Бағдарламасы бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат



Дата05.07.2016
өлшемі10.17 Kb.
#180847
«Тарату рәсімін жүргізу және банкроттық» 003 республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат

Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (бұдан әрі - Комитет) 2009 жылы «Тарату рәсімін жүргізу және банкроттық» 003 республикалық бюджеттік бағдарламасында (бұдан әрі - Бағдарлама) әрекетсіз және жоқ борышкерлерді таратуды жүзеге асыру үшін 1189 мекемені таратуға 131 938 мың теңге бөлінді.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында аумақтық бөлімшелермен Бағдарлама шеңберінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес, дәрменсіз борышкерлерді тарату қызметін сатып алу бойынша ашық конкурс өткізілді.

Әрекетсіз және жоқ борышкерлерді тарату қызметін сатып алу конкурсы 751 лотта жалпы сомасы 108 904,9 мың теңгеге жарияланған. 707 лот бойынша конкурс өткізілді, ал 44 лот бойынша конкурс өткізімеген деп танылды. Мемлекетті сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеудің жалпы сомасы 3 693,8 мың теңге.

Мекеменің таратылуы туралы хабарландыруды жариялау үшін 23 032,6 мың теңге бөлінді. Хабарландыруды жариялау қорытындысы бойынша үнемдеудің жалпы сомасы 3 693,8 мың теңге.

Қазіргі кезде келісімдер аумақтық қазынашылық органдарда тіркелу үстінде.



Өткізілмеген деп танылған лоттар бойынша конкурстарды қайталап өткізку жоспарланған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет