Сабақтың тақырыбы : Ауыл байлығы



Дата08.07.2016
өлшемі62.22 Kb.
#185422
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы



Бастауыш сынып мұғалімі : Хансейтова Айзат Мамыралиевна

Сабақтың тақырыбы : Ауыл байлығы

Сабақтың мақсаты:Ауыл байлығы деген не екенін,ондағы ауыл шаруашылығы туралы түсіндіру, « Ауыл байлығы» туралы білімдерін нығайту, тақырыптың негізгі мазмұнын ашу, жаңа біліммен толықтыру.

Дамытушылығы: Пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбиелік мәні: Еліне, жеріне, ауылына деген ыстық сезімін, сүйіспеншілігін арттырып, табиғатты қорғауға, ұйымшылдыққа, еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дамытушылық сабақ.

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: Суреттер, дәнді дақылдар, жеміс-жидек, көкөністер, слайдтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Өткен тақырыпты пысықтау : 1. Шаруа қожалығы туралы не білдік? 2.Қазіргі таңдағы шаруа қожалықтары мен кеңестік дәуірдегі кеңшарлар туралы салыстырмалы түрде әңгімелеу.

3. Қожалық өз шаруашылығын қалай ұйымдастырады?



Мовал 17ағынаны ашу

овал 17


Сергіту сәті

Жаңа сабақ Кіріспе: Ия, ауыл дегеніміз сайып келгенде, халықтың тұрмыс-салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары.

Қазақ халқының көбі ауылды жерлерде тұрады.Оның себебі ауылда шаруашылықтың алуан түрлі болуы.

Ауылдағы негізгі байлық—Жер-ана. Құнарлы топыраққа не тастасаң да өнім береді. «Жер де сенің бір анаң» деп бекер айтпаған. Шаруашылықтың әр түрін жеке меншік шаруашылықтар алып еңбек етуде.Бұл тиімді. Адамдар жоғарыдан бұйрық күтіп отырмайды.Өз жұмыстарының жайын өздері шешеді. Өнім беретін көптеген ұжым бар. Олар : егін, мал, көкөніс өсіреді. Тамақ цехтары бар. Шұжық, ірімшік, құрт жасайды. Киім тігетін комбинаттар бар.

Бұлар бір-біріне бағынбай ма деген сұраққа ауылдағы бүкіл шаруашылықтың барысын, олардың ортақ мүддесін ретке келтіретін ауыл әкімшілігі бар. Әкімшілікті басқаратын адам әкім, әр ұжымнан бір адам мүше бола алады. Қажет тапқан мәселені ойласып шешеді. Ауылда басқа да мекемелер бар .Мектеп,аурухана, асхана, т. б.



«Ауыл іші –өнер кеніші» деп не үшін айтқан?

Қандай еңбек түрлері бар? Ауыл шаруашылығын қандай топтарға бөлуге болады?

1.Мал шаруашылығы

2.Бау-бақша шаруашылығы

3.Егін шаруашылығы

Топқа бөлу: І топ Бақташы, ІІ топ Бағбан, ІІІ топ Диқаншы



2) Мәтінмен жұмыс:

Мәтінді тізбектеп оқып, бөлімдерге бөліп ат қояды.



І топ Бақташы

Қожалықтағы істің барысы.



ІІ топ Бағбан

Нағашы атасымен әңгімелесуі.



ІІІ топ Диқаншы

Асанның нағашысының ауылына келуі.

Осы тақырыптарды ашатын жолдарды мәтіннен тауып оқыту

3)Дәптермен жұмыс:

а) Шұжық, цех, комбинат, әкімшілік.

ә)Нағашы, жиен деп кімдерді айтамыз?

б) Туған-туысққандар деген сөзді қалай түсінесіңдер?



І топ Бақташы Өз жұрты. ІІ топ Бағбан Нағашы жұрты.

ІІІ топ Диқаншы Қайын жұрты.

4)“Полиглот- тіл өнер” ауыл шаруашылығына байланысты сөздерді қазақша, ағылшынша, орысша жылдам, дұрыс айту.

Ой қозғау

ІІІ топ Диқаншы Дәнді дақылдар туралы қорғайды.



І топ Бақташы

Төрт түлік туралы білетіндерін ортаға салу.




ІІ топ Бағбан

Бау-бақша өнімдерінің адам ағзасына пайдасы.



Сөзжұмбақ

1.Қалың ағаш өсетін нулы жер. 2.Қазақтардың үй иесінің атауы.

3. “Ел” сөзінің баламасы. 4. Мемлекттік рәміздің бірі.

 

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой толғаныс

І топ “Жер де сенің бір анаң”

(шығарма жазу).



ІІ топ

Қазіргі жеке ұжымдардың шаруашылығының тиімділігін дәлелдеу.

ІІІ топ

Ауылым - алтын бесігім”

(өлең оқу, суреттер салу).

Үйге тапсырма : 148-150- беттерді оқу, мазмұны.


Оңтүстік Қазақстан облысы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы



Бастауыш сынып мұғалімі : Хансейтова Айзат Мамыралиевна

Сабақтың тақырыбы: Қамбар батыр. ( жырдан үзінді)

Мақсаты: Халық ауыз әдебиетіндегі Қамбар батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу; берілген тапсырманы тез, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу.

Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.

Сабақтың ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тұжырымдау, тиянақтау сезімін дамыту.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады? «Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың? Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Осы «Ер Тарғын» жырынан өзіңе қандай әсер алдың?

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Бүгінгі сабақтан қазақтың қас батыры аты аңызға айналған Қамбар батыр туралы білеміз. Кітаптағы суретке қарап не айтар едіңдер?


  1. Оқулықпен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.

  2. Кітаптағы суреттің осы оқыған жырмен байланысы бар ма? Қандай?

  3. Сөздік жұмыс: мына сөздерді қалай түсінесің?

Мазар – зират, мола.

Пешене – бақ, маңдай, тағдыр.

Шері – жолбарыс

Даусы жерді көшірді – даусы айналаны жаңғыртты.

Ү.Жаңа сабақты пысықтау: 1. Сұрақ – жауап:

Қамбар батыр нені айтып уайымдады? Батыр өзінің қара қасқа атын жақсы көретінін оның қай сөзінен аңғаруға болады? Қамбар сияқты тағы қандай батырларды білесің?



  1. Үзіндіден жолбарыстың тұлпарға шабуыл жасаған кезіндегі кейпін суреттеген жолдардан теңеулерді тап.

Түгінің бәрін жатқызып, Құлағын жымып жапырды.

Көріктей ашып ауызын, Ырылдап жаман ақырды.

Даусы жерді көшіріп, Нар маядай бақырды.



Бүркіттей жазып тырнағын, Тұлпарға барып асылды.

  1. Қара қасқа аттың сыртқы түр – тұлғасы сипатталатын тұсын жырдан тауып оқы. Бұл жерде қандай көркем сөздер қолданылған?

(Мойның алтын табақтай,

Қамыстай екі құлағың. Төрт аяғың қазықтай,

Төңкерген кесе – тұяғың. Сұлулығың сүмбідей,

Жылқыға бітпес жануар, Сымбатың мен сияғың.)



ҮІ. Қорыту: 1. Жырдағы көркем сөздерді, әсірелеп айтылған сөздерді тауып, сызбаны толтыр.

Қара қасқа ат

әсірелеу

мойны

алтын табақтай

құлағы

қамыстай

Төрт аяғы

қазықтай

тұяғы

төңкерген кеседей

сұлулығы

сүмбідей




2.

ҮІІ.Үйге тапсырма: 6 – 8 бет, оқу, түсінігін айту, суретін салу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет