2023 жылғы «JAIDARMAN CUP»
КТК командалар фестивалі» атты
7-ауысым бағдарламасы барысындағы
«Қызықтар аралы»
Квест ойыны
СЦЕНАРИЙІ
Жауаптылар:
Ұйымдастырушы-ұстаздар.
Өткізу уақыты: 13.06.2023ж., сағат 16.30
Өткізу орны: Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО, концерт залы, көбелектер алаңы.
Қатысушылар: 7-ауысым қатысушылары, педагогикалық ұжым.
Кештің түрі: бекет бойынша зияткерлік ойыны
Мақсаты: Жайдарман, көңілді тапқырлар клубының өту кезеңдерімен таныстыру мен қатысушыларға зият пен юмор қолдануға кеңістік беру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
Оқушылармен сырттай Жайдарман ойынының кезеңдеріне саяхат жасау;
Қазақстандық бетке ұстар Жайдарман ойыншыларымен таныстыру арқылы қызығушылықтарын арттыру;
Балаларға юмор қоғамдық мәселелер шешудің ең тиімді құралы екенін ұғындыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО әнұраны, микрофон, проектор, фонограммалар, костюмдер.
Жүру уақыты: 50 минут
IC-ШАРАНЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ:
Әр топта бекет бойынша ойынының шарттарын, қауіпсіздік техникасын түсіндіреді. Қауіпсіздік техникасымен түсіндірілді деген бағанға әр оқушы аты-жөнін жазып, қолын қою шарт! Оқушылар маршрут парағымен таныстырылып, бекет бойынша жүреді.
«ТТ-тренд»/ «Тренды Тиктока» Танымал тикток трендтері қосылады топ тренді билеп беруі керек.
«Қызықты ертегі/Интересная сказка» Балалар өздері топтасып қызықты ертегі құруы қажет.
«Көңілді билер алаңы»/ «Площадка веселых танцев» Көңілді әнге топтасып билеуі қажет.
«Бірге»/ «Вместе» Топтық бірлігін тексеретін тапсырмалардан өтуі қажет.
«Ситуациялық сұрақтар»/ «Ситуативные вопросы» Ұйымдастырушы-ұстаз өмірдегі қисыңсыз жағдайдағы сұрақтар қояды.Балалар бәрі топтасып, бірлесіп жауап беруі тиіс.
«Актерлік шеберлік»/ «Актерское мастерство» Қызықты кинофильмнің қызықты сәттерін топтасып қою қажет.
«Пародия» балалар өздерінің ұйымдастырушы-ұстазына пародия салуы тиіс.
«Балдаурен тарихы» Ұйымдастырушы-ұстаз балдауреннің тарихын сұрауы тиіс.Қашан құрылды ? Ең бірінші қайда құрылды ?Қай жылы құрылды?
«Ғалым»/ «Великий гений» Ұйымдастырушы-ұстаз логикалық сұрақтар қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |