Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекiту туралы



Дата29.02.2016
өлшемі106.5 Kb.
#31436


«Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы қаулы жобасына салыстырмалы кесте





Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негіздемесі

1




2

3

4

«Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысы

1

Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасы (бұдан әрi – Қағида)

4-тармағының 13-тармақшасы




Болған емес.

13) коммерциялық құжаттар - халықаралық көліктік жүкқұжат (CMR), шот-фактура (инвойс), коносамент, ХЖТ кітапшасы, фитосанитариялық сертификат және халықаралық автомобильмен тасымалдауда пайдаланылатын және автокөлік құралын тиеу орнын растайтын және осындай тасымалдауда оларды еріп жүретін басқа да құжаттар;

Қазақстан Республикасының аумағына шетелдік тасымалдаушылармен жүзеге асырылатын халықаралық қатынастағы жүк тасымалының түрін анықтау мақсатында.

2

Қағиданың 8-тармағының

1-ші бөлімі



8. Жыл сайын 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан жылдық өтінімдерді қабылдайды.


8. Жыл сайын 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан жылдық өтінімдерді портал арқылы қабылдайды.

Шетел рұқсат бланкілерін алуға өтінімді электронды жүйемен беру рәсімдері автоматтандырылған.

3

Қағиданың

13-тармағы



13. Осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген құжаттар 5 жыл бойы Көліктік бақылау комитетінде сақталады.

Алып тасталсын.

Шетел рұқсат бланкілерін алуға өтінімді электронды жүйемен беру рәсімдері автоматтандырылған.

4

Қағиданың

14-тармағы



14. Шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын белгілеу мәселесі бойынша тиісті мемлекеттердің құзыретті органдарымен келіссөздер жүргізуді қамтамасыз ету үшін аумақытқ органдар ағымдағы жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде уәкілетті органға отандық тасымалдаушылардың шетелдік рұқсаттарға деген қажеттілігінің саны туралы жалпы жиынтық жылдық өтінімді жібереді.


14. Шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын белгілеу мәселесі бойынша тиісті мемлекеттердің құзыретті органдарымен келіссөздер жүргізуді қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдар ағымдағы жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде уәкілетті органға отандық тасымалдаушылардың шетелдік рұқсаттарға деген қажеттілігінің саны туралы жалпы жиынтық жылдық өтінімді қалыптастырады.

Шетел рұқсат бланкілерін алуға өтінімді электронды жүйемен беру рәсімдері автоматтандырылған.

5

Қағиданың

15-тармағы



15. Уәкілетті орган шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын келіседі.

9. Уәкілетті орган шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын және әрекет ету мерзімін келіседі.

Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімнің барлығында рұқсат бланкілерінің әрекет ету мерзімі ескертілмейді.

6

Қағиданың

23-тармағы



23. Жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар және қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар бланкілерін алуға қосымша өтінімдерді берген отандық тасымалдаушыларды Көліктік бақылау комитеті резерв және бір тоқсан аралығында талап етілмеген бланкілер есебінен қамтамасыз етеді.

23. Жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар және қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар бланкілерін алуға қосымша өтінімдерді берген отандық тасымалдаушыларды Көліктік бақылау комитеті резерв және бір өтіп кеткен тоқсан аралығында талап етілмеген бланкілер есебінен қамтамасыз етеді.

Тоқсан өткен соң сұраныс жоқ жылдық өтінім бланктерінен қосымша өтінімдер бойынша беру үшін резерв қалыптасады.

7

Қағиданың

25-1 тармағы



Болған емес.

25-1. Ағымдағы тасымалдаушының қажеттілігі бойынша, бір күнтізбелік жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат бланкілерін беру өтінім негізінде жүзеге асады.

Тасымалдаушының нақты рұқсат бланкілер санын есепке ала отырып қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

Бұл ретте тасымалдаушымен жылдық өтінімде көрсетілген хабарлаған бланкілер саны сақталады.



8

Қағиданың 25-2 тармағы


Болған емес.

25-2. Жылдық өтінімде көрсетілген, бір күнтізбелік жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат бланкілерін алуға өтінім беру кезінде отандық тасымалдаушы автокөлік құралының жалпы санынан асырмай алмастыра алады.

Тасымалдаушының автокөлік құралдарын алмастыру мүмкіншілігін есепке ала отырып рұқсат бланкілер қажеттіліктерін қамтамасыз ету.


9

Қағиданың

27-тармағының 1-ші тармақшасы



1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі, рұқсат беру карточкасы және жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде ұсынылған автокөлік құралдарына техникалық байқаудың халықаралық сертификаты.

1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі, рұқсат беру карточкасы және жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде ұсынылған автокөлік құралдары

Қажетті құжаттар саның қысқарту мақсатында.

10

Қағиданың

29-тармағы



29. Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, шетелдік рұқсаттарды алуға өтініш жеке тұлғаның не дара кәсіпкердің тұрғылықты орны немесе заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша аумақтық органда қаралады.

29. Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, шетелдік рұқсаттарды алуға өтініш дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша аумақтық органда қаралады.

Шетел бланкілері жеке тұлғаның не дара кәсіпкердің тіркелген орны немесе заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша беріледі.

Рұқсат бланкілеріне өтінімді портал арқылы құрған кезде жеке немесе заңды тұлғаның тіркелуі туралы ЖТМДҚ немесе ЗТМДҚ базасында сақталған нақты мәліметтер ескеріледі.



11

Қағиданың

33-тармағының 6-шы бөлімі



Елдер және түрлер бөлінісінде отандық тасымалдаушыдан шетелдік рұқсаттарды алуға өтінімдерді қарау кезінде, мәлімделген шетелдік рұқсаттар саны осы Қағидада белгіленген мерзімде қайтарылмаған шетелдік рұқсаттарының санына мөлшерлес азайтылады.

Елдер және түрлер бөлінісінде отандық тасымалдаушыдан шетелдік рұқсаттарды алуға өтінімдерді қарау кезінде, мәлімделген шетелдік рұқсаттар саны осы Қағидада белгіленген мерзімде жоғалып қалған және (немесе) қайтарылмаған шетелдік рұқсаттарының санына мөлшерлес азайтылады

Жоғалулардың жиі орын алуына байланысты шетел рұқсат бланкілерін қайтару бойынша бақылау.

2013 жылы тасымалдаушылармен 557 берілген «А» түрлі рұқсат бланкілерінен 67 жоғалғаны туралы хабарланды, яғни 12% құрайды.

Ұсынылып отырған шара рұқсат бланкілерінің жоғалу оқиғаларын азайтады.


12

Қағиданың

34-тармағы



34. Қайтарылған шетелдік рұқсаттар Көліктік бақылау комитетінде және оның аумақтық органдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бес жыл бойы сақталады.

34. Қайтарылған шетелдік рұқсаттар Көліктік бақылау комитетінде және оның аумақтық органдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үш жыл бойы сақталады.

Құжаттарды 5 жыл бойы сақтаудың қажеттілігі жоқ.

13

Қағиданың

35-тармағы



35. Аумақтық органдар ай сайын 5 күнге дейін Көліктік бақылау комитетіне отандық тасымалдаушылар қайтарған шетелдік рұқсаттардың саны туралы ақпаратты ұсынады.

Алып тасталсын.

Өтінімді электронды беру жүйесінде шетел рұқсаттарын қайтару нақты режимде бейнеленеді.

14

Қағиданың

38-тармағы



38. Аумақтық органдар ай сайын 5 күнге дейінгі мерзімде шетелдік рұқсаттарға өтінімдер берген отандық тасымалдаушылар туралы мәліметтерді кедендік бақылаудың аумақтық органдарына ұсынады.

Алып тасталсын.

Кедендік органдарда Ақпараттардың сұранысының аздығына байланысты, осы тармақ алып тасталсын.

15

Қағиданың

39-тармағы



39. Көліктік бақылау комитеті жыл сайын 15 қазанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне (бұдан әрі - Кедендік бақылау комитеті) күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарға өтінімдерді берген отандық тасымалдаушылар туралы мәліметтерді ұсынады.

Алып тасталсын.

Кедендік органдарда Ақпараттардың сұранысының болмауына байланысты, осы тармақ алып тасталсын.

16

Қағиданың

40-тармағының 4-ші тармақшасы



4) жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды немесе қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды отандық тасымалдаушыға беру туралы хабарламаны жіберген күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы

4) жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды немесе қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды отандық тасымалдаушыға беру туралы хабарламаны жіберген күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы

Шетел рұқсат бланкілерінің саны шектеулі болған жағдайда өтінім беруші жағынан сұраныстың болмауы кезінде тапшылықтың пайда болуын төмендетуге мүмкіндік береді.

17

Қағиданың 40-тармағының 8 тармақшасы

Болған емес

8) көлік құралдарының міндетті техникалық байқаудан өтпеуі

Жолаушылар мен жүктерді халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралдарының пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында.

18

Қағиданың

42-тармағының 2-шы бөлімі



Отандық рұқсаттар, егер халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмеген болса, келесі жылдың 31 қаңтарына дейін жарамды болады.

Егер халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмеген болса, отандық рұқсаттардың әрекет ету мерзімі уәкілетті органмен анықталады.

Жыл сайын уәкілетті орган өз құзіретіне сәйкес шет мемлекетінің құзіретті органымен рұқсат бланкілерін алмастыру квотасымен және оның қолдану мерзімімен келіседі.

19

Қағиданың

46-1 тармағы



46-1. Автокөлік құралы тіркелген елдегі жүктерді қайта тиеу (тиеу/түсіру) арқылы Қазақстан Республикасының аумағына үшiншi елдерден жүктерді тасымалдауды басқа көлік түрімен жүзеге асыру кезінде көрсетілген тасымалдар ілеспе құжаттармен (халықаралық көліктік жүкқұжат (CMR), инвойс, коносамент немесе тасымалданатын жүкке басқа да коммерциялық құжат) расталған жағдайда, үшінші елдерге/елдерден отандық рұқсат қағазы талап етілмейді.

46-1. Автокөлік құралы тіркелген елдегі жүктерді қайта тиеу (тиеу/түсіру) арқылы Қазақстан Республикасының аумағына үшiншi елдерден жүктерді тасымалдауды басқа (әуе, теміржол, су) көлік түрімен жүзеге асыру кезінде көрсетілген тасымалдар ілеспе құжаттармен (халықаралық көліктік жүкқұжат (CMR), инвойс, коносамент немесе тасымалданатын жүкке басқа да коммерциялық құжат) расталған жағдайда, үшінші елдерге/елдерден отандық рұқсат қағазы талап етілмейді. Бұл ретте осы тасымалдау Қазақстан Республикасы аумағына(аумағынан) кіру(шығу) отандық рұқсаттардың негізінде жүзеге асады.

Шетелдік тасымалдаушылар ілеспе құжаттардың көшірмесін жасаған болса, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жаупкерлерге тартылатын болады.

Қолданыстағы редакцияда басқа түрге жатқызылған көлік түрлері анықталмаған.

Қолданыстағы редакцияда рұқсат етілмейтін жағдай ретінде анықталады және екіжақты рұқсаттардың болу қажеттілігі көрсетілмейді.

Растайтын құжаттардың жасанды көшірмесін болдырмау мақсатында.


20

Қағиданың 46-2 тармағы

Болған емес

46-2. Тартқышты немесе жүк автомобилін тасымалдаушы тіркелген мемлекетте тіркелген тартқышқа немесе жүк автомобиліне қайта тіркеу рұқсат етіледі.

Халықаралық келісімдерді сақтаудан бас тарту фактілері орын алған. Сонымен қатар бұл шара отандық тасымалдаушыларды қорғауды ескереді.

Тіркемелерді және жартылай тіркемелерді қазақстандық көлік құралдарына қайта тіркеу фактілері үшінші елге кіру/шығу рұқсат бланкілерін көрсетуден бас тарту мақсатында шетел тасымалдаушылар жағынан орын алады.



21

Қағиданың 46-3 тармағы

Болған емес

46-3. «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген, шетел тасымалдаушыларында рұқсат бланкілері болмаған жағдайда, тасымалдаушы тіркелген мемлекеттің уәкілетті органымен расталып, айыппұл төленгеннен кейін отандық көлік құралдарына артық тиеу рұқсат етіледі.


Шетел тасымалдаушыларымен халықаралық келісімдерде ескерілген жүріп өтудің рұқсат ету жүйесінің бұзушылықтар орын алады.

ҚР Кодексінің 630 бабына сәйкес уәкілетті лауазымды адам көлік құралын пайдалануға тыйым салу себептері жойылғанға дейін ұстауға, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы.

Айыппұл төленгеннен кейін жүкті межелі жерге жеткізу мәселесі ғана қалады. Бұл мәселенің шешімі отандық АКҚ қайта тиеу болып табылады.


22

Қағиданың

50-тармағы



50. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсат беру құжаттарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаудың аумақтық органдары немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарында аумақтық органдар:
      Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының күнтізбелік 30 күннен аспайтын шығу мерзімін;
     тасымалдаушының атауын;
     автокөлік құралының нөмірін;
     автокөлік құралының тіркелген мемлекетін;

      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту маршрутын көрсетеді.
      Шетелдік автокөлік құралдарының транзиттік жүріп өтуі кезінде Қазақстан Республикасының аумағына келу және аумағынан кету мерзімдері тура да, кері де бағытта жүріп өту кезіндегі Қазақстан Республикасының аумағында нақты болу уақытымен айқындалады.

50. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсат беру құжаттарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаудың аумақтық органдары немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарында аумақтық органдар:
      Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының күнтізбелік 30 күннен аспайтын шығу мерзімін;

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту маршрутын көрсетеді.


     Шетелдік автокөлік құралдарының транзиттік жүріп өтуі кезінде Қазақстан Республикасының аумағына келу және аумағынан кету мерзімдері тура да, кері де бағытта жүріп өту кезіндегі Қазақстан Республикасының аумағында нақты болу уақытымен айқындалады.

Алып тасталған жолдар тасымалдаушымен толтырылады.

23-тармақтағы негіздемені қарау.



23

Қағиданың

50-1 тармағы



Болған емес.

50-1. Қазақстан Республикасы аумағы арқылы жүріп өтуге құқықты растайтын, отандық рұқсаттар бар шетелдік тасымалдаушылар жол жүрер алдында:

тасымалдаушының атауы мен оның толық мекен жайы;

көлік құралының нөмірі;

жүктеу елі;

жүк түсіру елі;

тасымалданушы жүктің атауы;

тасымалданушы жүктің салмағы.

Отандық рұқсаттарда түзетулер жіберілмейді.

Шетел тасымалдаушыларына жауапкершілігін арттыру мақсатымен және бланкілерді қайта қолдануды болдырмау.

24

Қағиданың

51-1 тармағы



Болған емес.

51-1. Көліктік бақылау органдарымен хабарламаны орындауын тексеру мақсатында шетелдік тасымалдаушылармен Кедендік одақтың сыртқы шекарасында көлік құралдарының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігі, құжаттардың жоқ болуы немесе сәйкессіздігі туралы берілген хабарламалар беріледі.

Кедендік одақтың сыртқы шекарасында көліктік(автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру туралы келісімін орындау мақсатынды.


25

54-тармағын

13-тармақшасы



Болған емес.

13) бланкінің негізгі және үзбелі бөлімдерінде штрих-код

Қолданылған бланкілерге есеп жүргізуді автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін.



Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация Ж. Қасымбек

министрі



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет