Аэрозольды Сальбутамол
|
Эуфиллин
Күніне 3 реттен беріңіз 5 күн аралығында
| |
ТАБЛЕТКА
2мг
|
СИРОП 2мг 5мл де
|
ИНГАЛЯТОР
1доза=1қақпақ, күніне 3рет
|
ТАБЛЕТКА
100мг
|
2 айдан 12айға дейін(4-<10кг)
|
½
|
2,5мл
|
1 доза
|
1/4
|
12 айдан 5 жасқа дейін (>10кг)
|
1
|
5мл
|
2 доза
|
½
| Ситуациялық есеп 3 айлық бала, боксталған бөлімшеге аурудың 14-ші күні ЖРВИ, пневмония? диагнозымен түсті. 2 апта бұрын қалыпты температура және жалпы жақсы жағдайы фонында жөтел пайда болды, жөтел емге көнбеді, күннен күнге жиілей бастады, әсіресе түнгі уақытта. ЖРВИ диагнозымен дәрігердің қаралуында болды. 1 аптадан кейін жөтел ұстамалы жөтелге ауысты. Ұстамалы жөтел кезінде баланың беті қызарып, тілі шығып тұрады, құсумен аяқталады. Балада ұстамадан кейін жағдайының жақсаруы байқалды. Сонымен қатар балада бетінің ісінуі және тері жабындыларының бозаруы бар. Status praesens - Бала бозарған, енжар, мұрын-ерін үшбұрышы цианозы байқалады. Оң көзінің конъюнктивасына қан құйылу бар.
- Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпеде қатаң тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары айқын. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Бауыры қабырға доғасынан 1,5 см шығып тұрады. Көкбауыры қабырға доғасы бойымен. Диурез нормада.
- Бөлімшеде балада тәулігіне 25 жөтел ұстамасы байқалды, жөтелден соң құсу болады.
- Қақырығы тұтқыр. Қақырығы сыртқа қиындықпен шығады.
- Баланың атасында 3 апта бойы жөтел байқалған.
қосымша зерттеулер - Рентгенограммада-бронхо-тамырлық суреттің күшеюі, өкпе алаңдары мөлдірлігі күшеюі, оң өкпенің ортаңғы бөлігінде үшбұрышты көлеңке.
- бактериологиялық зерттеу кезінде Haemophilus pertussis таяқшасы табылды.
- ЖҚА:
- НЬ — 140 г/л,
- Эр — 4,0×1012/л,
- Лейк -30,0×109 /л;
- п/я — 3%,
- с/я — 20%,
- л — 70%,
- м — 7%;
- СОЭ — 3 мм/час.
- Диагноз қойып негіздеңіз
- Аурудың ауырлығын анықтаңыз
- Диагнозды нақтылау мақсатындағы қосымша зерттеулер
- Емін тағайындаңыз
Жауап эталондары - Көкжөтел ,спазмдық кезеңі
- Орташа ауыр дәрежесі(жөтел ұстамасы 20-30рет болады.)
- Бактериологиялық, серологиялық, ИФА-әдісі
- Диета, режим.
Антибиотикотерапия. Тыныс жетіспеушілікпен күресу үшін оксигенотерапия. Бронхиалды өткізгішті жақсарту үшін эуфиллин қолданылады. Ұстамалы жөтелді азайту үшін седуксен тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |