Бағдарламасы шеңберiнде ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу үшiн 2011 жылға кредит беру қағидасын бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі29.61 Kb.
#9572
Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу үшiн 2011 жылға кредит беру қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 тамыздағы № 889 Қаулысы

 

 

      Қазақстан Республикасының «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 27 маусымдағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу үшiн 2011 жылға кредит беру қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарымен кредиттiк шарттар жасасуды;
      2) кредиттердiң мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      3. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне кредиттердi игеру туралы ақпарат берсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу үшiн 2011 жылға бөлiнген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жүктелсiн.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                К. Мәсiмов

Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу үшiн 2011 жылға кредит беру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу үшiн 2011 жылға кредит беру қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 27 маусымдағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулыларына сәйкес әзiрлендi және облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу үшiн 2011 жылға кредит беру тәртiбiн айқындайды.



2. Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу үшiн 2011 жылға кредит беру тәртiбi

      2. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – қарыз алушылар) тиiстi мәслихаттар 2011 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиiстi түсiмдердi көздейтiн шешiмдер қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне (бұдан әрi – кредитор) мәслихаттардың көрсетiлген шешiмдерiн ұсынады.


      3. Кредитор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Қағиданың 2-тармағы орындалғаннан кейiн «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес қарыз алушыларға кредиттiк шарттар жасасу арқылы жалпы сомасы 3 000 000 000 (үш миллиард) теңгеге бюджеттiк кредиттер (бұдан әрi – кредиттер) бередi.
      4. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшiн мынадай негiзгi шарттар белгiленедi:
      1) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу үшiн 2011 жылға кредиттер қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзiмге 0,01 % сыйақы ставкасы бойынша теңгемен берiледi;
      2) кредиттердi игеру кезеңi кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледi және 2014 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
      5. Кредиттердi беру, өтеу және қызмет көрсету жөнiндегi қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес кредиттiк шартта белгiленедi.    

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет