Катонқарағай ауданының 2013 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы АҚпарат өнеркәсіп



Дата22.02.2016
өлшемі22.92 Kb.
#2317
Катонқарағай ауданының 2013 жылдың

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

АҚПАРАТ
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдерінің мөлшері – 1941,2 млн. теңгені немесе 95,5 пайызды, ал табиғи көлем индексі 84,5 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі аудан бойынша 16326,1 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,1 пайызды құрады. Өнімнің табиғи көлем индексі 100,2 пайыз. 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет – 86,3 пайызды құрады, сүт – 102,1 пайыз, жұмыртқа – 101,4 пайызға өсті.

Ауданда ірі-қара мал басы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 пайызды, жылқы – 100,2 пайызды, шошқа – 65,4 пайызды, құс – 100 пайызды құрады, қой мен ешкі – 89,9 пайызды құрады.



Құрылыс. Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде – 2 136,8 млн. теңгенің инвестициясы ауданға тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 116,7 пайызды құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция өнімінің табиғи индексі 111,6пайызды құрады. Өз қаражаты есебінен тартылған инвестиция көлемі– 1062 млн.теңге, ТКИ-136,6%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1592,1 млн.теңгеге жетті, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,4 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының табиғи көлем индексі 100 пайызды құрады.

2014 жылдың 1 қаңтарына өз қаражаты есебінен 1216 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Өткен жылы салушылардың өз қаражаты есебінен 1946 шаршы метр тұрғын үй берілген болатын.



Бюджет. Ауданның өздік бюджетіне 502,5 млн. теңге көлемінде салықтар мен басқа төлемдер түсті (2012 жылы – 469,6 млн.теңге), немесе болжамның 104,1 пайызы, өсу темпі – 107 пайыз.

Бюджеттің шығыс бөлігі – 4433,4 млн. теңгеге орындалды (2012 жылы - 3692 млн.теңге немесе игерілуі – 99,9%), немесе қаржылардың игерілуі 100 пайызды құрады.



Шағын кәсіпкерлік. Аудан бойынша белсенді шағын бизнес кәсіпорындарының өсу қарқыны 101,3 пайызды құрады. Белсенді кәсіпорындар саны 1-ге көбейіп, 77 кәсіпорынды құрады.

2014 жылдың 1 қаңтарына тауар айналымының көлемі  2569 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны 118,5%. Тауар айналымының табиғи көлем индексі 114,7 пайыз.

Жұмыспен қамту. Жылдың басынан жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналастыру бойынша 291 адам жүгінген болса, оның 242 жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасу үлесі 83,7 пайызды құрады.

2013 жылы тіркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22 азайып, 77 адамды құрады.

Өткен жылдың тиісті кезеңінде 1221 жаңа жұмыс орны ашылса, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша ауданда 1280 жаңа жұмыс орны ашылды.

Білім беру. Мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту 3 пайыз өсіммен 98,8 пайызды құрады.

2014 жылдың 1 қаңтарына 337 нәресте туды (былтыр осы кезеңде – 317 бала туған), немесе 103,1 пайыз.

Өлім деңгейі, 2013 жылы 327 адам қайтыс болды (былтыр осы кезеңде – 318 адам) немесе 97,2 пайыз.

2014 жылдың 1 қаңтарына ауданда туберкулез ауруымен ауыратын 22 адам анықталды, өткен жылдың тиісті кезеңінде 25 адам ауырған, немесе 88 пайыз.



Қылмыс деңгейі, қаңтар-желтоқсан аралығында 213 қылмыс жасалған, былтырғы жылмен салыстырғанда 20 қылмысқа көбейді немесе 110,4 пайыз. Қылмыстарды ашу – 75,9 пайызды, 2012 жылы – 69,6 пайыз болған.

Тіркелген ауыр және аса ауыр қылмыстар саны - 11, былтырғы жылы – 9 болған. Аса ауыр қылмыстарды ашу – 91,7 пайыз, былтыр – 66,7 пайыз болған.




Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің басшысы Ж. Большманова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет