Бағдарламасы (syllabus) Нысан пму ұс н 18. 4/19



Дата30.05.2016
өлшемі446.36 Kb.
#102847



Студенттерге арналған пән бағдарламасы (SYLLABUS)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19


Казақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Математика және информатика кафедрасы










пән бағдарламасы (Syllabus)
WEBT 3305 Web-технологиялар

Павлодар, 2014 ж.




Пәннің бағдарламасын бекіту парағы (Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН

ФМжАТ факультетінің деканы

______________ Н.А. Испулов

«_____»_____________2014 ж.



Құрастырушы: аға оқытушы ___________________ Б. Т. Абдрахманов

«Web-технологиялар» бойынша

5B070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының

СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)


Бағдарлама «____»________ 2014 ж. кафедраның отырысында бекітілген жұмыс бағдарламасы негізінде әзірленген.

Кафедраның отырысында қарастырылған «____»________2014 ж. №___ хаттама

Кафедра меңгерушісі _______________ Н. Н. Оспанова «____»________2014 ж.

ФМжАТ факультетінің әдістемелік кеңесінде құпталған «___»_____2014 ж. №___хаттама

ОӘК төрайымы ____________________ А. Искакова «____»________2014 ж.


1. Оқу пәннің төлқұжаты
Пәннің атауы Web-технологиялар

Кредиттердің саны және оқыту мезгілдері

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6


Аудиториялық сабақтарының барлығы – 45 сағат

Дәрістік сабақтар - 22,5 сағат

Практикалық /семинар сабақтары – 15 сағат

Зертханалық жұмыстары – 15 сағат

СӨЖ – 82,5 сағат

Соның ішінде ОСӨЖ – 41,25 сағат

Барлығы - 135 сағат

Курстық жұмыс – 6 сағат

Бақылау формасы – емтихан.
Пререквизиттер:

Информатика, жоғарғы математика, алгоритмдеу және программалау.



Постреквизиттер:

Ақпараттық жүйелерінің сенімділігі. Интернеттегі бағдарламалау. 1С бухгалтерияны бағдарламалау.


2. Оқытушылар туралы мәліметтер және түйіскен хабар

Фамилия, аты, әкесінің аты Абдрахманов Бауыржан Тендикович

Ғылым дәрежесі, атақ, лауазым Жаратылыс ғылымдарының магистрі, информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы

Кафедра «Информатика және ақпараттық жүйелер», аудитория № 407,

телефон: ___________________________,

Е-mail: ____________________________.


3. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәннің мақсаты: WEB қосымшаларының құру технологияларынын меңгеру. Интернетте бағдарлама құру тәсілдеріне үйрену.

Пәннің міндеттері: HTML, FrontPage арқылы күрделі электрондық құжаттар мен оқулықтарды құрастыру. JAVASCRIPT, Perl, PHP тілдердің негіздерімен танысу.
4. Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар:

HTML, FrontPage редакторларында ON-LINE анықтама кітап құрастыру керек.



Тәжірибелік дағдыларды қалыптасыру:

Құзыретті болу:

HTML, FrontPage негізгі ұғымдарын, олардың жұмыс істеуін және сол редакторларда бағдарлама жазуын.


5. Пәннің тақырыптық жоспары

Сабақтардың түрлері бойынша академиялық сагаттарды орналастыру


п/п

Тақырыптар атауы

Аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

дәріс

тәжірибе

зертханалық

барлығы

Соның ішінде ОСӨЖ




Тақырып 1. WEB-технологияларды қолдану орталары

2

1

1

4

4




Тақырып 2. WEB қосымшаларын құру технологиялары

6

4

4

16

8




Тақырып 3. Стильдердің сатылы кестелері

6

4

3

16

8




Тақырып 4. JAVASCRIPT тілі

6

4

4

30

14




Тақырып 5. WEB-қосымшалар интерфейсі

2,5

2

3

16,5

7,25




Барлығы:135

(3 кредит)

22,5

15

15

82,5

41,25



6. Дәрістердің тірек конспектісі


Интернетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.
Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар

Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.

Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр. Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:

§ Web-технологиялар;

§ Сайт жасау экономикасы;

§ Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі;

§ Адам ресурстары және т.б.

Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:

§ Жоспарлау;

§ Элементтерді жасақтау;

§ Бағдарламау;

§ Тестілеу;

§ Жариялау;

§ Жарнамалау;

§ Бақылау;

Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:

1. Сайттың орны.

2. Сайттың аудиториясы кімдер.

3. Қандай ақпарат жарияланады.

4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.

Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:

1. Навигациялық құрылымын жасау.

2. Беттің дизайнын жасау.

3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.



Бағдарламау

Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.



Тестілеу

Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:

1. Сілтеменің жұмысы;

2. Мәтіндегі қателер;

3. Навигацияның тиімділіғі.

4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.

5. Графикалық файлдардың ашылуы.

6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.



Жариялау

Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.



Жарнамалау

Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:

1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;

2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;

3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;

4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.



Бақылау

Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.


HTML негіздері
HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі. HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.

HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.

Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы,

тегтiң жұмысын ашады да келесi тегi оны жабады. ашылуы, жабылуы.

Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, т.с.с.

Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.

Құжаттың структурасы

HTML құжаттың негізгі структурасы төмендегідей:




</p> <p>… <br /> <br />









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет