Бағдарламасы «Дене мәдениеті теориясы мен әдістемесі»



Дата29.02.2016
өлшемі258.24 Kb.
#30362
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-36.1.

52/01-2014




ПОӘК

Оқытушыларға арналған пәннің бағдарламасы

«Дене мәдениеті теориясы мен әдістемесі»

№ 2 басылым

16.06. 2014 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Дене мәдениеті теориясы мен әдістемесі»

5В010200 – «Бастауш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

мамандығы үшін


Оқу-әдістемелік материалдар

Семей 2014




ГЛОССАРИЙ

«Дене мәдениеті теориясы мен әдістемесі»

пәні бойынша
Күш – сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсету;

Жылдамдық – адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекет;

Төзімділік – адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу;

Икемділік – адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу;

Ептілік – адамның кеңістікте үйлесімді қозғала алуын, жаңа күрделі қозғалысты тез меңгере алуын, өзгерген жағдайға байланысты өз әрекетін тез басқаша құра алу;

Алаң – бір ойынға арналған орын;

Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық білімммен қаруландыру;

Дене тәрбиесі жаттығулары – арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған, көп рет қайталанған адамның қимылын, әрекетін.
Дәріс 1

1-тақырып: «Дене мәдениетінің даму тарихы»

1.Алғашқы қауымдық кезең

2.Дене тәрбиесінің Антикалық жүйесі (б.з.Ү-ІҮғасыр)

3.Ежелгі Греция

4.Ежелгі Рим

5.Ежелгі Шығыс және Азия

6.Парсы (б.з.д.ҮІ-Үғасыр)

Алғашқы қауымдық кезең. Денені шынықтыру еңбек етуден пайда болған. Ол шамамен 80-8 мың. жылдары дами бастады. Адамзаттың ағзасын өзіндік қажеттілікпен қамтамасыз ету дене мәдениетінің негізгі міндеті болып табылады. Алғашқы қауымдық қоғамның өзінде-ақ денені қозғалысқа келтіру арқылы еңбек етуде, аңшылыққа шығуда, соғыс кезінде орасан зор ықпал ететін- ол, дененің физикалық жетістігі екенін арғы аталарымыз жете түсінген. Осыдан дене мәдениетінің қалыптасуы басталды.

Алғашқы адамдар сол кездері орындаған әртүрлі сиқырлы церемонияларында, дәстүрлі билерінде, ойындарында, соғыста және басқа да іс-әрекеттерінде дене жаттығуларын қолданған. Яғни, қазіргі таңдағы жаттығулар сол алғашқы қауымдық қоғам кезінде пайда болған.



5-4 ғасыр. Біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда осы Қазақстан жерінде тұрып, өмір сүрген біздің арғы ата-бабаларымыз сақтар кезінде өз заманына сай дене тәрбие жүйесі болған. Сақтардың дене тәрбие жүйесінің негізгі әскери-жауынгерлік және жарыс-сайыс бағытында болды. Ашық аспан астында киіз үйлерде тұрып негізгі кәсіптері мал өсіру мал өсіру болған сақтарға кенеттен келген жауларынан от басын, елін, жерін қорғау үшін сезімтал, күшті, епті, төзімді, батыл болу керек болды. Сондықтан да олар бала кездерінен атқа міну, садақ ату, күрес жаттығуларымен айналысқан. Сақтардың балалары 4-5 жастарынан атқа шауып, 7-8 жасынан ат үсті дене жаттығуларына үйреніп, меңгере бастаған.

Сол кездерде сақтармен қатар өз жерлерінде өмір сүріп жатқан гректердің «спартандық», «афиндық» дене тәрбиесі жүйелері блғанын біз білеміз. Сол спартандық құрбылары секілді сақтардың да қыз-келіншектері ерлермен бірдей дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысқан, жаумен соғысқан.

Б. д. д. II ғасырда Шығыс Түркістанда пайда болып, біздің дәуірімізде Қазақстан жерінде қоныстанған ғұндардың дене тәрбиесі жүйесі сақтардың дене тәрбиесі жүйесіне ұқсас болған. Ғұндардың ат үсті жаттығуларына өте жетік болған, шауып келе жатқан аттың үстінде теріс отыру, тік тұру, жерге секіріп қайта отыру, аттың бауырынан өтіп қайта отыру, шауып келе жатып жерден қамшы алу,жамбы атып түсіру секілді жаттығуларды ғұндар өте жетік меңгерген.

Монғолдар билік жүргізген кеде әскери-дене тәрбиесі жүцесі іске асырылды. Ол кезеңде әрбір ер адам атымен, қару жарағымен соғысқа аттануға дайын тұруы керек болды. Сол кезде «Ерлердің үш ойыны» дене тәрбие жүйесі болды. Ол күрес, садақ ату және атқа шабу спорт түрлеріне негізделген болатын.

Әмір Темір билігі кезінде жеке сайыс, шахмат, өнерлері дамыды. Темірдің өзі де сайыс өнеріне жетік, дене қуаты жетілген, шахматты да жақсы ойнайтын адам болған.

XV ғасырдан бастап Қазақ хандығы кезеңінде дене тәрбие жүйесі ұлттық ойындарды және әскери-жауынгерлік өнерлерді жетілдіру сипатында болды. Қазақтың ұлттық ойындары ат бәйгесі-аламан бәйге, жорға жарыс, күрес дамыды. Ат үсті ойындары-көкпар, аударыспақ, күміс алу, қыз қуу, шауып келе жатып жамбы ату, ат үсті жаттығуларын орындау өнерлері дамыды.

Қазақ хандығының дене тәрбиесі жаттығулары жүйесі тек қана жарыс сипатында ғана емес, күнделікті тіршіліктерінде де жетілдіріп отырылды. Күнделікті атқа отыру барысында орындалатын әр түрлі ат үсті жаттығулары, күнделікті орындалатын әр түрлі ат үсті жаттығулары, күнделікті орындалатын бие байлау, бұғалық тастап-құлын ұстау, аңға шығу, тауда, жазықта жүгіру, кешке ойналатын әр түрлі қазақтың ойындары (ақ сүйек, арқан тарту, алтыбақан тебу т.б. ойындар), қолдары босағанда күреспен айналысу, садақ ату, қару-жарақ түрлері жаттығуларын меңгеру жастарды шынықтырды, батырлыққа, батылдыққа тәрбиеледі, дене қуаты қасиетін жетілдірді. Сол кездегі дене тәрбиесі жүйесінің өз заманына сай болғанының дәлелі қазақ халқының ұлан байтақ жерді сақтап қалғаны, өздеріндей саны бар, тұрақты әскері бар, темірдей тәртібі бар, бір орталыққа бағынған жоңғар әскерін, жоңғар елін жеңуі.

Ежелгі Грецияда дене мәдениеті құлиеленушілік қоғамда дамыды. Оның көркеюі б. з. д. VI-V ғ. ғ. болды. Сондықтан да дене мәдениетінің ерекшеліктерін көбінесе ежелгі грек елдерінде, яғни Афины мен Спартадан көруге болады.

Ежелгі грек мәдениетінде, әсіресе, б. з. д. V-VI ғ. ғ. адамзат денесінің физикалық және табиғи сұлулығын рухани және интеллектуалдық қасиетін біріктірген. Ең бірінші сың атлетикалық жарыстың жеңімпазын мадақтаудан басталды. VI ғасыр философы Ксенофан айтуы бойынша, қала және мемлекетке көп пайда әкелетін ақыл және байқампаздық барлық атлетикалық күштер мен жылдамдықтан гөрі бағалануы қажет. Осы дене және рухани мәдениетінің өзара күресі Ежелгі Грецияда өте ертеден басталды. Гректердің пайымдауынша, «Илиада», «Одиссей» поэмаларының пайда болуы осыған негіз болды деді.

Ежелгі Грецияда атлетикалық ойындардан басқа Панэллиндық ойындар да болған. Мысалы, Аполлон құдайының қарамағындағы Пифиялық ойындар б. з. д. 582 жылы өткен. Рухани және дене мәдениетін байланыстыратын атлетикалық және музыкалық бағдарламаны қамтыған Пасейдон құдайдың қарамағындағы Немиялық, Истмиялық ойындар өтті. Олимпия тек қана атлетикалық сайыс өтетін жер ғана емес, сонымен қатар поэттар, жазушылар және философтар өнер көрсететін орын.

Спартадағы дене мәдениеті б. з. VI ғасырда үлкен мағынаға ие болды. Шамамен 9 мың спартандықтар, 30 мың жартылай бостандықтағы азаматтар, 200 мың құлдар осы мекенде тіршілік етті. Осыған орай Спартадағы әскери лагерь пайда болды. Спартандықтар жастайынан денені шынықтырып, тек қана әскери істермен айналысқан.

Сонымен, спартандықтар бала тәрбиесінде міндетті түрде әскери-физикалық жағынан үлкен мән берген. Және де олар әскерлерін шыдамдылық пен қайраттылыққа тәрбиелеген. Ал Афиндықтар физикалық қасиетін және ақылдылығын өзара үйлесімділікте ұстауға тырысқан.

Ежелгі Рим. Ежелгі Римдағы дене тәрбие тек тәжірибелік мақсатта жүрді, және ол спартандықтарға ұқсас болды.

Балалар он екі жасқа дейін отбасында тәрбиеленген. Әкесі ұлын үй шаруашылығын жүргізуге, қару қолдануға қолданған, Отанға деген патриоттық сезімді тәрбиелеген. Денені шынықтыруда дәстүрлі ойындар мен жаттығуларды қолданған. Үйінде тәрбие алған римдық жасөспірімдер 16-17 жасқа келгенде әскерге алынған. Әскери дайындық өзінің кереметтілігімен ерекшеленген. «Войско» атауы «жаттығу», ал «легион» термині «таңдап алу» деген сөздерден шыққан. Римлиндықтар әскер құрамына жастарды таңдап алған. Жас әскербасылар таңертеңнен қару-жарақ қолданумен жаттыққан және де көптеген дене жаттығуларын да жасап өткен. Ал үлкен дәрежедегілер күніне бір рет қана жаттыққан. Әскердегілер ағаш жарып, көптеген ауыр жүктерді көтерген, суда жүзген, бөгеттерден өткен.


Дәріс 2

Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін ұйымдастыру
Жоспары:

1.Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері. 2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.


3. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары.
4. Сыныптан тыс жұмыстар.
5. Тәртіп.
6. Салауатты өмір салты. (П.Иванов жүйесі).

1. Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.


Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны: • шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн: • оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
•  спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
•  негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
2. Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.
Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
3. Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
4. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.
Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін  толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.
5. Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына  әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
6. Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады.
Оның нұсқаулары:
•  өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суың суға шомыл. Ыстық суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;
•  шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;
•  арақ ішпе, темекі тартпа;
•  аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;
•  қоршаған ортаны сүй. Айналақа түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың;
•  денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;
•  бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;
•  адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен көмектес. Ол сенің досықа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз;
•  жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;
•  ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;
•  ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;
•  іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Біраң ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол".
Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше.
Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.

Әдебиеттер:
1.  К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.
2. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.
3.  К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.
4. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.
5. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.

Дәріс 3

3-6 жастағы балалардың жастық ерекшеліктері

Қимыл – қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары. Адамның ерікті қимыл – қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді.Қимыл – қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына,оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді.Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойға сіңіру процесінде қимыл тәжірибесінің шешуші рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.Адамның ерікті қимылдарын жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды. Жануарлардың шартты қимыл рефлекстері, әдетте, шартсыз рефлекстерді немесе олардың өзгертілген формаларын қайталайды. Ал адам іс - әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды. Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және қимыл – қозғалыстардың бойға сіңірілген жаңа формаларының бірлестігі болып келеді. Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері ең жоғары психикалық функцияларымен, сана сезімімен және ойлауымен байланысты.Адам мен жануар үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық маңызы мен күштерінің арасындағы ерекшеліктері өте маңызды. Сыртқы ортаның қандай болсын агенті адам мен жануарлар үшін шартты рефлекстердің жасалуына сигнал бола алады. Бірақ адам үшін сөз - өте жоғары маңызды сигнал.Тірек – қимыл аппараты мен дене сапаларының жетілген деңгейі жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің алғышарттары болып келеді. Ол оқытудың құрылымдық – функциялық негізі. Жаңа қимыл – қозғалыстар талаптарын бұл алғышарттар қанағаттандырады, сәйкес келеді немесе жеткіліксіз болады. Жеткіліксіз жағдайда оқу процесі созылып кетуі мүмкін. Сондықтан берік морфофункциялық іргетас қалауды жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің ең тиімді жолы ретінде қарастыру қажет. Қандай жағдайда болсын біртұтас организм үшін көздеген мақсатқа тиімді және үнемді жолдармен жету ережелері өздерінің маңызын жоймайды.Күрделі қимыл – қозғалыстарға оқытуда логикалық соңына жеткен элементтерді бөлшектеуге болады. Алайда, балаларды оқыту барысында күрделі қозғалыстар элементтерінің ішкі тұтастығын сақтайтын әдістер басқадан артық келеді.Бастапқы кезеңде ол әдістер жеңілдетілген жағдайларда өткізілуі мүмкін. Мұндай жеңілдетілген жол дене сапаларының максимал дәрежеде білінуін талап ететін жағдайларда жаттығуларды меңгеру сатыларында жақсы. Күрделі жаттығуларға үйретудің бірінші кезеңінде, қимыл – қозғалыстар автоматизмі пайда болғанша,қосымша амалдар мен жағдайларды пайдаланудың қажеті жоқ.Жаңа қимыл – қозғалыстарды үйренудің табыстылығы балалардың қимыл әрекеттеріне оңтайлы жағдай жасаумен байланысты. Назарды белсенді күйге келтірудің түрлі әдістерін қолдану,сабақтың кіріспе бөлімінде болашақ әрекеттерге жан – сезімдік сезінуді қамтамасыз ету орталық жүйке жүйесінің оңтайлы қозғыштығын жасауға атсалысады. Күрделі қимыл – қозғалыстарға шаршаған жағдайда үйрену өте тиімсіз.Қалыптасқан қимыл дағдысының беріктігі үйреніп жатқан қимылдарды қайталау санына тәуелді. Орындалу дұрыстығын оқытушының тынымсыз бағалауымен қатар оларды қанша рет қайталауын қадағалау, жаттығудың жеткілікті меңгерілуінің негізгі шарттарының бірі болып келеді.Индифференттік тітіркендіргіштердің күші,дәлірек айтқанда, үйренетін қимыл – қозғалыстардың өзі,оңтайлы дәрежеде болу керек. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер,яғни өте күрделі жаттығулар,оқушының қимыл – қозғалыс функцияларының жастық даму ерекшеліктеріне сай келмейтіндері меңгерілмейді. Керісінше,күші жағынан әлсіз, баланың ынтасын тудыра алмайтын қарапайым қимыл – қозғалыстар,оларды қайталай орындау үшін қозғаушы бола алмайды.
Ерікті қимылдарды қуаттаушы агенттің индифферентті агентке қарағанда күші максимал болуы керек. Оқушының әрекеттерін бағалау,түсінік беру, қателіктерін түзету,үнемі назарда ұстау жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.Табиғи қимыл–қозғалыстарға жақын ( мысалы,жүгіріс)
Спорттық жаттығуларға үйрету,оларда қимылдың іштен туа біткен механизмдерінің( элементтері ) басым болуы себебінен жеңіл келеді. Алайда оқытуда жіберілген қателіктер қимыл – қозғалыстардың табиғи реттелу негіздерін жоюы мүмкін. Мұндай қауіпті салдарға қимылдардың қалыпты физиологиялық реттелу механизмдеріне сәйкес келмейтін үйретудің алуан түрлі нысанды әдістері мен амалдарын енгізу себеп болады.
Күрделі қимыл – қозғалыстар үйретудің әдістемесін алдын ала мұқият жасауды талап етеді. Ондай әдістеме балалардың қимыл – қозғалыс функцияларының реттелуі мен қалыптасуының жалпы заңдылықтары жөніндегі білім негізінде құрылады. Күрделі қимылдарды орындаған кезде оларға бағытталған саналы да,жігерлі бақылаулар,қимылдардың табиғи формаларын меңгеруге қарағанда,ұзағырақ сақталуы керек. Жеке бөлшегі не болмаса тұтас қимыл – қозғалыс автоматтандырылған сайын,оны санамен бақылау әлсірей береді. Іштен туа біткен қимыл – қозғалыс әрекеттеріне тән қимыл – қозғалыстар еріксіздік бейнелеріне ие бола бастайды.Балалар мен жасөспірімдерді қимыл – қозғалыстарға үйретудің ерекшеліктері. Жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету қарапайым қимыл актілернің табиғи бейнелерінің жастық алғышарттарына негізделеді. Тұнғыш балалық шақтағы бейберекет қимыл – қозғалыстардан,сансыз сынаулар мен байқаулар арқылы,оларды орындаған шақтарда ұшырасатын сәтсіздіктерден аса отырып, бара – бара мақсатты қимыл – қозғалыстар қалыптасады. Мақсатқа сәйкес қимыл әрекеттерін қуаттау – ерікті қозғалыстарды қалыптастыруға бағытталған қажетті әрекеттер. Мысалы,баланың шап беріп ұстай алатын қимылдарын,бірнеше рет тамақ немесе басқа биологиялық маңызы зор агенттермен қуаттаса,олар мақсатты сипатты қимыл әрекеттеріне айналады.
Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл – қозғалыс( локомоторлық) функциясы өте қарапайым формаларында іске асады.Бір – екі жастағы бала жүрісін еске түсірейік. Оның қимыл белсенділігі,көптеген спорт түрлеріндегі немесе әртістік өнердегі қимыл – қозғалыстарға мүлде ұқсамайды.Қимыл – қозғалыс функциясының дамуы біркелкі емес. Туғаннан соң бір жасқа деін бала өте тез өседі. Тұнғыш балалық шақта тұлға бұлшық еттерінің массасы тек артады. Тек мектептке дейінгі жаста ғана( 5-6 жаста) қолдарының ұсақ бұлшық еттері тез дамиды. Бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік қимыл – қозғалыстарға ие бола бастайды.Тірек – қимыл аппаратының және орталық реттеуші механизмдерінің жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл – қозғалыстарды меңгеру қабілеті артады.Бастауыш сыныптағы балалар,шапшаң шешім қабылдап орындауды талап ететін,аяқ астынан пайда болатын қимыл – қозғалыс жағдаяттарына салыстырмалы тез бейімделеді. Қимыл – қозғалыс дағдыларын үйрену және оларды орнықтыру жеделдігі көптеген жағдайларда оқытушының шеберлігіне,қуаттау әдістерінің ебін табуына,баланың сабаққа деген ынта – жігерін арттыра білуге байланысты. Сондықтан физиологиялық әрі педагогикалық тұрғыдан алғанда да,түсінік беріп,жаттығулардың орындалуына баға беріп,баланың қимыл әрекеттеріне тұрақты бақылау жасап отырғанымыз дұрыс.Ерікті қимыл – қозғалыстардың қалыптасуы оқытудың алғашқы кезеңдерінде шартты рефлекстік әрекеттердің жалпы заңдылықтарна тәуелді. Жастық даму және түйсіктің қалыптасуы барысында осы заңдылықтар жаңа сапалық мазмұнға ие бола бастайды. Қимыл – қозғалыстарға саналы ынта – жігерді бақылау оқудың нәтижелі болуының басты кепілі болып келеді.Сондықтан қолда бар қуаттаушы агенттердің ішіндегі әлеуметтік маңызы бар түрін пайдалану маңызды.Баланы жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету жолындағы қуаттаушы агенттер:мұғалімнің сөзі,әрекет жетістіктерін бағалауы,баланың өз табыстарының маңызын ұғынуы және өзіне - өзі баға беруі. Алайда оқытудың тұңғыш кезеңдерінде үйреніп жатқан дене жаттығуларындағы табыстары қарапайым,сонымен қатар айқын,жағымды,табиғи,биологиялық мазмұны құпия емес агенттерді пайдаланған жөн. Қимыл-қозғалыстарды орындап жатқан мезгілдің өзінде немесе орындалып біткеннен кейін нақты бейнелі қуаттаулар оқытуды жеңілдетеді. Мұндай әдістер бастауыш сыныптардағы оқушылардың ойлау қасиетінің ерекше бейнелі болуымен байланысты.Оларда нақты тітіркендіргіштердің әлі де болса көбісі сөз бейнесіне ие бола қойған жоқ.Сондықтан балаларға қуаттаушы заттық агенттер әсер етеді.
Бастауыш сынып жасындағы балалар техникалық жағынан күрделі қимыл – қозғалыстар формаларын меңгеруге қабілетті. Бұл 7-8 жаста жоғары жүйке әрекеттерінің дамуы едәуір биік сатыға көтерілгенін көрсетеді. Осы уақытқа дейін жүйке жасушаларының( клетка) өте маңызды өсу сатысы құрылымдық саралап жіктеумен аяқталады.Абстракциялық ойлау негізі болатын іштен сөйлеу мүмкіндіктерінің қалыптасуы қарқынды түрде артады. Алайда ішкі тежелу процестері әлі де болса жетілмегендіктен,жаңа қимыл – қозғалыстарды жасау оларға қиынырақ түседі. Баланы қимыл – қозғалыстарға үйрету шапшаңдығы оның сыртқы әсерлерге деген бейімделгіштігіне байланысты. Балалардың жеке дамуында түрлі бағыттағы дене жүктемелеріне сезімтал келетін кезеңдер байқалады( сын кезеңдері). Мысалы,6-8 жастағы баланы коньки тебуге,9-11 жас кезіндегіден үйрету жеңіл.8-12 жас аралығында, дәлдік пен жоғары үйлесімділікті, кеңістікті бағдарлай алу қасиетінің қарқынды дамуына байланысты,іс жүзінде қандай да болсын қимыл – қозғалысқа үйретуге болады.Мектепке дейінгі жаста екі аяқ пен бір сәттілік қимылдарды( мысалы,екі аяқпен теуіп секіру) жасау қиындық туғызады, өйткені туа біткен қайшылас координация әлі де сақталған.Тек 7-8 жасқа дейін аяқпен бір сәттілік симметриялық қимыл – қозғалыстар жасауға қажетті үйлесімділіктің физиологиялық механизмдері дамып жетіледі.8-9 жастан бастап жүгіріс пен жүзудің жылдамдығы қарқынды өсе бастайды,ал 10-11 жасқа жақын жүгіріс адымдарының жиілігі максимал дәрежесіне жетеді,тіпті 10-11 жастағы балалар осы жағынан 12-14 жастағы жасөспірімдерден асып түседі.Жасөспірімдік және бозбалалық жастарға дерексіздік ойлаудың басым болуымен байланысты,нақты,заттық тітіркендіргіштерге қарағанда,сөз сигналдарына шартты қимыл рефлекстері тез жасалады.Сондықтан( әсіресе бозбалалық шақта),негізінен, сөздік әдістерді пайдалану арқылы қимыл – қозғалыстарға үйрету физиологиялық тұрғыдан негізді. Жасөспірімдер жоғары қозғыштығымен, өте жоғары қимыл белсенділігімен,қимылдарының ретсіздігімен( ебедейсіздігімен) ерекшеленеді. Жыныстық жетілу кезеңіне жақын мидың талдау – түзу функциясының мүмкіндігі жоғарылайды. Дене жаттығулары сабақтарының мазмұны мен маңызын түйсіну арқылы,жасөспірім олардың түрлерін тез меңгереді.Жасөспірім психикасының тұрақсыздығы оның дене деген назарын үнемі қуаттап тұруды қажет етеді. Бірақ олардың аса күрделі болмағаны жөн. Күрделі,қиын жатығуларға немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын жаттығулар сияқты қимыл – қозғалыстарға ынта – жігер тез сөнеді.Дене жаттығуларына аса қол жетімділік техниканы меңгеруге деген немқұрайлылыққа әкеледі. Дәл осы жаста, жаттығуларды орындау арқылы физикалық жан –жақты даму, проприоцепция аппаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы керек.Тиімді құрылған дене жаттығуларының сабақтары,организмнің мүшелері мен ұлпаларының дамуын,өсуін күшейте отырып,биологиялық процестерді құрайды. Жасөспірімдер өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен,ауыр заттарды көтерумен,күрделі акробатикалық,гимнастикалық және басқа жаттығулармен өзін - өздері жүктейді. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып,спорттық жарақаттарға әкелетін және техникалық дилетантизмнің потенциялдық қайнар көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізугеболмайды. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері. Оқушыларға әлемдік деңгейде білім, тәрбие беру – қазіргі заман талабы. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының ролі барған сайын артып, моральдық факторлардың ықпал аясы кеңейе түсуде. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері – оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін сақтап, адамгершілік нормаларынан ауытқушылыққа жол бермеуді қалыптастыру. Бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттағанда бәрін білсем, үйренсем деп үміттенеді. Нақтылы ойлауға шамасы жетпесе де, азамат болсам деп қиялдайды. Бастауыш сынып – қиын да күрделі. Оқушылар жас, оның үстіне ой-өрісі тар, тіл байлығы кем. Сабақтан бұрын ойнағанды жақсы көреді. Жылауы да, жұбануы да оңай. Ұрсуды, кеюді көтермейді. Олармен тіл табыса білу үшін үлкендер өз жасын шегеріп, былайша айтқанда, «баламен бала болуға тура келеді.
Солармен бірдей күй кешесің, бірге ойнайсың, бірге күлесің, қысқасы, бар тілеуің солармен бірге болуға тиіс. Онсыз білім берем деу құмға сіңген сумен тең.
Сабақ басталды дейік. Алдыңда көздері жәудіреп бір топ бала отыр. Олар саған бір жағы сынай, бір жағы үрке қарайды. Мұғалім қалай қарым-қатынас жасайтыны, мінезі қандай екені, мектеп тұрмысының көптеген ерекшеліктері оларға әлі тылсым, жұмбақ.
Сезімтал ұстаз оқушылармен алғашқы таныстық үстінде – ақ көп нәрсені аңғара алады. Шәкірттерінің ой-өрісі ауқымын да бірден ажыратады. Баланың бәрі бірдей емес, кейбіреуі зейінді, зерек, айтқанды лезде ұғып ала қояды. Ал кейбіреуінің аңғарымпаздығы әлі нашар, ұққанын жеткізіп айта алмайды. Ондай оқушылармен көбірек жеке жұмыс жүргізуге тура келеді. Ол үшін олардың мінез-құлықтарын, психологиясын алдын ала жете зерттеп, біліп алу қажет, мұның сабақ процесінде көп жәрдемі тиеді. Бұл бізге бұрынан белгілі нәрсе «Мың рет айтып түсіндіргеннен, бір рет көзбен көрген абзал» деген ұлағатты сөз бар. Бұл жастағы балалар көп сөзділікті ұнатпайды, ауызша айтқанға сене бермейді. Не нәрсе болса да, көзбен көргені мақұл. Сонда оқушыларда ол бейне, зат немесе сурет жайында түсінік пайда болады, оның құрылысы, жалпы көрінісі, қандай іске пайдаланатындығы санасында мәңгі сәулеленеді, қызығушылығы артады. Мынаны көз алдыңызға елестетіңіздерші: цирктегі сиқыршыға үлкен де кіші де қызыға қарайды. Көз алдыңда бір заттан бір зат пайда болып жатады. Шынында да керемет нәрсе емес пе? Ал енді сиқыршы соларды қолмен істеп көрсетпей, сөзбен сипаттап айтып берсе, қызығы болар ма еді? Әрине жоқ. Сабақ кезінде пайдаланатын көрнекілікпен бірге, оқушылар арасында өзара жұмыс ұйымдастырудың да көп пайдасы бар. Мысалы: «Сыныпта кім дәптер, оқулықтарын таза, ұқыпты ұстайды?» деген тақырыпта жұмыс ұйымдастырдым. Алдымен оқушыларға қағаздың қалай жасалатынын, одан кітап, дәптер істеу үшін қанша адамның еңбек ететінін интерактивті тақтада слайдпен түсіндіріп, ақын Нәсіпбек Айтовтың қағаз туралы өлеңін мәнерлеп оқыдым. Бұл көрініс пен әңгіме балаларға үлкен әсер қалдырды. Әрбір жақсыдан, ұнамды қылық қалыптастыру барысында. «Кім партада дұрыс отыра алады?», «Кім әдемі жазады?», «Сыныптың ең үздік оқушысы», «Мен қонақта болғанда», «Амандаса білу-үлкен әдептілік», «Үзілісте» т.б. тақырыпта жұмыстар жүргізілді, нәтижелері уақытында жарияланып отырылды. Озып шыққан оқушылар мақтауға, марапатқа ілінді. Меніңше, бастауыш сынып оқушыларына көп нәрсенің керегі жоқ. Мұғалімнің дұрыс, әділ көзқарасы, жылы сөзі болса-сол жеткілікті.
Қысқасы: ата-ана мен мұғалім ынтымақпен бірігіп, бүлдіршіннің жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, жұмыс жүргізсе ғана тәрбие ісі әрқашан да оңға басады.
Дәріс 4

    Дене тәрбие сабақтарында жаттығуларын оқыту әдістемесі мен мазмұны.

  1. Жаттығуларды бастапқыда үйретудің кезеңдері, мақсаты мен оқыту әдістемесі.

Дене тәрбиесі сабақтары балалар бақшасындағы 3-6 жастағы балалармен дене тәрбиесі жұмыстарын жүргізудің негізгі түріне жатады. Сабақтың мақсаттары: жаңа қозғалыстарға үйрету, алдыңғы сабақтарда меңгерген әрекеттерді жетілдіру, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу. Дене тәрбиесі сабағы тәрбиешінің басшылығымен жетісіне 2-3 рет жүргізіледі.

Сабақтың ұзақтығы 3-4 жастағы балаларға 15-20 мин, 4-5 жасқа дейінгі балаларға 20-25 мин, 5-6 жастағы балаларға 25-30 мин созылады. Сабақ үш бөлімге бөлінеді: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімнің міндеттері- балаларды ұйымдастыру, олардың зейіндерін келешек орындалатын жаттығуларға шоғырландыру, бала ағзасын негізгі бөлімде орындайтын жаттығуларға дайындау, денелерін қыздыру. Кіріспе бөлімде негінен қозғалыс түріндегі жаттығулар орындалады. Олар: жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, жүгіру, бағыттарын өзгертіп жүру, жүгіру, жыланша жүру, заттардың арасымен және т.б.

Сабақтың негізгі бөлімінде балаларға жаңа жаттығулар үйрету, қайталау, алдыңғы сабақтарда өтілген жаттығуларды жетілдіру және дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері орындалады. Негізгі бөлімде ең алдымен жалпы дене дамыту жаттығулары, жоғарыдан төмен кезектестікпен – алдымен қол, иық деңгейі жаттығулары, сонан соң кеуде, аяқ бұлшық ет жаттығулары орындалады. Жалпы дене дамыту жаттығуларынан кейін спорт түрлерінің негізгі қозғалыс түріндегі жаттығулары: жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру және тепе – теңдік жаттығулары орындалады. Міндетті түрде негізгі бөлімге балаға физиологиялық және эмоциялық әсер беретін қозғалмалы ойын түрлері кіргізіледі.

Қорытынды бөлімде бала ағзасын қалпына келтіру, босаңсыту жаттығулары беріледі. Берілген жүктемелерді төмендету үшін жүру жаттығулары, тыныс алу жаттығулары, қозғалысы аз қозғалмалы ойындар, ықыласқа арналған жаттығулар орындалады.




Дәріс 5

Балаларды жалпы дамыту жаттығуларына үйрету.

Жалпы дамыту жаттығуларын оқыту бастауыш мектептің барлық сыныптары бағдарламасында қарастырылған. Оқушылардың дұрыс, терең дем алуы, әдемі тұлғасын қалыптастыруда жалпы дамыту жаттығулары маңызды орын алады. Сонымен қатар сабаққа дейінгі гимнастика, сергіту минуттары жиынтығын құрастыруда өте қажет жаттығулар.



  1. Жалпы дамыту жаттығуларының ерекшеліктері. Жалпы дамыту жаттығуларының ерекшеліктері- бұлшық еттерінің жекелеген топтарына, иіннің, кеуденің, құрсақ шандырының, аяқтың және басқа жерлердің бұлшық еттеріне әсер етуі. Бұл жаттығулар топтарының басқа жаттығулардан ерекшелігі емдік профилактикалық жаттығулар ретінде қолданылады. Мысалы: кеуде қуысы қызметі бұзылғанда, дене бітімі дұрыс қалыптаспағанда, омыртқа қызметін дұрыс қалыпқа келтіру де қолданылады, т.с.с.

  2. Жалпы дамыту жаттығуларын топтастыру. Дене тәрбиесінің тәжірибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Дене тәрбиесі жаттығуларының қасиетін танып, оларды тиімді пайдалану үшін дене тәрбиелеу тәжірибесінде жаттығуларды топтау қажет.

    1. Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Ол бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді: а) гимнастикалық жаттығулар; ә) ойын жаттығулары; б) туристік жаттығулар (бұл жаттығулар туризмнің әр түрінде кездеседі); в) спорттық жаттығулар – спорттың әр түрінде пайдаланылатын стандартты жаттығулар.

    2. Белгілі дене қуатын дамыту бағытындағы жаттығулар: а) күш-жылдамдығы жаттығулары жаттығушылардың күштерін дамытады; ә) төзімділік пайда болуына әсер ететін жаттығулар; б) үйлесімді қозғалысты талап ететін жаттығулар; в) икемділікке арналған жаттығулар; г) комплексті қимылды талап ететін жаттығулар.

    3. Жаттығуларды білім беру мақсатына қарай топтау: а) негізгі жаттығулар. Сабақтың негізгі бөлімінде өткізілетін, спорт түрлерінің негізгі жаттығулары; ә) дайындық жаттығулары. Негізгі жаттығуларды үйренуге керек дене қуаты қасиеттерін дамытуға көмектесетін жаттығулар; б) жақындататын жаттығулар – негізгі жаттығуларды үйрететін, оңайлататын қимыл-әрекеттер (мысалы, ұзындыққа жүгіріп келіп секіруге жақындататын жаттығулар – бір, үш адымдап келіп ұзындыққа секіру).

    4. Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар. Қолдың бұлшық еттеріне, кеуде бұлшық еттеріне, аяқ, іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

    5. Қозғалысқа арналған жаттығулар тобы: а) циклді жаттығулар (жүру, жүгіру, ескек есу т.б.); ә) циклді жаттығулар (снарядтағы гимнастика, жеке сайыс т.б.) аралас жаттығулар (циклді, ациклді жаттығулары бар спорт ойындары).

    6. Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау: а) өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар (20 секунд аралығында орындалады); ә) жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар (20 секундтан 5 минөтке дейін); б) қатты қарқынмен орындалатын жаттығулар (5 минөттен 30 минөтке дейін); в) қалыпты қарқынмен орындалатын жаттығулар (30 мин. көбірек).

  1. Жалпы дамыту жаттығуларын балалардың жас және дене ерекшеліктеріне сәйкес іріктеп алу.

1-сынып. Кеуде, қол мен аяқ үшін жаттығуларды әр түрлі бастапқы қалыптан орындау.

Негізгі тұрыс: өкше бірге, аяқтың ұшы алшақ, қолдарды денені байлай түсірген қалып. Бір орында тұрып затсыз және затпен орындалатын жаттығулар. Тұлғаны қалыптастыруға, дұрыс еркін дем алуды қамтитын жаттығулар. Басты оңға және солға бұру және шырқ айналдыру. Қолдарды екі жанға созылған бастапқы қалыптан бүгіп және жазып қолдарды шырқ айналдыру. Денені оңға және солға, алға және артқа еңкейту, бұру және айналдыру.

Аяқтарды алға, артқа және жанға сілтеу. Кеудені аяқтарға қарай еңкейту. Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан кеудені көтеру. Гимнастикалық орындыққа қолдармен тіреліп жатқан қалыптан қолдарды бүгіп, жазу. Аяқтарды бірге, алшақ ұстап тұрған бастапқы қалыптан отыру. Тобық буындарының қозғалғыштығы дамытуға арналған жаттығулар.

2-сынып. Негізгі тұрыс (қолдар кеуде тұсында бүгілген, қолдар жанға созылған), тізерлеп отыру, бір тізерлеп отыру, төрт тағамдап тұру, жартылай отыру, толық отыру, аяқты бірге ұстау, аяқты алшақ ұстау секілді әр түрлі бастапқы қалыптардан жаттығуларды орындау. Басты оңға, солға бұру, басты шырқ айналдыру. Тұлғаны дамытуға, дұрыс дем алуды қамтитын жаттығулар. Бүгілген және жазылған қолдарды айналдыру. Қолдардың қозғалысымен үйлестіре кеудені жанға бұру. Қолдар мен аяқтардың қозғалысымен үйлестіре алға және жанға еңкейту.

3-сынып. Негізгі тұрыс бастапқы қалыптан және қозғалыс кезінде затпен жасалатын жаттығуларды орындау. Тұлғаға, еркін тыныс алуды белсенді етуге, қозғалыс үйлесімділігіне бағытталған жаттығулар (түрліше бастапқы қалыптардан). Қолдарды екі жанға созған бастапқы қалыптан, жазылып ұсталынған және бүгілген қолдарды шыр айналдыру. Қолдармен бір бағытта және қарсы бағытта қозғалыстар жасау. Гимнастикалық орындыққа таянып, тіреніп жатқан қалыптан кеудені көтеру. Бір орында екі және бір аяқпен секіру және ырғып секіру. Иілгіштік пен босаңсуға жаттығулар.

4-сынып. Негізгі тұрыс бастапқы қалыпынан және қозғалыста заттармен жаттығулар орындау. Қозғалыс үйлесімділігіне, тыныс алуды белсенді етуге, тұлғаға бағытталған жаттығулар. Мойын, кеуде, аяқпен қолдардың еттерін нығайту жаттығулары. Күш пен иілгіштікті дамыту үшін жұппен орындалатын жаттығулар. Ырғақты гимнастика кешенін (8-10 жаттығу) орындау. Шапшаңдық – күштілік қасиеттерін қалыптастыру үшін арқа мен іш еттерін нығайтуға арналған жаттығулар. Бір орында екі және бір аяқтап секіру. Гимнастикалық қабырғадағы жаттығулар. Босаңсуға арналған жаттығулар.
Дәріс 6

Спорттық жаттығуларды оқыту әдістері мен принциптері


  1. Спорттық жаттығулардың түрі

  2. Негізгі тапсырмалар

Тұнғыш даму кезеңінде баланың қимыл- қозғалыс функциясы өте қарапайым формаларында іске асады. Бир екі жастағы баланың қимыл белсенділігі көптеген спорт түрлеріндегі немесе әртістік өнердегі қимыл қозғалыстарға мүлде ұқсамайды. Қимыл қозғалысының функциясының дамуы биркелкі емес. Туғаннан соң бала бир жасқа дейін өте тез өседі. Тұңғыш балалық шақта тұлға бүлшық еттерінің массасы тек артады. Тек мектепке дейінгі жаста ғана(5-6жаста) қолдарының ұсақ бұлшық еттері тез дамиды. Бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік қимыл-қозғалыстарға ие бола бастайды. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына тікелей әсер етеді. Баларды қимыл қозғалысқа үйретудің ерекшеліктері:жаңа қимыл қозғалыстарға үйрету қарапайым қимыл актілерінің табиғи бейнелерінің жас ерекшелік алғышарттарына негізделеді. Тұңғыш балалық шақтағы бейберекет қимыл қозғалыстардан,сансыз сынаулар мен байқаулар арқылы,оларды орындаған шақтарда ұшырасатын сәтсіздіктерден аса отырып,бара-бара мақсаттық қимыл қозғалыстар қалыптасады.



Балардың әрекеттерін бағалау, түсінік беру қателіктерін түзету үнемі назарда ұстау жаңа қимыл –қозғалыстарға үйретудің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Табиғи қимыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет