Бағдарламасы «Нұр Отан» ел Президентінің партиясы, халықтық партия. Біздің партиямыздың қатарында 850 мыңнан астам адам бар



Дата17.07.2016
өлшемі18.6 Kb.
#205504
АБДИМАЛИКОВ

Сейдмұхаммед Көпбосынұлының

сайлауалды бағдарламасы
«Нұр Отан» - ел Президентінің партиясы, халықтық партия. Біздің партиямыздың қатарында 850 мыңнан астам адам бар.

Біз «Нұр Отан» партиясында сөз істен ешқашан алшақтамайтындығын дәлелдедік. Нұр Отан – халық сенімінің партиясы, ол сенім біздің шынайы істерімізбен беки түспек.

Біз, нұротандықтар, Елбасының стратегиялық ойларын іске асыруда оның сенімді тірегі болып табыламыз және экономикалық дамудың жоғары қарқынын және барлық азаматтардың әл-ауқатын бұдан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін өзімізге жауапкершілік жүктеуге дайынбыз.

Мен осы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі ретінде, партияның халыққа ұсынған сайлау алды бағдарламасын аудан көлемінде әрі өзім үміткер болып отырған Құрылыс сайлау учаскесінде іс жүзінде асыруға өз үлесімді қосатынымды білдіремін.



Егер мені халық қолдаса, сайлаушылар ретінде мені аудандық мәслихаттың депутаттығына сенім артып сайласа, аудандық мәслихаттағы өкілеттігімді пайдалана отырып мына мәселелерді шешуіне бар күш-қуатымды, білімімді жұмсаймын:

  1. Көп балалы және жағдайы төмен отбасыларына әлеуметтік қолдау мен көмек көрсетілуіне белсенді түрде атсалысамын. Көшелерімізде, қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуы мен жасөспірімдер арасындағы бұзықтықты болдырмауды ауыл ақсақалдарымен, полиция қызметкерлерімен, ұстаздармен бірлесе жұмыс арқылы қамтамасыз етуге ықпал жасаймын.

  2. Мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын балалардың оқу құралдармен жабдықтауға қайырымдылық көмек көрсетемін.

  3. Адам баласының бір-біріне деген көз қарасының, қарым-қатынасының жақсаруы, отанымызға, ата-анамызға, ауылдастарымызға деген ізеттілік, адалдық сезімі тек қаңа имандылық арқылы келеді деп ойлаймын. Сол себептен балаларымызды имандылыққа, ел-жұртын сүюге тәрбиелеу жүйелерін дұрыс жолға қоюға атсалысамын, деген ниеттемін.

  4. Дегерес ауылындағы, Құрылысшылар, Дача елді мекеніндегі, Құрақбай, Абай, С.Шакиров, Қойгелді көшелерінің көлік жолдарының күрделі жөнделіп, ауыз сумен қамтамасыз етіп және көше жарығын тұрақты жандырып, ал жарық жоқ жерлерге жарықты орнатып беруіне атсалысамын.

  5. Ауыл тазалығы басты назарда болатын мәселе. Осы елді мекеннің аумағын тұрмыстық қатты қалдықтан тазартып, арнайы күл-қоқыс тастайтын орын жасап беруге және Бүркітті өзенінің арнасында жиналып қалған күл-қоқыстан тазалап беруіне ықпал етемін.

  6. Пушкин көшесінің бойындағы құрылысы бітпей қалған балабақшаның орнына қайтадан жаңа үлгідегі балабақша салып бергізуге атсалысамын.

  7. Аудандық мәслихатқа депутат болып сайлансам өз сайлаушыларымның мүддесін табандылықпен қорғайтын боламын.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет