Қызылағаш ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы округ әкімі Е. Төлеубаевтің есепті баяндамасының тезисі 2015 жылы да алдағы жылдар сияқты мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»



Дата29.02.2016
өлшемі131.8 Kb.
#31795
Қызылағаш ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы округ әкімі

Е. Төлеубаевтің есепті баяндамасының

тезисі
2015 жылы да алдағы жылдар сияқты мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында ауданымыздың, оның ішінде округіміздің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталды.

Өткен жылдың 30 қарашасында Елбасымыздың кезекті «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын жария етті.

Бұл Жолдауда Мемлекет басшысы бүгінгі әлемдегі ахуал, экономикалық өсімнің бәсеңдеу мәселесі, халықаралық кеңестіктегі күрделі жағдайларға тоқталып, жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты-басты бағыттарын анықтап берді.

Мемлекет басшысы атап өткендей «Жаһандық дағдарыс – ол тек қауіп қана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер» деген. Сол тұрғыда бүгінгі сындарлы сағатта Үкіметке тиісті шешім қабылдап, Жолдауда белгіленген бағыттар төңірегінде бюджет саясатын оңтайландыру, қаржы секторын тұрақтандыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялық саясаттың негіздері, жаңа әлеуметтік саясатын қамтамасыз ету аясында әр деңгейдегі әкімдерге жауапкершілік жүктеліп отыр.

Жолдау қоғам дамуының басты құжаты. Онда айтылған тұжырымдардың бәрі де көкейге қонымды, осының бәрі жаһандық дағдарыстан табыспен, ұтымды әрі тиімді жолдармен шығудың негізгі тетіктері болып табылады.

Осы орайда облыс әкімі мен аудан әкімінің берген жоспарлары мен тапсырмаларын, округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында алға қойған міндеттердің бәрін өз кезеңінде орындап шығамыз деген үміттеміз.

2015 жылдың басынан бастап ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімінің қабылдаған шаралар аясындағы тапсырмаларын орындау негізінде біршама жұмыстар атқарылды.

2016 жылдың 01 қаңтарына округ бойынша халық саны 578 адам. Елді мекендер саны – 2, аула саны 141 Еңбекке қабілетті адамдар саны - 321

Зейнеткерлер – 94 адам

Тыл еңбеккерлері – 7 адам

Ауған соғысының ардагері - 1 Оның ішінде; Қарасу елді мекені бойынша тұрғындар саны – 93 адам, аула саны – 22. Еңбекке қабілетті 48 адам, 13 зейнеткер бар.

Есепті кезең ішінде 13 сәби дүниеге келсе, 2 сәби Қарасу ауылынан, 7 адам қайтыс болды, 1 адам Қарасу ауылынан . 2014 жылы 34 адам 18 жасқа дейіңгі балаларға арналған 644 мың 700 теңгенің жәрдемақысын алса, 2015 жылы 23 адам, 483мың 200 теңгенің жәрдемақысын алды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 161мың500 теңгеге азайып отыр. 2014 жылы «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша 2 отбасы жұмыспен қамтылып, 142мың62 теңге ақшалай көмек алса, 2015 жылы 2 отбасы 285300 теңгенің көмегін алды. Аудандық комиссия отырысының шешімімен 3 адам материалдық көмек алды. Округ бойынша жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 11 адам, былтырғымен салыстырғанда 13 адамға азайған.

Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы әр санаттағы 9 адам 2016 жылдың 1-жартыжылдығына кезеңдік басылымдарға тегін жазылды.

Әлеуметтік қорғау саласында жыл басынан бастап тұрғындардың жекелеген санаттарына қолдау көрсету мақсатында, 1 – 4 сынып оқушыларына ыстық тамақ беруге, мәдени-спорттық шараларға, санитарлық тазалықты сақтау жұмыстарына, көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарымен, жеке кәсіпкерлермен, техникасы бар жеке тұлғалармен ынтымақтастық меморандумына отырып, барлығы 1млн236мың теңгенің меморандумы бекітіліп, орындалды. Жыл аяғында бұл жұмыстар жалғасын тауып 2016 жылға 1млн 576мың теңгенің меморандумы бекітіліп, қол қойылды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Кәсіпкерлік картасы» аясында 8 жоба жоспарланған, оның ішінде төрт жоба орындалды:

1. Қызылағаш орта мектебі жанынан өз қаражаттарына жылыжай ашты. Жоба құны 350 мың теңге

2. Қаржаубаев Дархан – өз қаражатына қаз өсірумен айналысып, 1000 бас қаз етін тапсырды. Жоба құны 1.500мың теңге.

3. «Үмітқұл» шаруа қожалығы ашылып /басшысы Мұхаев Б/ 350 мың теңгеге асыл тұқымды бұқа сатып алынды.

4 «Жангелді» шаруа қожалығы /басшысы Сағындыков А/ 8.844мың теңгенің ауылшаруашылық техникасын сатып алды. /трактор, КУН тіркемесімен және пресс/

Орындалмаған жобалар:

1 Автокөлік жөндеу бекетін ашу – Айтбаев Қ

2 Шағын жөндеу шеберханасын ашу – Ахтанов М

3 Мал сою цехын ашу – Касенов Д

4 Каржаубаев Д, Мубараков Ж «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несие алып ірі қара малдарын сатып алу.

Ауыл шаруашылығы

Округ бойынша жыл басынан бастап 14 шаруа қожалығы тіркеліп, 32995 гектар жерді өз иеліктеріне алып, оларда 35 адам тұрақты, 23 адам маусымдық жұмыстар атқарады. Оның ішінде екі шаруа қожалығы «Үмітқұл» және «Оразғазы» шаруа қожалықтары жаңадан ашылып отыр.

2011-2015 жылға арналған агроөндірістік кешенінің тұрақты дамуының аумақтық бағдарламасының 2015 жылға арналған жоспардың көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда төмендегідей:




Көрсеткіш атауы

2014 жыл

2015 жыл

%

1

Ірі қара басы

1854

1864

100,5

2

Қой мен ешкі

6500

5304

81

3

Жылқы

1019

1077

106

4

Құс

656

793

121

















Өндірілген өнімдер



Өнімдер

2014 жыл

2015жыл

%

1

Сойылған ет, тірі салмағы

5729

5564

97,1

2

Сүт

17935

16354

91,2

3

Жүн

178

161

90,4

4

Жұмыртқа

227,2

130

57,2

Жоғарыда көрсетілгендей мал бастары ірі қара мен жылқы малдарының басы жыл сайын өсіп келеді. Керісінше қой мен ешкі малдарының басы азаюда. Оның себебі: біріншіден еттің бағасының түсуі, екіншіден кадр мәселесі болып отыр.

Асыл тұқымды мал бастарын көбейту жұмыстары да жүргізілуде. Өткен жылы 1 бас бұқа, 425 бас асыл тұқымды «Байс» тоқтылары сатып алынды. Бұқа, қой сатып алған шаруа қожалықтарының иелері тиісінше субсидия алып отыр. «Жангелді» шаруа қожалығының басшысы А. Сағындыков «КазАгрофинанс» акционерлік қоғамы арқылы, құны 8.844 мың теңгені құрайтын жаңа МТЗ-80 тракторын, КУН тіркеме, рулонды пресс техникаларын алды.

Сондай-ақ «МирСолтан» шаруа қожалығының басшысы М. Қабашев жаңа МТЗ-80 тракторын сатып алды.

Аудан әкімінің негізгі тапсырмаларының бірі ірі қара малдарын асылдандыру үшін асыл тұқымды бұқалар сатып алу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Мереке», «МирСолтан», «Мерей», С.Әлімбетов атындағы шаруа қожалықтарының басшыларына қосымша бұқа сатып алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге жоғарыда атап кеткендей, өткен жылы ауыл тұрғындары Д.Қаржаубаев және С.Байдилдиновтар отбасылары қаздың 1000 бас үстінде балапандарын өз қаражаттарына сатып алып, өсіріп, өңдеп етке тапсырды.

Осы жұмыстар биылғы жылы да жалғасын табады деген үміттеміз.

Шешімін таппай отырған мәселелер, ол жеке меншік бойдақ малдарды жайлауға шығарып бағу. Ауылда қалатын аналық сиырларды бағатын малшылар бекітіп, асыл тұқымды бұқалар сатып алып, қосып бақтыру. Бұқа сатып алса Үкімет тарбынан, жартылай ақшасын қайтарып беру жеңілдіктері қарастырылған.

Жылда айтып келеміз, біздің ауылға аумақты мал сою пункітін ашу қажет. Бүгіңгі таңда Ахметов Медет иелік жасап отырған мал сою алаңы бір мезетте бірнеше бас малдарды союға жағдайы келмейді. Бізден сатылатын малдардың барлығы көршілес Үшбиік ауылына апарып сойылады. Егерде біздің ауылда сойылса қосымша жұмыс орындары ашылар еді. Мал сою пункітін ашуға «Ақсұңқар» шаруа қожалығының мүшесі Касенов Дәулеткәріммен сөйлесіп, осы жұмысты жүктеп отырмыз.

Қарасу ауылында да 1 мал сою алаңын ашу керек, оған «Үмітқұл» шаруа қожалығы жанынан 1 мал сою цехын ашуды жоспарлап отырмыз.

«Сыбаға», «Жайлау», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша несие алғандар жоқ.

Ветеринария саласында жоспарланып, белгіленген барлық эпизоотиялық шаралар толығымен орындалып отыр. Әліде болса барлық шаралар толығымен өтіп, профилактикалық жағдайларға көңіл бөлініп отыруды, әсіресе сарып, аусыл ауруларының алдын алуды сұраймын. Ветеринарлық аптека халыққа қызмет көрсетуде. Тек алдағы уақытта халық қолдап, малдарды аурулардан сақтап, мал басын көбейтуге бірлесіп жұмыс атқарсақ деймін.

2014 жылы ветеринарлық пункіті жанынан ірі қараларды қолдан ұрықтандыру пункіті ашылған, барлық құрал жабдықтармен жабдықталған, бірақ жоспарлы түрде ұрық алдыртып, малдарды ұрықтандыру жұмыстары жүргізілген жоқ. Бұл жұмыстар қолға алынып, жұмыс жүргізілуін талап етемін. Әрине, ол үшін біздің ауыл тұрғындарының да қолдаулары қажет.



Кәсіпкерлік саласына тоқталсақ, біздің округте 6 сауда дүкені халыққа қызмет етіп, ауыл тұрғындарын қысы-жазы азық-түлікпен және өндіріс тауарларымен қамтамасыз етеді. 1 наубайхана бар. Ауыл тұрғындарының тапсырысы бойынша нан және нан өнімдерін /тоқаш, бауырсақ, торт т.с/ дайындайды. Сонымен бірге кәсіпкерлер округ бойынша өткізілетін барлық қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытып, демеушілік көмек көрсетеді.

Жоғарыда атап кеткендей «Кәсіпкерлік картасы» аясында тігін цехы, фотосалон ашылып, кәсіптерін жетілдіруде. Тек шаштараз салоны /декреттік демалыста/ уақытша жабық. Қоғамдық монша ашылып, халық игілігіне қызмет етуде.

Басты мақсат, жоғарыда аталған орындалмаған жобаларды іске асырып, қосымша жаңа жұмыс орындарын ашу.

Салық 2015 жылы жергілікті салық түрлерінің орындалуы төмендегідей:

Жоспар Орындалғаны %

1 Мүлік салығы 13,0 12969 99,6

2 Жер салығы 37,3 42334 113,4

3 Көлік салығы 1.044.0 1.089.757 104,3

Барлығы: 1.094.800 1.145.060 104,5

Бүгінде шешімін таппай отырған мәселе: басқа жаққа қоныс аударғандар жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі арқылы тұрғын үйлерін есептен шығармай, жерін өткізбей, үйлерін сату, сатып алу келісім шарттарын жасаспай сатып кететін, үйлерін бұзып алатындарға ешқандай шара жоқ.

Сонымен бірге салық резервтерін анықтау негізінде қосымша монша, қоражай, гараж, жаздық кухня тағы басқа да құрылыстар салғандар анықталды. Тізімі жасалып, бұл жұмыс қолға алынды.

ҚР Президентінің болашаққа бағытталған стратегиялық бағытында ауылдық елді мекендерді дамыту басты мәселелердің бірі болып айқындалғаны белгілі

Осы бағытта округте барлық әлеуметтік нысандар: мектеп, дәрігерлік амбулатория, ауыл клубы, пошта, АТС қалыпты жұмыс істеп тұр.

Білім беру саласында Қызылағаш орта мектебінде биылғы оқу жылында 1 – 11 сыныпта 77 оқушы, мектепке дейіңгі даярлық сыныпта - 8 бала, кіші орталықта – 23 бала тәрбиеленіп, білім алуда. Мектепте 18 мұғалім, 2 тәрбиеші қызмет атқарады, білімдері жоғары.

Өткен оқу жылында оқу-тәрбие жұмыстары бойынша жыл бойына жоспарланған іс-шаралар атқарылып, аудандық және облыстық шаралардан оқушылар шет қалмай қатысып отырды. 2014-2015 оқу жылында ҰБТ көрсеткіші – 69,9 балл, білім сапасы 73% құрады.

Мектепте ағымды жөндеу жұмыстары толық жүргізіліп, бюджеттен 2млн997мың теңге бөлініп, жаңадан бір қазандығы мен 400 метр жылу жүйесі ауыстырылып, жөндеуден өткізілді. Мектеп ұжымының толыққанды жұмыс істеуге жағдайы бар. От жағу маусымына қажетті 275,0 тн көмір толық жеткізілді.

Мектеп әкімшілігіне көңіл бөлетін жұмыстар:

1. Білім сапасы мен ҰБТ көрсеткіштерінің төмен түспеуін қамтамасыз ету

2. Мектеп ауласын абаттандыру жұмыстары, тоғай мен бұталар егу, балалар әдемілейтін әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін жасау

3 Мектеп жанынан жылыжай ашу, картоп, көкөніс салу жұмыстарының көлемін ұлғайту

Денсаулық сақтау саласы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жекелеген азаматтар мен азаматшаларды жас шамасына қарай және жаңа туған нәрестелерден бастап 18 жасқа дейіңгі балалар мен жасөспірімдерді жоспарлы скринингтік тексерулерден барлығы 512 адам, немесе тұрғындардың 86% өткізілді.

Диспансерлік есепте тұрған зейнеткерлер мен жағдайы төмен науқастарға дәрілер тегін босатылады.

Өткен жылы округ бойынша туберкулез ауруы тіркелген 1 адам. Скрининг бойынша қатерлі ісік ауруымен – 2 адам, жүрек қан тамырлары ауруларымен – 17 адам, қант диабетімен – 2 адам тіркеліп, емдерін алуда. Сондықтан да баршаларыңыз дәрігерлер айтқанда уақытылы тексеруден өткендеріңіз абзал.

Дәрігерлік амбулаториясында ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. От жағу кезеңіне қажетті 15 тонна көмір жеткізілген. Келген пациенттерін қабылдап, жұмыс істеуге толық жағдай бар.



Мәдениет және спорт саласы Өздеріңізге мәлім ауылымызда «Клуб үйі» жұмыс істейді. Барлық мәдени-спорттық шаралар жоспарлы түрде сонда өткізіледі. Жыл басынан бастап атаулы даталар /Жаңа жыл, 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні, Жыл басы-Наурыз, Ұлы Жеңіс күні, Конституция күні, қарттар күні, Тәуелсіздік күні/ мекемелер, шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар-ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, жастар кеңесі, ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып, ұйымшылдықпен өткізілді. Әсіресе Ұлы Жеңістің 70-жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясына, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс – шаралар жоғары деңгейде өткізілді.

Аудан көлемінде өткізілген мәдени-спорттық шаралардан да тыс қалған жоқпыз. «Туған ел-алтын бесігім» акциясы аясында 2015 жылдың наурыз айында өткізілген аудандық көркемөнерпаздар байқауында біздің өнерпаздар белсенділік танытты. Аудан әкімінің жүлдесіне арналып, 2015 жылдың тамыз айында өткізілген Х халықтық спорт ойындарында командалар шеруі байқауында І - жүлделі орынға ие болдық. 22 округтің ішінде жалпы командалық 13 орынды иелендік. Айта кететін жағдай, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында спорттық шараларға қатысу үшін ауыл спортшыларын 30 дана спорттық костюммен, 30 дана бейсболка, 30 дана спорттық аяқ-киіммен Қызылағаш ауылының тумасы, бүгінде Алматы қаласындағы «Fortebank» банкісінің атқарушы директоры Е. Тұяқбаев қамтамасыз етті.

Клуб үйінде ауыл көркемөнерпаздары дайындықтарын өткізеді. Ерлер мен әйелдер вокалы бар. Дайындық жұмыстарын жүргізуге барлық жағдай бар. Шахмат, дойбы, теннис, тоғызқұмалақ ойындарынан сайыстар өткізіліп тұрады.

Селолық кітапхана өздеріңіз білесіздер халыққа қызмет көрсетеді. Кітап қоры 16573 дана, қор үнемі толықтырылып отырады. 500 оқырманы бар. 2015 жылы 36 дана мерзімдік басылымдарға жазылды.Кітапхана бөлмелері жарық, кең, температуралық режим сақталған, оқырмандарды қабылдауға, оқырмандармен іс – шаралар өткізуге барлық жағдай бар.

АТС, пошта қалыпты жұмыс істеуде. Округ бойынша 113 телефон нүктесі бар, үзіліссіз жұмыс істеуде. Округ бойынша баспасөзге жазылу жоспары 144% орындалды. Бірақ, қыс айларында газет, журналдарды уақтылы жеткізуге аса көңіл бөлуді сұраймын. Кей кездерде уақытымен келмей қалып, халық арасында наразылықтар туып жатады.

Құқық. Күн тәртібінен түспейтін бірден бір мәселе – ол округ бойынша тәртіптің сақталуы. Учаскелік полиция инспекторы тарапынан біршама жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге қоғамдық комиссияларының /ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі/ ықпалдары зор. Жыл бойында Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ш. Ж. Айтқазин «Қылмыстың алдын алу туралы» ауыл тұрғындарымен 2 кездесу өткізді.

«Мал ұрлығының алдын алу шаралары туралы» Жарма аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Б.Ө.Тоқтағановтың қатысуымен жиын өтті. Округ бойынша 2 қылмыстық іс тіркелген.



Санитарлық тазалық Ауылдарды көркейтіп көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды жүргізу туралы» Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №73 Қаулысы негізінде үш айлық өткізілді.

Үш айлық өткізу туралы іс – шаралар бекітіліп, жұмыстар жүргізілді. Менің ойым ауылды көркейтіп, көріктендіру жұмыстары бойынша қыс айларында дайындық жұмыстары жүргізілсе. Әсіресе орталық көшелерде тұратын ауыл тұрғындарынан үйлерін әктеп, сырлап, қашаларын ауыстыруға осы бастан қаражат жинаса деген ұсынысым бар. Ал көктемде тазалық жұмыстары басталып кетсе. Бұл жерде мекеме басшыларының, қоғамдық комиссия мүшелерінің, ауыл активінің ықпалы зор. Осы жұмысқа бюджеттен еңбекақы алатын азаматтар мен азаматшалар бастаушы болып, ауылдастарға үлгі болып, қолдау көрсетсе. Әр көше тұрғындарынан көше комитеттері құрылып, жұмыс атқарса нәтиже болады.

Аудан әкімінің есепті кездесуінде түскен ұсыныстар жұмыс бабында шешілетін болғандықтан бақылауға алынған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіл жұртшылық болып күресейік» тақырыпта семинар мен дәрістер өткізілді. Округте «Сенім телефоны» жұмыс істейді. Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған жәшік көрнекті жерде ілінген. Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау кестесі бар. Мемлекеттік органдар туралы қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп, қарапайымдылық таныту – мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты деп білеміз.

Қызылағаш ауылдық округі бойынша 2016 жылға іс-қимыл бағдарламасы

1. Өз қаражатынан автокөлік жөндеу бекетін ашу. Жоба құны 1млн500 мың теңге Жоба иесі Айтбаев Қ

2. Картоп және көкөніс өсіру

3. Асыл тұқымды 2 бас бұқашық сатып алу, құны 700мың теңге

4. Мал сою цехын ашу – ауыл тұрғыны Касенов Д, құны 1млн теңге

5. Шағын жөндеу шеберханасын ашу

6. «Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында асыл тұқымды ірі қара малын өсіру–ауыл тұрғыны Қаржаубаев Д.
Округ бойынша бүгінгі күнге проблемалық 2 мәселе бар:

1. Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмасына байланысты С.Әлімбетов көшесінің 25 көше бағандарының сметалық құжаттары жасалды, қаражатқа байланысты орындалу керек



2. Мектеп жанынан шағын футбол алаңын орнату. Аудандық тұрғын үй, комуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Б.Сәмежановқа сметалық құжаттарды дайындауды сұрап хат жолданды. Келешекте шешімін табады деген сенімдеміз

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет