Бағдарламасы Астана қаласы, 2010 жыл мазмұны кіріспе 5



бет2/21
Дата01.07.2016
өлшемі1.74 Mb.
#169758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

3. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ




3.1. Қаланың позитивті және негативті жақтарын, сондай-ақ, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау

Қала аумағының рельефі төмен алқап үстіндегі террасалардан қалыптасқан. Ауа-райы күрт өзгермелі. Гидрографиялық желісі жалғыз Есіл өзені мен қаланың Сарыбұлақ және Ақбұлақ аумақтарынан өтетін шағын оң құрғамалы салаларынан қалыптасқан. Астана қаласының айналасында 25-30 радиусында көптеген тұзды және тұщы көлдері бар.

2010 жылдың 1 қаңтарында қала халқының саны 649,5 мың тұрғынды құрады. 2009 жылдың қорытыныдысы бойынша Астана қаласы көші-қон сальдосы республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш - 31 908 адамды құрады. Қалаға келіп жатқан көші-қон легінің негізін Қазақстанның басқа аймақтарынан келген тұрғындар құрайды. Қала адами капиталдың тартылыс орталығы болып жалғасуда, сонымен бірге, халықтың ақшалай кірісінің деңгейі бойынша көсбасшы.

Қала аумағының ауданы – 71 мың га. Ұлттық құрамы: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, азербайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндер, молдавандар, тәжіктер, өзбектер, және т.б.

Дәл қазір Астана елдің тұрғындары тығыз орналасқан аймағының бірі болып табылады, 2009 жылы халықтың тығыздығы 913,3 шаршы метр/адамды құрады.

Қала экономикасының негізі: сауда, көлік және байланыс, құрылыстан тұрады. Қазақстан экономикасының сауда секторының жалпы өніміне үлес қосу бойынша Астана облыстар мен республикалық маңыздағы қалалардың ішінде Алматы қаласынан кейін екінші орын алады. Екі қала Алматы және Астананың жиынтық аймақтық өнімі Қазақстанның сауда қабатының бүкіл көлемінің жартысынан көбін құрайды. Бөлшек тауар айналымы көлемі бойынша Астана елімізде екінші орында.

Астана құрылыс қарқыны бойынша республикада көсбасшы. Қазақстандағы пайдалануға енгізілген тұрғын үй жылжымайтын мүлігінің бестен бір бөлігін 2009 жылы Астана қаласы құрады. Бес жылдан астам уақыт бойы қала тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға енгізу көлемі бойынша көсбасшы болып келе жатыр.

Қаланың өнеркәсіптік өндірісінің басым көпшілігі құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін/сусындарды шығарудан және машина құрылысынан тұрады. Қазақстанда Астана құрылыс металл бұйымдарын, пайдалануға дайын бетон, бетоннан жасалған құрылыс материалдарын өндіруден көсбасшылық орын алады. Сонымен қатар, құрылыстық металл конструкцияларын, радиаторлар мен орталық жылыту қазандарын, көтергіш көлік жабдықтарын өндіруде қаланың үлесі жоғары.

Қаланың жалпы аймақтық өнімінің 22-ге жақын пайызын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етеді.

Инвесторларды тарту және жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту мақсатында, қалада «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы қызмет атқарады. АЭА басымдығы, салықтық және кедендік жеңілдіктерді қарастыратын ерекше құқықтық режимнің болуында. АЭА аумағында түрлі бағыттардағы жобалар жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, қаланың дамуы оның ішкі жалпы өнімінің маңызды бөлшегімен, әрі туризмнің дамыған қабатымен қамтамасыз ететін өңдеуші өнеркәсіптік секторларымен (құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнеркәсібі және т.б.), кіші кәсіпкерлікпен дамыған өндірістің жалпы көлеміндегі жоғары үлестегі инновациялық өнімі бар бәсекеге қабілетті экономиканы құруға бағытталған.

Елорданың білім беру жүйесін 115 мыңнан астам бала оқып-тәрбиеленетін 206 білім беру ұйымдары құрайды. Қаланың білім беру жүйесінде 8282 педагог жұмыс істейді. 2010 жылы Жаңа халықаралық деңгейдегі университет ашылды. Бұл университеттің даму стратегиясы үш басты қағидада негізделеді: біріншісі – әлемнің жетекші білім беру мекемелерімен әріптестікте болу, екіншісі – қазіргі заманғы ғылыми инфрақұрылымы бар зерттеу университеті, үшіншісі – қазіргі заманғы басқару және қаржыландыру тәжірбиесі.

Денсаулық сақтау жүйесі 34 мемлекеттік және 120 мемлекеттік емес медициналық ұйымдардан тұрады.

2009 жылдың нәтижесі бойынша жұмыссыздықтың деңгейі 6,6 пайызды құрады, бұл орта республикалық деңгейге сәйкес келеді. 2009 жылы 17 854 жұмыс орны құрылды, 10 455 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілген, әрі мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Елордада құқық тәртібі және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде позитивтік қарқын байқалады. Сонымен, 2004 жылдан бастап қылмыстың барлық түрлері бойынша қылмысты ашу 10 пайызға дейін жақсартылған. Басқа аймақтардан келген көші-қон легі нәтижесінде қала халқы санының өсуіне қарамастан, ауыр және аса ауыр қылмыстардың маңызды салмағы көрсеткіші тұрақты болып қалды.

Елордада ерекше сәулетті келбет және авторлары атақты сәулетшілер Кисё Курокава, Норман Фостер, Манфреди Николетти және басқалар болып табылатын өзіне шығыс және европа мәдениетінің үздік салттарын үйлестірген стиль құрылды.

Жалпы өткен үш жылдың ішінде қала әлеуметтік-экономикалық дамуда оң қарқынға ие болды. Алайда, 2008-2009 жылдары әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың әсерінен өткен кезеңдерге қатысты кейбір экономикалық көрсеткіштердің нашарлауы байқалды.

2.2. Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау


2.2.1. Экономикалық даму
Жалпы аймақтық өнім. 2009 жылы ЖАӨ мөлшер 1 373 186,9 млн. теңгені құрады – жалпы республикалық көрсеткішке қосқан үлестің көлемі бойынша 4 орын. 2007 жылмен салыстырғанда Астана қаласының ЖАӨ республикалық көлемде осы деңгейде қалды. Осыған қарамастан, Астана қаласы бойынша бір жанға шаққан ЖАӨ Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен асуды жалғастырады. 2009 жылы ол 2075, 2 мың теңгені құрады – бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге жақын жоғары.

2007-2009 жылдары ЖАӨ қарқыны көрсеткіштің өсуін айқын көрсетеді, және 2007 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 21,1 пайызға ұлғайды, оның ішінде, сауда саласында 30,1 пайызға, көлікте – 23,2 пайызға ұлғайды. Алайда, мына салаларда төмендеу де болды, мысалы, құрылыста – 13,4 пайызға, өнеркәсіпте – 3,8 пайызға төмендеді, бұл көрсеткіш құрылымында белгіленді. Егер 2007 жылы ЖАӨ негізі құрылыс саласынан (22,3 пайыз) тұрса, 2009 жылы біраз маңызды салмақты жылжымайтын мүлік операциялары, жалға беру және тұтынушылар мен саудаға қызметтер көрсету алды. Құрылыс саласының үлесті салмағы жалпы аймақтық өнімде 2007-2009 жылдар 6,3 п.п. қысқарды және 16,0 пайызды құрады, өнеркәсіп – 1,0 п.п. (3,7 пайызға).

Құрылыс саласы Астананың ЖАӨ бестен бір бөлігін құрағандықтан және қаланың дамуына берік мультипликациялайтын әсер көрсеткендіктен, бұл саланың түсуі экономиканың басқа секторларының қысылуына әкеп соқтырып, нәтижесінде халықтың өмір деңгейіне әсерін тигізді.

Өнеркәсіптік өндіріс.

Қаланың өнеркәсіптік секторының 2004-2007 жылдардағы жоғарғы өсу қарқыны 2008-2009 жылдары өндірістің құлдырауымен ауысты. Сонымен, 2009 жылы төмендеу 4,8 пайызды, немесе 12,2 млрд.теңгені құрады, өңдеуші секторының көлемдері 2009 жылы 4,5 пайызға немесе 16,6 млрд.теңгеге төмендеді.

2009 жылы қала өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі 71,1 млрд.теңгені құрады және 2008 жылмен салыстырғанда 12,9 пайызға өсті.

Қаланың өнеркәсіптік өндірісінің негізін өңдеуші сектор құрайды (81 пайыз). 2004-2009жж. өңдеуші сектордың нақты шығару көлемі 1,7 есеге көбейді. Өнеркәсіптік өндірістің құрылымында үлестің көбін мына салалар алады: басқа да бейметалл минералды өнімдер – 32 пайыз, тамақ өнімдері мен сусындар – 20,5 пайыз, машина жасау – 17,6 пайыз, дайын металл бұйымдар – 15,3 пайыз.

Өңдеуші өнеркәсіпте 2009 жылы өндірістің көлемі 77,4 млрд.теңгені құрады. Өңдеуші өнеркәсіптің физикалық көлемінің индексі 2009 жылы 95,5 пайызды құрады.

Қаланың өңдеуші өнеркәсіп инвестициясының көлемі 2009 жылы 11,1 млрд. теңгені құрады және 2008 жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға ұлғайды.

Қаланың өнеркәсіптік дамуындағы құлаудың себебі әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс болып табылды, ол бірінші кезекте қаланың құрылыс саласына да әсер етті. Астана өнеркәсібін құрылыс саласына (құрылыс материалдары) бағыттау өндірістің күрт қысқаруына әкеп соқтырды.

Құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың дамуына кері әсерін тигізген факторлар болып мыналар табылды: қолда бар өндірістің төмен технологиялық деңгейі және құрылыс материалдарын өндіру саласындағы еңбек өнімділігінің төмен деңгейі, негізгі қаражаттардың тозуы деңгейінің жоғарылығы, баға құрудың ескірген принциптері.

Халықаралық дағдарыстың сынақтық кезеңі тамақ өнеркәсібіне де әсер етті. Бұл саладағы көлемнің төмендеуі халықтың реальный ақша кірістерінің қысқаруының, жабық жұмыссыздықтың, тұтынушылардың таңдауын қараудың, халықтың кірістерін сақтауға бейімдігінің күшеюінің нәтижесінде болды.

Аталған себептер кейбір дәрежеде қаланың барлық өнеркәсіп салаларында болды.

2009 жылы машина жасауда шығарылған өнімнің көлемі 13 625,2 млн.теңгені құрады. Физикалық объемнің индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,4 пайызды құрады.

Машина жасау саласының негізгі құрамы (95 пайызға дейін) машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату болып табылады – 12 957,8 млн.теңге.

- басқа да көлік қаражаттарын өндіру – 251,5 млн.теңге;

- басқа санаттарға жатқызыдмаған машиналар мен жабдықтар өндіру – 223,2 млн.теңге;

- электр жабдықтарын өндіру - 181,9 млн. тенге;

- компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер шығару – 10,7 млн. тенге.

Машина жасау саласын дамыту мақсатында 2009 жылы Индустриалдық парк аумағында «Lokomotiv Leasing» ЖШС «General Electric» (АҚШ) компаниясының (қазіргі таратылған «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ) технологиясы бойынша локомотив құрастыру зауытының құрылысы бойынша жобаның 1-этапы іске асырылды. 2014 жылға қарай толық өндірістік қуатқа (бір жылда 100 локомотив) шығу жоспарланып отыр. Бұл жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ қажеттілігін қанағаттандыра алады және алдағы уақытта ТМД елдерінің тұтынушы нарығына бағытталады.

Машина жасауда 2009 жылы инвестиция көлемі 9,8 млрд. теңгені құрады.

Машиналарды, жабдықтарды, көлік қаражаттарын, құралдарды және аппараттарды экспорттық жеткізу 2009 жылы 71,8 млн. АҚШ долларын құрады.

Металлургия өнеркәсібінде және дайын металл бұйымдарын өндіруде 2009 жылы 12 016 млн.теңгеге өнім шығарылды. Жалпы қызмет түрі бойынша өнімнің физикалық көлемінің индексі 2008 жылы шойын құю және темір жолдардың жылжымалы құрамына арналған элементтерді жасау бойынша қызметтер көрсету көлемінің ұлғаюы есебінен 51,2 пайызға көтерілді.

Металлургиялық өнеркәсіптің экспорттық жеткізулері 2009 жылы 2,9 млн. АҚШ долларын құрады.



Басқа да бейметалл минералдық өнімдердің өндірісінде 2009 жылы 24 741,4 млн. теңгеге өнімдер шығарылды. Физикалық көлемнің индексі 2009 жылы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90,3 пайызды құрады.

Өндіріс көлемінің төмендеуі тауарлық бетонның (2008 жылдың деңгейіне 87,1 пайызға), бетоннан жасалған жинақтық құрылыс конструкцияларының (75,4 пайызға), құрылысқа арналған жинақтық конструкция элементтерінің (67,7 пайызға), керамикалық құрылыс кірпіштерінің (33,8 пайызға) өндірісіне сұраныстың қысқару салдарынан болды, бұл себептер өз кезегінде өнімге тапсырыстың жоқтығынан, қаланың құрылыс саласында жұмыс көлемінің қысқарғандығынан кәсіпорындардың өнім тұтынушыларының төменгі төлем қабілетінен туындаған.

Басқа да металлды емес минералды өнімдердің өндірістегі инвестиция көлемі 2009 жылы 0,4 млрд. теңгені құрады.

Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарды өндіруде 2009 жылы әрекеттегі бағаларда 573,5 млн.теңгеге өнімдер шығарылған, 2008 жылдың осыған жақын кезеңімен салыстырғанда 5,9 есеге өскен. Өндіріс көлемінің өсуі ағаш терезе жақтауларын, есіктер және олардың жақтауларын, жинақтық ағаш конструкцияларын және т.б. шығару көлемінің ұлғаюына байланысты.

Тоқыма және тігін өнеркәсібінде 2009 жылы 393,7 млн.теңгеге өнім өндірді. Өндірістің 2008 жылдың осыған жақын кезеңімен салыстырғанда 57,6 пайызға өсуі дайын тоқыма бұйымдарының және киім өндірісінің көлемінің ұлғаюымен қамтамасыз етілген. Бұл салада қызметті бір ірі өндіріс («Мәншүк» ЖШС) және дайын тоқыма бұйымдары мен сырт киім өндірісі саласында қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпорындар (тігін салондары, ательелер) жүзеге асырады.

Жеңіл өнеркәсіптің экспорттық жеткізімдері 2009 жылы 2,4 млн. АҚШ долларын құрады.



Тамақ өнімдерінің өнідірісі, сусындарды қосқанда 2009 жылы 16 202,9 млн. теңгеге өнім шығарылды, бұл 2008 жылдыңғ ұқсас кезені деңгейімен салыстырғанда 7% төмен. Тамақ өнімдерін өндірудің, сусындарды қосқанда физикалық көлемінің төмендеуі бұйымдар, ет және тамақ субтүліктері, шұжық өнімдері, өнделген сұйық сүт және кілегей, сыр және ірімшік, йогурт, сүт және ферменттелген кілегей немесе ашыған және басқа да, жаңадан пісірілген нан этил спирті, сыра, алкогольсіз сусындар өнімдерінің өндіруді қысқартуымен түсіндіріледі.

Тамақ өнімдерін өндірудегі инвестициялардың көлемі 2009 жылы 0,8 млрд. теңге.

Тамақ өнімдерінің экспорт жеткізулері дайын азық-түлік тауарларын қоса алғанда 2009 жылы 340,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Айта кететін жай, қаланың өндіруші кәсіпорындардың өндірістік қауттары 2009 жылы шамамен 30% жұмыспен жүктелді.

Қала өнідірісінің негізгі мәселелері:

кәсіпорындардың технологиялық артта қалуы мен өнімнің бәсекеге қабілетсіздігі;

айналымдағы қаражаттардың жетіспеушілігі және несие беру қажеттілігі;

кәсіпорындардың инновациялық белсендігінің төмен деңгейі;

өндірістік өнімге сұраныстың төмендеуі;

өндірістік кәсіпорындардағы еңбектің төмен өнімділігі;

машина жасау саласындағы зауытаралық кооперацияның жоқтығы;

машина жасау өнімдерінің сатудан кейінгі сервис деңгейінің нашарлығы.


Қазақстандық қамтуыдың дамуы.

«Ұйымдар және мемлекеттік мекемелермен сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу барысында қазақстандық мазмұнның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығын орындау барысында өндірушілерден тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу барысында қазақстандық мазмұнды дамыту іс-шаралары өткізілуде.

Астана қаласы әкімдігімен тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алулары жоғарыда аталған Қаулы негізінде қазақстандық мазмұнға мониторинг жасалуына жататын ұйымдар тізбесіне Астана қаласының 22 кәсіпорны енгізілді. Олардың ең ірілері: «Экотон» АҚ, «Алкон+» фирмасы» ЖШС, «Apple City Bild» ЖШС, «Апрель» ЖШС.

2009 жыл қорытындылары бойынша қаланың тауар өндірушілерімен ниет-хаттамалары (меморандумдар) жасалды - 3, 9 млрд. теңге сомасындағы 11 меморандум, соның ішінде: ұлттық компанияларымен - 3,5 млрд. теңге сомасындағы 7 меморандум, жүйе қалыптастыратын кәсіпорындармен 0,4 млрд.теңге сомасындағы 4 меморандум, сонымен қатар 4,7 млрд. теңге сомасындағы 2 контракт жасалды.

2010 жылдан бастап меморандумдар жасалған жоқ бірақ та меморандумдарды жасасу жұмысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, жергілікті шағын және орта бизнес субъектілерінен мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу үлесін анықтау үшін, ай сайын шағын бизнес субъектілерінен өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстарына мониторинг жасалады.

Астана қаласы әкімдігінің барлық меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындары бойынша 2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішінде жалпы сомасы 4 113,3 млн.теңгедегі 5 660 шарт орындалды тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық мазмұны 2 557,5 млн. теңгені құрады - 62,18%.

Сонымен қатар, тауарлардың мемлекеттік сатып алуы 1 021,7 млн. теңге сомасына жүзеге асырылды, тауарларды сатып алудың жалпы көлемінен қазақстандық сатып алу көлемі 281,6 млн. теңгені құрайды – 27,56%.

Жұмыстарға мемлекеттік сатып алулары 1 520,6 млн. теңге сомасына жүзеге асырылды, соның ішінде отандық жеткізушілерден сатып алу сомасы 1 039,4 млн. теңгені құрады - 68,36%.

Көрсетілетін қызметтерге мемелекеттік сатып алулар 1 570,9 млн. теңге сомасына жүзеге асырылды, қызметтерді сатып алулардың жалпы көлеміндегі қазақстандық мазмұн 1 236,4 млн. теңгені құрайды - 78,70 %.

Қазақстандық мазмұн көлемдері жөніндегі ақпарат www.goszakup.gov.kz. веб-порталы арқылы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен ұсынылған деректері негізінде қалыптасты. Астана қаласы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жоспарлары кәсіпкерлерге ақпарат беру жұмысы өткізілетін www.astana.kz сайтында ұсынылған.

«Самрұқ-Қазына» АҚ компания топтарының Астана қаласында тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алулары «Самрұқ Қазына Контракт» ЖШС 2010 жылдың 9 ай ішіндегі ақпараты бойынша 847 547,0 млн. теңге сомасындағы келісім-шарттар жасалды, қазақстандық мазмұн үлесі – 69 % құрады.

Қазақстандық мазмұн мониторингіне кіретін Астана қаласының жүйе қалыптастыратын кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге сатып алулары бойынша 2010 жылдың 9 айы қорытындыларында салып алулардың жалпы көлемі 4 014,2 млн. теңгені құрады, қазақстандық мазмұн үлесі - 65,4 %.

Соның ішінде тауарларды сатып алу көлемі 3 112,7 млн.теңге сомасына, қазақстандық мазмұн үлесі - 59,6 %, жұмыстар көлемі - 39,8 млн. теңге, қазақстандық мазмұн үлесі – 99,7 %, қызметтер көлемі - 861,6 млн. теңге сомасына, қазақстандық мазмұн үлесі – 84,7 % құрады.



Кәсіпорындар бойынша:

1) «Экотон» АҚ тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге сатып алулар 1 337,9  млн. теңге сомасына жүзеге асырылды, соның ішінде отандық тауар өндірушілерінен – 1 048,9 млн. теңге немесе қазақстандық мазмұн 92,2 % құрады;

2) «Алкон+» фирмасы» ЖШС тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге сатып алулар 369,6 млрд. теңге сомасына жүзеге асырылды, соның ішінде отандық тауар өндірушілерінен – 170,8 млрд. теңге немесе қазақстандық мазмұн 46,2% құрады;

3) «Apple City Bild» ЖШС тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге сатып алулар 325,4 млн. теңге сомасына жүзеге асырылды, соның ішінде отандық тауар өндірушілерінен – 138,1 млн. теңге немесе қазақстандық мазмұн 42,5% құрады;

4) «Апрель» ЖШС тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге сатып алулар 141,7 млн. теңге сомасына жүзеге асырылды, соның ішінде отандық тауар өндірушілерінен – 116,5 млн. теңге немесе қазақстандық мазмұн 82,4% құрады.

Астана қаласы бойынша импорт жеткізулері 2009 жылы 2 248,1 млн. АҚШ долларын құрады және 2008 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36 % төмендеді, ал 2010 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша 1 788,5 млн. АҚШ долларын құрады.

Импорттық түсімдерден басым көпшілігі машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптар мен аппараттарды шеттен әкелуі болып қалады.

Мемлекеттік органдар, ұлттық және жүйені қалыптастыратын компаниялардың сатып алудың жалпы көлеміндегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден қазақстандық мазмұнды ұлғайту және тауар өтімін кеңейту мақсатында шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтердің тізімімен Астана қаласы тауар өндірушілерінің каталогы қалыптастырылды.

Бұл Каталогта тауар өндіруші жөніндегі барлық қажет ақпарат, соның ішінде нарық қатысушылары үшін қолайлы баға, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сертификатталуы және халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджменті ұсынылып беріледі.

Қазақстандық мазмұнды арттыру мақсатында келесі іс-шаралар өткізілуде: Отандық тауар өндірушілердің республикалық форумдары, семинарлар, «Қазақстанның ен үздік тауары» өңірлік көрме-конкурстары, жол жүретін кеңестер.

Жалпы қазақстандық мазмұн үлесін арттыру жұмысына тұрақты мониторинг жасалуда.

Мәселелер, тәуекелдер, бәсеке артықшылықтары мен мүмкіншіліктерінің кешенді сипаттамасы:

Өңірдің жүйені қалыптастыратын өндіріс кәсіпорындарының тауарларды сатып алулардағы қазақстандық мазмұн деңгейінің төмендігіне келесілер септігін тигізеді:

- өндіріс кәсіпорындарға қажет тауарлардың (шикізаттың) кейбір түрлерінің жоқтығы;

- кәсіпорындардың негізгі үлесін жүйені қалыптастыратын кәсіпорындарға жатпайтын шағын және орта кәсіпорындар алады, қазақстандық мазмұнның даму бойынша ақиқаттағы көріністі бермейді.

- өндруші секторы өнімінің төмен деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі, бұл мәселе ен алдымен кәсіпорындардың төмен технологиялық деңгейі және құрал-жабдықтардың моральді ескіруіне байланысты пайда болған;

- отандық кәсіпорындары инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі.

Сонымен қатар, өндіріс кәсіпорындарының маркетинг қызметтерінің төмен деңгейі тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмендеуіне ықпалын тигізеді.
Техникалық реттеу және метрология

Қазіргі кезде Астана қаласының кәсіпорындарында тауарларды өндіру және оларға қызмет көрсету барысында Техникалық регламенттер басшылыққа алынады. Қала кәсіпорындарындағы стандартизация бойынша нормативтік құжаттарды пайдалануына жасалған талдау отандық өнімге әсіресе Қазақстан Республикасының стандарттары мен мемлекетаралық стандарттарды қолданатынын көрсетті.

Бейімделу және техникалық регламенттер мен стандарттарын енгізу мәселелері бойынша мәжілістер, дөнгелек үстелдер өткізілуде.

Жыл сайын стандартизация жоспарлары әзірленіп отырады. Кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізуіне мониторинг тұрақты негізде өткізілуде.

2010 жылдың басынан 10 сынау зертханалары аккредитацияланды, олар қаланың көптеген негізгі өнім түрлері бойынша сынауларды өткізуге жағдай туғызады.

2010 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша Астана қала бойынша аккредитацияланған субъектілер тізілімінде 51 сынау зертханасы тіркелді, сертификацияны растау бойынша 25 орган, 16 тексеру зертханалары, 2 калибрлеу зертханалары. Бірақ, қазіргі кезде машина жасау өнімін сынау зертханасын құру қажеттілігі бар.

Осыған байланысты, қазіргі кезде бұл қажеттілікті шешу және ТЭН әзірлеу барысында бұл зертханаларды қосу мүмкіндігі мәселелері әзірленуде, бұл болашақта осы мәселелердін шешілуіне жағдай туғызады.

Шығарып отырған өнім сапасын жақсарту мақсатында өндірістік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігігін арттыру бойынша жұмыс өткізілуде, бұл мақсаттарға өндіріс кәсіпорындарымен ИСО, OHSAS, SA, ХАССП сериядағы менеджмент жүйелерінің халықаралық стандарттарын (бұдан әрі – МЖС) енгізу насихатталуда.

ИСО, OHSAS, SA, ХАССП талаптарына әйкес менеджмент жүйелерін қаланың кәсіпорындарында енгізуіне жасалған мониторингке сәйкес 2010 жылдың 3 тоқсан қорытындылары бойынша Астана қаласының сертификатталған кәсіпорындар саны 262 бірлікті құрады. Халықаралық МЖС енгізу өндіріс саласы мен сауда және қызмет көрсету саласында да жүзеге асырылуда.

Солардың ішінде, қаладағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша - 4 ұйым, ақпараттық коммуникациялар – 9, өнім мен қызметтерді сертификаттау – 1, жеңіл өндіріс – 5, машина жасау – 9, құрылыс материалдары және құрылыс – 117, азық-түліктерінің технологиясы – 3, ағаш технологиясы – 2, теміржол техникасы – 8, мұнайды іздестіру және қайта өндеу технологиясы және шектес салалар – 4, энергетика және жылу техникасы - 3, агроөндірістік кешені -2, денсаулық сақтау -6, білім беру қызметі – 9, көлік – 2, барлық қызметтер – 73, басқа салалар – 5.

Қалада отандық өндірушілердің халықаралық стандарттарға өту дайындылығын анықтау бойынша Менеджмент жүйесін енгізу мәселелері жөніндегі жұмысшы тобы қызмет жасайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйақысын алуына талаптану конкурсы туралы» №194 өкіміне сәйкес және «Алтын сапа» республикалық көрме конкурсында жыл сайын сапа салысынағы өңірлік көрме конкурстары өткізіліп отырады. Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары сапа саласындағы жетістіктері үшін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурсында қатысады.



Құрылыс қызметі. Қаланың құрылыс қызметі бірнеше жылдар бойынша инвестициялардың тартылуын, шектес салалардың дамуын, халықтың елеулі бөлігінің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етіп, қала экономикасының өсу локомотивы болып саналды. Құрылыс жұмыстарының көлемдері номиналды көрсеткіште жыл сайын орта шамамен 24% өсті, ал 2007 жылы шынына жетті – 375 398,0 млн. теңге.

2008 жылдан бастап көрсеткіштің теріс динамикасы байқалуда. Құрылыс жұмыстары көлемдерінің төмендеуі 2008 жылы 4%, 2009 жылы –18,8% құрады. Бұған ұқсас жағдай тұрғын үй құрылысына түскен инвестициялар көлемі бойынша байқалынады: 2008 жылы – 20,4%-ға, 2009 жылы – 50,9 %-ға төмендеуі.

Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың қаланың құрылыс секторына ықпал тигізуі, тұрғын үй құрылысының өзіндік қозғалтқышы болып саналған және төлеуге қабілетті сұраныстың саласы мен өсуіне арзан капиталды тартқан банк жүйесінің тұрақсыздығымен күшейді.

Үкіметтің Экономиканы тұрақтандыру бағдарламасымен көзделген қаланың жылжымайтымн мүлік нарығындағы жағдайды тұрақтандыру іс-шаралар кешенін қабылдаған мемлекеттің белсенді ұстанымы салдарынан тұрғын үй нарғындағы жағдай уақытылы үндестірілді.

Бұл тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға берілу қарқынының ұзаққа созылуына жол берді. 2009 жылы 1,3 млн. шаршы метр ауданы қолданысқа берілді, бұл 2008 жыл өсу деңгейімен салыстырғанда 3,9 % құрады.

Қаланың құрылыс секторының негізгі мәселелері:

тұрғын үйге жеткілікті төлеуге қабілетті сұраныстың жоқтығы;

саладағы кәсіпорындардың айналымдағы қаражаттың жетіспеушілігі;

инженерлік инфроқұрылым объектілері желісінің жеткіліксіз даму деңгейі;

бәсекеге қабілетті отандық құрылыс материалдарының жеткіліксіз өндірілуі;

Қазақстанның тұрғын үй заңнамасындағы мәселелер.

Шағын кәсіпкерлік.

2010 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша 74 718 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелді, олардың – 24 335 заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер – 50 383. 2008 жылдың ұқсас кезенімен салыстырғанда тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өсу қарқыны 112,5% құрады, соның ішінде заңды тұлғалардың өсу қарқыны 106,9%, жеке кәсіпкерлердің өсу қарқыны – 115,4% құрады.

2007-2009 жылдардағы шағын бизнеспен айналысатын адам саны 2% төмендеді – 106,1 адамнан 104,0 мың адамға дейін. Төмендеудің себебі дағдарысқа дейінгі кезеңде Астана қаласының бестен бір бөлігін құраған қаланың құрылыс саласындағы мәселелермен түсіндірілетін қала экономикасының жалпы төмендеуі болып саналды. Әсіресе, құрылыс саласындағы белсенді шағын кәсіпорындардың елеулі бір бөлігі 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда – 29,4%-дан 14,1%-ға дейін шамамен екі рет қысқарды.

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі іс-әрекеттер жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 6 қарашасындағы № 1039 қаулысына сәйкес, Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 14 наурыздағы № 55/9-IV шешімімен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру үшін жергілікті бюджет қаражатынан 150 млн. теңге көлеміндегі қаражат бөлінді, сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бірлесіп қаржыланыру көзделді. 2009 жыл қорытындылары бойынша қаражаттар игеріліп, 7 жоба толығымен қаржыландырылды.

«Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ III траншы шеңберінде 22,9 млрд. теңге сомасындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне несие беру іс-шараларын өткізген, 302 қарыз алушыларға несие берілді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің деректері бойынша 2009 жылы екінші деңгейдегі банктармен шағын және орта бизнес субъектілеріне 47,1 млрд. теңге сомасындағы кредит берілді, 2008 жылдың ұқсас кезенімен салыстырғанда төмендеу 35,0 % құрады.

Қаланың шағын бизнесіндегі негізгі мәселелер:

қолданыстағы рұқсат беру рәсімдерінің күрделі механизмі;

шағын бизнестің несие ресурстарына қол жеткізудің төмен деңгейі (несие ресурстарын ұсыну барысында банк құрылымдарының жоғары талаптары нәтижесінде);

инновациялық экономикадағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жеткіліксіз қатысуы, яғни бизнесті жүргізу барысындағы жаңа ғылыми әзірлеулер мен технологияларды нашар пайдалану және енгізу.



Сауда, қызметтер, штаттан тыс айналым. Зерттеліп отырған кезеңдегі сауда саласы қаланың ЖӨӨ маңызды үлес қосылуын қамтамасыз етті (19,4%). 2007-2009 жылдар кезеңі ішінде қаланың бөлшекті тауар айналымы 1,5 рет өсіп, 2009 жылы 239 629,7 млн. теңгені құрады.

Азық-түлік емес тауарлары бойынша өсудің ең жоғары қарқыны байқалады, соның ішінде сауда кәсіпорындар үлесі 71,1 %, өндірістік, өндірістік емес, аралас нарықтар мен жеке кәсіпкерлер - 28,9 % құрады.

Көтерме тауар айналымы құрылымында ұқсас кезен ішінде азық-түлік тауарлары біраз артты (5,2 %-дан 6,6%-ға дейін), бірақ негізгі үлесі әдеттегідей өндірістік-техникалық бағыттағы тауарларға жатқызылды.

Жалпы 2007-2009 жылдар кезеңі ішінде көтерме тауар айналымының көлемі 4,2 % төмендеді, 2009 жылы 924 104,1 млн. теңгені құрады.

Қала экономикасындағы жалпы экономикалық түсім қаладағы сауданың дамуына ықпалын тигізді. 2008-2009 жылдары сауда саласындағы жалпы өнімнің шындықтағы қарқынының қысқаруы байқалынды, бұның себептері тұтынушы белсендігінің тапшылығы болып саналады: халық табысының қысқаруы салдарынан тауарлар мен қызметтерге сұраныстың төмендеуі пайда болды.

Қаралып отырған кезең ішіндегі көрсетілген қызмет көлемі 16,8% асып өсті (қолданыстағы бағалар) және 2005 жылдан бастап тұрақты жоғарылап отырды. Қызмет көлемі құрылымындағы елеулі орынды жылжымайтын мүлікпен байланысты қызметтер, сәулет саласындағы қызметтер, инженерлік іздеулер, техникалық сынаулар және талдау орын алды. Талданып отырған кезең ішінде жылжымайтын мүлікке байланысты қызметтер 15,7% өсті және 2009 жылы 60 339,1 млн. теңгені құрады.

Қаланың сыртқы сауда айналымы талдау өткізілген кезені ішінде 3,2 млрд. АҚШ долларына азайды, 2009 жылы экспорт үлесі - 56,4%, импорт - 43,6% құрады.

2009 жыл ішінде қаланың экспорттық өнімнің негізгі тұтынушылары алыс шет елдері болып саналады (93,5%). Импорт көлемдері бойынша ТМД елдерінің және алыс шет елдерінің үлесінің болмашы айырмашылығы анықталды (43,5 және 56,5% тиісінше).

Экспорттық өнімі құрылымына минералдық өнімдер, жер үсті, ауа құралдары, су көлігі олардың бөлшектері мен заттары, сондай-ақ өсірілетін өнімдер жатты; импорт құрылымына - машиналар, құрал-жабдықтар, көлік кұралдары, аспаптар, асыл емес металдар мен олардан жасалған бұйымдар, минералдық өнімдер жатты.

Биржа саудасы. 2009 жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша жасалған мәмілелер айналымы 55,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жыл деңгейінен төрт рет артады. Жасалған мәмілелер көлемі 1,7 рет артты.

Тауар биржасында сатылатын негізгі тауар бидай болып саналады, бұл жасалған барлық мәмілелердің 85,7% құрайды.

Биржа тауарларының ұйымдастырылған нарығын дамыту сататын тараптар үшін бәсеке ортаны қалыптастыру мақсатында 2010 жылы қалада «Астана» әмбебап тауар биржасы құрылды.

Биржадағы сауда-саттық келесі мәміле түрлері бойынша жүзеге асырылады:

1) спорт тауарлары бойынша мәмілелер - мемлекеттік сатып алу бойынша;

- сату бойынша – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатып алынса;

- экспорт – импорт бойынша (халықаралық іскери операциялар бойынша);

2) фьючерстік мәмілелер;

3) опциондық мәмілелер;

4) қойма операцияларына қатысты құқықтар мен міндеттемелер өзара берілетін мәмілелері.

Сауда, қызмет, сыртқы сауда айналым саласындағы негізгі мәселелер:

Тұтынушылар сұранысының төмендеуі;

Сауда саласындағы жалпы нақты өнімнің, оның ЖӨӨ жалпы көрсеткішіндегі ұлғайып отырған елеулі бөлігінде қысқаруы;

Бөлшекті тауар айналымы құрылымындағы сауда кәсіпорындарының жоғары үлесінің сақтауымен бөлшекті сауда мен қызмет саласындағы көрсеткіштің тұрақты өсу қарқыны;

Бөлшекті тауар айналымы құрылымындағы азық-түлік тауарларының екпінді қысқаруы.

Қаланың инвестициялық тартымдығы

2007-2009 жылдары ішінде қала кәсіпорындарының негізгі капиталындағы инвестициялардың көлемі   13,2% кеміді (қолданыстағы бағаларда) және 2009 жылы 368 248,2 млн. теңгені құрады (бұл 2008 жылмен салыстарғанда 18,9% төмен), олардың 83% құрылыс-монтаж жұмыстары жатады.

Инвестициялар құрылымында экономикалық қызмет түрлері бойынша қаралған кезең ішінде құрылыс инвестицияларының елеулі үлесі төмендеді – 16 пайыздық көрсеткішке, қаржы қызметі инвестициялары – 0,3 пайыздық көрсеткішке, жылжымайтын мүлік операцияларына инвестициялар - 3,5 пайыздық көрсеткішке төмендеді. Үлестің ұлғаюы өндіріс инвестициялары бойынша – 2,0 пайыздық көрсеткішке, білім беру – 4 пайыздық көрсеткішке, сондай-ақ көлік және байланыс - 4,9 пайыздық көрсеткішке байқалынды

2007-2009 жылдары ішіндегі инвестицияларды қаржыландыру көздері бойынша өзіндік қаражаты есебінен инвестиция үлесінің күрт қысқаруы белгіленді (2007 жылы 46,4%-дан 2009 жылы 21,2% -ға дейін). Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялар үлесі манызды өсті. 2009 жылы бұл Астана қаласы бойынша негізгі капиталға барлық инвестициялардың 53,9% құрады, ал 2007 жылы 37,8% жоғарыламаған еді.

Қаланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етудің негізгі мәселелері:

салааралық экнономикалық интеграцияның нашарлығы;

өндірілетін өндірістің нашар өнімділігі;

өндірістік инфрақұрылымының дамымағандығы;

кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық ескіруі;

ғылым мен өндірістің тиімді байланысының болмағаны.


Қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында 2001 жылдан бастап елорда аймағында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қызмет жасайды, оған жаңа әкімшілік –іскери орталығы мен Индустриалдық паркі кіреді.

АЭА аймағы 2009 жылы 5900,9 га құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 5,5 рет өсті (1052,6 га). Бұл кезең ішінде АЭА аумағының инженерлік инфроқұрылыммен (электр қуатымен-, сумен-, жылумен жабдықтау), сондай-ақ көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі анағұрлым артты.

Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан – аумағы 5 302,5 га құрайды, Индустриалдық парк қаланың өндірістік бөлігінде орналасқан – аумағы - 598,4 га құрайды.

АЭА дамуының оң көрсеткіштері ағымдағы кезенде Индустриалдық паркіне бизнес-құрылымдары тарапына деген ықыластың өсуімен сипатталады, бұл АЭА аумағындағы жеңілдетілген тәртіпті құру және Индустриалдық парк ауданын елорданың әкімшілік-іскерлік орталығы құрылысына инвестицияларды жеделдете тарту үшін кеңейтілу қажеттілігін туғызады.

Бүгінгі күні АЭА аумағында барлығы 257 объекті тіркелген:

- 80 инфрақұрылым объектісі,

- 68 тұрғын үй ғимараттары,

- 63 әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектілер,

- 30 әкімшілік ғимарат,

- Индустриалдық парктың 16 өндірістік объектісі.

Олардың мемлекеттік актілерімен 163 объектісі енгізілді, 94 объектінің құрылысы жүзеге асырылуда.

АЭА аумағына тартылған инвестициялар көлемі 2002-2009 жылдары 976,5 млрд. теңгені құрады, олардың ішінде жеке инвестициялар 571,7 млрд. теңгені құрады (60% игерілді), мемлекеттік инвестициялар - 444,9 млрд. теңге (80% игерілді). АЭА аумағына тартылған инвестициялардың маңызды көлемі 2006-2007 жылдары байқалынды. Инвестициялардың көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 88% ұлғайды, инвестициялардың көлемі 2007 жылы 2006 жылмен салыстарғанда 14% артты. Бірақ, 2008-2009 жылдары туындаған қаржы дағдарысы салдарынан инвестициялар көлемінің төмендеуі белгіленді. 2009 жылы инвестициялардың көлемі 82,9 млрд. теңгені құрады, 2008 жылмен салыстырғанда 27% төмендеді.

АЭА дамуының негізгі мәселелері:

АЭА кәсіпорындарындағы жұмыскерлер санының қаланың құрылыс секторындағы жағдайдың төмендеуіне байланысты қысқартылуы және 2008-2009 жылдардағы АЭА инвестициялар көлемінің 2008-2009 жылдарда қалыптасқан экономикалық тұрақсыздығы салдарынан инвестициялардың маңызды бөлігінің азаюымен қысқаруы.


Индустриализация картасы

Индустриалдық-инновациялық дамуының тездетілген мемлекетік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына сәйкес Өңірлік индустриализация картасы әзіленді, Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 25 маусымдағы №26-10 қаулысымен бекітілді.

Қазіргі кезде Астана қаласы аумағында 8 жоба әзірленуде, олардың 1 жобасы Өңірлік индустриализация картасына кірді:

- «Сэндвич-панельдерді өндіру зауытының құрылысы» («Кровля НС» ЖШС).

7 жоба, Республикалық индустриализация картасына кірді, соның ішінде 1 өңіраралық жоба:

- «Абу Даби Плаза» түрлі қызмет көрсететін кешенінің құрылысы» («Aldar Properties PJCS» компаниясы);

- «Фармацевтикалық фабрика» өңіраралық жобасы» «Химфарм-Астана» ЖШС («Фармация» ҚҚ» ЖШС);

- «Жылы жай кешенінің құрылысы» жобасы («Астана ЭкоСтандарт» ЖШС);

- «Ақмола облысындағы Нұра-Есіл каналын қайта құру» жобасы (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті);

Сонымен қатар, Ұлттық Космос Агенттігінің 3 жобасы:

- «KazSat» спутник байланысы және хабарлай жүйесін құру» жобасы;

- «Жинақтау-сынау кешенін құру» жобасы;

- «Қазақстан Республикасының Жерді ара қашықтықтан барлап білудің космостық жүйесін құру» жобасы.

Объектілерді енгізу кестесіне сәйкес 2010 жылдың 1 жарты жылдығында «Сэндвич-панельдерді өндіру бойынша зауытының құрылысы» жобасы жобасы іске асырылды («Кровля НС» ЖШС) қуаты 20 мың шаршы метр/жыл, 50 жұмыс орны құрылды.

Өңірлік индустриализация картасының өзектілігі бойынша өткізіліп отырған жұмысы шеңберінде қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен екі жоба келісілді: «Ремлокомотив» АҚ-ның «Жолаушылар вагондарын өндіру зауыты» және «Казглавпродукт» ЖШС-нің «Көліктік-логистикалық орталығы».

Индустриализация картасы шеңберіндегі инвестициялық жобаларды іске асыру Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында құптарлық бейнеленеді. Жаңа өнімдерді енгізу 2015 жылы салаға 300 млрд.теңгеден астам соманы тартуды көздейді, бұл бюджетке салық түсімдерін елеулі арттырады, өз кезегінде елорданың жалпы ішкі өнімінің артуына әкеледі. Сонымен қатар, 800 адамнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға жол береді, бұл жұмыспен қамту және жұмысқа тұрғызу мәселелерінің шешілуіне ықпалын тигізеді.



Инновациялық қызмет. 2007-2009 жылдардағы қаланың өндірістік кәсіпорындарымен шығарылған инновациялық өнім көлемі 2005-2006 жылдардағы өндіріс көлемдерімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді. Бұл бағыт жалпы республикалық бағыттармен жалпыдай ұқсас, бірақ қаланың облыстағы инновациядағы белсенділікпен салыстырғанда бірнеше жылдар бойы елдегі орташа көрсеткіштен артта қалушылық байқалуда.

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділіктің маңызды үлесін қаралып отырған бар кезеңі ішінде жаңадан енгізілген немесе соңғы үш жылдары ішінде маңызды технологиялық өзгерістерден өткен өнім қалыптастырды.

Қаланың инновациялық ортасының негізгі мәселелері:

инновациялардың экономиканың нақты секторынан алға кетуі: өткізіліп отырған қолданбалы әзірлеулердің коммерциализация және өндіріске енгізу түріндегі жалғасы жоқ.;

технологиялық жаңа енгізулерді кіргізу және оларды нарыққа шығару қазіргі кездегі механизмдерінің жоқтығы;

шағын инновациялық кәсіпкерліктің соңына дейін дамымауы;

озық технологиялар мен өндірістік жаңа енгізулерге сұраныстың ішкі төлеуге қабілетті тұлғаларға сұраныстың жоқтығы;

қала кәсіпорындарының орташа республикалық деңгейден инновациялық белсенділік деңгейі бойынша артта қалуы;

бюджет қаражатының бірнеше жылдар бойы зерттеу мен әзірлеулерге бөлінген ішкі шығындарында басым болуы;

Тұтынушы нарығы.

Тұтынушы бағалардың индексі, құнсызданудың негізгі индикаторы ретінде Талдау жасалған кезеңі ішінде 2007 жылы ен жоғары мәнге жетті – 119,8% сонымен қатар, азық-түлік тауарларына бағалар рекордтық 30,1%-ға өсті.

2009 жылы баға өсімі талданған кезеңі ішінде ен төмен болды – 6,5%. Бұл өсім әсіресе ақылы қызметтер мен азық - түліктік емес тауарларға көтерілген бағалар есебінен қамтамасыз етілді.

Қаланың негізгі өндірістік тауарларымен өздігінен жабдықталуы төмен деңгейде қалуда. Бұл қаланың азық-түлік өнімдерінің сырттан жеткізуден жоғары тәуелділігін көрсетеді және нарықтағы бірнеше делдалдылықтың болуына әкеледі.

Қаланың тұтынушы нарығына өндірістік өнімдердің негізгі жеткізуші-өңірлері Қазақстанның орталық, шығыс және оңтүстік облыстары болып саналады. Қаланың өнімді ірі жеткізушілердің бірі Ақмола облысы, Астана қаласының азық-түлік аймағын қалыптастыру бағдарламасын іске асыруға қатысуды жалғастырып отырған 17 аудан қалды.

Қаланың тұтынушы нарығының негізгі мәселелері:

2008-2009 жылдардағы тұтынушылар нарығындағы бағаның өсу қарқынының бәсендеуі, бұл бір жағынан қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайына септігін тигізеді, бірақ екінші жағынан – қала экономикасының төмендеуін дәлелдейді;

Қаланың Қазақстанның түрлі облыстарынан және көршілес мемлекеттердің шекаралас өңірлерінен өнімдерді жеткізуден жоғары тәуелділігі.



Қала бюджеті. 2007-2008 жылдардағы қала бюджетінің табысы 2007 жылы номиналды көрсеткіште шамамен 1,5 рет өсті – 194 014,8 млн. теңгеден 2009 жылы 282 200,6 млн. теңгеге дейін өсті. Қала бюджеті түсімдерінің негізгі көзі бірнеше жыл бойы республикалық бюджет трансферттері болды, үлесі 61,4%-дан 76,9%-ға дейін. Салық түсімдерінің үлесі 30,2-дан 21,3%-ға дейін төмендеді. 2009 жылғы қала бюджетінің табыс құрылымында салықтық емес түсім көлемдері мен негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 2,4%-дан төмен көрсеткішті берді.

Қаралып отырған кезеңдегі қала бюджеті шығындары да айтарлықтай өсті – 3 рет. 2009 жылғы шығындар құрылымында ең үлкен анағұрлым бөлігін келесілер ие болды: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (29,8% 2007 жылғы 32,3%-бен салыстырғанда), денсаулық сақтау (12,3% 2007 жылғы 8,5%-бен салыстырғанда), көлік және коммуникациялар (11,8% 2007 жылғы 19,1%-бен салыстырғанда).

Бірнеше жылдар ішінде қала бюджеті тапшылықта болды. 2007 жылы бюджет тапшылығы 4 475,7 млн. теңгені, 2008 жылы – 8 523,9 млн. теңгені құрады. 2009 жылы бірнеше жылдар бойы бірінші рет бюджет 5 253,6 млн. теңгедегі профицитті иеленді. Айта кететін жайт, 2009 жылғы бюджет шығындары 2008 жылмен салыстырғанда 21 179,2 млн. теңгеге аз болды, ал шығындары – 21 946,5 млн. теңгеге артты.

Қаланың бюджеттік құрамның негізгі проблемалары:

қала бюджеті шығындарының жалпы төмендеуі;

бюджеттің кіріс бөлігінің қалыптасуындағы трансферттер үлесінің артуы.



Туризм

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық өмірінде соңғы жылдардағы өзгерістер туризм саласындағы ұсыныстарды кеңейтуіне, бар сұранысқа барынша жақындата отыра жағдай туғызады. Мемлекетіміздің жас елордасы ретінде, қазіргі заманғы кейіпі мен инфрақұрылымды иеленген қалаға деген туындайтын бар қызығушылық туризм саласын сипаттайтын жалпы көрсеткіштермен дәлелденеді.

Бүгінгі таңда қалада 150 қонақ үй қызмет жасайды. Орналасу объектілерінің негізгі көрсеткіштеріне қатысты нөмірлердің саны 4460 бірлікті құрады, 6840 төсек орын. Олардың ішінде «люкс» дәрежесіндегі нөмірлер - 558. Қонақ үйлердің толымдылығы орташа – 28,5% құрады. Төсек орындардың тәуіліктегі орташа бағасы – 11052,3 теңгені құрады.

Орналасу объектілерін санат көрсетікіші (жұлдызшалары) бойынша бөлу барысында 5 жылдызды отельдерге – 5 (Radisson SAS Astana, Rixos, Hotel Astana, Ramada Plaza Astana, Selux Otel), 4 жұлдызды отельдерге 7 қонақ үй жатады, 3 жұлдызды отельдерге – 17 қонақ үй жатады, қалған орналасу объектілері 1 және 2 санатқа бөлінеді.

2009 жылы туристік фирмалар мен қонақ үйлермен 322,1 мың туристке қызмет көрсетілді. Соның ішінде кіру туризмі 71,1 мың адамды, шығу туризмі – 17,8 мың адамды құрады. Маңызды бөлігін ішкі туризм алады – 233,2 мың адам (немее 72,4%). 2008 жылмен салыстырғанда қызмет көресітілген туристер көлемі 27, 2 % кеміді, яғни 120,6 мың адам.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет