Ақмола облысы мәслихатының
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№5С-8-4 шешіміне
қосымша
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ
АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАСЫ
МАЗМҰНЫ
1
|
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
|
2
|
2
|
АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
|
6
|
|
2.1. Өңірдегі жағдайдың оң және теріс жақтарын бағалау, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына олардың әсер етуі
|
6
|
|
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының талдауы
|
8
|
|
Экономикалық даму
|
8
|
|
Әлеуметтік сала
|
15
|
|
Инфрақұрылымдық кешен
|
23
|
|
Аумақтық (кеңістік) даму
|
28
|
|
Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
|
31
|
|
2.3 Орташа мерзімді перспективада аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелері, қауіп-қатерлері, іркілу факторлары, бәсекелік басымдылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы
|
32
|
|
2.4. Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
|
35
|
3
|
АЙМАҚТЫҢ ДАМУ КӨРІНІСІ
|
37
|
|
3.1 Түйінді индикаторлар:
|
37
|
4
|
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР, НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
|
38
|
|
4.1. Экономикалық даму
|
38
|
|
4.2. Әлеуметтік сала
|
45
|
|
4.3. Инфрақұрылымдық кешен
|
52
|
|
4.4. Аумақтық (кеңстік) даму
|
56
|
|
4.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
|
57
|
5
|
ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР
|
58
|
6
|
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ
|
59
|
-
БағдарламаНЫҢ паспорты
Атауы
|
Ақмола облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
|
Дайындау негізі
|
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымындағы № 827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысымен бекітілген Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
|
Өңірдің негізгі сипаттамалар
|
Ақмола облысы Қазақстанның солтүстік бөлігінде орналасқан. Облыс аумағы 146,2 мың шаршы км. құрайды, бұл республика аумағының 5,4 пайызына тең. Халық тығыздығы орта есеппен алғанда 1 шаршы км. 5 адамнан келеді. Облыс аумағында мемлекеттің астанасы орналасқан. Республиканың төрт облысымен (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды) шекаралас. Облыс халқының саны 731,3 мың адам (2012 жылдың 1 қаңтарына).
Ақмола облысы Қазақстанның агроөнеркәсіптік өңірі болып табылады. Өңір экономикасының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өндіріс.
|
Бағыттар
| -
Экономикалық даму
-
Әлеуметтік сала
-
Инфрақұрылымдық кешен
-
Аумақтық (кеңістік) даму
-
Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
|
Бағдарлама мақсаттары
| -
Өңдеу салаларының дамуын, сыртқы нарыққа жоғары үстеме құндылығы бар дайын өнімдердің экспортын жылжытуды, инновациялық кәсіпкерлік және экологиялық қауіпсіздікті сақтай отырып, өмір сүру сапасының жоғары деңгейі үшін қолайлы жағдайлардың жасалуын қамтамасыз ететін, өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын нығайту.
-
Халықтың өмір сүру сапасының деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету.
-
Агроөнеркәсіптік, энергетикалық, инженерлік, көлік, су шаруашылығы инфрақұрылымының үйлестірілген дамуын қамтамасыз ету және халықтың өмір сүруіне қолайлы орта жасау.
-
Халықтың өмір сүруіне тиімді елдің тығыздылығы қамтамасыз етілген экономикалық перспективалы және қолайлы аумақтарында шоғырлану есебінен, жеке орналасудың және аймақты жайлыландырудың және Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық жайлыландырылуын жетілдіру және елді мекендердің аумағының санитарлық және эстетикалық жағдайын жақсартудың тиімді жүйесін құру.
|
Бағдарлама
міндеттері
| -
Облыстың аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамыту
-
Экономиканың өңдеу салаларын дамыту
-
Халықаралық көліктердің тораптарын, көлік-логистикалық орталықтарын дамыту.
-
Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту.
-
Металлургия және дайын металл өнімдерінің өндірісін дамыту.
-
Химия өнеркәсібін дамыту.
-
Өңірге инвестициялар, озық технологиялар мен адам ресурстарын тарту үшін қолайлы инвестициялық жағдайлар, шарттар жасау.
-
Инфрақұрылымның барлық нысандарын жетілдіру.
-
Энерго тиімділігін арттыру.
-
Қоршаған табиғи ортаны, табиғи ресурстарды және биологиялық әр алуандылықты қалыптастыру.
-
Орналасудың тиімді жүйесін қалыптастыру және Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық жайлыландырылуын жетілдіру
|
Нысаналы индикаторлар
|
-
Жалпы өңірлік өнімнің физикалық көлем индексі, өткен жылға %.
-
Жалпы өңірлік өнімнің нақты өсімі
-
Өнеркәсіптік өнімнің көлемі
-
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі
-
Адамның бір басына жалпы өңірлік өнім
-
Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі
-
Өңдеу өнеркәсібі өнімдері шығысының нақты көлем индексі
-
Электр көзін өндірудің артуы
-
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің нақты көлем индексі
-
Тамақ өнімдері өндірісінің нақты көлем индексі
-
АӨК қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттарының жұмыс бастылығы
-
Ауыл шаруашылық малдардың эпизоотияға қарсы іс-шаралармен қамтылуы
-
Ауыл шаруашылық техникасының тозу деңгейі
-
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өнімдер өндіруінің нақты көлем индексі
-
Бөлшек сауданың нақты көлем индексі
-
Негізгі капиталға инвестицияның нақты көлем индексі
-
Инновация саласында кәсіпорындардың және ұйымдардың белсенділік деңгейінің өсуі (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриалды парктер және т.б.)
-
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алулардың жалпы көлемінде қазақстандық қамтудың үлесін арттыру
-
Халықтың білім сапасы мен қол жетімділігіне қанағаттанушылық деңгейі
-
3-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылуы
-
Осы жастағы жастардың (14-24 жас) техникалық және кәсіби біліммен қамтылуы
-
Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасымен қанағаттандырылу деңгейі
-
Халықтың күтілудегі өмір сүру ұзақтылығы
-
Халықтың 1000 адамына жалпы өлім санын төмендету
-
Жұмыссыздық деңгейі
-
Күн көріс минимумынан кірістері төмен халықтың үлесі
-
Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған тұлғалардың ара салмағы (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында)
-
Облыс халқының мәдениет саласындағы қызметтердің сапасына қанағаттандырылу деңгейі
-
Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі
-
Дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі түрде айналысатын, барлық жастағы халықтың қамтылуын ұлғайту
-
Туристік қызмет саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемін ұлғайту
-
Ақмола облысы туристік объектілерінің тартымдылығын арттыру (қызмет көрсетілген келушілердің санын өткен жылға % ұлғайту)
-
Азаматтық қоғам және мемлекеттер институттарының өзара қатынасын оң бағалайтын, халықтың үлесін ұлғайту
-
Халықтың ішкі істер органдарына сенудің болжамдық деңгейі
-
Төтенше жағдайлардан адам және материалдық шығындардың төмендеуі
-
Халықтың байланыс және коммуникация саласында көрсетілетін қызметтердің сапасымен қанағаттандырылу деңгейі
-
Құрылыс материалдарының нақты көлем индексі
-
Тұрғын-үй ғимараттарын, жалпы алаңы шаршы м. пайдалануға беру
-
Облыстың елді мекендерінің қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз етілу деңгейі
-
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі
-
Жүк айналысының көлемі
-
Жолаушылар айналысының көлемі
-
Тұтынушылардың коммуналдық қызметтерінің сапасымен қанағаттандырылу деңгейі
-
Орталықтандырылған сумен жабдықтауға халықтың қол жеткізу деңгейін арттыру
-
Халықтың жылумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру
-
Халықтың сумен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру
-
Даму әлеуеті жоғары ауылдық жергілікті елді мекендердің санын арттыру
-
Залалды заттардың жалпы шығарылуын төмендету
-
Мемлекеттік орман қоры жерлерінің орманмен қамтылған алаңы
-
Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсетудің сапасымен қанағаттандырылу деңгейі
|
Қаржыландыру көздері мен
көлемдері
|
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың меншік қаражаты, заемдық қаражаттар.
Қаржыландыру көлемдері:
2011 жыл – 120 844,7 млн. теңге
2012 жыл – 127 998,4 млн. теңге
2013 жыл – 203 901,8 млн. теңге
2014 жыл – 120 266,0 млн. теңге
2015 жыл – 53 315,5 млн. теңге
Барлығы: 626 326,6 млн. теңге
|
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Өңірдегі жағдайдың оң және теріс жақтарын бағалау, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына олардың әсер етуі
Ақмола облысының салалық мамандандырылуын ескере отырып, өңір үшін ең алдымен ауыл шаруашылығын жоғары деңгейде дамыған. Алтын, керамикалық кірпіш, пластмасса құбырларының жоғары технологиялық өндірісіне бағыттылған индустрияландыру картасының ірі инвестициялық жобаларын іске асыру, өңдеу өнеркәсібінің дамуына оң серпін берді.
Тиісінше, құрылыс секторында, оның ішінде тұрғын-үй құрылысында дамудың жоғары деңгейі байқалады.
Облыстың амбулаториялық-емханалық ұйымдарының дамыған желісі бола тұра, 2011 жылы денсаулық сақтау саласын дамытудың төмен деңгейі теріс жағдай болып табылады. Бұл ретте, 2011 жылы қылмыстарды ашудың жоғары деңгейі байқалуда, бұл өңірдің қоғамдық саяси жағдайына оң әсер етті.
Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша 2011 жылы Ақмола облысы 13 орынға ие болды.
Ресурстық әлеует. Ақмола облысында өз құрамы мен көлемі бойынша алтынның, уранның, молибденнің, техникалық алмаздың, каолиннің және мусковиттің, сондай-ақ, темір кенінің, тас көмірдің, доломиттің, кең таралған пайдалы қазбалардың, минералды сулардың барланған өзекті қорлары шоғырланған.
Ақмола облысының экономикалық әлеуеті. Ақмола облысы Қазақстанның даму әлеуеті зор астықты өңірі болып табылады.
Аумақтың 5,4 %-ын ала отырып, облыс Қазақстанда өсірілетін бидайдың төрттен бір бөлігін, әлемдік нарықта жоғары бағаланатын, мемлекеттің барлық ауыл шаруашылық өнімдерінің 12 %-ын өндіреді.
Құс шаруашылығын, мал шаруашылығын, оның ішінде жоғары экспорттық әлеуеті бар ет бағытын дамыту перспективалары бар.
Мал бағатын жерлерінің бар болуы мал басының санын және мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемдерін арттыруға мүмкіндік береді.
Саланы дамытудың сапалы көрсеткіштерін арттыруға жер және асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын бірнеше шаруашылықтар бойынша ғылыми-зерттеу станцияларының жұмысы бағытталды.
Аграрлық, биотехнологиялық зерттеулерде технологияның және білімнің әлеуетін дамытуға бағытталған, Шортанды ауданының Научный к. АӨК ғылыми-зерттеу кешенін құру аясында жобалардың іске асырылуы ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды әзірлеуге, енгізуге және коммерциализациялауға мүмкіндік туғызады, бұл саланы және оның бәсекеге қабілеттілігін дамытудың сапалы көрсеткіштерін мәнді арттыруға мүмкіндік береді.
Осының бәрі тұтынудың тұрақты нарығы бар, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру саласын дамытуға алғы шарттар жасайды.
Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін алтын, уран, автомобиль техникасы, авиациялық өнім, темір жол көлігіне подшипниктер өндіретін ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік кәсіпорындар белгілейді. Молибден өндірісін, химия саласын дамытуға мүмкіндіктер бар.
Өзекті табиғи кешен – Щучье-Бурабай курорттық аймағы әлемдік деңгейдегі туристік кешен құруға жағдайлар жасайды, бұл Ақмола облысына Қазақстанда және ТМД аумағында туристік бизнес көшбасшыларының бірі болуға мүмкіндік бере отырып, демалушылар мен туристердің санын ұлғайтуға оң әсер етеді.
Ақмола облысының инвестициялық әлеуеті. Инвестициялық тартымдылықты минералды-шикізат ресурстарының маңызды көлемдерінің бар болуы белгілейді, бұл өнеркәсіпті дамытудың дәстүрлі бағыттарын дамытуға, сондай-ақ, жаңа өндірістер құруға да жағдайлар жасайды. Ең алдымен, бұл дамыған тау-кен металлургиялық кешенінің бар болуы, оның негізгі жүйелі қалыптасқан кәсіпорындары «Алтынтау Көкшетау» ЖШС (бұрынғы «Васильков ТБК» АҚ), «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық комбинаты» АҚ және қосалқы өндірістердің құрылымына кіретін кәсіпорындар болып табылады. Жоғары қарқынмен дамып келе жатқан машина жасау саласы маңызды экспорттық әлеуетке ие.
Кең таралған пайдалы қазбалардың мәнді көлемдері құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға базалар құрады – кірпіш, цемент, әрлендіру материалдары өндірісін ұйымдастыру жобаларын іске асыру жүзеге асырылуда, бұдан әрі оларды ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да тасымалдау жоспарлануда.
Кезеңдегі инвестиция көлемінің динамикасы жылсайынғы өсімнің оң қарқынына ие. Облыстың негізгі капиталына инвестицияның жалпы көлемі 2011 жылы 122,7 млрд. теңге құрады, 2010 жылғы деңгейден 14,8 %-ға артық.
Көлік әлеуеті. Транзиттік әлеуеті облыс аумағының республика астанасына жеткізетін, көлік магистралінің қиылысында қолайлы орналасуынан көрінеді. Теміржол, автомобиль желісі, әуе көлігі дамыған.
Халықтың өмір сүру деңгейі. Демографиялық сала жақсаруда, туу өсуде және өлім төмендеуде. Халықтың өмір сүру деңгейі артуда, халықтың орташа айлық еңбек ақысы және табыстары өсуде.
2007-2011 жылдар кезеңінде Ақмола облысында адамның даму деңгейі бойынша оң қарқындар байқалуда.
2011 жылы бір адамға ЖӨӨ 2007 жылдың деңгейінен 2 есеге артып, 7,5 мың АҚШ долларын құрады.
Халықтың нақты ақша кірістері 18,4 %-ға , нақты еңбек ақы – 10,8 %-ға өсті.
2011 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,5 % құрады, бұл 2010 жылғыдан 0,3 пайыздық пунктке төмен.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. 2011 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің 29,5 мың белсенді субъектілері тіркелді, бұл 2010 жылдың деңгейінен 10,6% жоғары. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдер (тауарлар, қызметтер) өндіруі 2010 жылғыдан 14,9%-ға өсіп, 257,3 млрд. теңге құрады.
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
Өңірлік экономиканың дамуы
2011 жылы экономиканың нақты өсімі 115,2 % құрады. Жалпы өңірлік өнім 811,5 млрд. теңге немесе 5,5 млрд. АҚШ долларын құрады.
ЖӨӨ құрылымында негізгі үлес ауыл шаруашылығы (21,1%), өнеркәсіп (18,1%), жылжымайтын мүлікпен операциялары (10,7%), сауда (10,2%), көлік және жинау (8,5%), құрылыс (7%) салаларына жатады.
2011 жылы әлем мемлекеттерімен Ақмола облысының сыртқы экономикалық қызметінің нәтижелері оң динамикамен сипатталады. Облыстың сыртқы сауда көлемі 1,2 млрд. АҚШ долларына жетті, 2010 жылғыдан 33,4 % артық. Бұл ретте, сыртқы сауда айналымының оң сальдосы – 73,1 млн. АҚШ долларына жетті.
Қазақстанның Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен Кедендік одаққа кіруіне сыртқы экономикалық қызметті жандандыру қосымша серпін берді. Кедендік одақтағы 1 жылда КО мемлекетттері-мүшелерімен облыстың тауар айналымы 1,5 есеге өсіп, 457,9 млн. АҚШ долларын құрады.
Инфляция. Инфляциялық процесстерді тежеу және өз қуаттарын өсіру бойынша қолданылған шаралар негізгі тамақ өнімдеріне бағалардың дәлелсіз өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.
Қолданылған шаралар нәтижесінде тұтыну бағасының индексі 2011 жылы 107 % құрады, орташа республикалық көрсеткіштен 0,4 % (республика бойынша – 107,4%) төмен, оның ішінде азық-түлік тауарлары – 109,4 % (109,1 %), азық-түлік емес – 106,3% (105,3%), ақылы қызметтер – 104,6 % (107,3 %).
Өнеркәсіп.
Жалпы, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде Ақмола облысының аумағында 639,7 млрд. теңге сомасына 37 жоба жүзеге асырылуда.
Өзектілендіруді ескере отырып, республикалық картадан өңірлікке 9 жобаны, өңірлік Картаның құрамында 178,6 млрд. теңгеге 35 жоба қайта таратылды.
Индустрияландырудың республикалық картасына Ақмола облысынан 461,1 млрд. теңгенің 2 жобасы – «Қазатомөнеркәсіп» КҚЗ БК» ЖШС, «Tourism Borovoe City» ЖШС енгізілді.
2010-2011 жылдары облыста 3893 жаңа жұмыс орындары құрылып, 92 млрд. теңгенің 27 инвестициялық жобасы пайдалануға берілді.
Оның ішінде, 2011 жылы 18,8 млрд. теңгеге 17 жоба іске асырылды, 876 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде, су өткізгіш және газ өткізгіш пластмасса құбырларын өндіру, құрамында алтын бар кендерді өңдеу, өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын өндіру жөніндегі зауыт, 3 диірмен кешенінің құрылысы, 2 астық сақтау қоймасының құрылысы, майлы, бұршақ және астық дақылдарының тұқымдарын кептіру, тазалау және сақтауға арналған кептіру кешені, жоғары репродукциялы бидай және бұршақ дақылдарының тұқымдарын өндіру жөніндегі кешеннің құрылысы, тұқымдарды агрохимиялық зерттеу бойынша зертханалар құрылысы, майлы дақылдарды өңдеу зауыты, ІҚМ аналық басы шаруашылық-репродукторының құрылысы, екі асыл тұқымды шаруашылық-репродуктор мен бордақылау алаңының құрылысы, асыл тұқымды шаруашылық және бордақылау кешені, бордақылау алаңын құру, қолданыстағы сүт-тауарлық ферманы жаңғырту бар.
2012 жылы 5,5 млрд. теңге сомасына 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланды:
«KazGrain-Trade» ЖШС-нен астық қабылдау кәсіпорыны (НҚК), бидайды сақтау және өңдеу (Зеренді ауданы, Гранитый к., жобаның құны – 720,5 млн. теңге, қуаты жылына 12 мың тонна, 2012 ж. ақпан айында іске асырылды).
«Арыстан» Степногорск құбыр зауыты» ЖШС – майда құбырлардың өндірісін кеңейту. «Корсис» бүрмелі құбырлар өндірісі (Степногорск қ., жобаның құны – 624 млн. теңге, қуаты жылына 10450 тонна, оның ішінде майда құбырлар өндірісін кеңейту – жылына 6550 тонна, «КОРСИС» құбырлары жылына 3 900 тонна, іске асыру мерзімі – 2012 ж. маусым).
«Астраханская птица» АҚК ЖШС – құс фабрикасының құрылысы (Астрахан ауданы, Астраханка а., жобаның құны – 500 млн. теңге, қуаты жылына 3 мың тонна ет, іске асыру мерзімі – 2012 ж. 2-жартыжылдығы).
3 құсхана, астық қоймасы жөнделді. Әр біреуінің өнімділігі 57 мың жұмыртқадан, инкубаторлық жабдықтың 2 жинағы, әр біреуінің өнімділігі 19 мың жұмыртқадан 6 шығару инкубаторлары, сағатына 3 мың бас құс сою желісі сатып алынды. 2 корпусқа Петигорсксельмаш (Ресей) өндірісінің бройлерлерін өсіру тораптары сатып алынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының кестеден артта қалуы байқалуда, объектінің уақытында пайдалануға берілмеу қаупі бар.
«Бұланды-Астық» ЖШС – диірмен кешенінің және элеватордың құрылысы (Бұланды ауданы, Макинка қ., жобаның құны – 800 млн. теңге, қуаты –24700 тонна ұн өндіру, элекватор көлемі 30 мың тонна, іске қосу мерзімі – 2012 ж. желтоқсан айы).
Аумақ қоршалды, электр желілері тартылды.
«АКА» ЖШС – ІҚМ 750 аналық басына шаруашылық-репродуктор құру (Целиноград ауданы, Луговое с., жобаның құны – 506,2 млн. теңге, қуаты жылына 250 тоннаға дейін ет, іске асыру мерзімі – 2012 ж. 2-жартыжылдығы).
Репродуктордың бірінші блогы 8 орынжайдан тұрады, барлық орынжайлардың құрылысы салынды. Ирландиядан 1184 басы ІҚМ сатып алынды.
«Үш Бұлақ-2005» ЖШС – астық тауық жұмыртқасын өндіру жөніндегі құс фабрикасының құрылысы (Ақкөл ауданы, Кеңес а/о, жобаның құны- 2303 млн. теңге, қуаты жылына 90 млн. дана, іске қосу мерзімі – 2012 ж. желтоқсан айы).
Торапты жабдықтар, қоспажем жасау үшін жабдықтар сатып алынды. Бұдан әрі құс фабрикасының құрылысына колонналардың монтажы жүргізілуде. Объектінің уақытында пайдалануға берілмеу қаупі бар. Электр тасымалдау желілерінің қуатына жүктеме.
Құрылыс кезеңіне 448, пайдалануға беру кезеңіне 377 жұмыс орынын құру жоспарланып отыр.
Іске асырылуы келесі жылдары көзделген жобалар:
1. «Көкше-Цемент» ӨК ЖШС – цемент зауытының құрылысы (Еңбекшілдер ауданы, Заозерное с., жобаның құны 58000 млн. теңге, қуаты жылына 2 млн. тонна, іске асыру мерзімі – 2013 жылдың 4-тоқсаны).
Зауыт құрылысының бас мердігері болып ҚХР «Сан-Бао» ЖШС компаниясы таңдалды. 38,5 млрд. теңге игерілді, бұл жоба құнының 66,4%-ын құрады. Зауыттың негізгі объектілері салынды, құрылыс металл құрылымдарының және жабдықтардың жөңдеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда, 2013 жылдың екінші жартыжылдығы ішінде цемент (клинкер) өндіру жөніндегі технологиялық желінің іске қосу жұмыстары жүргізілетін болады. Цементтің 20-дан артық маркасын (ЦӨ-400-Д20) өндіру жоспарланып отыр.
2. «Қазатомөнеркәсіп» КҚЗ» БК ЖШС – күкірт қышқыл зауытының құрылысы (Степногорск қ., жобаның құны 11111 млн. теңге, қуаты жылына 180 мың тонна, жобаның іске асырылуы 2013 жылдың 4-тоқсанына көзделген).
Егжей-тегжейлі инжинирингті әзірлеуге, негізгі технологиялық жабдықты жасауға және жеткізуге, жобалық құжаттаманы әзірлеуге арналған барлық негізгі келісім-шарттар жасалды. «Дамудың Еуразиялық даму банкі» АҚ жобаны қаржыландыруға кірісті. Жоба шеңберіндегі қаржы келісімдері 2011 жылдың тамыз айында жасалған. Оларға сәйкес Банк 10 жыл мерзімімен 7,7 млрд. теңге сомасына (шамамен 52 млн. АҚШ доллары) несиелік желі ашты. бас мердігері «Құлагер» СК» ЖШС жалпы құрылыс демонтаж, күкірт қышқылын сақтау орындарын тазалау жұмыстарын жүргізуде.
3. «Bi-Cement» ЖШС – цемент зауытының құрылысы (Целиноград ауданы, Софиевка а., жобаның құны 23 139 млн. теңге, қуаты жылына 552 мың тонна, іске асыру мерзімі – 2014 жылдың 4-тоқсаны).
Негізгі құрылыс жұмыстары орындалды. Чехиядан технологиялық жабдық жеткізілді. Жобаны іске асыру барысында кәсіпорын жобаның 6030 млн. теңгеге қымбаттауына тап болды. Қазіргі уақытта, «Bi-Cement» ЖШС акционерлері JP Forfaiting консалтингтік компаниясымен бірге әлеуетті инвесторларды белсенді іздестіруде. 2012 жылғы 20 ақпанда Астана қ. Цемент зауытының құрылысын қайта жаңғырту мәселесін талқылау үшін Чехиядан «PSP Engineering» компаниясының, «БТА Банк» АҚ өкілдерімен, сондай-ақ, компания өкілдерімен кездесу өтті. Қаржыландыруды жаңғыртқан кезде, пайдалануға беру бір жылдан соң жүзеге асырылады.
4. «Tourism Borovoe City» ЖШС – Бурабай туристік орталығын құру (Бурабай ауданы, жобаның құны 450 000 млн. теңге, 402 орынға отель, жобаның іске асырылуы 2021 жылға көзделген).
Жобаның іске асырылуы бекітілген шебер-жоспарға сәйкес, жеті кезеңге бөлінген 12 жылға жоспарланды. «Tourism Borovoe City» ЖШС компания-операторы 320 орынға арналған 5 жұлдызды отель мен сауықтыру орталығын қамтитын, бірінші кезеңнің құрылыс жобасын ұсынды. Құрылыс учаскесінің алаңы 3 га құрайды. Жобаның бюджеті 88,5 млн. АҚШ доллары. Қаржыландыру көздері – жеке инвестициялар. Объектінің құрылысы 2010 жылдың қазан айында басталды. Инфрақұрылымдық ресурстардың – электр қуаты, су құбыры, кәріз, телефон желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шамамен 15 млн. АҚШ доллары игерілді. Жобаның бас мердігері «А-ТА Строй» ЖШС. Құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде.
Құрылыс кезеңіне 7031, пайдалануға беру кезеңіне 24920 жұмыс орындарын құру жоспарлануда.
Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі салада жұмыспен қамтылған бір адамға 17,8 мың АҚШ долларын құрайды, бұл 2010 жылдың деңгейінен 1,4 есеге артық; агроөнеркәсіптік кешенде 01.12.11 ж. 34,8 % өсіп, 3,1 мың АҚШ долларын қурады.
2011 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 221 млрд. теңге құрады. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 113,3 %.
Өнімдердің негізгі түрлерінің өндірісі 2010 жылдың деңгейінен біршама көтерілді.
Сонымен қатар, тас көмір өндіру көлемі 34,5 %-ға ұлғайып, 2 млн тонна, алтынқұрамды кен 20,3 % (8253,2 мың тонна), балшық және каолин – 19,4 % (318,4 мың тонна), пластмасса құбырлары және фитингтер 2,2 есеге (19,5 мың тонна), алтын 1,5 есеге (10 тонна), подшипниктер 1,6 есеге (32,7 мың тонна), жүк автомобильдері 1,6 есеге (795 бірлік) артты.
Электрмен жабдықтау
2011 жылы электр энергиясының өндірісі 2010 жылдың деңгейімен салыстырғанда 6,8 % төмендеді (сағатына 657,9 кВт). Облыста жалғыз энергия беруші кәсіпорын Еңбекшілдер, Бурабай аудандарын, оның ішінде Щучье-Бурабай курорттық аймағын электр қуатымен, ал Степногорск қ. және оның маңындағы қалаларды – Заводской және Ақсу кенттерін электрмен және жылумен қамтамасыз ететін, Степногорск ЖЭО болып табылады. Электр энергиясын өндіру жөніндегі электр кешенінің орнатылған қуаты – 180 Мвт құрады, нақты қуаты – 154 Мвт, жылу энергиясы - 502 Гкал, орнатылған жылу энергиясы 481,3 Гкал.
Ақмола облысы энергия тапшы өңір болып табылады. Өңірдің өз электр қуатымен қамтамасыз етілу деңгейі жиынтық тұтынудың шамамен 17 % құрайды.
Энергия тұтыну құрылымында өнеркәсіп 30,6 %, ауыл шаруашылығы – 12,3 %, экономиканың басқа салалары – 44,9 %, қалған үлес (12,2 %) халыққа тиесілі.
Аумақтар бойынша электр қуатының негізгі көлемі қалалық жерлерде (Көкшетау 45,8 %,Степногорск - 18%) тұтынылады. Ауылдық жерде электр энергиясын тутыну көлемі Атбасар (9,5%), Бурабай (3,9 %) және Целиноград (17 %) аудандарында тұтынылады.
Жалпы облыс бойынша елді мекендердің электрлендірілуі 100 % тең. Электрмен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 29 115 км, ТП, КТП – 4949 бірлік, оның ішінде коммуналдық меншікте 181,5 км құрады, желілердің тозуы 104,4 немесе 57,5 %, жеке меншікте 28 789 км, желілердің тозуы 57,4% немесе 16 741 км құрайды, 101,0 км желі иесіз болып табылады. Осы көрсеткіштің басым бөлігім Көкшетау қаласы желілерінің және ТП, КТП тозуы – 78 % құрайды.
Осыған байланысты, жыл сайын облыста электрмен жабдықтау және ТП желілерін ағымдағы толық жөндеу және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 2012 жылы кәсіпорынның өз қаражаты есебіне 0,4 кВ 415,2 км электрмен жабдықтау желілері жөнделді. Республикалық бюджет қаражаты есебіне құны 6 141,4 млн. теңге ЩБКА (1-кезегі) электр желілерінің құрылысы және қайта құруы аяқталды. «Щучье» ПС қайта құрылысы, «Санаторная» ЗТП және КЛ 110 кВ құрылысы аяқталды. Электр қуатын есептеу жабдықтарымен жабдықталуы 100 % құрады.
Жылу-энергиясы ресурстары 2011 жылы шартты жылу 5905,2 мың тонна құрады және 2010 жылмен салыстырғанда 553,9 тоннаға немесе 9,4 % төмендеді.
Энергия үнемдеу саласында халық арасында энергия ресурстарын үнемдеудің нақты ынталындуру болып табылатын, тәулік бөліктері «күн» - «түн» және электр қуатын тұтыну көлемдері бойынша әртараптандырылған тарифтер енгізілді.
Жаңғыртылатын энергетика
Ақмола облысы жоғары жел күшінің аймағында орналасқан, бұл өнеркәсіптік көлемдерде электр қуатын өндіру үшін жел энергиясын пайдалану мүмкіндігін береді. БҰҰ дамыту бағдарламасының өкілдерімен өңірдің жел әлеуетін бағалаудың зерттеу жұмыстары жүргізілді, одан кейін Ерейментау ауданында пайдалануға беру мерзімі 2014 жылы, қуаты 45 Мвт жел электр станциясының құрылысы, Целиноград ауданында пайдалануға беру мерзімі 2013 жылы, қуаты 750 кВт жел генераторының құрылысы жоспарланды.
Агроөнеркәсіп кешені
2011 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 236,6 млрд.теңге, нақты көлем индексі – 175,8 % құрады. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы 182,3 млрд. теңге, НКИ-262,3 %, мал шаруашылығы – 53,9 млрд. теңге, НКИ – 82,2 .
2011 жылы жалпы егістік алқабы 4659,7 мың га., 2010 жылғы көрсеткіштің 94,7 % құрады. Оның ішінде, 4278,9 мың га – астық және астық бұршақ дақылдары (2010 жылға 96,5 %), 177,8 мың га – техникалық дақылдар (2010 жылға 136,3 %), 17,6 га картоп (2010 жылға 96,7 %) 4,2 мың га – көкөністер (2010 ж. деңгейінде), 181,2 мың га – жем дақылдары (2010 жылға 54,1 %).
2011 жылы 6597,6 мың тонна астық жиналды (өңделгеннен кейінгі салмақ), бұл 2010 жылғы өнімнен 3,1 есеге артық, 23,6 мың тонна майлы дақылдар (2010 жылдан 2,5 есеге артық), 222,4 мың тонна картоп (2010 жылға 148,9 %) және 56,4 мың тонна көкөкністер (2010 жылға 106,8 %). Сондай-ақ, 88,6 мың тонна сүрлемге жүгері және жасыл жем (2010 жылдан 5,9 есе көп), 28,7 мың тонна бір жазғы (2010 жылдан 1,6 есеге көп) және 83,9 мың тонна көп жылғы шөптер (2010 жылға106,5%).
2011 жылы ылғалды ресурстарды сақтау технологиялары егу алаңдарының 70 %-ында қолданылған.
Мал шаруашылығын әртараптандыруға бағытталған іске-шаралар есебінен, ауыл шаруашылық құрылымдарда ІҚМ басы 24,5 %, қой мен ешкі – 34,7%, жылқы – 32,3 %, құстар – 3,6 % көтерілді.
Астана рыногына барлығы 56,3 мың тонна сүт өнімдері (1,1 % өсу), 13,9 мың тонна ет өнімдері (2,6 % өсу), 142,7 млн. дана жұмыртқа (30,9 % өсу) жеткізілді.
Өңірдің агроөнеркәсіптік секторын дамыту басымдықтарының бірі ретінде, Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру шеңберінде 20,8 млрд. теңгеге 21 жоба (оның ішінде Индустрияландыру картасы шеңберінде 12 жоба) іске асырылды. Олардың қатарында етті мал шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде енгізілген, 10,7 мың ІҚМ басына 3 ірі бордақылау алаңдары және 6,9 мың басқа 4 шаруашылық-репродуктор бар.
Шағын және орта бизнес, сауда
Облыста шағын және орта кәсіпкерліктің 29,5 мың белсенді субъектілері қызмет етеді, бұл 2010 жылға қарағанда 10,6 % артық. ШОК субъектілері 7,7 % өсіп, 257,5 млрд. теңгеге тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірді. 7,1 мың жаңа жұмыс орындары құрылды, 90-ға жуық шағын және орта бизнес объектілері пайдалануға берілді.
Белсенді кәсіпорындардың – заңды тұлғалардың басым бөлігі қызмет көрсету саласында айналысады, оның ішінде саудада, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды жөндеуде – 36 %, қызметтің басқа түрлерімен – 18,5 %, құрылыста – 17,5 %, ауыл шаруашылығында – 16 %, өнеркәсіпте - 12% айналысады.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны ұлғаюға жеткілікті тенденцияға ие. 2005-2009 жылдар аралығында өсудің орташа қарқыны 68,2 мың адамнан 100,9 мың адамға дейін, 111,1 % құрады. Шағын және орта кәсіпкерлікте экономикалық белсенді халықтың жалпы санының төрттен бір бөлігі қамтылғанын атап айтуымыз керек.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 768,1 млн. теңге бөлінді, анық 518,6 млн. теңгесі (67,5 %) игерілді.
Бағдарламаның «Жаңа бизнес-қауымдастықтарын қолдау» бағыты бойынша банктердің несиелері бойынша пайыздықставканы субсидиялауға АҮК 4,1 млрд. теңге сомасына 30 өтінім мақұлданды, 93,2 млн. теңгеге 25 жоба субсидияланды. Банктердің несиелерін ішінара кепілдік ету бойынша АҮК несиенің 46 млн. теңге сомасына 2 өтінім мақұлданып, 0,6 млн. теңгеге 1 жоба субсидияланды.
«Өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 1 млрд. теңгеге жетпейтін өндірістік инфрақұрылымның құрылысына арналған 11 өтінім мақұлданды, оның ішінде 197,8 млн. теңгеге 5-еуі қаржыландырылды.
«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» бағыты бойынша 3,8 млрд. теңгеге мақұлданған 5 жобаның 102 млн. теңгеге 4-уі субсидияланды.
«Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша 669 тыңдаушы, «Назарбаев Университеті» АҚ шағын және орта бизнестің топ-менеджменті – 8 кәсіпкер, «Іскерлік байланыстар» - 38 кәсіпкер оқытылды. Осы мақсаттарға 125 млн. теңге бөлінді және толық көлемде игерілді.
2011 жылы облыстың бөлшек тауар айналымы 88,1 млрд. теңге, НКИ – 123,7 % құрады.
Жалпы, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға және кедейшілік деңгейін төмендетуге, кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саныұлғаюға мүмкіндік береді.
Шағын және орта кәсіпкерлікте кәсіпкерлердің басым бөлігі ауыл шаруашылығында және қызмет көрсету саласында шоғырланған, және маңызды инновациялық дамуы жоқ.
Қаржы проблемалары: кепілдікпен қамтамасыз етудің жоқтығынан, сыйақының жоғары пайыздық ставкаларынан, несиелік мекемелерде құжаттарды қараудың ұзақ мерзімдерінен; салық салу саласында жеңілдіктердің жоқтығынан; несиелік қатынастар саласында жеңілдіктердің жоқтығынан кредиттік ресурстарға қол жетімділік шектеулі.
Кадрлық проблемалар: меншік иесі мен жұмысшыларда тәжірибенің жетіспеушілігі, білікті кадрлардың тапшылығы.
Бәсекелестікті дамыту. Өңірдің табиғи ауа-райы жағдайында қалыптасқан әлеует мына салаларда бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасайды: агроөнеркәсіп кешенінде, өнеркәсіпте және саудада, шағын және орта бизнесте, туризм және қызмет көрсету саласында.
Сонымен қатар, облыста жеке тауар рыноктарында бәсекелестікті дамыту бойынша проблемалар бар:
өнеркәсіптік сою пункттері алаңдарының саны жеткіліксіздігі, еттің сапалы ерекшелігін төмендетеді. Сондай-ақ, малдың 85 %-нан көбі жеке шаруашылықтарда, бұл облыста мал шаруашылығы саласын дамытуға теріс әсері етеді. Жылумен және электрмен жабдықтау инфрақұрылымын дамыту деңгейі, энергияны тұтыну көлемдері бойынша ауылдық аудандардың күрт артта қалушылығы халықтың кәсіпкерлік белсенділігін төмендетуге әкелуі мүмкін;
көлік кәсіпорындары Көкшетау және Степногорск қалаларында, Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандарында ғана қызмет етеді;
жыл бойы қызмет ету үшін туристік инфрақұрылымның дамымауы;
инновациялық жобаларды пайдалануға беру динамикасының төмен болуы;
Жанар-жағармай материалдары нарығының жеткіліксіз дамуы.
Инновациялар мен инвестициялар. Негізгі капиталға инвестицияның көлемі 122,7 млрд. теңге (2010 жылдың деңгейіне 114,8 %) құрады. Инвестиция құрылымында негізгі үлес бюджеттік қаражат – 44,5 % алады, кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 41,3 %, заемдік қаражат – 14,2% құрады.
Салалар бойынша 2011 жылы инвестицияның басым бөлігі өнеркәсіпке (35,1%), көлік және жинау (22,6 %), ауыл шаруашылығына (16,4%) бағытталған.
2011 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарға арналған шығындар 2010 жылдың деңгейімен салыстырғанда 14,3 % ұлғайды және 299,9 млн. теңге құрады. 9822,5 млн. теңге көлемінде инновациялық өнімдер іске асырылды, 2010 жылға қарағанда 41,1 % артық.
Достарыңызбен бөлісу: |