«Аймақтық ынтымақтастық арқылы даму»
бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының Қызылорда облысындағы жергілікті қауымдастықтың әрекет ету жоспары» гранттық бағдарламаның өтінімдер байқауына шақыру
-
«Бастаманы қолдау» қоғамдық ұйымы «АРГО» Азаматтық Қоғамды дамыту Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесе отырып, «Аймақтық ынтымақтастық арқылы даму» бағдарламасы аясында «Жергілікті қауымдастықтың әрекет ету жоспарын» жүзеге асыруға бағытталған гранттық байқаудың басталғаны туралы жариялайды. Бұл бағдарлама, Орта Азия Республикаларында Халықаралық Даму жөніндегі АҚШ Агенттігінің (USAID/CAR)қаржылық қолдауы арқылы жүзеге асуда.
Бағдарламаның мақсаты - қоғамдық ұйымдардың әлеуетін көтеру, тиімді диалогты, желілік әрекеттесуді және аймақтық ынтымақтастықты дамыту арқылы, Орта Азияда (ОА) азаматтық қоғамды нығайту болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
1 Міндет: Орталық Азияның кейбір елдеріндегі белгілі демографиялық топтар мен шалғайда әрі жағдайы төмен аудандарда орналасқан, АҚҰ ерекше көңіл бөле тұра, азаматтық қоғам топтары арасында және азаматтық қоғам ішіндегі басқарушы механизмдер мен диалогты қолдау мақсатында, азаматтық қоғам ұйымдарының (АҚҰ) институционалды әлеуетін нығайту.
2 Міндет:Экология, әйелдер мәселесі, адам саудасымен күресу немесе экономикалық даму сияқты, ортақ мүдде болып табылатын мәселелер бойынша ынтымақтастықты кеңейту мақсатында, аймақтық дәрежеде салыстырмалы зерттеу жүргізу, тәжірибе алмасу, байланыс орнату.
3 Міндет: Тек жобаның іске асу мерзімінде ғана емес, аяқталғаннан кейін де, ақпарат алмасу мен білім тасымалдау механизмі болып қалатын, тұрақты негізде ОА аймағында АҚҰ өзара ықпалдасуы үшін виртуалды платформаны қалыптастыру.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні: 05 Қараша, 2013ж.
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні: 22 Қараша, 2013 ж.
Грантты жүзеге асыру мерзімі: 6 айдан артық емес
Грант сомасы: $ 5 000 артық емес
Гранттар бойынша қызмет, жергілікті қауымдастық арасында өткізілген, үкіметтік емес ұйымның (ҮЕҰ) зерттеуіне негізделген болуы тиіс. Грантқа үміткер ҮЕҰ жергілікті қауымдастықтың әрекет ету жоспарын құрып, ол қоғамның анықталған бастапқы қажеттіліктеріне, қоғамды тарта тұра, шешім ұсынуы тиіс.
Жергілікті қауымдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған және тәжірибелік мәні бар өтінімдерге қолдау көрсетіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда, сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін келесі мекенжайға хабарласыңыз:
«Бастаманы қолдау» Қоғамдық ұйымы
Мадина Тулепова, «Бастаманы қолдау» ҚБ төрайымы
Қазақстан Республикасы , Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, 120015,
Әуезов көшесі, 20/16
Телефон: + 7 (7242) 26 30 96
Электронды пошта: mtulepova@mail.ru
Жанат Сапаржанова, Гранттар жөніндегі менеджер
Телефон: + 7 (7242) 26 30 96
Электронды пошта: zhak_s@mail.ru
Бұл хабарландыруға 3 құжат қосылған:
-
Байқау туралы жалпы ақпарат;
-
Өтінім формасы;
-
Бюджет формасы.
1. Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптар
Азаматтық қоғам мәселелерімен айналысатын және Қазақстан Республикасының Қызылорда облысында әрекет етуші кез-келген қоғамдық ұйымдар өтінім бере алады. Дегенмен, өтінім берушілер заңды түрде тіркелген, үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйымдар болуы тиіс.
Бастамашыл топтар байқауға қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда, бұл топтар үкіметтік емес, коммерциялық емес топпен серіктесе отырып, өтінім беруі тиіс.
Өтінім берушілерге арналған критерийлер:
-
Азаматтық қоғам мен осы тақырыптағы жобаларды іске асыру аясында жұмыс тәжірибесі 2 жылдам кем емес;
-
ҮЕҰ ретінде тіркелген болуы қажет. Бастамашыл топтар қатысқан жағдайда – олар өтінімді ҮЕҰ бірлесе отырып, беруі тиіс;
-
Салықтық борыштары болмауы тиіс;
-
Өтінімге қатысты барлық қосымшаларды тапсыруы тиіс.
Грантқа өтінім берушілердің тапсыратын құжаттар тізімі:
-
Қажеттілікті зерттеу кезіндегі жергілікті қауымдастықтың жиналыс хаттамасы мен жергілікті қауымдастықтың әрекет ету жоспары;
-
Жобаның маңызды тұлғаларының түйіндемесі;
-
Заңды тұлғаның тіркелу туралы куәлігінің көшірмесі(нотариалды растаусыз);
-
Жарғының көшірмесі (нотариалды растаусыз);
-
Барлық серіктестердің салымдарды қолдау және/немесе растау хаттары;
-
Бюджеттің электронды нұсқасы (Excel форматында).
Өтінім берушілер, серіктестерін қоса алғанда, сұралатын гранттан 20 % кем емес жеке салым салу керек Шығын/салымның салынғандығы туралы негізгі сандар жобаның бюджетінде толық көрсетілуі тиіс.
Жеке салымды ақшалай немесе заттай салуға болады. Ақшалай салымға жобаны жүзеге асыру барысында жұмсалатын өтінім берушінің немесе оның серіктестерінің ақшалай қаражаты жатады. Заттай салымға жобаны жүзеге асыру барысында пайдаланылатын затары жатады, офиспен қамтамассыз ету, құрал-жабдық, транспорт, мекеме қызметкерлерінің ерікті жұмыс ретіндегі салымдары және т.б.
2. Өтінімдерді бағалау критерийлері
Гранттық комиссия қарастырғанға дейін, барлық өтінімдер байқау талаптарына сәйкестікке тексеріледі.
Байқау критерийлері:
-
Бастамашыл топпен бірлесе отырып, өтінім берген , заңды тіркелген ҮЕҰ немесе ҮЕҰ-ның серіктес ұйымы грантқа өтінім беруші болып табылады;
-
Қаржыландыру, грант берілген күннен бастап, аталған мерзім аралығында аяқталатын, нақты қызметті іске асыру үшін сұралады.
-
Өтінім қабылдау мерізімі аяқталғанға дейін тапсырылады;
-
Барлық талап етілетін қосымшаларымен бірге, толық өтінім тапсырылады;
-
Ұйымның тәжірибесі байқау критерийлеріне сай болады.
Қаржыландыруға өтінімдерді қарастыру үрдісі:
Жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес өтінімдерді, алдымен «Бастаманы қолдау» ҚБ қызметкерлерінен құралған комиссия, гранттық байқауға қатысу критерийлерінің сәйкестігіне қарастырады, содан кейін, тәуелсіз сарапшылардан, донорлық және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құралған сыртқы Гранттық комиссия қарастырады. Өтінім төменде көрсетілген барлық критерийлерге сай болуы тиіс. Ұсынылған ақпарат толық емес немесе дұрыс емес болған жағдайда, жобалық өтінім дисквалификацияға ұшырайды.
Өтінімдер, төменде берілген әрбір тармақ бойынша жазылған, ұпайлық жүйе бойынша қарастырылады:
-
Ұйымның миссиясы
|
10
| -
Ұйымның әлеуеттігі
|
15
| -
Мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелер
|
15
| -
Жобаның байқаудың мақсатына сәйкестігі
|
10
| -
Жобаның маңызды тұлғаларының жұмыс тәжірибесі
|
10
| -
Жұмыс жоспарының жоба міндеттеріне сәйкестігі
|
15
| -
Жобаның тұрақтылық жоспары
|
10
| -
Бюджеттің статьялары жұмыс жоспарына сәйкес, Барлық шығындар негізделген
|
15
|
Төлем шарттары: АРГО және «Бастаманы қолдау» ҚБ, әрбір грант бойынша төлемдер кестесі мен төлем шарттары бойынша шешімді секемеде орнатылған саясат пен тәртіпке байланысты жүзеге асырады.
3. Қаражатты пайдалану
Келесіге шектеулер көзделеді:
-
Тікелей шығындар (Интернет, байланыс қызметтері, банктік шығындар және т.б.) - гранттың жалпы сомасынан 15 % артық емес;
-
Қымбат құрал-жабдық, ұйымның кеңсе жайына жөндеу жұмыстары, көлік сатып алу бұл грант аясында өтелмейді;
-
Еңбек ақы (жобаның маңызды тұлғаларына) – гранттың жалпы сомасынан 30% артық емес.
4. Өтінімдерді тапсыру
Өтінімдер, осы құжаттың басында көрсетілген күннен кешіктірілмей, тапсырылуы тиіс. Өтінімдер ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады. «Бастаманы қолдау» ҚБ бір ҮЕҰ-дан немесе ҮЕҰ-мен бірлесе отырып беретін бастамашыл топтан бірнеше өтінімді қарастырмайды.
Ұйым өтінімге талап етілетін қосымшалары бар (бұл қосымшалар өтінімнің 10 бетіне толықтыру болып табылады), толтырылған (10 беттен артық емес) БІР өтінім тапсыруы тиіс.
2013 жылдың Қараша айының 22-інде сағат 18:00 дейін (Астана уақытымен), пошта немесе электронды пошта арқылы жіберілген өтінімдер қарастырылады.
Пошта арқылы:«Бастаманы қолдау» ҚБ ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде ( үшеуінің біреуінде) жазылған өтінімнің түпнұсқасы мен электронды нұсқасын, сонымен қатар, міндетті қосымшаларды келесі мекенжай бойынша қабылдайды: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, 120015,
Әуезов көшесі, 20/16
« DRC байқауы», Гранттар жөніндегі Менеджер – Жанат Сапаржановаға деген белгімен
Электронды пошта арқылы: «Бастаманы қолдау» ҚБ ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде ( үшеуінің біреуінде) жазылған өтінімнің сканерленген және электронды нұсқасын, сонымен қатар, міндетті қосымшаларды келесі мекенжай бойынша қабылдайды:
e-mail: zhak_s@mail.ru
« DRC байқауы», Гранттар жөніндегі Менеджер – Жанат Сапаржановаға деген белгімен
Назар аударыңыз:
Грант комитеті жеңімпаз жобаларды анықтап болғаннан кейін, «Бастаманы қолдау» ҚБ тек жеңімпаз ұйымдармен байланысады, қалған ұйымдарға хаттар электронды пошта арқылы жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |