"ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
ПӘНІНДЕ БЕЛСЕНДІ ОҚУ
ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ"
Орындаған: Оразбаев Нурлан
Тексерген: Дошыбеков Айдын Багдатович
Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және
практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді
баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және
практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер
жүйесін пайдалануды білдіреді.
Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері - олардың негізінде практикалық және ойлау
әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімдерді игеруде алға жылжушылық болмайды. Оқытудың
белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана
беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз
бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер
қойылуымен байланысты
.
Жаңа міндеттердің пайда болуы ақпараттың қарқынды дамуына тәуелді. Егер бұрын
мектепте, оқу орындарында алынған білімдер адамға ұзақ уақыт қызмет ете алса,
қазіргі ақпараттық заманда оларды үнемі жаңартып отыру қажет. Бұл өз бетінше білім
алу жолымен жүзеге асуы мүмкін, ал бұл адамнан танымдық белсенділікті және
өзіндікті талап етеді
.
Әрбір мұғалімнің басты міндеті - оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана
емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету. Жақсы
ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз оқу материалының игерілуін ұйымдастыру
қиын.
Мектепте қолданылатын неғұрлым тиімді белсенді әдістерге:
-
Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы
-
Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру.
-
Релаксацияны және қорытынды шығаруды ұйымдастыру.
-
Оқу материалының тұсаукесері
-
Индуктивті және дедуктивті логикалық сызбаларды пайдалану
-
Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың элементтерін пайдалану
Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы – сабаққа эмоционалдық
бетбұрыс (эпиграф, костюмделген көрініс, видеоүзінді, ребус, жұмбақ,
анаграмма), мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді, күдіктерді айқындау
Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру. Сабақта қолданылатын
проблемалық жағдаяттардың типтері: күтпеген нәрсе жағдаяты; конфликт жағдаяты;
белгісіздік жағдаяты; болжам жағдаяты; таңдау жағдаяты.
Оқу материалының тұсаукесері – ақпараттық технологияны, электронды оқу құралдарын,
интерактивті тақтаны және т.б. пайдалану
Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың элементтерін пайдалану: «жобалар әдісі»,
«
миға шабуыл», «пікірталас», «түрлі кейіпкерлерден интервью алу» жатады
Қорыта айтқанда, оқытудың белсенді әдістері
-.
оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық,
ізденіс сипат таситын окыту әдістері, оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және
қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа
құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, ісойын, тренинг жатқызуға
болады
НАЗАРЫҢЫЗА РАХМЕТ!!!
Document Outline - "Дене шынықтыру пәнінде белсенді оқу әдістерін қолдану"
- Слайд номер 2
- Слайд номер 3
- Слайд номер 4
- Слайд номер 5
- Слайд номер 6
- Слайд номер 7
- Слайд номер 8
- Слайд номер 9
- Слайд номер 10
- Слайд номер 11
- Назарыңыза рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |