Бағдарламасы «Омыртқасыздар зоологиясы ҮП»



Дата11.07.2016
өлшемі227.84 Kb.
#191772
түріБағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-35.1. 28

/02-2013



ПОӘК

Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы



«Омыртқасыздар зоологиясы ҮП»

№ 1 басылым

2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Омыртқасыздар зоологиясы ҮП

«5В011300» – «Биология» мамандығы үшін


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2013

1.ӘЗЕРЛЕГЕН


Құрастырушы__________«____»_____ 20___ж., б.ғ.к. Қуанышбаева М.Ғ.
« Биология» кафедрасының доценті


2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Биология кафедрасында отырысында

«____»___________ 20___ж. №____хаттама
Кафедра менгерушісі_______Калиева С.К.

2.2. Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

«____»___________ 20___ж. №____ хаттама
Төрайымы____________ Абдишева З.В.

3. БЕКІТІЛДІ

Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған

«____»___________ 20___ж. №____ хаттама


ОӘК төрайымы____________ Искакова Г.К.
4.БІРІНШІ РЕТ КІРГІЗЕЛГЕН

Мазмұны

1.


Жалпы ережелер

2.


Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

3.


Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

4.


Курс форматы

5.


Курс саясаты

6.


Баға қоюдың саясаты

7.


Әдебиет тізімі


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:

Қуанышбаева Меруерт Ғалымқызы, биология ғылымдарының кандидаты‚ доцент



Биология кафедрасы

Байланыс ақпараты – тел: 77-38-15, оқу ғимараты № 3, кабинет № 112

Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 122

Берілген пән бойынша кредиттер саны - 3


1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Омыртқасыздар зоологиясы ҮП» пәні бакалавр дайындау барысында маңызды орын алады және «Биология» мамандығында оқитын студенттер үшін негізгі пәндер блогының міндетті бөлігі болып табылады, өйткені, студенттерге профессионалды жұмыс барысында көп нәрсені біліп, орындай алуы тиіс.


1.3 Пәнді оқып-білудің мақсаты: студенттердің жануарлардың алуан түрлілігін, құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін, ортаға бейімделушіліктерін, таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және оның табиғаттағы қорын сақтау болып табылады.

1.4 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті:

Зоологияның міндеттері – жануарлардың негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстыру, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, этологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын, филогениясын оқып білу. Халықаралық ғылыми терминдерді меңгерту. Зертханалық құралдармен жұмыс істеуді үйретіп, тірі организмдерді бақылап, объектілермен өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Жануарлар әлемінің алуан түрлілігіне және оларды зерттеу әдістерінің ерекшеліктеріне байланысты зоология екі үлкен бөлімге бөлінеді: омыртқалылар зоологиясы – хордалылар типіне жататын жануарларға қатысты деректерді біріктіреді және омыртқасыздар зоологиясы – жануарлар дүниесінің қалған 22 типтерін зерттеумен айналысады. Осы ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешені омыртқасыздар зоологиясын оқуға арналған.


1.5Оқып-білудің нәтижелелері:

Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:



  • өздік жұмыстарды белсендіру;

  • білім сапасын көтеру;

  • омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың эволюциясындағы тіршілік құрылымының барлық деңгейлерін және негізгі этаптарын білу;

  • омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың барлық таксономиялық рангілерін білу;

  • жануарларды анықтау бойынша зертханалық дағдыларды меңгеру;

  • объектілерді морфологиялық зерттеудің қарапайым әдістемелерін білу.

1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1 Жалпы биология

1.6.2 Жануарлар экологиясы

1.6.3 Палеозоология

1.6.6 Жануарлар ұлпалары
1.7Курстың постреквизиттері:

1.7.1 Зоогеография

1.7.2 Омыртқасыздар зоологиясының үлкен практикумы

1.7.3 Гидробиология

1.7.4 Топырақ биологиясы

1.7.5 Педагогикалық практика.


2 Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

1 кесте


т/б


Тақырып атауы

Сағаттар

Әдебиет

Дәріс

ЗС

ОСӨЖ

СӨЖ

1.

Микроскопиялық техника негіздері.

1

1







7.1.1-7.1.13


2.

Бірклеткалылар. Жалаңаш амебалардың құрылысының ерекшеліктері және олардың әртүрлілігі. Бақалшақты амебалардың құрылыс ерекшеліктері және олардың табиғаттағы алуан түрлілігі. Фораминифералар бақалшағының құрылысы және олардың алуан түрлілігі.

1

1

3

3

7.1.1-7.1.13


3.

Күнтәрізділер мен сәулелілердің құрылысы.




1

3

3

7.1.1-7.1.13


4.

Талшықты қарапайымдылардың құрылыс ерекшеліктері. Өсімдік тектес талшықтылардың құрылысы және олардың алуан түрлілігі. Паразиттік талшықтылар. Құрылысы және тіршілік циклдерінің ерекшеліктері.




1

3

3

7.1.1-7.1.13


5.

Споралылардың құрылысы және тіршілік циклдерінің ерекшеліктері.

1

1







7.1.1-7.1.13


6.

Инфузориялардың құрылыс ерекшеліктері, олардың әртүрлілігі және тіршілік әрекеттері.

1

1

3

3

7.1.1-7.1.13


7.

Ұлпалы төменгі сатыдағылар. Сәулелілер. Губкалардың құрылысы. Қаңқа ерекшліктері. Көбеюі.

1

2







7.1.1-7.1.13


8.

Ішекқуыстылардың әртүрлі түрлерінің құрылысы, олардың алуан түрлілігі.

1

2

3

3

7.1.1-7.1.13


9.

Ұлпалы жоғары сатыдағылар. Билатералды симметриялылар. Құрттардың систематикалық орны, сыртқы морфологиясы, жабындары.

1

1

3

3

7.1.1-7.1.13


10.

Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың тірек-қимыл құрылымдары.




1

3

3

7.1.1-7.1.13


11.

Зат алмасу жүйелері. Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың асқорыту жүйелерінің құрылысы.

1

1







7.1.1-7.1.13


12.

Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың зәр шығару жүйелерінің шығу тегі және құрылысы. Немертиндер мен буылтық құрттардың қан айналу және тыныс алу жүйелері.




1

3

3

7.1.1-7.1.13


13.

Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың жүйке жүйелерінің шығу тегі, құрылысы және эволюциясы.

1

1







7.1.1-7.1.13


14.

Құрттардың әртүрлі типтерінің өкілдерінің сезім мүшелерінің құрылысы.




1

3

3

7.1.1-7.1.13


15.

Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың жыныс жүйелерінің құрылысы және эволюциясы.

1

1

3

3

7.1.1-7.1.13


16.

Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың тіршілік циклдері және дернәсілдерінің құрылысы.




2







7.1.1-7.1.13


17.

Буынаяқтылар типінің жалпы сипаттамасы. Шаянтәрізділердің сыртқы морфологиясы.

1

1

3

3

7.1.1-7.1.13


18.

Шаянтәрізділердің ішкі құрылысы. Дамуы.




1

3

3

7.1.1-7.1.13


19.

Өрмекшітәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысы.

1

2







7.1.1-7.1.13


20.

Бунақденелілердің сыртқы құрылыс ерекшеліктері. Бас және оның өсінділері.

1

1

3

3

7.1.1-7.1.13


21.

Бунақденелілердің сыртқы құрылыс ерекшеліктері. Кеуде және құрсақ, олардың өсінділері. Тері жабындары.

1

2







7.1.1-7.1.13


22.

Бунақденелілердің ішкі құрылысы.




1

3

3

7.1.1-7.1.13


23.

Бунақденелілердің көбеюі және дамуы.




1







7.1.1-7.1.13


24.

Былқылдақденелілердің сыртқы морфологиясы.

1

1

3

3

7.1.1-7.1.13


25.

Былқылдақденелілердің ішкі морфологиясы.




1







7.1.1-7.1.13





БАРЛЫҒЫ:

15

30

45

45






3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Омыртқасыздар зоологиясы курсын оқыту өзара байланысты төрт форманы қажет етеді: дәріс, зертханалық сабақ, ОСӨЖ-оқытушының студентпен өздік жұмысы, және СӨЖ- студенттің өздік жұмысы.

Дәрістер конспектілері материалды игеруге негіз болып табылады. Дәрісте конспект жазуға әрбір студент міндетті. Конспекті оқулықтардан және оқу құралдарынаналынған материалмен толықтырып, жазып алған өте пайдалы. Конспекті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады. Зертханалық сабағына дайындалуда келесі қажет болады: зертханалық сабақтың тақырыбына сәйкес оқу құралдардан және дәріс материалы бойынша ұсынылған теориялық материалдарды зерттеу; практикум немесе нақты әдістемелік нұсқаулардан жұмыстың мазмұнымен, қажетті құралдар, реактивтер, ыдыспен танысу; алғашқы сабаққа жіберілу алыңған соң жеке тапсырма орындау; қорытындысымен орындалған жұмыстың есебін жазу және оны қорғау. ОСӨЖ және СӨЖ күнделікті және міндетті дайындықты талап етеді, нақты тапсырма бойынша орындалады және күнделікті оқытушымен тексеріледі. Аудиториядан тыс өздік жұмыста студенттер әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, зертханалық сабақтарға дайындалады.
4 КУРС ФОРМАТЫ

«Омыртқасыздар зоологиясы ҮП» – 3 кредит.

Курс бойынша 50 минуттық дәріс, 100 минуттық зертханалық сабақ және 50 минуттық ОСӨЖ аптасына 1 рет болады. Дәрістерге, зертханалық сабаққа, ОСӨЖ-ге қатысуға студент міндетті. Себепсіз босатылған сабақтар қайталап оқытылмайды. Жазбаша үй тапсырмалары (ЖҮТ) көрсетілген уақытта өткізілмесе, қабылданбайды, сондықтан студент белгілі бір балын жоғалтады. Зертханалық сабақтар студентті өздігінен жұмыс істеуге үйретеді, ойлау қабілетін арттырады, сондықтан сабаққа нұсқаудағы сұрақтарға толық жауап беріп және тәжірибе жүргізу үшін кейбір жануарларды анықтамалық кітаптан тауып, жазып келуі керек. Сол жағдайда ғана тәжірибелік жұмысқа толық қорытынды жасауға болады. Сабаққа дайын емес студент зертханалық сабаққа жіберілмейді, қосымша сабақ жүргізілмейді.


5 курс саясаты

Студент пәнді оқып-білу үрдісінде белсенді және өздік қабілеттерін көрсету міндетті, қалып келу, себепсіз сабақтан қалу, дер уақытта жұмыстарды тапсырмау және оқу үрдісінде пассивті болуда баллдарды алу түрінде штрафтар салынады.


6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Пән бойынша емтихан бағасы модульдар бойынша, межелік бақылау бойынша және соңғы аттестация бойынша (60%) көрсеткіштер мен емтихан нәтижесінің (40%) қосынды балы түрінде қорытылады, қосындысы 100% құрайды.

Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың таратылуы кестеде келтірілген

«Омыртқасыздар зоологиясы ҮП» пәні бойынша балдардың таратылуы

2 кесте


Апта

Бақылау түрі

Балдардың барлығы

Қосымша

1-8

Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық

30+270

Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді

Зертханалық жұмыстарды орындау (қорғау)

1

Микроскопиялық техника негіздері. Тірі объектілермен жұмыс принциптері. Бірклеткалылар. Саркодалар класы. Жалаңаш амебалардың құрылысының ерекшеліктері және олардың әртүрлілігі.

  1. Фиксаторлар, оларды дайындау жолдары.

  2. Бояғыш ерітінділерді дайындау тәсілдері.

  3. Жалаңаш амебалардың құрылыс ерекшеліктері.

  4. Амебалардың тіршілік әрекеттері.




Зертханалық сабақта

2

Талшықты қарапайымдылардың құрылыс ерекшеліктері. Өсімдіктектес талшықтылардың құрылысы және олардың алуан түрлілігі. Паразиттік талшықтылар. Құрылысы және тіршілік циклдерінің ерекшеліктері.

  1. Өсімдіктектес талшықтылардың құрылысы.

  2. Олардың алуан түрлілігі.

  3. Паразиттік талшықтылар.

  4. Құрылысы және тіршілік циклінің ерекшеліктері.

15

Зертханалық сабақта

3

Споралылардың құрылысы және тіршілік циклдерінің ерекшеліктері.

1. Споралылардың құрылысы.

2. Тіршілік циклдерінің ерекшеліктері және олардың алуан түрлілігі.


15

Зертханалық сабақта

4

Инфузориялардың құрылыс ерекшеліктері, олардың әртүрлілігі және тіршілік әрекеттері.

1. Кірпікшелі қарапайымдылардың құрылыс еркшеліктері.



2. Инфузориялардың алуан түрлілігі және тіршілік әркеттерінің кейбір жақтары.

15

Зертханалық сабақта

5

Төменгі сатыдағы ұлпалылар. Сәулелілер. Губкалардың құрылысы. Қаңқа ерекшеліктері. Көбеюі.

  1. Губкалардың құрылысы.

  2. Қаңқаларының ерекшеліктері.

  3. Көбеюі.

30

Зертханалық сабақта

6

Ішекқуыстылардың әртүрлі түрлерінің құрылысы, олардың алуан түрлілігі.

  1. Ішекқуыстылардың әртүрлі түрлерінің құрылысы.

  2. Ішекқуыстылардың алуан түрлілігі.

15

Зертханалық сабақта

7

Жоғары сатыдағы ұлпалылар. Билатералды симметриялылар. Құрттардың систематикалық орны, сыртқы морфологиясы, жабындары. Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың тірек-қимыл құрылымдары.

  1. Құрттардың сыртқы құрылыс ерекшеліктері.

  2. Құрттардың жабындарының ерекшеліктері.

  3. Құрттардың қозғалу ерекшеліктері.

  4. Құрттардың тірек-қимыл құрылымдары.

15

Зертханалық сабақта

8

Зат алмасу жүйелері. Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың асқорыту жүйелерінің құрылысы. Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың зәр шығару жүйелерінің шығу тегі және құрылысы. Немертиндер мен буылтық құрттардың қан айналу және тыныс алу жүйелері.

  1. Құрттардың асқорыту жүйелерінің құрылыс ерекшеліктері.

  2. Пассивті және активті қоректену.

  3. Құрттардың зәр шығару жүйелерінің құрылыс ерекшеліктері.

  4. Тыныс алуда бүкіл дене бетінің ролі.

  5. Желбезектер.

  6. Немертиндер мен буылтық құрттардың қан айналу жүйелерінің құрылысы.




Зертханалық сабақта

9

Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың жүйке жүйелерінің шығу тегі, құрылысы және эволюциясы. Құрттардың әртүрлі типтерінің өкілдерінің сезім мүшелерінің құрылысы.

  1. Құрттардың жүйке жүйелерінің құрылысы.

  2. Құрттардың жүйке жүйелерінің типтері.

  3. Иіс сезу және химиялық сезім мүшелері.

  4. Сипап сезу мүшелері.

  5. Дәм сезу мүшелері.

  6. Көру мүшелері.

15

Зертханалық сабақта

10

Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың жыныс жүйелерінің құрылысы және эволюциясы. Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың тіршілік циклдері және дернәсілдерінің құрылысы.

  1. Құрттардың жыныс жүйелерінің құрылыс ерекшеліктері.

  2. Жыныссыз және жынысты көбею.

  3. Гермафродитизм.

  4. Жанама және негізгі иелер.

  5. Құрттардың дернәсілдері.

  6. Құрттардың тіршілік циклдері.

15

Зертханалық сабақта

11

Шаянтәрізділердің сыртқы морфологиясы. Шаянтәрізділердің ішкі құрылысы. Шаянтәрізділерді анықтау.

  1. Шаянтәрізділердің су жануарлары ретіндегі құрылыс ерекшеліктері.

  2. Денелерінің бөлімдерге бөлінуі, әртүрлі қызмет атқаратын аяқтары.

  3. Шаянтәрізділердің ішкі құрылысына жалпы шолу.

  4. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерді анықтау.

  5. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділерді анықтау.

15

Зертханалық сабақта

12

Өрмекшітәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысы.

1. Өрмекшітәрізділердің сыртқы құрылысына сипаттама, денесінің бөлімдері.



2. Өрмекшітәрізділердің ішкі құрылысының ерекшеліктері.

15

Зертханалық сабақта

13

Бунақденелілердің сыртқы құрылыс ерекшеліктері. Бас және оның өсінділері. Кеуде және құрсақ, олардың өсінділері. Тері жабындары.

  1. Бунақденелілердің сыртқы құрылысы. Денесінің бөлімдерге бөлінуі.

  2. Қоректенуге байланысты ауыз аппараттарының типтері.

  3. Аяқтарының типтері.

  4. Қанаттарының типтері.

15

Зертханалық сабақта

14

Бунақденелілердің ішкі құрылысы. Бунақденелілердің дамуы.

  1. Бунақденелілердің ішкі құрылысының ерекшеліктері.

  2. Нағыз құрылық жануарлары ретіндегі бейімделушіліктері.

  3. 2.Бунақденелілердің дамуы. Шала және толық түрленіп даму онтогенезі.

15

Зертханалық сабақта

15

Былқылдақденелілердің сыртқы морфологиясы. Былқылдақденелілердің ішкі морфологиясы.

  1. Былқылдақденелілердің сыртқы құрылыс ерекшеліктері.

  2. Бақалшақтары.

  3. Былқылдақденелілердің ішкі құрылысының ерекшеліктері.

  4. Былқылдақденелілердің кластары қатарында ішкі құрылысын салыстыру.

15

Зертханалық сабақта

Студенттің өздік жұмысы

1

Омыртқасыздардың дене қуыстарының әртүрлі типтерінің салыстырмалы сипаттамасы.

20+20

Сабақ кестесіне сәйкес

2

Жануарлар әлеміндегі эндопаразитизм

20

Сабақ кестесіне сәйкес

3

Алғашқы ауыздыларға сипаттама (Онихофоралылар типі).

20+20

Сабақ кестесіне сәйкес

4

Екінші ауыздыларға сипаттама (Гемихордалылр типі).

20

Сабақ кестесіне сәйкес

Оқытушымен студенттің өздік жұмысы

1

Жануарлар симметриясы туралы ілім.

15+15

Сабақ кестесіне сәйкес

2

Тұщы су қарапайымдылары, түрлері, экологиясы.

15

Сабақ кестесіне сәйкес

3

Полимеризация және олигомеризация жолдары (Догель заңы).

15+15

Сабақ кестесіне сәйкес

4

Жануарлардағы көбею процестерінің эволюциясы.

15

Сабақ кестесіне сәйкес

9 апта мен 15 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы

30+270




Емтихан балдарының барлығы

400




Академиялық мерзімде балдардың барлығы

1000



Студенттердің білім бағалау шкаласы:




Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А

4,0

95-100

Өтежақсы

А-

3,67

90-94

-«-
В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3.00

80-84

75-79


-«-

В-

2,67

-«-

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

-«-

С-

1,67

60-64

-«-

Д+

1,33

55-59

-«-

Д

1,00

50-54

-«-

Ғ

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз


ӘДЕБИЕТ

    1. Негізгі әдебиет

  1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

  2. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

  3. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

  4. Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

  5. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

  6. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

  7. Мамаев Б.М. и др. Определитель насекомых евпропейской части СССР. –М., 1976.

Қосымша әдебиеттер.

  1. Иванова-Казас О.М. Курс сравнительной эмбриологии беспозвоночных животных. – Л., 1988.

  2. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.

  3. Омыртқасыздар зоологиясы пәнінен студенттердің өз бетінше дайындалуына арналған оқу құралы /Салина Р.М., Дәуітбаева К.Ә., Сатыбалдиева Г.Қ., Исадықов Н.С. –Алматы, 1999.

  4. Фомичева Л.И. и др. Полевая практика по зоологии беспозвоночных с заданиями. –М., 1975.

  5. Захваткин Ю.А. Эмбриология насекомых. – М., 1975.

  6. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет