Пререквизиттері:Тіл біліміне кіріспе, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі, Қазақ тілінің тарихи грамматикасы.
Постреквизиттері:Қазақ әдеби тілінің тарихы, Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, Психолингвистика, Этнолингвистика.
3. Студенттерге қойылатын талаптар:
1. Сабаққа қатысу:
Сабаққа міндетті түрде қатысу керек. Босатылған сабақтарSYLLABUS-та көрсетілген сабақтың толық көлемінде қосымша жұмыспен өтеді.
2.Аудиториядағы тәртіп :
Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:
Ұялы телефонмен сөйлесуге;
Сабақтан сұрануға;
Бос әңгімеге;
Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге;
Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:
Өз пікірін дәлелдесе;
Сабаққа белсенді қатысса;
Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса.
3. Үй тапсырмасы:
Үй жұмысының орындалуына міндетті және оқытушы белгіленген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Сіздің өте жақсы орындаған үй жұмысыңыздан сіздің жалпы бағаңызға әсер ететін баға шығарылады.
4.ОСӨЖ орындау:
ОСӨЖ орындау және уақытында тапсыру қажет. Оған арнайы тақырыптар беріліп,студент үйде қарастырып, белгіленген уақытында тапсырады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы студенттің семестр барысында жинақтаған білімін тексеру мақсатында жүргізіледі.Бақылау жұмысына қатысу міндетті болып табылады және бұл студенттің жалпы бағасына өз әсерін тигізеді.
6. Коллоквиум:
Коллоквиум әрбір топқа жеке қойылған кесте бойынша тапсырылады. Қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |