G-041.07.01.12-2013
|
Дәрістік кешен МЖМББС 2006
|
№02 тек.
|
Бет тен
|
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Лектор Мұздыбаева Т.А.
ІК 1101 Қазақстан тарихы пәні
5В130100 Жалпы медицина
№ 1-18
Уақыты (ұзақтылығы) 2 сағат
СЕМЕЙ 2014
№ 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,17,18 дәрістер кешені кафедра отырысында бекітілді.
Кафедра отырысында бекітілген, № __ хаттама «____»___________ 2014ж.
Төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар
_____________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Кафедра меңгерушісі т.ғ.к. __________________________________Сергазина Г.М.
Кафедра отырысында бекітілген, № __ хаттама «____»___________ 201 ж.
Төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Кафедра меңгерушісі т.ғ.к. __________________________________Сергазина Г.М.
Кафедра отырысында бекітілген, № __ хаттама «____»___________ 201 ж.
Төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Кафедра меңгерушісі т.ғ.к. __________________________________Сергазина Г.М.
Кафедра отырысында бекітілген, № __ хаттама «____»___________ 201 ж.
Төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Кафедра меңгерушісі т.ғ.к. __________________________________Сергазина Г.М.
1. Тақырып №1. Кіріспе. Ежелгі Қазақстан.
2. Мақсаты: Қазақстан тарихын зерттеудегі деректер мен тарихнамаға, Қазақстан тарихының кезеңдеріне, тас дәуірі мен қола дәуіріндегі адамзаттың даму кезеңдеріне тоқталу.
3. Дәріс тезисі: Қазақстан тарихының пәні мен маңызы. Курстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан тарихын зерттеу деректері мен тарихнамасы. Тарихтың заттық, этнографиялық, лингвистикалық, ауызша және жазбаша деректері. Археологиялық ескерткіштер. Этнографиялық материалдар. Ежелгі грек, қытай, рим тарихшыларының еңбектері. Ежелгі парсы деректері. Бехистун жазбалары. "Авеста". Ежелгі түркі жазулары. Ортағасырлық авторлардың еңбектері. М.Қашқари, Ж.Баласағұн, М.Дулати, Қ.Жалайри және т.б. Қазақстан тарихын зерттеудегі орыс ғалымдарының үлесі. А.И.Левшиннің, В.В.Вельяминов-Зерновтың, В.В.Бартольдтың еңбектері. Қазақстан тарихының кеңестік тарихнамасы. С.Асфендияров, М.Тынышбаев, Е.Бекмаханов, Л.Гумилев, Ә.Марғұлан және басқалар. Қазақстан тарихының кезеңдері.
Антропогенез немесе адамның пайда болуы мен дамуы. Антропогенз дәуірінің алғашқы кезеңіндегі табиғи жағдайлар. Тік жүруге көшу, еңбек құралдарының жасалуы мен пайдалануы. Homo habilis, Homo erectus. Homo sapiencs.
Техногенез немесе еңбек құралдарының жасалу техникасы мен дамуы. Археологиялық кезеңдер. Тас ғасыры. Палеолит, мезолит, неолит. Тас ғасырының әр кезеңдерінде еңбек құралдарының өзгеруі. Қазақстан территориясындағы тас ғасырының археологилық ескерткіштері. Адамзаттың шаруашылық іс-әрекетінің дамуы. Тұтынушы шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа көшу.
Социогенез немесе қоғамның дамуы. Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуы. Алғашқы қауым. Матриархат пен патриархат. Неке және отбасы институтының дамуы. Ежелгі дәуір адамының мәдениеті.
Қола дәуіріндегі шаруашылықтағы өзгерістер. Металлургияның дамуы. Бақташылық мал шаруашылығының пайда болуы мен көшпенді мал шаруашылығына көшу. Андронов мәдениеті. Андронов мәдениеті тайпаларының археологиялық ескерткіштері, молалары мен жұрттары. Беғазы-Дандібай мәдениеті.
Андронов тайпаларының шаруашылығы мен тұрмысы. Қоғамдық құрылысы. Андроновтықтардың материалдық және рухани мәдениеті.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
2. Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
3. Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
4. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. Алматы 1973
5. Байпаков К.М. История древнего Казахстана. Алматы, 1996
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. Қазақстан тарихын оқуда қандай дерек көздеріне сүйенеміз?
2. Өндіруші шаруашылық дегеніміз не?
3. Қола дәуірі адамдарының діни түсініктері қандай?
1. Тақырып №2 Ертедегі мемлекеттік құрылымдар.
2. Мақсаты: Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар мен ерте мемлекеттердің пайда болуы жайлы мағлұмат беру.
3. Дәріс тезисі: Б.ғ.д VII-III ғғ Қазақстан территориясындағы көшпелі тайпалар. Сақтар. Сақ тайпалық бірлестіктері туралы жазба деректер. Ахеменид (парсы) жазбалары, Авеста, Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей. Археологиялық ескерткіштер. Сақ тайпаларының орналасуы. Тиграхауда, хаумаварга, парадарайя сақтарының мекендері парсы деректері бойынша. Сақ тайпаларының көрші елдермен қарым-қатынастары. Әлеуметтік құрылысы, шаруашылығы. Материалдық және рухани мәдениеттің дамуы. Сақ қорғандары. Аңдық стиль.
Үйсін және қаңлы тайпалық одақтары. Сақтардың мәдени – тарихи мұрасын қабылдап жалғастырған үйсіндер мен қаңлылар және савроматтар - сарматтар. Жазба деректер. Үйсін және қаңлы тайпаларының орналасу аудандары. Соғыс және мемлекеттік ұйымдардың негізі – рулық-тайпалық құрылым. Үйсіндер мен қаңлылардың Қытаймен, ғұндармен, Орта Азия мемлекеттерімен саяси және этномәдени байланыстары.
Ғұндар. Орталық Азиядағы тұңғыш көшпелі империя (б.з.б. ІІІ - б.з. І ғ.). Этникалық құрамы. Саяси тарихы. Ғұндардың Европаға жорығы. Атилла. Халықтардың ұлы көші. Ғұндардың шаруашылығы мен мәдениеті. Қазақстан этногенезіндегі ғұндардың орны.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
-
Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
-
Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
-
Н.Мынжан. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994
-
М.Мағауин. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы, 1995
6. Қ.Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. Алматы, 1993
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
«Әскери демократия» дегенді қалай түсінесің?
-
Сақ дәуіріндегі қалалардан қандай ескерткіштер табылды?
-
Үйсіндердің құдіретті сақтарды тарих сахнасынан ығыстыруына не әсер етті?
-
Ғұндарда алғашқы мемлекеттің көріністері неден көрінеді?
1. Тақырып №3-4. Ерте және дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (VІ-Х ғғ.).
2. Мақсаты: VІ-ХІІ ғғ түркі мемлекеттік бірлестіктері әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму дәрежесі жөнінен бір деңгейде болғандығы жайында айта кету.
3. Дәріс тезисі: Ертетүркілік тайпалар одағының құрылуы. Түркі этнонимі. Қазақстан түрік қағанатының құрамында. Қағанат шекараларының Иранға, Солтүстік Кавказға және Қара теңіз жағалауларына дейін ұлғайтуы. Византия, Иран және Қытаймен қарым-қатынасы. Империяның ыдырауы. Батыс-Түрік қағанаты, территориясы. Соғыс - әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылымы.
Түргеш қағанаты. Түргештердің Орта Азиядағы Таң әулетімен, арабтармен күресі. Сұлу қаған. 751 жылғы Таластағы шайқас. Қарлұқ қағанаты. Тайпалық құрамы, олардың орналасуы. Саманидтермен күрес. Басқарудың соғыс әкімшілік сипаты. Шаруашылығы. Қалалар мен қоңыстар. Рухани мәдениеті.
Қараханидтер мемлекеті. Ислам дінінің таралуы. Қарахандықтардың саяси билігінің Мавренахрға тарауы. Селжұқтармен, хорезмшахтармен, қыпшақтармен саяси байланыстары. Қала және сауда. Егіншіліктің, отырықшылықтың дамуы.
Жетісуға қарақытайлардың келуі. Батыс Ляо империясы. Қарақытайлардың саяси ықпалдарының Мавреннахрға тарауы. Қоғамдық құрылысы және шаруашылығы.
Оғыз мемлекеті. Оғыздардың қимақтармен қарлұқтармен, хазарлармен, бұлғарлармен этносаяси байланыстары. Тайпалық құрамы және орналасуы. Қимақ қағанаты. Қимақтардың, қыпшақтардың, құмандардың тайпалық бірлестіктерінің қимақтар қағанынан саяси тәуелділігі.
Қыпшақ хандығының құрылуы. Дешті-Қыпшақ. Шаруашылығы, әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. Қыпшақтардың сыртқы байланыстары. Қазақ халқының және басқа халықтардың этногенезіндегі қыпшақтардың орны.
Найман мен кереит ұлыстары. Қоныстануы. Христиандықтың тарауы. Олардың Шыңғысхан жорықтарынан кейінгі тағдырлары.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
-
Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
-
Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
-
Н.Мынжан Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994
-
Гумилев Л. Қиял патшылығын іздеу. Алматы, 1992
-
Гумилев Л. Древние тюрки. Москва, 1967
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
«Түрік» термині қандай мағына береді?
-
Тарихи әдебиетте кездесетін «Дешті Қыпшақ даласы» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
1. Тақырып №5. Түріктердің шаруашылығы мен мәдениеті.
2. Мақсаты: Түркілер дәуіріндегі Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетіне тоқталу.
3. Дәріс тезисі: Қазақстан территориясы тұрғындарының экономикалық, мәдени өмірі және оның Орта Азия елдерімен байланысы. Шаруашылық мәдени типтері: мал бағу, егіншілік. Ұлы Жібек жолы. Қалалардың өркендеуіндегі сауданың рөлі. Қалалар мәдениетінің, қолөнердің, сауданың, саяси өмірдің орталықтары ретінде. Өнер мен архитектуралық ескерткіштер. Ертетүркілік скульптура.
Түркілердің рухани мәдениеті. Сына жазу. Ертетүркілік жазба ескерткіштер. Христиандық, ислам және мұсылман мәдениетінің тарауы: буддизм, манихейлік. Тәңірге табынуды исламның, сына жазуды араб графикасының алмастыруы. Қазақстан халықтары мен тайпаларының Шығысындағы мұсылман елдерімен, басқа да алыс жақын елдермен мәдени және саяси байланыстар жасауы және ұлғаюы.
Қолөнер, сауда, ақша айналымы.
Ауызша шығармашылық және жазбаша мұсылман түрік мәдениеті. IX-XII ғғ Қазақстанның ұлы ойшылдары мен оқымыстылары. Әл-Фараби, А.Яссауи, М.Қашқари, Әл-Бируни, Ж.Баласағұн, С.Бақырғанидың еңбектері.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
2. Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
3. Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
4. Н.Мынжан Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994
-
Гумилев Л. Қиял патшылығын іздеу. Алматы, 1992
-
Гумилев Л. Древние тюрки. Москва, 1967
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. 10-11 ғғ қай алфавиттің негізінде түрік жазуы пайда болды?
2. Түріктер туралы кімдердің жазба деректерінде көздеседі?
3. ҮІ-ХІІ ғғ ерте феодалдық мемлекеттердің әлеуметтік-саяси құрылымы?
1. Тақырып №6. Қазақстан монғол шапқыншылығы кезінде (ХІІІ-ХІV ғасырдың І жартысында).
2. Мақсаты: Моңғол шапқыншылығы кезіндегі Қазақстандағы саяси жағдай мен ұлыстардың құрылуы, Алтын Орда мемлекетінің құрылуына тоқталу.
3. Дәріс тезисі: Монғол шапқыншылығы қарсаңындағы Орталық Азия, Орта Азия және Қазақстан территорияларының саяси жағдайы. Моңғол мемлекетінің құрылуы. Шыңғысхан. Жорықтардың бастапқы кезеңі. Қытайды бағындыру.
Отырар апаты. Монғол-Хорезм соғысының басталуы. Хорезмнің күйреуі. Жебе мен Сүбедейдің Батысқа жорықтары. Қалқа өзеніндегі ұрыс.(1223ж.). Қазақстан территориясын жаулап алудың аяқталуы.
Ұлыстардың құрылуы. Ұлыстардың территориялары, этникалық құрамы. Жошы мен Шағатай ұлыстары. Бату ханның батысқа жорығы.
Алтын Орданың құрылуы. Мемлекеттік құрылымы мен этникалық құрамы. Ұлыстық басқару жүйесінің дамуы. Алтын Орданың өрлеу кезеңі. Исламды мемлекеттік дін есебінде қабылдау. Моңғол шапқыншылығының және Алтын Орданың Евразиядағы этносаяси және әлеуметтік-мәдени процесстердегі орны. Шыңғысханның "Ұлы Жаса" заңдары.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
2. Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
3. Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
4. Н.Мынжан Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994
5. Бартольд ВВ. Чингизхан. Сочинения. Т5. Москва, 1968
6. Хара-Даван Э. Чингисхан как полководец и его наследия Алма-Ата, 1992
7. Есенберлин І. Алтын Орда. Тарихи трилогиясы. А,1982
8. Есенберлин І. Шыңғысхан - әлем сілкіндірушісі. Алматы, 2001
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Монғол мемлекетінің күшеюіне көршілес жатқан мемлекеттер мен үлкен тайпалық одақтар неліктен жол берді?
-
Шыңғысхан әскерінің қиындықсыз көп жеңістерге жетуінің себебі неде?
-
Алтын Орда мемлекетінің ыдырау себебі?
1. Тақырып №7-8. ХІV-ХV ғғ ортағасырлық мемлекеттер.
2. Мақсаты: Алтын Орда мемлекеті ыдырағаннан кейінгі Қазақстан территориясында пайда болған мемлекеттерге тоқталу.
3. Дәріс тезисі: XIVғ. 60-70 жж. Алтын Ордадағы дағдарыс кезеңі. Тоқтамыс хан (1380-1395 жж.) Ақсақ Темір мемлекеті және оның жаулап алу жорықтары. Ақсақ Темір мен Тоқтамыс арасындағы соғыстар. Алтын Орданың ыдырауы. Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Қырым, Қазан, Сібір, Астрахань хандықтарының, Мәскеу мемлекетінің бөлініп шығуы.
Ақ Орда. Территориясы, этникалыққұрамы. Орыс ханның билігі.Ақсақ Темірмен соғыстар. Ақ Орданың құлауы. Биліктің Шайбанидтерге көшуі.
Әбілқайыр хандығы немесе көшпелі өзбектер мемлекеті. Әбілқайырдың ішкі және сыртқы саясаты. Керей мен Жәнібек хандардың бөлініп көшуі. Әбілқайырдың Жетісуға жорығы (1468ж.) Әбілхайыр хандығының құлауы. Мұхаммед Шайбанидің Мәуреннахрды басып алуы. Өзбек хандығының құрылуы.
Ноғай Ордасы. Территориясы, этникалық құрамы. Саяси тарихы.
Моғолстаннның құрылуы. Территориясы, этникалық құрамы. Моғол хандарының Шағатай ұлысының территориясын бірктіру үшін күресі. Ақсақ Темір және Темір ұрпақтарымен соғыстар. Есенбұғы мен Жүніс хандар. Қазақ хандарымен қарым-қатынасы. Моғолияның құрылуы (1514ж.)
Жергілікті этникалық негізде пайда болған мемлекеттердің шаруашылығы, әлеуметтік байланыстары мен мәдениеті.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
2. Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
3. Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
4. Н.Мынжан Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994
5. Бартольд ВВ. Чингизхан. Сочинения. Т5. Москва, 1968
6. Хара-Даван Э. Чингисхан как полководец и его наследия Алма-Ата, 1992
7. Есенберлин І. Алтын Орда. Тарихи трилогиясы. А,1982
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Алтын Орданың ыдырауына қандай тарихи жағдайлар себеп болды?
-
Ақ Орданың хандары Орданы нығайту үшін не істеді?
-
Моғолстанның басқару жүйесі қалай қаралды?
-
Қазақ тарихындағы Ноғай Ордасының орны қандай?
1. Тақырып №9. Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы.
2. Мақсаты: этникалық бірігудің негізгі алғышарттары мен Қазақ хандығының пайда болуының тарихи алғышарттарына тоқталу.
3. Дәріс тезисі: Этникалық бірігудің негізгі алғышарттары (территорияның, экономиканың, тілдің, мәдениеттің т.б. бірлігі.) Қазақстан территориясындағы этногенетикалық процесстер. Қазақ халқының қалыптасуындағы негізгі кезеңдер. Қазақтардың қалыптасуының антрополоогиялық аспектілері. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы. "Қазақ" этнонимінің шығу мәселесі. Жазба деректерде «қазақ» терминінің тұңғыш рет кездесуі. Оның әлеуметтік мәні.
Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторларының әсер етуі. Олардың құрамы мен алып жатқан территориялары. Қазақ халқы құрамындағы субэтникалық топтар.
Қазақ хандығының пайда болуының тарихи алғышарттары. Керей мен Жәнібек сұлтандар. Дешті-Қыпшақ даласы үшін Қазақ хандығының күресі. Қазақ хандығының ХҮІ ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Шаруашылығы: мал өсірушілік, егіншілік, қалалары, сауда. Алғашқы қазақ хандарының Сырдария бойындағы қалалар үшін Мұхаммед Шайбанимен күресі. Мұрындық хан. (1480-1511жж.)
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
-
Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
-
Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
-
Н.Мынжан Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994
-
Ақынжанов М.Б. Қазақтың тегі туралы. Алматы, 1957
-
Арғынбаев Х.А., Мұқанов М.С., Восторг В. Қазақ шежіресі хақында Алматы, 2000
-
Әбілғазы. Түрік шежіресі Алматы, 1992
-
Қ. Салғарин Хандар шежіресі Алматы, 1992
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Қазақ хандығының құрылуына қандай тарихи жағдайлар әсер етті?
-
Не себепті қазақ хандығы тарих сахнасынан жойлып кетпей сақталып қалды?
-
Қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне не әсер етті?
1. Тақырып №10. XVІ-XVІІІ ғғ. Қазақ хандығы.
2. Мақсаты: XVІ-XVІІ ғғ. Қазақ хандарының жүргізген ішкі және сыртқы саясаттарына тоқталу.
3. Дәріс тезисі: Моғолстанның саяси тұғырларының әлсіреуі. Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең күшті мемелекеттердің біріне айналуы. Жетісуды қазақ хандығы территориясына қосу. Қасым хан тұсындағы (1511-1523жж.) Қазақ хандығының өркендеуі. Хандықтың XVIғ. 20-30 жж. Моғол және өзбек билеушілерімен қатынасы. Мамаш, Тахир, Бұйдаш және басқа хандар тұсындағы Қазақ хандығының әлсіреуі.
Хақназар хан (1538-1580жж.) Хандықтың Мәуреннахрмен және Ноғай Ордасымен қарым-қатынасы. Ноғай Ордасының біраз бөлігінің Қазақ хандығының құрамына енуі.
Тәуекел хан (1586-1598жж.) Тәуеклдің Мәскеу мемлекетімен, Сібір хандығымен, Мәуреннахрмен қарым-қатынастары. Тәуеклдің Орта Азияға жорығы (1598ж.) және оның нәтижелері.
Есім хан (1598-1628жж.) Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы күрес. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Қазақ және Бұхар хандықтары арасындағы қарым-қатынас. Жәңгір ханның ішкі және сыртқы саясаты. Ойраттармен күрес. Тәуке ханның билігі (1680-1717жж.) Ішкі және сыртқы саясат. Билер рөлінің нығаюы. "Жеті жарғы" – қазақтардың әдет-ғұрып заңдарының жүйеленуі.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
2. Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
3. Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
4. Н.Мынжан Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994
5. Казахско-руские отношения в XVII-XVIII вв. Сборник документов материалаов. Алма-Ата, 1961
6. Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в XVII-XVIII вв. Алматы, 1991
Бақылауу сұрақтары (кері байланыс)
-
Ішкі қайшылық деген не?
-
Тарихи шығармалар қоғамның қандай кезеңіне сәйкес жазылған?
3. 16-17 ғғ қазақ хандығының сыртқы жағдайы қандай?
1. Тақырып №11. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы.
2. Мақсаты: Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуының алғышарттары мен тарихнамасына тоқталу.
3. Дәріс тезисі: ХV - ХVII ғасырлардағы қазақ – орыс қарым-қатынасының алғышарттары. ХVIII ғ. бірінші ширегіндегі қазақ – орыс қарым – қатынасы. І Петр патшаның «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан.
Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы: тарихнамасы және деректер. Әбілқайыр хан және оның Қазақстан тарихындағы рөлі. Тевкелев миссиясы. Кіші жүздің Ресейге қосылуы. Орта жүздің Реей бодандығын қабылдауы. Екі жақты бодандық саясатының мәні.
Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін Кіші жүздегі және Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүздегі отарлау саясаты. Орынбор және Сібір казак әскерлерінің құрылуы. Қазақтарға Жайық пен Ертістен өтуден тыйым салынуы.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
-
Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
-
Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
-
Н.Мынжан Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994
-
Казахско-руские отношения в XVII-XVIII вв. Сборник документов материалаов. Алма-Ата, 1961
-
Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в XVII-XVIII вв. Алматы, 1991
-
Өмірзақова Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық? Алматы, 1999
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Қазақстанның Ресейге қосылуының қандай маңызы мен зияны болды?
-
Абылай қазақ заңдарына қандай өзгерістер кіргізді және неге?
1. Тақырып №12. XVІІІ ғ. Қазақ хандығы.
2. Мақсаты: ХVIII ғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатына тоқталу.
3. Дәріс тезисі: Тәуке хан қайтыс болғаннан кейінгі хандықтағы саяси шашыраңқылық. Жүздерде хандық биліктің қалыптасуы.
Абылай хан дәуіріндегі Қазақстандағы мемлекеттілік. Қазақстандағы ішкі және сыртқы саяси жағдай. Абылай ханның егемендікке ұмтылып, біртұтас тәуелсіз қазақ мемлекетін құру әрекеті. Қазақ қоғамының әлеуметтік дамуы. XVIII ғ. соңындағы Орталық Азиядағы геосаяси жағдайдың динамикасы мен трансформациясы. ХVІІІғ. соңындағы Қазақстанның сыртқы саяси жағдайындағы өзгеріс.
XVIII ғ. соңы XIX ғ. екінші жартысы аралығындағы Қазақстан және Орта Азиялық мемлекеттер.
Жоңғар хандығының әлсіреуі. Қазақ-Жоңғар катынастары. Ресей мен Қытайдың сыртқы саясатындағы Қазақстан және Жонғария.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамы. Көшпелі мал өсіру-қазақ қоғамының материалдық өндірісінің негізі. Қазақ көші. Егіншіліктің даму ерекшеліктері. Қолөнердің жайы. Экономикадағы өзгерістер. Сыртқы сауда.
Қазақтардың қоғамдық құрылымы. Әлеуметтік бөлініс. «Ақ сүйек», «қара сүйек» ұғымдары, олардың мазмұны мен құрылымы.
Абылай заманындағы Қазақстанның мемлекеттілігі. Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Абылай хан саяси және мемлекеттік қайраткер.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
-
Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
-
Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
-
Н.Мынжан Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994
-
Казахско-руские отношения в XVII-XVIII вв. Сборник документов материалаов. Алма-Ата, 1961
-
Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в XVII-XVIII вв. Алматы, 1991
-
Өмірзақова Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық? Алматы, 1999
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Қазақстанның Ресейге қосылуының қандай маңызы мен зияны болды?
-
Абылай қазақ заңдарына қандай өзгерістер кіргізді және неге?
1. Тақырып №13. Қазақ – жоңғар қатынастары.
2. Мақсаты: ХVIII ғ. Қазақ – жоңғар соғыстары және оның зардаптарына тоқталу.
3. Дәріс тезисі: Қазақстанның халықаралық жағдайы: ерекшеліктері мен келешегі. Қазақстан Орталық Азия жүйесінде.
ХVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
Жоңғарияның құрылуы және нығаюы. Сыбан Рабтан. XVIII ғ. басындағы қазақ – жоңғар соғыстары. "Ақтабан шұбарынды – Алакөл сұлама". Жоңғарларға қарсы күрестің ұйымдасуы мен барысы. Жоңғарларға қарсы күрестегі қазақ батырлары. Жоңғарлармен күрестегі қазақтардың ірі жеңістері. Қазақ – жоңғар соғыстарының халықтың ауызша тарихи жырларындағы көрінісі.
XVIII ғ. 40 жж. Жоңғарлардың жаңа шапқыншылықтары. Абылай сұлтан мен Әбілмәмбет ханның саясаты. Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырудағы Абылайдың орны. Ғалдан Сереннің өлімі және Жоңғариядағы таққа талас. Әмірсана және Дабашы. Жоңғариядағы алауыздыққа Абылайдың араласуы. Жоңғарияның құлауы. Жоңғар шапқыншылығының саяси, әлеуметтік-экономикалық зардаптары.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
-
Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
-
Н.Мынжан Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994
-
Казахско-руские отношения в XVII-XVIII вв. Сборник документов материалаов. Алма-Ата, 1961
-
Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в XVII-XVIII вв. Алматы, 1991
-
Өмірзақова Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық? Алматы, 1999
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Қазақстанның Ресейге қосылуының қандай маңызы мен зияны болды?
-
Абылай қазақ заңдарына қандай өзгерістер кіргізді және неге?
1. Тақырып №14. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы.
2. Мақсаты: ХVIII ғ. Қазақ хандығының мемлекеттік - әлеуметтік құрылымына тоқталу.
3. Дәріс тезисі: XVIII ғасырдағы қазақ қоғамы. Көшпелі мал өсіру-қазақ қоғамының материалдық өндірісінің негізі. Қазақ көші. Егіншіліктің даму ерекшеліктері. Қолөнердің жайы. Экономикадағы өзгерістер. Сыртқы сауда.
Қазақтардың қоғамдық құрылымы. Әлеуметтік бөлініс. «Ақ сүйек», «қара сүйек» ұғымдары, олардың мазмұны мен құрылымы.
Абылай заманындағы Қазақстанның мемлекеттілігі. Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Абылай хан саяси және мемлекеттік қайраткер.
Қазақ коғамының әлеуметтік дамуы. XVIII ғ. соңындағы Орталық Азиядағы геосаяси жағдайлардың динамикасы мен трасформациясы.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
-
Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
-
Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
-
Н.Мынжан Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994
-
Казахско-руские отношения в XVII-XVIII вв. Сборник документов материалаов. Алма-Ата, 1961
-
Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в XVII-XVIII вв. Алматы, 1991
-
Өмірзақова Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық? Алматы, 1999
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Қазақстанның Ресейге қосылуының қандай маңызы мен зияны болды?
-
Абылай қазақ заңдарына қандай өзгерістер кіргізді және неге?
1. Тақырып №15-16. XVІ-XVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы мен мәдениеті.
2. Мақсаты: XV-XVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы мен мәдениеті туралы мағлұмат беру.
3. Дәріс тезисі: Мал шаруашылығы – қазақ қоғамының шаруашылық негізі. Қазақ мал шаруашылығының аймақтар бойынша ерекшеліктері. Көші-қон маршруттары және маусымдық жайылымдар. Меншік және оның түрлері. Жайылымдық жерлерге меншік. Малға меншік.
Қазақтардың егіншілігі. Егіншіліктің негізгі ошақтары. Егіншіліктің түрлері мен тәсілдері. Суғару жүйесі.
Қазақ кәсіпшіліктері. Қолөнер. Сауда және айырбас.
XV-XVIII ғғ. қала мәдениеті. Қала мәдениетінің құлдырауы және оның себептері.
Қазақтардың материалдық мәдениеті: тұрғын үйі, еңбек құралдары, киімдері, қару-жарағы, үй жиһаздары және т.б.
Рухани мәдениет. XV-XVII ғғ. жыраулардың шығармалары. Асан қайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Марқасқа. XVIII ғ. жыраулары. Бұқар жырау, Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара,. Қазақ қоғамындағы жыраулардың рөлі.
Билердің шығармашылығы. Ертегілер, салт-дәстүр өлеңдері. Батырлар жырлары. Әлеуметттік- тұрмыстық поэмалар. Қазақтардың әдеп-ғұрыптары. Діни наным-сенімдер. Жазба деректер М.Х.Дулати "Тарихи Рашиди", Қадырғали би Жалайыри "Жамиғат тауарих", Усман Кухистани "Тарихи Әбілхайыр хан", "Өтеміс қажы", "Шыңғыс-нама" және т.б.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
1. Қазақ ССР тарихы бес томдық. А.1977
2. Қазақстан тарихы бес томдық. Т.1. А.1996
3. Қазақстан тарихы. Очерк. А.1993
4. Бұқар жырау. Шығармалары. Алматы, 1992
5. Ж.О.Артықбаев Қазақ этнографиясы: этнос және қоғам.ҮІІІ ғ. Қарағанды, 1995
6. Ш.Құдайбердіұлы. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Алматы, 1990
7. Құрбанғали Халиди Тауарих Хамса. Алматы, 1992
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Көшіп-қонудың экономика және әлеуметтік жағдайдағы ролі қандай?
-
Қазақ қалаларының қандай тарихи маңызы болды?
-
Қазақ халқының киім-кешегінің ұлттық ерекшеліктері қандай?
1. Тақырып №17-18. XIX ғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
2. Мақсаты: ХІХғ Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның саяси жағдайына, қазақ елінде жүргізіліп жатқан реформалар жайында мәлімет беру.
3. Дәріс тезисі: XIX ғ. басындағы Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның саяси жағдайы. 1822-1824 жж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Ережелер. Хандық биліктің жоцылуы. Округтар мен дистанциялардың құрылуы. Бөкей хандығы. Ресейдің Орта Азияға және Қазақстанның оңтүстігіне жылжуы. 1861 ж. Ұзынағаш ұрысы. Қазақстан мен Орта Азияны Ресейдің жаулап алуының аяқталуы.
1867-1868 жж. реформалар. Генерал-губернаторлықтар құрамындағы облыстардың пайда болуы. Уездер, болыстар, әкімшілік және шаруашылық ауылдары.
Соттық жүйедегі өзгерістер. Реформаның отаршылық мәні. Реформалардың жүргізу. Қазақстанды қазақтар отарлауының нәтижелері. Ресейдің ішкі губернияларынан шаруалардың жаппай қоныс аударуының басталуы.
1881 ж. Петербор келісімі. Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. Әкімшілік-соттық реформаларды енгізудің аяқталуы. 1886 және 1891 жж. өзгерістер. Ресей отаршылдылығының және Ресей рыногының қазақтар шаруашылығына әсері. Мал шаруашылығындағы өзгерістер: жайылымдық жерлердің тарылуы, көшіп-қону бағыттарының, мал құрамының өзгеруі. Егіншіліктің өсуі. Сауда мен айырбастың дамуы. Жәрмеңкелер. Ресеймен және Қытаймен сауда-экономикалық байланыстар. Қазақстан қалалары жаңа экономикалық жағдайда. Өнеркәсіптің пайда болуы. XIX ғ. қазақтардың әлеуметтік құрылымы мен демографиялық құрамындағы өзгерістер.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
-
Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
-
Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
-
Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында.Алматы, 1992
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Қазақстан үшін орыс зиялыларының қандай пайдасы және зияны болды?
-
Сауда-экономикалық байланыстар Қазақстанға қандай өзгерістер әкелді?
-
Реформаның нәтижесінде қандай территориялық өзгерістер боды?
1. Тақырып №19-20. Ресей империясының отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының негізгі кезеңдері.
2. Мақсаты: Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктеріне тоқталып, студенттерді патриоттыққа тәрбиелеу.
3. Дәріс тезисі: ХVIII - ХІХ ғғ. аралығында қазақ халқының егемендігі мен мемлекеттілік тәуелсіздігінен айырылған кездегі ұлт-азаттық қозғалысы. Негізгі кезеңдері, қорытындылары, проблемалары.
Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерлісі (1783-1797жж.)
Қаратай Нұралыұлы сұлтанның қозғалысы (1806-1816жж.)
Арынғазы ханның қозғалысы (1816-1821жж.)
Батыр Жоламан Тіленшіұлының қозғалысы (XIX ғ. 20-30жж.)
Есенгелді Қасымұлы, Саржан Қасымұлы сұлтандардың көтерілістері. (XIX ғ. 20-30жж.) Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс (1836-1838жж.)
Кенесары Қасымұлы ханның ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847жж.)
Жанқожа Нұрмұхамедұлының қозғалысы (1856-1857жж.)
Батыр Есет Көтібарұлының көтерілісі.
1867-1868жж. реформаларға қарсы Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістер. Маңғыстаудағы Адай көтерілісі (1870-1873жж.)
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
-
Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
-
Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
-
Н.Мынжан Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994
-
Аничков И.В. Қазақ батыры Ж.Нұрмұхамедұлы. Алматы, 1991.
-
Ахмедов Г. Жем бойында Е.Көтібарұлы туралы. Тарихи роман. Алматы, 1992
-
Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы, 1992
-
Кенжалиев и. Исатай-Махамбет. Алматы, 1991
-
Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым, ту байлап. Алматы, 1994
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Қазақ ақсүйектерінің көтерілісті жақтау себебі не?
-
Көтерілістің ерекшеліктері қандай, не себепті үш жүзді қамтыды?
-
Патша үкіметінің отарлау саясатының мақсаты неде?
1. Тақырып №21. XIX ғ. Қазақстанның шаруашылығы және мәдениеті.
2. Мақсаты: ХІХ ғ. Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайы мен мәдениеттің дамуына тоқталу.
3. Дәріс тезисі: XIX ғ. қазақ әдебиеті. Әдебиеттегі «Зар заман» ағымы. Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы және т.б.
Абай Құнанбаевтың әдеби және қоғамдық мектебі. Абай – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Сал-серілер шығармашылығы. Олардың қазақ музыка мәдениетіне қосқан үлесі. Қазақ композиторлары. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәтімбет, Ықылас және т.б.
Халық ағарту ісінің жағдайы. Ресей білім беру жүйесінің ене бастауы. Ы.Алтынсариннің қызметі. XIX ғ. 60-70 жж. оқу-ағарту мекемелері мен ғылыми қоғамдар.
Облыстық статистикалық комитеттер. Кітапханалардың ашылуы. Халық
ағарту ісі: қиындықтар мен кемшіліктер.
Өнер мен мәдениет. Бейнелеу өнеріндегі Қазақстан тақырыбы.
Ұлттық сана-сезімнің жетілуі. Қазақ демократиялық әдебиеті. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар.
Қазақ халқының материалдық және рухани мұраларының әлемдік мәдени мұрадағы орны. Қазақ халқының білімді және білікті элитасының мұралары. Денсаулық сақтау ісінің жағдайы.
Қазақстанды орыс және шет ел ғалымдарының зерттеуі. А.И.Левшин, В.В.Вельяминов-Зернов, В.В.Радлов, П.П.Семенов-Тянь-Шанский және т.б. Мәдени-ағарту мекемелерінің құрылуы. Императорлық орыс географиялық қоғамы бөлімдерінің қызметі Ш.Уәлиханов, оның ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
2.Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
3.Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
4.Аничков И.В. Қазақ батыры Ж.Нұрмұхамедұлы. Алматы, 1991.
5.Ахмедов Г. Жем бойында Е.Көтібарұлы туралы. Тарихи роман. Алматы, 1992
6.Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы, 1992
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. Орыс демократиялық мәдениеті өкілдерінің Қазақстан жерін зерттеудегі үлестері қандай болды?
2. ХІХ ғасырдың І-ІІ жартысындағы қазақ мәдениетінің дамуының басты жетістіктері қандай (ғылым, әдебиет, өнер, музыка материалдық мәдениет)?
1. Тақырып №22 XX ғасыр басындағы Қазақстан.
2. Мақсаты: ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы жайлы мағлұмат беру.
3. Дәріс тезисі: ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Мал шаруашылығындағы дағдарыс. Егіншіліктің жағдайы. Өнеркәсіптің дамуы. Қоғамның демографиялық және әлеуметтік құрылымы. Ф.Шербина, В.Кузнецов, А.Переплепчиков, П.Скрыплев, П.Румянцев экспедицияларының қазақ жеолерін зерттеуі. Қазақ жерлерін жаппай тартып алу. Шаруалардың жаппай қоныстануының жаңа легі: Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері. Қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақпаев, Б.Қаратаев және басқалар. Қазақ депутаттарының Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы.
Бірінші дүниежүзілік соғыс. Салықтардың өсуі. 1916 ж. 25 маусымдағы жарлық. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс. Жетісу облысындағы көтеріліс. Б.Әшекеев. торғай облысындағы көтеріліс. Ә.Ниязов, А.Иманов. Қазақ интеллигенциясының жарлыққа және көтеріліске көзқарасы.
Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы. Қазақстандағы Уақытша үкімет саясаты. «Алаш» партиясы және оның бағдармалық құжаттары. Орынбордағы Бүкілқазақ съездері. «Үш-жүз» партиясы және оның қызметі.
Халық ағарту ісі мен денсаулық сақтау ісінің жағдайы. Мектептердің көбеюі. Қазақтар Ресейдің жоғарғы оқу орындарында. Ғылымның және ғылыми мекемелердің дамуы. Қазақ баспасөз басылымдарының пайда болуы. «Қазақ» газеті, «Айқап» журналы.
Қазақ әдебиеті тарихындағы жаңа кезең. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М-Ж.Көбеев, С.Торайғыров. Баспа ісінің басталуы. Медицинаның дамуы.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
-
Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
-
Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
-
Әбсемет М.О. Міржақып. Алматы, 1995
-
Б.Қуатов. Отанымыздың тарихы туралы саяси әңгіме. Алматы, 1992
-
К.Нұрпейісов. Алашорда. Алматы, 1995
-
М.Қозыбаев. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
1905-1907 жж. революция Қазақстанға қалай әсер етті?
-
Қазақ зиялыларының екі көзқарасқа бөліну себебін түсіндір.
1. Тақырып №23. Қазақстан азаматтық теке-тірес жылдарында.
2. Мақсаты: азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан мен ЖЭС-қа тоқталу.
3. Дәріс тезисі: 1917ж. Қазан революциясы. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Алаш Орда мен Кеңес өкіметінің қарым-қатынасы. Қазақстанның азамат соғысының тартылуы.
Саяси ситуацияның ушыға түсуі, азаматтық қарсыласудың одан әрі өршуі. Қазақстанның солтүстігі мен Солтүстік-шығысында Кеңес өкіметінің құлатылуы. Қазақстан соғыс қимылдары жылдарында. Өлкенің батысы мен оңтүстігіндегі оқиғалар. Жетісу, Орал, Ақтобе, Түркістан майдандарының құрылуы. Халық баррикадаларының әр түрлі жақтарында:азамат соғысы кезінде қоғамның соғыс-саяси жағынан дифференциялануы. «Ақ» және «Қызыл» террор. Соғыс жылдарындағы саяси партиялар мен қозғалыстардың рөлі мен орны. «Революциялық», «контрреволюциялық» өкіметтердің жүргізген идеологиясы, саясаты, ісі. Азамат соғысының әлеуметтік-экономикалық және саяси қорытындылары.
Қазақстандағы «Соғыс коммунизм» саясаты (1918-1921ж. наурыз). «Соғыс коммунизм» большевиктердің «тауарсыз утопиясын» іске асырудағы алғашқы әрекеті.Өнеркәсіпті национализациялау. Тауар-ақша қатынастарын тоқтату (еркін саудаға тыйым салу, еңбекақы төлеуді натуралдандыру т.б).Экономиканы басқаруды орталықтандыру. Азық-түлік диктатурасын енгізу (Мемлекеттің ауыл шаруашылық өнімдерін дайындауға, бөлуге монополия орнату алым-салық салғырты). Өндіріс құралдарын (жер, жұмыс көлігі, еңбек құралдары) арендаға беруге, жұмыс күшін жалға беруге, жұмыс күшін жалға беру (жалдамалы еңбек) қатынастарына тыйым салу.
«Таптық террордың» күшеюі. Экономикалық дағдарыс-«Соғыс коммунизм» саясатына бағытталған реакция. Өнеркәсіптің құлдырауы. Ауыл шаруашылығы өнімінің кері кетуі. 1921-1922 жж. аштықтың қайыршылық масштабы.
1919 ж. 10 шілдедегі Кирревкомның құрылуы және оның құрамы. Қазақ Автономилық Кеңестік Социалистік республикасының құрылуы.
ЖЭС-ке көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттары. Орта және ұсақ өнеркәсіп орындарын денационализациялау. Тауар-ақша қатынастары қызметінің ұлғаюы (саудаға еркіндік беру, еңбекке заттай ақы төлеуді ақшамен ауыстыру, 1922-1924 жж. Ақша реформасы).
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
-
Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
-
Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
-
Н.Мынжан Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994
-
Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917- 1980). Алматы-Ата, 1991
6. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы 1995
7. Маликов Ф.М. Февральская буржуазно-демократическая революция. Алма-Ата, 1973
8. Нурпеисов К.Н. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995.
9. Нурпеисов К.Н. Становление Советов в Казахстане. Алма –Ата, 1987
Бақылау сұрақтары:
-
Қос өкімет дегеніміз не?
-
Алашордашылардың кейіннен Кеңес өкіметін жақтау себебі не?
1. Тақырып №24 ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстан.
2. Мақсаты: Қазақстандағы әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптасуы жайында мәлімет беру.
3. Дәріс тезисі: «Сталиндік аграрлық революция»: мақсаттары мен мәні. Экономиканың аграрлық секторын мемлекет қарамағына алу қорлану проблемасын және өнеркәсіпті модернизациялауды шешу проблемасының механизмі.
Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа көшірудің күштеу саясаты. «Отырықшыландыру» саясатының экологиялық, рационалдылық, экономикалық мақсаттылық және әлеуметтік тиімділік мәселелері туралы. Көшпелілерді отырықшыландыруға ауыстырудың экономикалық және саяси мақсаттары: «Таптық қыспақтың» өршуі. Кулактар мен байлардың шаруашылығын жоюға бағыт алу. «Кулактарды» жою. Қазақстанның дәстүрлі саясатын біржолата бұзу және оның трагедиялық салдары.
1932-1933 жж. аштық. Халықтың жаппай қоныс аударуы. Шаруалардың қарсылық қозғалыстары. Шаруалардың бас көтерулерін кеңестік режимінің басып жаншуы.
Индустрализациялау: сипаты, қарқыны, масштабы. КСРО-ның халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдық жоспары және ондағы Қазақстанның орны. Республиканың өнеркәсіп инфраструктурасының ұлғаюы. Өндіргіш күш құрылымы өндіруші сектор-доминант (шикізат өндіруге бағыт алу). Жұмысшы табы кадрлары қалыптасуының ерекшеліктері. Урбанизациялау процесі.
20-шы жж. аяғында және 30-шы жж. қоғамдық-саяси жағдай. Қазақ АССР-інің одақтық республкаға айналуы. 1937-1938 жж. жаппай саяси репрессиялар. Қазақстандағы Гулаг жүйесі.
20-30 жж. мәдени құрылыс. Халық ағарту ісі. Сауатсыздықты жою. Латын алфавитіне (1929ж.) және кирилицаға (1940) көшу. Алғашқы жоғарғы оқу орындары. Ғылымның және ғылыми мекемелердің дамуы. Қазақстанды зерттеу қоғамы. Қазақ кеңес әдебиетінің қалыптасуы. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Б.Майлин және т.б. А.В.Затаевичтің қызметі. Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы. Мәдени құрылыстың келеңсіз және жағымды жақтары.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
-
Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
-
Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
-
Голод в казахской степи. Алма-Ата, 1991
-
Гуречив Л.Я. Тоталитаризм против интеллигенци. Алма-Ата,1992
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Қазақстанды шикізат көзіне айналдыру себебі не?
-
Голощекин не себепті ауылды кеңестендіру үшін тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды?
-
Зиялылардың жаппай жазалау шараларына ұрыну себебі не?
1. Тақырып №25. 1940-1960 жж. Қазақстан.
2. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан мен соғыстан кейінгі Қазақстанның жағдайына тоқталу, студенттерді отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
3. Дәріс тезисі: Фашистік Германияның КСРО-ға шабуылы. Соғыстың басталуы, оның сипаты. Қазақстан фашистік Германияның жоспарларында. Қазақстандықтар майданда. Қазақстанның адам және экономикалық ресурстарын жауға соққы беруге мобилизациялау. Әскери бөлімдердің қалыптасуы. Қазақстан-біртұтас соғыс лагерінің құрамдас бөлігі. Өлкенің экономикасын соғыс мүддесіне лайық қайта құру. Кеңес мемлекетінің Қазақстанда соғыс өнеркәсібін дамыту жөніндегі шаралары. Тылда да майдандағыдай. Жұмысшалар мен шаруалардың еңбектегі ерліктері. Қазақстанның халық шаруашылығындағы әйелдер мен жастардың рөлі. Қазақстанға эвакуациялау. Қоныс аударған кәсіпорындарды, халықты және мәдени құндылықтарды қабылдау, орналастыру. Кеңес ғылымы мен мәдениетінің Қазақстандағы қайраткерлері.
Майданға бүкілхалықтық көмек. Қорғаныс қорына қаржы жинау. Қазқстанның азат етілген аудандардың халық шаруашылығын қалпына келтіруге көмектесуі. Соғыс жылдарында репрессияға ұшыраған халықтардың Қазақстанға келуі және олардың орналасуы.
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953жж.). Республикадағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ситуация. Экономиканы бейбіт өмірге лайық қайта құру. Қазақстан территориясында ядролық полигондардың салынуы. Саяси репрессияның жалғасуы. Е.Бекмаханов ісі. «Лагерлік экономика».
Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964жж.). Ауыл шаруашылығын реформалауға бағыт алу (1953 ж.қыркүйек), КПСС Орталық Комитет пленумы және оның шешімдері (ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасының өсуі, ауыл шаруашылығы салықтарының кемуі), КПСС ХХ съезі-Сталиннің жеке басына табынуды айыптау, тікелей Сталинизмнен бас тарту емес. Экономиканы басқаруды реформалау. Совнархоздар-халық шаруашылығын территориялық-өндірістік басқару принципі.
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру экономиканы экстенсифтендіру бағытының жалғасы. «Тыңның» экономикалық, экологиялық және әлеуметтік салдары.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
-
Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
-
Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
-
Белан П.С. Участие казахстанцев в завершающих сражениях Великой Отечественной войны. Алма-Ата,1979
-
Қозыбаев М.К. Казахстан-арсенал фронта. Алма-Ата, 1983
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Республикада «соғыс экономикасы» алай орнықты?
-
Мәдениеттің жеңіске қосқан үлесі қандай?
-
Әкімшіл-әміршіл жүйенің негізгі белгілері қандай?
1. Тақырып №26. Қазақстан ХХ ғ. 60-80 жж.
2. Мақсаты: Қоғамдағы болып жатқан саяси оқиғаларға тереңірек мән беру.
3. Дәріс тезисі: Өнеркәсіп пен транспорттың дамуы. Қала құырылысын құрастырушы өндірістің және жаңа қалалардың қалыптасуы. Соғыс-өнеркәсіп коплексі: «Байқоңыр» космодромын салу. Халықты урбанизациялау процесінің дамуы. Хрущевтік әлеуметтік қиял («Американы ет, сүт, май өндіруден қуып жетіп, басып озу», «қала мен ауыл арасындағы алшақтақты теңестіру» т.б).
Қоғамның әл-ауқат саласындағы жылжуы (тұрғын үй-коммуналдық құрлыс, халық тұтынатын тауарларды өндіруді ұлғайту, оның ассортиментін көбейту т.б.). Қоғамдық-саяси өмірдегі «жылымық». Ғылым мен мәдениттің дамуы.
Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар-бірінші жартысында.
Әміршіл-әкімшіл жүйенің кемшіліктернің көбеюі. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының экстенсивті сипаты. «Дамусыз өсу» - экономиканың басты сипаты. Экономиканы реформалаудағы сәтсіздіктер. Қоғамды басқару аймағын одан әрі бюрократияландыру. Одақтық халық шаруашылығы комплексінде Қазақстан рөлінің арта түсуі. Халықтың орналасу құрылымындағы әлеуметтік өзгерістер.
Өмір сүру сипатын стагнациялау. Дефицит проблмемасының өсуі. Эколгиялық проблеманың шиеленісуі. Ғылым, білім, мәдениет.
Саяси өмір және ұлттық қарым-қатынастар. Әлеуметтік-демографиялық процестер. Қазақстанды орыстандыру саясаты. Қазақ тілінің жағдайы.
«Қайта құру» саясатының негізгі кезеңдері және олардың сипаттамасы. Реформаларға көнбейтін әкімшіл-әміршіл жүйе: реформалардың сәтсіздікке ұшырауы және жүйелі дағдарыстың өршуі.1986 ж. Алматыдағы Желтоқсандағы демонстрация-Кеңес мемлекетінің этноцентристтік саясатының дағдарысы. Мемлекеттік тоталитаризм жағдайында қоғамдық қатынастарды демократиялндыру туралы иллюзияның күлі көкке ұшты.
Формальді емес бірлестіктер құру әрекеттері: Экологиялық және ұлттық-мәдени қозғалыстардан алғашқы қоғамдық саяси бірлестіктерге дейін.
КСРО-ның ыдырауы қарсаңындағы жүйелі дағдарыстың шиеленісуі. Кеңестік экономика мен әлеуметтік саяси модельді дамыту үмітінің ақталмауы.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
-
Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
-
Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
-
Д.Қонаев. Өтті дәурен осылай. Алматы, 1992
-
К.Бозтаев. Семей полигоны. Алматы, 1993
-
Ю.Куйдин. Ядерная трагедия Казахстана. Алматы, 1997
-
Н.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 2000
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Қайта құруды жүзеге асыруда қандай бағыттарды бөліп көрсетуге болады?
-
Алматыдағы оқиғаға қандай баға берілді?
1. Тақырып №27. Тәуелсіз Қазақстан.
2. Мақсаты: Тәуелсіздік жолындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының жетістіктерін оқыту.
3. Дәріс тезисі: КСРО халық депутаттарының 1 съезі. КСРО Конституциясының 6-шы бабын қысқарту – көппартиялық жүйеге көшу. Қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар. Тіл туралы заң. Республиканың жоғарғы кеңесінде Мемлекеттік Егемендік туралы Декларация қабылдау. Республика Президентінің лауазымын енгізу. 1991 жығы тамыз төңкерісі. КСРО-ң ыдырауы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау.
Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет болып құрылуы. 1993 жылғы Конституция. Нарыққа көшу жағдайындағы Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Меншіктің көп түрлілігі. Ұлттық ақшаның енуі. Кәсіпкерліктің дамуы. Қазақстан экономикасындағы шетл инвестициясы. Дамыған нарықтық экономиканы жүзеге асыру жолындағы Қазақстанның экономикалық стратегиясының негізгі принциптері мен әдістері. Энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы. Инфрақұрылым, транспорт және байланыстың дамуы.
Қазақстанның халықаралық байланыстарының дамуы. Республиканың әлемдік арнаға шығуы. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздікті жүзеге асыру стратегиясы.
1995 жылғы Парламенттік дағдарыс. 1995 ж. 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы. Мемлекет астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы шешім: мақсаты мен маңызы. Қазақстанның саяси партиясы. Қазақстан халықтарының Ассамбллеясы. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы қоғамның ішкі саяси сұрақтылығын және бірігуін қамтамасыз ету жөнінде.
4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәріс көрсетілімі
5. Әдебиеттер:
-
Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994
-
Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005
-
Ертысбаев Е. Казахстан и Назарбаев: Логика перемен, 2001
-
ҚР Конституциясы Алматы, 1995
-
Н.Ә.Назарбаев Ғасырлар тоғысында Алматы, 2000
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
ТМД-ны құру туралы Декларация қашан жарияланды?
-
Конституциялық заңның мазмұны қандай?
-
Негізгі экономикалық мақсаттарға жетудің хронологиялық шеңберлері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |