулер тақырыптың мақсатын орындайтындай болуы тиіс, магистранттарды сабақтың жоспарлық – конспектісін құрастыруға үйрету. Онда сабақтың құрылымдық элементтері, жаңа материалдың негізгі бөлімдері және сабақ үстіндегі оқытушымен студенттің жұмысы толық ескерілу қажет.

Жалпы білім беретін, базалық және профильдік деңгейдегі жеке пәндерді оқыту технологиясы.



Географияны оқытудағы инновациялық технология.

Географиядағы зерттеу әрекетін оқытудың технологиясы. Зерттеу әрекеті негізінде оқыту.

Географиядағы мәселелік оқыту технологиясы. Проблемалық оқытуды ұйымдастыру. Географияны оқыту әдістемесіндегі проблемалық оқыту сұрақтары. Проблемалық сабақтарды өткізу және жоспарлаудың негізгі талаптары. Географияның жеке курстарына арналған проблемалық сұрақтардың жүйелігі. Проблемалық жағдайлар, жағдайды өңдеу, проблеманы шешу жолдары, проблемасын шешу жайлары айқындалған түрлері, оған қорытынды жасау.

Географиядағы ұжымдық шығармашылық тапсырмаларды өткізудің технологиясы. Білім алушының ұжымдағы ұйымдастырушылық қабылетін және творчестволық, зерттеу әрекеті жағдайын қалыптастыру.

Географияны оқытудың ақпараттық технологиясы. Әртүрлі ақпараттық көздермен жұмыс істеу технологиясы.

Географиядағы қашықтан оқыту технологиясы. Желі технологиясы мен ғаламторды қолдану білім берудегі интеллектуальдық және ұйымдастырушылық, өзіндік жүйе ретінде

Географиядағы жобалау әдістері. Жаңа педагогикалық және ғылыми-зерттеу әрекеттерін белсенді игерумен ұштастыру және қолдану.

Географияны оқытудағы мультимедиялық және интерактивті технология. Ғаламтордың ресурстық базасы. Компьютердің мультимедиялық мүмкіншіліктері және географияны оқытуда қолдану.

Географияны оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық және ГАЖ технологиясы. Педагогикалық мәндеттерді тиімді шешуде АКТ қолдану. Интерактивті тақта. Сандық білім беру кеңістігі. Мультимедиялық кітапхана. Ғаламторлық-конференциялар, пікір-талас және т.б. ұйымдастыру және өткізу. Географияны оқытудың геоақпараттық мүмкіншіліктері. Географиялық карталар, жергілікті жердің планын жасау.

Жалпы білім беретін, базалық және профильдік деңгейдегі жеке пәндерді оқыту технологиясы.

Жалпы білім беретін, базалық және профильдік деңгейдегі жеке пәндерді оқыту технологиясы. Берілген блок тапсырмалары оқытушының өзіндік таңдау құқымен қарастырылады.



Аудиториядан тыс сабақтар.

Аудиториядан тыс сабақ – географиядағы оқу тәрбиелік мәні бар негізгі бөлімдердің бірі. Аудиториядан тыс сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаттары.

Аудиториядан тыс жұмыстың негізгі формасының сипаттары: мазмұны, әр түрлі формадағы аудиториядан тыс жұмыстың жүргізудің әдістемесі. География курсының ерекшелігіне қарай, аудиториядан тыс жұмыстың ерекшіліктері.

Экскурсия - географиядағы өлкетану, экология, политехникалық және экономикалық принциптерді оқытудың бір формасы. География ғылымын зерттеу әдістерімен студенттерді таныстыру. Студенттерді еңбекке тәрбиелеудегі экскурсияның рөлі. ЖОО бағдарламасындағы экскурсия жүйесі, географияны оқытудың мазмұнымен байланысы.Физикалық және экономикалық географияға арналған экскурсиялардың түрі олардың мазмұнымен мақсаты. Экономикалық және әлеуметтік географияны оқытудағы өндірістік экскурсия, оның мақсаты мен мазмұны, студенттерге арналған практикалық тапсырмалар. Экскурсияны ұйымдастыру. Оқытушылармен студенттерді дайындау, экскурсияны өткізу, жинақталған материалдарды безендіру және олардың оқу процесіндегі пайдаланылуы.



Оқу далалық және алыс кешенді практика.

Дала және алыс кешенді практика. Практиканың мазмұны мен мақсаты. Практиканы өткізуді ұйымдастыру.



Пәннің тәрбиелік – оқыту функциясы

Пәннің тәрбиелік, оқыту және дамыту функциялары. Оның мазмұны мен маңызы. Студенттерді патриотизмге, гуманизмге және жауапкершілікке баулу. Тәрбиелік – оқыту үрдісіндегі этикалық, мәдени, экологиялық және т.б. аспектілер.


Емтихан сұрақтары

  1. Курстың мазмұны, ерекшелігі және оның маңыздылығы. Мақсаттары мен міндеттері

  2. «Географилық білім берудің мазмұны» туралы түсінік

  3. Жоғары және орта кәсіби білім беру орындарындағы география пәнінің тарихи дамуы

  4. Сабақ - географияны оқытудың негізгі формасы

  5. Географияны оқытудағы ГАЖ технологиясы

  6. Географияны оқытудағы инновациялық технология

  7. Оқу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау формалары. Дәріс, семинарлық және практикалық сабақтар. Құрылымы және негізі элементтері, талаптары. Оқу материалдарын іріктеу. Оқу бағдарламалары

  8. Жоғары оқу орындағы емтихан. Емтихан функциялары, қабылдау жолдары. Білім деңгейлерін бақылаудың рейтинг жүйесі. Тест, тапсырмалары. Күнделікті бағалау.

  9. Оқытудын белсенді формалары мен жағдайлары. Әдістері мен тәсілдері

  10. Өздік жұмыс, оны орындау және жетілдіру жолдары

  11. Географиядағы мәселелік оқыту технологиясы

  12. Дала және алыс кешенді практика. Практиканың мазмұны мен мақсаты. Практиканы өткізуді ұйымдастыру

  13. Оқыту құралдары және онымен жұмыс істеу тәсілдері. Ауызекі құралдар: әңгімен, түсіндіру, баяндау. Көрнекі құралдар. Географиялық карта. Табиғи обьектілер, фильмдер

  14. Педагогикалық тәжірбие оқытушы шығармашылығы. Педагогикалық міндеттері шешу, озық тәжірбие оқып үйрену. Ғылыми лабораториялық практика

  15. Оқыту әдісі туралы түсінік. Оқыту әдісін жіктеу. Дәстүрлі сабақ беру әдістері

  16. Оқытудың практикалық және баяндау әдістерінің ерекшеліктері

  17. Сабақтың тәрбиелік мәніне қойылатын талаптар

  18. Компьютерлік және ақпараттық технология арқылы білім алушыларға географиялық білім берудің әдістемесі мен бағыттары

  19. Білім беруді дамытудың жаңа бағыттары

  20. Білім алушылардың білімін тексеру формалары мен әдістері

  21. Білімді бағалаудың тестік жүйесінің артықшылығы

  22. Оқуды ұйымдастыру, оқыту әдістері және оқытудың көрнекіліктері

  23. Оқытудың дамытушылық және тәрбиеленушілік технологиясы

  24. Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін қолданылатын дәстүрлі емес сабақ түрлері

  25. Жаңа педагогикалық технология бойынша географиялық білім мазмұнын оқыту әдістемесі

  26. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мен қолдану жолдары.

  27. Электронды мультимедиялық құралдарды пайдалану мен қолдану жолдары

  28. Көрнекті құралдарды жасаудың жаңа технологиясы

  29. География мамандығында оқылатын пәндердің басқа пәндермен өзара байланысы

  30. Аудиториядан тыс сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаттары.


Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Караев Ж.А., Кобдикова Ж.У. Актуальная проблема модернизации педагогической системы на основе технологического подхода. – Алматы: Жазушы, 2005. - 200 с.

  2. Жанпеисова М. М. Модульная технология обучения как средство развития ученика. - Алматы, 2002. 

  3. Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. Анализ зарубежного опыта. - М.: Знание, 1989. - 80 с.

  4. Кукушин В.С. Педагогические технологии: учеб. пособие для студентов педагогических специальности. -М.: ИКЦ «МарТ», Ростов на/Д, 2006. - С. 54-59.

  5. Кларин М.В. Технологии обучения: идеал и реальность. Рига, 1999.

  6. Ксензова Г.Ю. Перспективные школьные технологии. М., 2000.

  7. Полат Е.С., Бухаркина М.Ю. Современные педагогические и информационные технологии в системе образования. -М.: Издательский центр «Академия», 2007.

  8. Блаженов В. А. Приемы развивающего обучения географии. -М.: Дрофа, 2006.- 64 с.

  9. Барнс Л.Б., Кристенсен Р.К., Хансен Э.Дж. Преподавание и метод конкретных ситуаций.- М.: Гардарики, 2000.-502с.

  10. Гладких, И.В. Методические рекомендации по разработке учебных кейсов. Вестник Санкт-Петербургского университета. Серия: Менеджмент.-2005.-Выпуск 2. с 169-194.

  11. Калачикова О.Н. Метод кейс-стади: Учебное пособие. Томск, 2007.

  12. Михайлова Е.И. Кейс и кейс-метод: общие понятия. Е.И.Михайлова. Маркетинг.-1999.-№1.

  13. Мухина С.А., Соловьева А.А. Современные инновационные технологии обучения.-М: ГЭОТАР-Медиа, 2008г.

  14. Смолянинова О.Г. Инновационные технологии обучения студентов на основе метода Сase study . Инновации в российском образовании: сб.- М.: ВПО, 2000.

  15. Смолянинова О.Г. Информационные технологии и методика Сase study в профессиональном обучении студентов педагогического вуза. – Красноярск, май 2000.

  16. Душина И.В., Понурова Г.А. Методика преподавания географии. М., 1996.

  17. Душина И. В. Методика и технология обучения географии. -М.: АСТ, 2004. - 208 с.

  18. Современные технологии в обучении географии /Под ред. В.П.Соломина. – СПб: Изд-во РГПУ им. А.И. Герцена, 2007.

  19. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии. М., 1990.

  20. Бенькович Т.М., Бенькович Д.Л. Опорные конспекты в обучении географии. 7 класс. М., 1995.

  21. Якиманская И.С. Личностно ориентированное обучение в современной школе. – М., 1996.

  22. Загрекова Л.В. Теория и технология обучения. Учеб. пособие для студентов пед. вузов. – М.: Высш. шк., 2004. - 157с.

Қосымша:


  1. Гузеев В.В. Образовательная технология: от приема до философии. - М.: Сентябрь, 1996. -C.8.4. Петти Дж. Современное обучение. - М.: Ломоносов, 2012. - 624 с. 

  2. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. – М.: Педагогика, 1986. - 240 с.

  3. Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоения знаний.– М., 1984.– 344с.

  4. Каропа Г.Н. Методика преподавания географии: курс лекций. – Гомель: ГГУ им. Ф. Скорины, 2004. – 248 с.

  5. Савина Н.Г. Формирование технолого-методической культуры будущего учителя. – Брянск: РИО БГУ, 2005.

  6. Савина Н.Г. Активные и интерактивные методы и технологии обучения как условие совершенствования методической подготовки будущих учителей. – Брянск: Группа компаний «Десяточка», 2010.

  7. Сластенин В.А. Целостный педагогический процесс как объект профессиональной деятельности учителя. – М.: Прометей, 1997.

  8. Спирин Л Ф. Теория и технология решения педагогических задач: Развивающееся профессионально педагогическое обучение и самообразование. – М.: Российское педагогическое агентство, 1997.

  9. Феноменология образовательных инноваций. Коллективная монография. Под ред. Г.Н.Прозументовой. – Томск, издательство Томского университета, 2005.

  10. Томаш М.С. О практических методах обучения географии в современной общеобразовательной школе. – Гомель: ГГУ им. Ф. Скорины, 2009. – C.102–103.

  11. Томаш М.С. Традиционное и развивающее обучение в современной общеобразовательной школе. – г. Гомель: ГГУ им. Ф.Скорины. – С.95–97.

  12. Бринкендорф, Р.О. Метод успешного случая. Быстрый способ узнать, что работает, а что нет. – М.: Hippo, 2005. – 224 с.

  13. Изменения в образовательных учреждениях: опыт исследования методом кейс-стади. под ред. Г.Н.Прозументовой. - Томск, 2003.

  14. Караев Ж.А. Трехмерная методическая система обучения  – основа формирования функциональной грамотности учащихся //Международный журнал экспериментального образования . №11, 2013 – С. 19-25.

  15. Нурахметов Н.Н., Абдыгалиев К.А. Технологии концентрированно-интенсивного обучения (КИО).

  16. Галиев Т.Т. Технологии обучения основанной на системном подходе.

  17. Гулаева С.М. Применение интерактивного оборудования в преподавани географии. //География в школах и вузах Казахстана. – 2011. - № 10. – С.20-21.

  18. Жадаева Б.Х. Информационные технологии как одно из средств обучения географии. //«Вопросы географии и геоэкологии» . – 2012. - № 4. – С.44

  19. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии //Школьные технологии. 1998. № 2.

  20. Рейнгольд Л.В. За пределами CASE-технологий. //Компьютерра, 2000. – №13-15.

  21. Ситуационный анализ, или анатомия Кейс-метода. Под ред. Ю.П.Сурмина-Киев: Центр инноваций и развития, 2002.

  22. Каропа, Г. Н. О некоторых проблемах и тенденциях обучения географии в современной общеобразовательной школе. //Геаграфiя: Праблемы выкладання. – 2010. – № 2. – С.10–18.

  23. Искиндирова К.К. Модульная технология в обучении географии. //География в школах и вузах Казахстана. – 2010. - № 9, 10. – С.16-18.

  24. Лобина Н.В. Изучение нового материала на уроках нетрадиционных форм. //География в школе. –1997. – № 6. – С.53–55.

  25. Козина, И. Сase study: некоторые методические проблемы. – Рубеж., 997. №10-11. – С.177-189.

  26. Михайлова, Е.И. Кейс и кейс-метод: процесс написания кейса. Маркетинг.-1999.-№5 с 113-120; №6. с 117-123.

  27. Кутейников С.Е. Типы учебных элементов модульной программы //География в школе. 1998 № 2.

  28. Федорова В.А. Изучение темы «Население» в курсе «География России» (IX класс) //География в школе. 1998. № 5.

  29. Чернявская А.П. Технология развития критического мышления: перспективы для образования 21 века. Н.Новгород, 2001.

  30. Беловолова Е. А. «К вопросу об усилении практической направленности школьной географии». //География в школе, 2006. №6.

  31. Беловолова Е. А. «Значение практических работ в реализации компетентностного подхода». //География в школе, 2007. №7.

  32. Душина И.В., Летягин А.А., Беловолова Е.А. «Практическая составляющая обучения географии – основа формирования компетенций школьников». //География в школе, 2009. №1.


Интернет көздері

1. http://festival.1september.ru/artieles/530586.

2. http://festival.1september.ru/artieles/508246.

3. http://www.rospedclub.ru/index.phtml/prPedNov.

4. ttp://festival.1september.ru.

5. www.edu-reforma.ru

6. www.moi-universitet.ru.

7. http://pandia.org/text/77/234/40030-3.php.

8. http://www.dissercat.com/content/pedagogicheskaya-tekhnologiya
ТАБИҒИ-ТЕХНОГЕНДІК ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ГеоэкологиЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Антропосфера және техносфера туралы ілімнің негізі. Ландшафттану–географиялық қабықтың құрамдас бөлігі бөлігі болып табылатын табиғи және табиғи-антропогендік геожүйелер туралы ғылым. Жер туралы ғылымдағы ландшафттанудың алатын орны. Ландшафттанудың даму кезеңдері. Ландшафттанудың қалыптасуындағы В.В.Докучаев пен Л.С.Берг және тағы басқа ғылымдардың үлесі.

Антропогендік географиялық жүйенінің құрылымдық ұйымдастырылуы.

Анропогенез және ландшафт. Антропогендік геожүйе туралы түсінік. Мәдени ландшафттың негізгі сапасы. Мәдени ландшафттың белгілері мен қалыптастыру мақсаты. Ландшафт қызметі мен құрылымын оңтайландыру ұстанымдары. Антропогендік геожүйелердің тұрақтылығы. Табиғи ортаға антропогендік әрекетті бағалау. Метаболизм.



Табиғи-техникалық геожүйенің теориялық және әдіснамалық негізі. Техногенез және ландшафт. Геожүйе туралы туралы терминдер, анықтамалар, түсініктер (интергалды, табиғи-техникалық және т.б.). Табиғи- техникалық геожүйелердің жіктемесі - қалалық, өндірістік, селитебті, көліктік, ауылшаруашылықты (орманшаруашылығы және мал шаруашылығы), орман шаруашылығы, табиғи-техногендік геожүйелердің рекреациялық түрлері.

Қалалық және селитебтік геожүйелер экологиясы. Қалалық табиғи-техникалық геожүйелер қасиеті. Шекаралы білім - ҚАЛА. Экополистер. Экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары. Зоналық-климатық факторлар есебі. Тұрмыстық және өндіріс орындарын экологиялық реконструкциялау.



Өндірістік геожүйелер экологиясы. Өндірістік орындар мен аумақтық-өндірістік кешендер. Экологиялық проблемалар және оншешу жолдары. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтар.

Ауыл шаруашылық геожүйелер экологиясы. Қасиеті мен жіктемесі. Экологиялық мәселелер, табиғатты тиімді пайдаланудың тиімді - топырақ ресурстарын өнімділігін сақтау. Шөлейттену және эрозия. Жасыл революция.

Көлік экологиясы және көліктік геожүйе. Транспорттық магистральдар. Жол торабы және транспорт. Көліктің негізгі рөлі. Қалалар мен жолдар. Ауданаралық көліктің байланыстарды ұйымдастыру. Авто-, су-, темір жол көліктерінің маңызы. Экологиялық проблемалар құрылымы. Қолданудың оңтайландыру жолдары.

Орман шаруашылығы геожүйелер экологиясы. Қасиеті, жіктемесі. Орман сая бақтары, Шалғындық сая бақтар, гидросая бақтар мен жаға жайлар, қаламаңы ормандары. Экологиялық проблемалары, тиімді пайдалану бағыты.

Рекреациялық және ерекше қорғалатын геожүйе экологиясы. Рекреациялық және табиғат қорғау геожүйелерінің жіктемесі. Рекреациялық және ерекше қорғалатын геожүйелердің экологиялық мәселелері және оның шешу жолдары

Емтихан сұрақтары

  1. Ландшафттану – географиялық қабықтың құрамдас бөлігі болып табылатын табиғи және табиғи-антропогендік геожүйелер туралы ғылым

  2. Антропогенез және ландшафттар. Антропогендік геожүйе туралы түсінік

  3. Табиғи ортаға антропогендік әсер етуді бағалау

  4. Табиғи техногендік жүйелер

  5. Техногенез және ландшафт. Терминдер, анықтамалар, түсініктер

  6. Табиғи-техникалық геожүйелердің жүйесі

  7. Қалалық табиғи-техникалық геожүйелердің қасиеті. Оңтайландыру әдістерімен жолдары, экологиялық проблемалары

  8. Тұрмыстық және өндіріс орындарын экологиялық реконструкциялау. Зоналық – климаттық факторлардың есепке алынуы

  9. Аумақтың-өндірістік кешендер мен өндірістік түйіндер

  10. Өндірістік геожүйелердің экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары.

  11. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтар, экологиялық проблемалардың шешу жолдары

  12. Ауылшаруашылық геожүйелерінің классификацисы, қасиеті

  13. Ауылшаруашылық геожүйелердің табиғатты пайдалану рационализациясының бағыттары, экологиялық проблемалары

  14. Транспорттық магистралдар. Функциялаудың экологиялық проблемалары.

  15. Транспорттық магистралдарды қолдануды оңтайландыру

  16. Орман шаруашылық геожүйелерінің жіктемесі

  17. Орман саябақтары, шалғындық саябақтар, гидропарктер мен жағажайлар, таулы ормандар

  18. Орман шаруашылығының геожүйелік бағыттары, экологиялық проблемалар

  19. Рекреациялық және табиғат қорғау геожүйелерінің жіктемесі

  20. Рекреациялық және табиғат қорғау геожүйесінің экологиялық проблемалар және оның шешу жолдары

  21. Энергетиканың геоэкологиялық аспектілері

  22. Өндірістің геоэкологиялық аспектілері

  23. Урбанизацияның геоэкологиялық аспектілері

  24. Адам әрекетінің атмосфера мен климатқа әсері

  25. Жергілікті деңгейде қоршаған орта жағдайын басқару

  26. Геоэкологиялық проблемаға жүйелілік сипаттама

  27. Қоғам мен экосаланың өзара тәуелділігі

  28. Қоныстану және қалалық экологиясының геожүйесі

  29. Транспорттың (көліктің) геоэкологиялық аспектілері

  30. Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын аймақтар экологиясының геожүйесі


Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Охрана ландшафтов.Толковый словарь. М.: Прогресс, 1982

  2. Голубев Г.Н. Геоэкология. Учебник для вузов высших учебных заведений.- М.: Изд-во ГЕОС, 1999.-338 с.

  3. Розанов Б.Г. Основы учения об окружающей среде. М.: Изд. МГУ, 1984. 372 с


Қосымша:

  1. Чигаркин А.В. Основные проблемы ландшафтоведения и охраны природы Казахстана. Алма-Ата,1975.

  2. Горшков В.Г. Физические и биологические основы устойчивости жизни. М.: ВИНИТИ, 1995. 472 с.

  3. Реймерс Н.Ф. Природопользование. Словарь – справочник. М.: Мысль, 1990. 638 с.

  4. Почвы Казахской ССР. Вып.6. Почвы Кустанайской области.- Алма-Ата: Наука, 1966

ГЕОГРАФИЯДАҒЫ ҮЛГІЛЕУ ЖӘНЕ БОЛЖАМ ЖАСАУ
Модель – географиялық зерттеу әдісі.

Үлгілердің түрлері: логикалық, физикалық, математикалық, имитациялық үлгілер. Тюнен үлгісі. Сипаттаушы, түсіндіруші үлгілер.



Географиядағы математикалық үлгілеудің мәні.

Қазіргі заманғы географияның математикалануы. Математикалық-географиялық үлгілеудің кезеңдері



Статистикалық-математикалық үлгілерді ақпаратпен қамтамасыз ету.

Рангтерге жіктеу әдістемесі. Матрицаны өңдеу. Жіктеу үлгілері. Географиялық деректер матрицасын жасау.



Географиялық болжаудың түрлері.

Географиялық болжаудың өзара байланысқан кезеңдері. Географиялық болжаудың жіктемесі. Болжамдарды аспектілік белгілері бойынша  жіктеу

Қоршаған орта өзгерістерін болжау концепциялары.

Географиялық ахуал концепциясы. Аумақ пен аумақтық ресурстар концепциясы. Аудандастыру міндеттеріне қатысты үлгілер.



Елді мекендерді үлгілеу заңдылықтары. Елді мекендерді орналастыру схемасы.

Елді мекендердің кеңістік орналасу үлгілері. Қалалар орналасуының мінсіз үлгілері. А. Леш, Лоури, Кристаллер, Дж.Кольба үлгілері

Қалалардың құрылымдық үлгілері. Қалалардың зоналануы.

Қала аумақтарының негізгі кеңістіктік үлгілері. Қалалардың фукционалды зоналары және олардың орналасу үлгілері. Қала халқы тығыздығын үлгілеу.



Географиядағы торлық үлгілер.

Елді мекендер иерархиясы. Ципф ережесі. Вебер үлгісі. Шеффленің гравитациялық үлгісі



Өнеркәсіпті орналастыру инерциясы және оның көшіп-қонуы. Тинберген үлгісі.

Өнеркәсіпті орналастыру факторлары. Рикардоның салыстырмалы басымдылық заңы. Тинбергеннің өнеркәсіпті орналастыру үлгісі.



Мультипликатор үлгісі. Инновациялар диффузиясы

Р.Канның мультипликатор ұғымы. Мультипликатор үлгісі. Инновациялар диффузиясының кеңістікте таралу типтері.



Ауыл шаруашылығының кеңістік үлгілері Ауыл шаруашылығы өндірісін құрылымдық тұрғыдан үлгілеу. Блок-сызбалар. Карталар.

Ауыл шаруашылық әлеуетіне факторлық талдау

Агроклиматтық карталар. Ауыр шаруашылығы дамуының факторларын үлгілеу. Ауыл шаруашылық жүйелердің үлгілері



Табиғи жүйелерді үлгілеудің теориялық негіздері.

Физикалық-географиялық зерттеулердегі үлгілеу міндеттері. Редукциялау және интеграция принциптері. Вербалды, графикалық, матрицалық үлгілер.

Физикалық географиядағы баланстық және иерархиялық үлгілер

Корреляциялық талдау. Факторлық талдау. Баланстық үлгілер. Геожүйедегі иерархиялық байланыстарды үлгілеу.



Табиғи факторларды бағалау мен болжаудың принциптері.

Функциялық, даму, эволюция, апатты және қалпына келу сукцессиялары. Тренд – жалпы бағыт, тенденция.


Емтихан сұрақтары


  1. Үлгілеу географиялық зерттеу әдісі ретінде

  2. Үлгілердің негізгі түрлері

  3. Иоганн Генрих фон Тюнен жасаған үлгілер

  4. Қазіргі заманғы географияның математикалануы

  5. Математикалық-географиялық үлгілеудің кезеңдері

  6. Географиялық объект сипаттамасын ақпараттық үлгілер арқылы көрсету

  7. Рангтерге жіктеу әдістемесі және оның географиялық зерттеулердегі маңызы

  8. Географиялық деректер матрицасын жасау

  9. Географиялық болжаудың өзара байланысқан кезеңдері

  10. Географиялық болжаудың жіктемесі

  11. Табиғат ресурстары даму факторы ретінде

  12. Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстарын жіктеу

  13. Географиядағы болжау принциптері

  14. Өсімдік жамылғысының өзгерістерін географиялық болжау негізінде зерттеу

  15. Қазақстандағы мұздықтардың динамикасын географиялық болжау

  16. Таңдап алынған ел (аймақ) мысалында елді мекендердің кеңістік орналасуын үлгілеу

  17. Елді мекендердің орналасу үлгілері: біркелкі, агломерациялық және сызықтық

  18. Шахматтық, радиалды-сақиналық, сызық тәрізді үлгілердің ерекшеліктері

  19. Жұлдыз, жапырақ тәрізді және ретсіз үлгілердің сипаттамалары

  20. Елді мекендер иерархиясы мен Ципф ережесі, оның қолданбалы маңызы

  21. Шеффленің гравитациялық үлгісі

  22. Мультипликация эффектісі және мультипликатор үлгісі

  23. Демографиялық процестерді үлгілеу (нақты мысалдар негізінде сипаттау)

  24. Вербалды, графикалық, матрицалық үлгілер

  25. Баланстық үлгілер

  26. Геоморфологиялық карталардың мазмұндық жүктемесі

  27. Климаттық карталардың мазмұндық жүктемесі

  28. Геологиялық және тектоникалық карталардың мазмұндық жүктемесі

  29. Гидрографиялық объектілерді үлгілеу әдістемесі және болжау

  30. Рекреациялық объектілерді үлгілеу әдістемесі

  31. Ғылыми зерттеулерде үлгілерді пайдалану (диссертация тақырыбы мысалында)

  32. Географиядағы үлгілеудің таңдаған сала бойынша ерекшеліктері

  33. Табиғи ортадағы айналымдар және оларға адам ықпалын болжау

  34. Географиялық процесстерді үлгілеудегі ГАЖ мүмкіндіктері

  35. Болжамдарды аспектілік белгілері бойынша жіктеу

  36. Географиялық болжауды жетілдіру жолдары

  37. Географиялық ахуал концепциясы

  38. Аумақ пен аумақтық ресурстар концепциясы

  39. Табиғи ортаны өзгертетін антропогендік әрекет түрлері

  40. Қоршаған орта мониторингі және оның деңгейлері

  41. Қазақстанның аймақтарындағы (таңдау бойынша) табиғи орта өзгерістері

  42. Географиялық болжаудың климат өзгерістерін зерттеудегі маңызы

  43. А. Леш, Лоури, Кристаллер, Дж.Кольба үлгілері

  44. Қалалардың фукционалды зоналарын үлгілеу (таңдап алынған қала мысалында)

  45. Альфред Вебердің үлгісі және оның мәні

  46. Өнеркәсіпті орналастыруға қатысты алғашқы үлгілер (Адам Смит, Давид Рикардо) және олардың маңызы

  47. Тинберген үлгісі және оның мәні мен маңызы

  48. Экономикалық географиядағы диффузиялық үлгілер

  49. Инновациялар диффузиясының кеңістікте таралу типтері

  50. Физикалық-географиялық зерттеулердегі үлгілеу міндеттері

  51. Картографиялық үлгілер мен профильдер

  52. Физикалық географиядағы корреляциялық талдау және үлгілеу

  53. Физикалық географиядағы факторлық талдау және үлгілеу

  54. Геожүйедегі иерархиялық байланыстарды үлгілеу

  55. Физикалық-географиялық үлгілерді болжау жасауға пайдалану

  56. Геожүйелерді үлгілеу принциптері, мысалдар арқылы түсіндіру

  57. Табиғи апаттарды болжау мен картографиялық үлгілеудің маңызы

  58. Географиялық ақпараттық жүйелер және үлгілеу

  59. Сейсмикалық жағдай мониторингі және болжау жасау

  60. Климат өзгерістеріне болжау жасаудың маңызы

  61. Географиялық ақпарат негізінде блок-сызба құрастырып, оларға түсінік беру

  62. Диссертация тақырыбы бойынша Microsoft Word бағдарламасында құрастырылатын үлгілер

  63. Таңдау бойынша алған елдерді көрсеткіштері бойынша рангтерге жіктеу

  64. Ғылыми зерттеулерде математикалық үлгілеуді пайдалану

  65. Диссертация мысалында деректерді математикалық өңдеуге сипаттама беру

  66. Сандық деректер негізінде карталар құрастыру әдістемесін сипаттау

  67. Шетел (таңдау бойынша) қалалары мысалында Шеффленің гравитациялық үлгісін жасау

  68. Қалалар иерархиясын Ципф ережесі негізінде үлгілеу

  69. Алматы қаласы мысалында жер нарығын үлгілеу әдістемесін сипаттау

  70. Белгілі бір аумақтағы (таңдау бойынша) көлік қатынасы мен көлік тораптарын үлгілеу

  71. Қызмет көрсету (таңдап алынған сала мысалында) саласын жүйелі үлгілеу

  72. Географиялық қабықтағы макроайналымдарды зат айналымы мысалында үлгілеу

  73. Географиялық қабықтағы макроайналымдарды үлкен және кіші су айналымдары мысалында үлгілеу

  74. Табиғи жүйе ретінде көлді үлгілеу: элементтер, байланыстар, факторлар, салдарлар

  75. Табиғи жүйе ретінде өзенді үлгілеу: элементтер, байланыстар, факторлар, салдарлар

  76. Табиғи жүйе ретінде таудағы биіктік белдеулілікті үлгілеу

  77. Табиғи-антропогендік жүйе ретінде шағын аумақты үлгілеу: элементтер, байланыстар, факторлар, салдарлар

  78. Болжау түрлерін немесе кезеңдерін көрсететін блоктық үлгілер жасау әдістемесі: нақты үлгі құрастыру негізінде түсіндіру

  79. Табиғи объектілер бойынша жүйелік құрылымды бейнелейтін блоктық үлгіні құрастыру: нақты үлгі құрастыру негізінде түсіндіру

  80. Табиғи процесстер бойынша блоктық үлгіні құрастыру: нақты үлгі құрастыру негізінде түсіндіру

  81. Нақты мысал негізінде профиль құрастыру әдістемесін кезеңдер бойынша түсіндіру

  82. Географиялық қабықтағы зоналылық заңдылықтарды: нақты үлгі құрастыру негізінде түсіндіру

  83. Географиялық қабықтағы ырғақтылық заңдылықтарды үлгілеу: нақты үлгі құрастыру негізінде түсіндіру

  84. Географиялық қабықтағы біртұтастық заңдылықтарды үлгілеу: нақты үлгі құрастыру негізінде түсіндіру

  85. Көші-қон процестерін үлгілеу (нақты мысалдар негізінде сипаттау)

  86. Демографиялық процестерді үлгілеу (нақты мысалдар негізінде сипаттау)

  87. Сыртқы сауда (экспорт, импорт) бағыттары мен ағындарын үлгілеу

  88. Экономикалық процесстерді диффузиялық үлгілер арқылы көрсету (нақты мысалдар негізінде сипаттау)

  89. Қара металургія мысалында өнеркәсіпті орналастырудың кеңістік үлгісін жасау

  90. Химия өнеркәсбі мысалында өнеркәсіпті орналастырудың кеңістік үлгісін жасау


Әдебиеттер:

Heгізгі:



        1. Лапко А.В., Крохов С.В., Ченцов С.И., Фельдман Л.А. Обучающиеся системы обработки информации и принятия решений. - Новосибирск: Наука, 1996. -284 с.

        2. Дж. Чорли, П. Хаггет. Модели в географии. - М.: Прогресс,1971.- 374 с.

        3. Образцов А.С. Системный метод: применение в земледелии. - М.: Агропромиздат, 1990. -303 с.

Косымша:

          1. Клейнен Дж. Статистические методы в имитационном моделировании. - М.: Статистика, 1978. -218 с.

          2. Рыжова И.М. Математическое моделирование почвенных процессов. М.: Изд-во МГУ, 1987. -86 с.

          3. Стотланд Д.М. Математическое моделирование влажностного режима в оттаивающих почвах и торфяниках // Почвоведение, 1996, N 9. -С. 1124­1133.

          4. Пегов С.А., Хомяков П.М. Моделирование развития экологических систем. Л.: Гидрометеоиздат, 1991. -217 с.

          5. Хомяков Д.М., Хомяков П.М. Основы системного анализа. М.: Изд-во мех.-мат. ф-та. МГУ, 1996. -107 с.

          6. Зейлигер А.М., Тамари С. Способы формального представления гидрофизических характеристик водоудерживания и влагопроводности почв. // Почвоведение, 1995, N 2. -С. 192-199.

          7. Пачепский Я.А. Математические модели процессов в мелиорируемых почвах. -М.: Изд-во МГУ, 1992. -85 с.

          8. Пачепский Я.А. Математические модели физико-химических процессов в почвах. -М.: Наука, 1992. -120 с.

          9. Базилевич Н.И., Гребенщикова О.С., Тишков А.А. Географические закономерности структуры и функционирования экосистем. -М.: Наука, 1986. -296 с.

Елтану және туризм кафедрасының меңгерушісі Каймулдинова К.Д.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет