6М060800 – «Экология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге «Биология» пәнінен қабылдау емтиханының бағдарламасы (дайындық бағыты: ғылыми–педагогикалық және бейіндік)
«Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер биоалуантүрлілігі» пәні
-
Өсімдік клеткасының құрылымдық ерекшеліктері. Клеткалық теория негіздері.
-
Саңырауқұлақтар әлемі. Шығу тегі, құрылысы, көбеюі және классификациясы.
-
Қыналар бөлімі, олардың құрылымдық компоненттері, көбею тәсілдері, классификациясы және табиғатта таралуы.
-
Өсімдіктер әлемінің жалпы сипаттамасы. Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
-
Балдырлардың морфологиялық әртүрлілігі, құрылысының типтері, көбеюі, экологиялық топтары.
-
Жасыл балдырлар бөлімі және оның филогенетикалық байланысы. Таралуы, экологиясы және табиғаттағы маңызы.
-
Қоңыр балдырлардың құрылысы және шығу тегі. Таралуы, экологиясы және табиғаттағы маңызы.
-
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. Өсімдіктердің құрлық жағдайына бейімделуіне байланысты ұлпалар мен мүшелердің пайда болуы.
-
Даму циклінде гаметофиті басым жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктер.
-
Ашық тұқымдылардың шығу тегі және дамуының эволюциясы, таралуы мен экологиясы.
-
Жабық тұқымдылардың шығу тегі және дамуының эволюциясы, таралуы мен биосферадағы ролі.
-
Бұршақтар тұқымдасының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері, ауыл шаруашылығындағы және табиғаттағы маңызы.
-
Астық (Қоңырбас) тұқымдасының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері, ауыл шаруашылығындағы және табиғаттағы маңызы.
-
Паразиттік қарапайымдарға сипаттама, тіршілік циклі мен медициналық маңызы. Организмдер арасындағы қарым қатынастар.
-
Буылтық құрттардың морфологиясы мен биологиясы, филогениясы және топырақ түзушілер ретіндегі практикалық маңызы.
-
Насекомдардың биологиясы, экологиясы мен табиғатта және адамның шаруашылық жұмыстарындағы маңызы.
-
Қосмекенділер немесе амфибиялардың морфо-физиологиялық құрылысы, систематикасы, биоценоздағы орны мен маңызы.
-
Балықтардың морфофизиологиялық сипаттамасы, шығу тегі, систематикасы, экологиясы мен кәсіптік маңызы.
-
Бауырымен жорғалаушылар немесе рептилийлердің морфо-физиологиялық сипаттамасы, шығу тегі мен систематикасы. Қазақстан герпетофаунасы, сирек кездесетін және жойылуға жақын түрлерді қорғау мәселесі.
-
Құстардың шығу тегі, жалпы сипаттамасы, көбею және даму биологиясының ерекшеліктері. Құстардың экологиялық топтары.
-
Кеміргіштер құрылысының ерекшеліктері, олардың систематикасы, биологиясы, экологиясы және географиялық таралуы.
-
Сүтқоректілердің экологиялық топтары. Құрлық аңдарының тіршілік ету жағдайының алуан түрлілігі, жер асты және суда тіршілік ететін хайуандар.
-
Сүтқоректілер фаунасын қорғау және байыту шаралары.
-
Бактериялардың морфологиясы мен пішіндерінің алуан түрлілігі, көбеюі және биосферадағы ролі.
-
Вирустардың химиялық құрамы мен құрылысы. Иелерінің (хозяин) негізгі типтеріне қарай вирустардың таксономиялық топтары.
«Биоэкология» пәні
-
«Организм және орта» әсерлесуі; орта факторлары және олардың классификациясы.
-
Жердің химиялық және биологиялық эволюциясының кезеңдері. Жасушаның пайда болуы - биологиялық эволюция бастамасы.
-
Экологиялық факторлар және олардың классификациясы. Шектеуші факторлар.
-
Популяция туралы түсінік. Популяцияның статикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, жастық және жыныстық құрамы). Популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар.
-
Популяция санының реттелуі. Организмдер санының түр ішінде реттелуі (бәсекелестік).
-
Популяцияның динамикалық сипаттамалары.
-
Биоценоз, биогеоценоз және экожүйелер туралы түсінік. Экологиялық қуыс.
-
Экожүйелер, олардың құрамы, әралуандылығы, динамикасы. Қауымдастықтың функциональды ұйымдастырылуы.
-
Экологиялық пирамидалар (сандық, биомасса, энергия). Қауымдастық мен экожүйелердің биологиялық өнімділігі.
-
Экологиялық сукцессия. Биологиялық алуантүрліліктің табиғи сукцессия барысында және антропогендік әсер нәтижесінде өзгеруі. Биоэкологиялық болжам.
-
Өсімдік өміріндегі жарықтың маңызы және жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары мен бейімделушілік ерекшеліктері. Жануарлар өміріндегі жарықтың маңызы. Түрдің экологиясы мен эволюциялық дамуына көру мүшесінің дамуы.
-
Су – маңызды экологиялық фактор. Су – жануарлардың тіршілік ортасы және тіршілік үшін маңызды ресурс.
-
Температура – маңызды экологиялық фактор. Пойкилотермді және гомойотермді, эндо және эктотермді ағзалар.
-
Жануарлар түр аралық өзара қарым-қатынастары (симбиоз, мутуализм, комменсализм, жыртқыштық, конкуренция, бәсекелестік т.б.).
-
Жануарлар миграциясы, олардың түрлері мен тәсілдері. Ұзақ қашықтыққа миграция және жануарлардың бағдарлауы. Түр ареалын ұлғайтуда миграция маңызы.
-
Қоректік тізбектер (жайылымдық, детриттік) және трофикалық деңгейлер, қоректік торлар.
-
Жануарлардың қоректену типтері: фитофагтар, сапрофагтар және паразитті қоректену.
-
Экожүйелердегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы. Термодинамика заңдарының экологиялық жүйелерде орындалуы.
-
Топырақ тіршілік ортасы ретінде. Топырақ организмдерінің экологиялық топтары.
-
Тірі организмдер тіршілік ортасы ретінде. Паразитизм түрлері.
-
Су тіршілік ортасы. Гидробионттар адаптациясының ерекшеліктері.
-
Құрлық ауа тіршілік ортасы. Өсімдіктер мен жануарлардың физиологиялық адаптациясы.
«Өндірістік экология» пәні
-
Табиғат ресурстары, олардың классификациясы. Табиғатты тиімді пайдалану әдістері.
-
Ресурстарды пайдаланудың масштабын анықтайтын негізгі факторлар.
-
Ластаушы заттар топтамасы (қатты, сұйық, газ тәріздес). Таралу көздері.
-
Қоршаған ортаның негізгі ластаушылары: өндіріс көздері
-
«Техногенез» терминінің түсінігі. Техногенездің экологиялық проблемалары.
-
Техногендік авариялар мен апаттар, олардың экологиялық зардаптары.
-
Шикізатты қазып шығарудың жаңа әдіс-амалдары және жаңа энергия түрлері.
-
Халық денсаулығының жай-күйі мен мекен ортасының өзгерістері бағалаудың критерийлері.
-
Табиғи ортаның өзгерістерінен болатын зардапты бағалау.
-
Өндіріс көздерінің табиғи ортаға тигізетін қауіпті әсерлер деңгейін азайтып, төмендету мүмкіндіктерінің негізгі бағыттары.
-
Өндірістік шайынды суларды тазалау әдістері.
-
Қалдықсыз және жартылай қалдықсыз технологиялардың негізі бағыттары.
-
Рекультивациялық жолдар (тау-техникалық және биологиялық рекультивация).
-
Экологиялық мөлшерлеу. Нормативтік және нормативтік емес көрсеткіштер. Санитарлық-гигиеналық нормативтер.
-
Қоршаған ортаның радиациялық ластануы. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізетін зардаптары.
-
Шу, діріл және электромагниттік әсерлер.
-
Қоршаған ортаның ластануы және қалдықтар проблемасы.
-
Қайта қалпына келетін ресурстарды пайдалану арқылы өндіріс көздерін экологизациялау.
-
Экономикалық механизмдер және табиғатты пайдалануды басқару негіздері.
-
Ғылыми-техникалық прогресс, оның мән мағынасы мен екі жақтылығы.
-
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
«Әлеуметтік экология және тұрақты даму» пәні
-
Әлеуметтік экологияның қалыптасуы және дамуы. Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері.
-
Әлеуметтік экология заңдары.
-
Адам экологиясы және әлеуметтік экология. Қоршаған ортаның сапасы және денсаулық.
-
Табиғи орта туралы түсінік. Табиғи ортаның физико-химиялық қасиеті және тірі ағзалар үшін ерекшелігі. Организмдер мен ортаның өзара сәйкестігі.
-
Әлеуметтік экологиядағы қоршаған орта ұғымы, қоршаған орта элементтерінің арасалмағы.
-
Еңбек ету ортасы және оның сапасы.
-
Қазіргі заманның ғаламдық экологиялық проблемалары.
-
Демографиялық қысым, урбанизация және олардың табиғи жүйелерге әсері.
-
Ресурстық дағдарыс және оның салдарлары.
-
Ортаның жалпы агрессивтік деңгейінің артуы.
-
Орнықты даму идеологиясының қалыптасуының тарихи, экономикалық және әлеуметтік-экологиялық алғышарттары.
-
Орнықты дамудың принциптері.
-
Орнықты даму саласындағы негізгі міндеттер мен іс-қимылдардың бағыты.
-
Қоғамың тұрақты дамуы индикаторлары.
-
Цивилизация тарихында адам мен қоғамның ара қатынасы.
-
Қазақстан Республикасының елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясаты.
-
Халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың экологиялық қауіпсіздікті және орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған қызметі.
«Экологиялық мониторинг» пәні
-
Қоршаған ортаны ластайтын табиғи және антропогендік көздер.
-
Мониторингтің түрлері мен деңгейлері.
-
Қоршаған ортаның мониторингі, оны ұйымдастыру принциптері. Химияоық, физикалық және биологиялық мониторинг.
-
Локальдық немесе жергілікті мониторинг. Ластануды анықтау, уыттылық, оның дәрежесі және әсері.
-
Атмосфераның төменгі қабаттарындағы ауаның сапасы. Атмосфера ластануының кешенді индексі.
-
«Қышқыл жаңбыр» түзілуінің себептері және оның салдары.
-
Судың сапасын нормалау және зиянды заттардың түрлері, олардың шектеулі рауалды мөлшері.
-
Топырақтың сапасын нормалау және зиянды заттардың түрлері, олардың шектеулі рауалды мөлшері.
-
Импактілі мониторинг.
-
Жүйелік геоэкологиялық мониторинг. Сукцессия сатылары.
-
Геоэкологиялық мониторинг жүргізу әдістері.
-
Тыңайтқыштарды қолданудың мониторингі. Енгізілген элементтердің қозғалысы және оның табиғи ортаға әсері.
-
Пестицидтердің табиғи ортаға әсері. Пестицидтерді қолдануға қойылатын негізгі талаптар.
-
Гляциологиялық мониторинг.
-
Суарылатын топырақтардың экологиялық өзгерістерінің мониторингі. Қоршаған ортаның ластануын бағалау үшін топырақтың биологиялық белсенділігін пайдалану.
-
Ормандар мониторингі. Орманның қорғаныс сипаттары.
-
Роль человека в глобальных изменениях биосферы. Авиационный и космический мониторинг.
-
Табиғи ортаны қорғау үшін қашықтағы мониторингтің ролі.
-
Жердің озон қабаты, оның қазіргі күйіне әсер етуші факторлар.
-
Топырақтың органикалық заты және оның топырақ құнарлығына әсері. Топырақ құнарлығы азаюының экологиялық салдарлары.
-
Табиғат ортасының жай күйінің мониторингі және экологиялық болжау.
-
Экологиялық сараптама және аудит.
-
Қазақстанның «Қызыл кітабы» туралы мәліметтер. Қызыл кітапқа енген Қазақстанның фаунасы мен флорасы.
«Экологиялық білім беру және дүниетаным» пәні
-
Экологиялық білім беру және дүниетанымның негізгі мақсатымен міндеттері. Экологиялық білім компоненттері мен құрылымы.
-
Формалды және формалды емес экологиялық білім беру және тәрбие, оның мақсаты мен міндеттері.
-
Экологиялық этика элементтері. Адам, қоғам және табиғаттың өзара қарым қатынасының адамгершілік аспектілері. Антропоцентризм және натуроцентризм.
-
Үздіксіз экологиялық білімнің негізгі принциптері (философиялық-әдістемелік, әдістік-дидактикалық, педагогикалық-ұйымдастырушылық).
-
Экологиялық білім беру саласында жүргізілетін жұмыстардың негізгі әдістері мен тәсілдері. Экологиялық тәрбиеде жаппай хабар тарату құралдарының ролі.
-
Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесінің құрылымы мен мазмұны, жүзеге асыру жолдары мен құралдары.
-
Тіршілік қауіпсіздігін сақтау мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мектепте және мектептен тыс жұмыстар ұйымдастыру. Экологиялық ойлауды қалыптастырудағы мектептің міндеттері.
Әдебиеттер:
-
Ақбасова А.Ж.Экология: оқу құралы. - Алматы, 2013. – 292 б.
-
Андерсон Дж.М. Экология и наука об окружающей среде: биосфера, экосистема, человек. Пер.с анг. - Л., 1985.
-
Аскарова У.Б.Экология және қоршаған ортаны қорғау: оку құралы. - Алматы, 2009. - 313 б.
-
Бганба В.Р. Социальная экология. - М.: Высшая школа, 2005.
-
Белозерский Г.Н.Радиационная экология: Учеб. - М., 2009. - 384 б.
-
Бигалиев, А. Б. Проблемы окружающей среды и сохранения биологического разнообразия: учебное пособие / А. Б. Бигалиев. - 2-е изд., перераб. и доп. - Алматы: NURPRESS, 2011. - 134 с.
-
Горелов А.А. Социальная экология. - М.: Флинта: МПСИ, 2008.
-
Дандыбаев Б., Қасенов Қ.М., Дандыбаева Л.Б. Экология және табиғи ресурстарды, өнеркәсіптерді басқару. – А.: Экономика, 2013. – 347 б.
-
Демина Т.А. Экология, природопользование, охрана окружающей среды. - М.: Аспект ПРЕСС, 2000. - 143 с.
-
Дерябо С.Д., Ясвин В. А. Экологическая педагогика и психология. - Ростов-на-дону, 1996.
-
Зверев И.Д. Разработка проблем экологического образования и воспитания. - М., 1982.
-
Израэль Ю.А. Экология и контроль состояния природной среды.- М.: Гидрометеоиздат, 1984. -375 с.
-
Коган А.Б. Экологическая физиология человека. - Ростов-на-Дону, 1990.
-
Мазур И.И., Молдаванов О.И. Курс инженерной экологии. – М.: Высш.школа, 1999. – 446 с.
-
Маркович Д.Ж. Социальная экология. - М., 1986.
-
Мотузова Г.В., Безуглова О.В. Топырақтың экологиялық мониторингі. Оқулық. / Ауд. А.Т.Нұркенова, А.Қ.Әуелбекова.- Алматы: Экономика, 2013. – 252 бет;
-
Небел Б. Наука об окружающей среде. Как устроен мир. - М., Мир, 1993.
-
Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2011. – 351 бет.
-
Радкевич В.А. Экология. Учебник. - М., 1997.
-
Реймерс Н.Ф. Экология. Теории, законы, правила, принципы и гипотезы. - М., 1994
-
Ситаров В.А., Пустовойтов В.В. Социальная экология.: М., 2000. – 280 с.
-
Стадницский Т.В., Радионов А.Н. Экология. – М.: Высш. Школа, 1979. – 272 с.
-
Степановских А.С. Общая экология. Учебник для ВУЗов. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005. – 687 с.
-
Степановских А.С. Прикладная экология: охрана окружающей среды. Учебник для ВУЗов. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – 751 с.
-
Тонкопий М.С. Экология и экономика природопользования. Учебник. Алматы. 2003.
-
Хаскин В.В.Экология человека:учеб.пособ. -М.,2009. -367 с.
-
Чернова Н.М., Былова А.М. Экология. М., 1988.
-
Экологическая экспертиза. учеб.пособ. / Под ред.:Питулько. – М, 2011. - 480 с.
-
Экологический мониторинг: учеб.метод.пособ / Под ред.:Т.Я.Ашихминой. - М, 2008. – 416 с.
-
Экология және табиғатты тиімді пайдалану. - Алматы, 2010. -328 с.
-
Экология және тұрақты даму: оқулық / М.С.Тонкопий, Г.С.Сатбаева, Н.П.Ишкулова, Н.М.Анисимова. - Алматы : Дәуір, 2011. - 312 с.
Кафедра меңгерушісі Б.С. Альжанова
Достарыңызбен бөлісу: |