БАҒдарламасы астана, 2015 жыл Бағдарламаны құрастырушылар



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі312.5 Kb.
#2712
түріБағдарламасы
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және

жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау басқармасы



МҚІСҚА және ҚР БҒМ жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және сауаттандыру мәселелері бойынша жұмыс тобының 2015 жылдың

19 мамырындағы №4 хаттамасымен

«МАҚҰЛДАНДЫ»




«Түрлі әлеуметтік топтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мәдениетті қалыптастыру»
тақырыбындағы оқыту курсының

БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана, 2015 жыл


Бағдарламаны құрастырушылар:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау басқармасының ұжымы.


Пікір жазушылар:

Т.К. Бөрібаев – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясының «Әлеуметтік-басқару технологиялары» кафедрасы меңгерушісінің м.а., философия ғылымдарының докторы, профессор.

А.Б. Төреқұлов – «Нұр Ғасыр – 2050» қоғамдық қорының президенті, заң ғылымдарының кандидаты.
Оқытушылар құрамы: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімдерінің қызметкерлері, шақырылған дәріскерлер мен тренерлер.
Оқыту курсы – кәсіби қызметтің белгілі бір саласында немесе білім саласында тыңдаушылардың танымдық талаптарын қанағаттандыруға бағытталған білім беру шараларының жүйесі.
Мақсаты:

Курс тұрақты және жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениет деңгейін қалыптастыруға бағытталған.


Міндеті:

- тыңдаушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарымен таныстыру;

- қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша заңнамалардың, сондай-ақ, жазасыз қалмауды қамтамасыз ететін жекелеген құқықтық институттар, жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды құқықтық қорғау кепілдігі, оларды ынталандырудың негіздерін ашу;

- мемлекеттік қызметтегі эткикалық нормалардың ерекшеліктерін және мәнін қарастыру, олардың профилактикалық мағынасын анықтау;

- түрлі әлеуметтік топтардың, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени, діни, бизнес-құрылым, жастар, білім беру саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қоғамдағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы орны мен рөлін анықтау;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдептің стандарттарын қалыптастыру.
Курстың өзектілігі:

Кәсіби ерекшеліктерін ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзектілігі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясны жүзеге асыруда қарастырылған. Онда мемлекетпен қоғам өміріндегі түрлі салаларда жемқорлық мінез-құлықтарын тудырушы себептер мен шарттарды төмендету мен жоюға ерекше назар аударылған.


Оқыту үдерісінің қағидаттары:

- Кешенділік, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға, белсенді азаматтық ұстаныммен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын қалыптастыруға бағытталғандығы;

- Кәсіби ерекшеліктерді ескеру;

- Әріптестік, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғамның барлық топтары мен институттарын тарту;

- Тиімді тәсіл арқылы байланыс, яғни келесі қабілеттерді дамыту: ақиқатты сын көзқараспен бағалау, оқиғаға өзінің тәуелсіз баға беруі, көзқарасын дәлелді қорғау, өзіне жауапкершілік алу және өз пікірлеріне сәйкес әрекет ету;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда профилактикалық, алдын алу тәсілінің басымдылығы.


Күтілетін нәтиже

Тыңдаушылар:

- мақсатты топтартың ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша өзекті білімдерді игеруі қажет;

- Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі ережелерін білуі қажет;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделінің тәжірибелік дағдысын игеруі қажет;

- кәсіби қызмет барысында сыбайлас жемқорлықты туындататын шарттарды жоюға талпыныс жасауы қажет;

- жемқорлық құбылыстарының алдын-алуға бағытталған кәсіби шаралар қолдануы қажет;

- жеке және заңды тұғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүддесін іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімдерді қолдануы қажет.


Мақсатты топтар ескерілген тыңдаушылар контингенті:

- мемлекеттік қызметшілер;

- соттар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

- азаматтық қызметшілер;

- үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері (ҮЕҰ);

- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (БАҚ);

- діни бірлестіктердің өкілдері;

- этномәдени бірлестіктердің өкілдері;

- бизнес-құрылымдар өкілдері;

- білім беру ұйымдарының педагогикалық, профессорлық-оқытушылық құрамы;

- студенттік қоғам мен жастар өкілдері.
Оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен нысандары түрленіп, лекциялар, тренингтер, семинарлар, семинар-кеңестер және т.б. ретінде жүргізіледі. Әдістер мен нысандар мақсатты топтардың ерекшеліктерін ескере отырып, тыңдаушылардың дайындық деңгейлеріне байланысты анықталады.
Уақыт көлемі: мақсатты топтарға бекітілген жүктемеге сәйкес. Бағдарламада академиялық сабақтар (50 минут) пайдаланылады.
Мемлекеттік қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту курсы

р/с

Тақырып атаулары

Сағат көлемі

Оқыту нысаны

Қысқаша мазмұны

(аннотация)


1

Жемқорлық ұғымы кешенді құбылыс ретінде және жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік идеясы


0,5

Дәріс / тренинг

Аталған тақырып аясында жемқорлықтың мәні мен болмысы, жемқорлық құқық бұзушылық жасау себептері мен шарттары, сондай-ақ, олардың салдары ашылуы қажет.

Жемқорлық тек қылмыстық-құқық ғылымының тарапынан ғана қабылданбауы қажет, оны моральдік, дін нормаларымен айыптау құбылыстары ретінде ашу керек



2

Мемлекеттік басқару жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған реформалары

0,5

Дәрістер / тренинг

Тақырып жүйелі түрде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктері енгізілген мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру, электронды үкіметті енгізу, мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жүргізіліп жатқан реформалардың ерекшеліктерін ашады

3

Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

0,5

Дәрістер / тренинг

Мұнда мінез-құлықтың этикалық жай-күйі, жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған шаралар, сондай-ақ, қылмысы үшін жазасыз қалмау қағидасы сипатталады.

Сонымен қатар, мемлекеттік органның позитивті имиджін қалыптастыруға, еңбек ұжымындағы моральдық-этикалық жауапкершілігі мәселесін қамтиды.



4

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

0,5

Дәріс / тренинг

Адамгершілік

Құқықтық және адамгершілік сана сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрал ретінде. Жемқорлыққа қарсы қоғамдық бақылау.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мағынасы. Шет елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті.



р/с

Әдебиет:

1

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы

2

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы

3

Қазақстан Республикасының «Біріккен Ұлттар Ұйымының жемқорлыққа қарсы конвенциясын бекіту туралы» Заңы

4

2014 жылдың 3 шілдесіндегі № 226-V ЗҚР Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

5

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

6

Концепция правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года, утвержденная Указом Президента Республики Казахстан от 24 августа 2009 года № 858

7

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

8

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылдың 3 мамырындағы N1567 Жарлығы

9

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамызындағы № 1077 Қаулысы.

10

Нравственность как основа становления новой генерации государственных служащих. / Кабыкенова Б.С., Шаханов Е.А., Джусупова Р.С./. 2011.

11

Коррупция и государство: Причины, следствия, реформы: О.А.Алякринскийдің ағылшын тілінен аудармасы / С. Роуз-Аккерман. - М.: Логос, 2003. 356 б.

12

Коррупция как социальное явление и меры её предупреждения: Учеб.пособие. /Г. С. Мауленов. - Астана: Акад. гос. службы при Президенте РК, 2005. - 96 с.

13

Борьба с коррупцией в государственных органах Республики Казахстан: учебное пособие / Под ред. Е.О. Алауханова. Алматы, 2008.-342 с

14

Актуальные проблемы борьбы с коррупцией в Республике Казахстан на современном этапе. Материалы Республиканской научно-практической конференции (г. Астана, 27 апреля 2012 года) / Коллектив авторов. – Астана, 2012. – 314 с.

15

Рахметов С.М., Борчашвили И.Ш. Уголовно-правовые меры борьбы с коррупцией: Монография. Под общей редакцией Ибраимова Р.А. – г. Астана, 2012. – 364 с.

16

Борчашвили И.Ш. Коррупционные преступления: закон, теория и практика: Монография. – г. Алматы, 2008. – 396 с.

17

Бюрократия, коррупция и эффективность государственного управления / В. Д. Андрианов. - М.: ВолтерсКлувер, 2009. - 248 с. - Библиогр.: 234 б.

18

J. Edgardo Campos and Sanjay Pradhan, The Many Faces of Corruption: Tracking Vulnerabilities at the Sector Level (World Bank Publications, 2007).

19

Peter Larmour and Nick Wolanin, Corruption and Anti-Corruption (Asia Pacific Press, 2001).

20

UNDP, Tackling Corruption, Transforming Lives (Macmillan 2008).

21

Стратегия Transparency International за 2015 года (насайте www.transparency.org)


Соттар және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша

оқыту курсы

р/с

Тақырып атаулары

Сағат көлемі

Оқыту нысаны

Қысқаша мазмұны

(аннотация)


1

Жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде

0,5

Дәріс / тренинг

Жемқорлық моральдық, діни және т.б. нормалармен айыпталатын құбылыс ретінде

2

Сот және құқық қорғау органдарындағы жемқорлық әрекеттері салдарының деңгейі

0,5

Дәріс / тренинг

Құқықтық үстемдік ұстанымының, мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімінің жоғалтуы, әлеуметтік теңдіктің жоқтығы, заңның профилактикалық мағынасының төмендеуі

3

Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды көтермелеу және қорғау институты және пара берушіні қылмыстық жауапкершіліктен босату шарты

0,5

Дәріс / тренинг

Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғаудың құқықтық тетіктері және пара беруші тұлғаларды қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы. Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғалардың имиджін және әлеуметтік мәртебесін арттыру

4

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қызметтік этика

0,5

Дәріс / тренинг

Құқықтық және адамгершілік сана сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрал ретінде. Мінез-құлықтың этикалық стандарттары. Мүдделер қақтығысы институты.

р/с

Әдебиет:

1

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы

2

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы

3

Қазақстан Республикасының «Біріккен Ұлттар Ұйымының жемқорлыққа қарсы конвенциясын бекіту туралы» Заңы

4

2014 жылдың 3 шілдесіндегі № 226-V ЗҚР Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

5

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

6

Концепция правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года, утвержденная Указом Президента Республики Казахстан от 24 августа 2009 года № 858

7

ҚазақстанРеспубликасыПрезидентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

8

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылдың 3 мамырындағы N1567 Жарлығы

9

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамызындағы № 1077 Қаулысы.

10

Нравственность как основа становления новой генерации государственных служащих. / Кабыкенова Б.С., Шаханов Е.А., Джусупова Р.С./. 2011.

11

Коррупция и государство: Причины, следствия, реформы: О.А.Алякринскийдің ағылшын тілінен аудармасы / С. Роуз-Аккерман. - М.: Логос, 2003. 356 б.

12

Коррупция как социальное явление и меры её предупреждения: Учеб.пособие. /Г. С. Мауленов. - Астана: Акад. гос. службы при Президенте РК, 2005. - 96 с.

13

Борьба с коррупцией в государственных органах Республики Казахстан: учебное пособие / Под ред. Е.О. Алауханова. Алматы, 2008.-342 с

14

Актуальные проблемы борьбы с коррупцией в Республике Казахстан на современном этапе. Материалы Республиканской научно-практической конференции (г. Астана, 27 апреля 2012 года) / Коллектив авторов. – Астана, 2012. – 314 с.

15

Рахметов С.М., Борчашвили И.Ш. Уголовно-правовые меры борьбы с коррупцией: Монография. Под общей редакцией Ибраимова Р.А. – г. Астана, 2012. – 364 с.

16

Борчашвили И.Ш. Коррупционные преступления: закон, теория и практика: Монография. – г. Алматы, 2008. – 396 с.

17

Бюрократия, коррупция и эффективность государственного управления / В. Д. Андрианов. - М.: ВолтерсКлувер, 2009. - 248 с. - Библиогр.: 234 б.

18

J. Edgardo Campos and Sanjay Pradhan, The Many Faces of Corruption: Tracking Vulnerabilities at the Sector Level (World Bank Publications, 2007).

19

Peter Larmour and Nick Wolanin, Corruption and Anti-Corruption (Asia Pacific Press, 2001).

20

UNDP, Tackling Corruption, Transforming Lives (Macmillan 2008).

21

Стратегия Transparency International за 2015 года (насайте www.transparency.org)


Азаматтық қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша оқыту курсы

р/с

Тақырып атаулары

Сағат көлемі

Оқыту нысаны

Қысқаша мазмұны

(аннотация)


1

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және әлеуметтік саладағы оның рөлі

0,5

Дәріс / тренинг

Халықтың өмір сүру деңгейін, әл-ауқатын айқындайтын білім беру, мәдениет, спорт және басқа да салалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекет тарапынан жасалып жатқан шаралар ашылады

2

Әлеуметтік саладағы жемқорлықтың деңгейі мен ауырлық дәрежесі


0,5

Дәріс / тренинг

Әр түрлі әлеуметтік салалардағы жемқорлықтың салдары ашылады. Мысалы, өскелең ұрпаққа арналған білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың қауіпті салдары.

Ұлт саулығына арналған денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық салдарының деңгейі



3

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасыз қалмау және жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін ынталандыру жүйесі


0,5

Дәріс / тренинг

Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық және әкімшілік кодексінің нормалары. Жемқорлық құқық бұзушылығы үшін жаза және жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды ынталандыру мәселесі бойынша заңнамалардың ерекшеліктері

4

Әлеуметтік саланың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі

0,5

Дәріс / тренинг

Білім және тәрбие беру үдерісінің мәні, мәдениет пен спорттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі

р/с

Әдебиет:

1

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы. Оқу құралы.; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясы. Б.А. Жетписбаева.,2011 жылд 157 бет.

2

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

3

Коррупция как социальное явление и меры её предупреждения: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекетік Басқару Академиясы, Оқу құралы. /Г. С. Мауленов. - Астана 2005. 96б

4

Нравственность как основа становления новой генерации государственных служащих. / Кабыкенова Б.С., Шаханов Е.А., Джусупова Р.С./. 2011ж.

5

Бюрократия, коррупция и эффективность государственного управления / В. Д. Андрианов. - М.: ВолтерсКлувер, 2009. - 248 с. - библиография.: 234б.

6

Коррупция и государство: Причины, следствия, реформы: О.А.Алякринскийдің ағылшын тілінен аудармасы / С. Роуз-Аккерман. - М.: Логос, 2003. – 356б.

7

Карасев В.В. Методы профилактики и противодействия коррупции // Власть. 2008. № 8.

8

J. Edgardo Campos and Sanjay Pradhan, The Many Faces of Corruption: Tracking Vulnerabilities at the Sector Level (World Bank Publications, 2007).

9

Peter Larmour and Nick Wolanin, Corruption and Anti-Corruption (Asia Pacific Press, 2001).

10

UNDP, Tackling Corruption, Transforming Lives (Macmillan 2008).

11

Стратегия Transparency International за 2015 года (насайте www.transparency.org)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет