Бағдарламасы және практиканы өткізу барысы бойынша әдістемелік нұСҚАУ


В011400 «Тарих» білім бағдарламасы негізінде студенттерге арналған практика түрлері



бет5/27
Дата08.09.2023
өлшемі373.5 Kb.
#476955
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Praktika-Tarih-kaz

3.6. 5В011400 «Тарих» білім бағдарламасы негізінде студенттерге арналған практика түрлері

Практикалардың ұзақтығы 30 сағатқа (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) тең апта ішінде практикада білім алушының нормативтік жұмыс уақытына сүйене отырып аптамен айқындалады.


1 кредит практиканың барлық түрлерінің 1 аптасына тең.
Практика оқудың барлық кезеңінде өткізіледі және өзіне мыналарды қамтиды:
- оқу-тәрбие практикасы (2 курстың 4 семестрі, 3 кредит көлемінде 3 аптадан кем емес, 90 сағат);
-Археологиялык практика (2 курстың 4 семестрі, 3 кредит көлемінде 3 аптадан кем емес, 90 сағат);
- оқу –тәрбие педагогикалық практика (3 курс, 3 кредит көлемінде 3 аптадан кем емес, 90 сағат);
- өндірістік-педагогикалық практика (4 курстың 8 семестрі, 12 кредит көлемінде 90 сағат);
- диплом алдындағы практика (4 курстың 8 семестрі, 5 аптадан кем емес).

4. ОҚУ ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ


4.1. АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ПРАКТИКА
Археологиялы іс-тәжірибенінің басты мақсаты: студенттер іс-тәжірибе барысында теориялық білімдерін нақты тәжірбиемен ұштастырады. Студенттер археологиялық зерттеулерге тікелей далалық археология барысында қатысады және археологиялық барлау мен қазба жұмыстарының әдістемелік негіздерін игереді.
Студенттер далалалық археология негізінде археологиялық деректердің негізін құрайтын архологиялық ескерткіштердің түрлерімен танысады, яғни іс-жүзінде тарихи құндылықтармен танысады және өздерінің теориялық білімдерін нақтылы мысалдар негізінде толықтыруына толық мүмкіндік алады.
Археологиялық іс-тәжірибенінің міндеттері: археологиялық қазба жұмыстарына қатысу арқылы студент тарих ғылымының басқа да салаларымен тарихи процестерді салыстыру мүмкіндігіне көңіл бөлуі тиіс:

  • археологиялық барлау әдістерін жетік меңгерулері тиіс;

  • археологиялық қазба жұмыстары әдістерін іс-жүзінде игерулері қажет;

  • археологиялық зерттеу әдістерін жете игеру қажет;

  • археологиялық ұғымдар мен түсініктерді меңгерулері қажет;

  • археологиялық объектілерді дәуірнамалық кезеңдер бойынша ажырата білуі және сыртқы белгілері бойынша анықтау қасиетін меңгеру қажет;

  • археологиялық ескеткіштерді түрлері бойынша ажыратуды игеруді және археологиялық мәдениеттерді негізде сипаттауды меңгеруді білу қажет;

  • археологиялық практика барысында қолданыста болатын еңбек құралдарын іс-жүзінде қолдануды игеру қажет;

  • археологиялық практика талаптарын нақтылы орындау қажет;

  • археология ғылымының орны;

  • археологиялық зерттеу тесілдерін меңгеру;

  • археология «тілін» үйрену;

  • археологиялық ескерткіш түрлерін ажырату;

  • археология ғылымының даму жолдарының қазба жұмыстарымен тығыз байланыста болатының жете түсіну;

  • археология-экология, өркениет мәселелеріне қатысты теориялық білім тәжірибелерін бекіту;

  • археологиялық ескерткіштерді далалық археология барысында сипаттау және жіктеу

  • ғылыми тұрғында қалпына келтіру және уақытнамалық әдістемесін анықтауды үйренуді меңгеру;

  • ескерткіштердің далалық зерттеу барысында орнын анықтауды үйрену;

  • далалық жазба жұмысын (күнделік пен қорытынды есеп) маңызын білу және он іс-жүзінде іске асыруигеру;

  • заттардың алғашқы белгілері, сақталуы мен сандық құрылымын білу;

  • түрлердің тізімін жасауда ыждағаттылқ қатеттігін ескеру;

  • ескерткіштерге және заттарға зерттеу барысында белгі қоюды үйрену;

  • археологиялық заттарды жіктеуді меңгеру;

  • жер бетіде көріне бермейтін ескерткіштердің белгілерін анықтауды игеру;

  • фотография және аэроархеология негіздерін үйрену;

  • су асты археология негізін игеру;

  • эксперименттік археология негізін білу;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет