Бағдарламасы «Тамақ өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары»



бет1/5
Дата14.06.2016
өлшемі4.9 Mb.
#135756
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ОӘК.042-16.1. 09/03 – 2013

ПОӘК

бағдарламасы «Тамақ өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары»



«__»____ 200__ ж.

№ ___ басылым


ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ»




5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2013


Мазмұны





1

Глоссарийлар




2

Дәріс оқулықтар




3

Практикалық және зертханалық сабақтар




4

Студенттердің өздік жұмысы





5. Глоссарий



Технологиялық жабдықтар – технологиялық процестерді жүзеге асырады, оларға машиналар, агрегаттар, қондырғылар, құрылғылар және т.б. жатады.
Автоматтандырылмаған машиналар (қарапайым машина) – машиналар тікелей адамның қатысуымен жүзеге асады. Машинаны қосу, шикі затты жүктеу адам қолымен атқарылады.
Автоматтандырылған машиналар – машиналар адамның қатысуысыз жұмыс істейді, адам тек автоматты аспаптар көмегімен машинаның жұмысын басқарады.
Жартылай автоматтандырылған машиналар - машиналар тікелей адамның қатысуымен жүзеге асады, машинға шикі затты жүктеу немесе машинаны қосу көмекші құралдармен немесе автоматты түрде жүзеге асады.
Машинаның қуаты - өнім өндірудегі машинаға қажетті энергия
Мерзімді әрекетті машиналар - машинаға шикізат материалы жүктеледі де, белгілі уақыт ішінде өңделіп болған соң, машинадан дайын өнім алынады да, машинаға жаңадан шикізат жүктеледі.
Өнімділік – жабдықтардың уақыт бірлігінде өнім өндіру мөлшері.
Технологиялық желі - өндірістегі барлық технологиялық процестер және көмекші операцияларды рационалды орындалуы, транспорттық және технологиялық жабдықтардың техникалы және экономикалық негіздемелерінің байланысуы, бақылау құралдары, ақпарат және т. б. , болып табылады
Үздіксіз әрекетті машиналар - машинаға шикізатты жүктеу және одан дайын өнімді алу үздіксіз болады (бір уақытта, бірақ машинаның әртүрлі нүктелерінде өткізіледі.).
Араластыру - сусымалы, сұйық және газ тәрізді орталарды тығыз жанасуға келтіру процесі.

Кесу - ұсақтау процес кезінде бөлшектерге белгілі бір пішін берілетін болса.

Престеу процесі - материалдарды қысыммен өңдеу.

Процестің жылдамдығы - процесс нәтижесінің уақыт бірлігіне қатынасы.

Процестің қарқындылығы - процестің жылдамдығын аппараттың бетіне қатынасы.

Сұрыптау процесі - сусымалы қоспаларды әртүрлі фракцияға ажырату.

Сүзу процесі - қатты бөлшектерді ұстап қалатын, ал сұйықты өткізіп жіберетін кеуекті бөгеттер жәрдемімен суспензияларды ажырату.

Ұсақтау - механикалық күштердің әсерімен қатты денелерді бөлу процесі.

Тұндыру - әртекті жүйелерді ауырлық күштiң әсерiнен ажыратуы.

Центрифугалау - сұйық әртекті жүйелерді ортадан тепкіш күш әсерімен ажырату.

Эмульсия – бір сұйық ішінде онымен араласпайтын екінші сұйық бөлшектері таралғаннан пайда болған әртекті жүйелер.

Сусымалы қоспаларды әртүрлі фракцияға ажырату сұрыптау процесі деп аталады.



2. ДӘРІС ОҚУЛАР.

Дәріс 1. Технологиялық жабдықтар туралы түсінік.

Дәріс жоспары.

1) Анықтамалар (жабдықтар, машиналар мен аппараттардың құрылымы)

2) Жабдықтарға қойылатын талаптар

3) Жіктелуі


Ет өнеркәсібінің технологиялық жабдықтары деп әртүрлі технологиялық операцияларды атқарып өткізетін машиналар мен аппараттарды атайды.

Технологиялық машиналар жалпы және арнаулы деп бөлінеді. Біріншісіне – механикалық, гидромеханикалық, жылу- массаалмасу процестері жатады. Мысалы – ұсақтау, сепарациялау, қайнату, кептіру және т.б.

Екіншісіне- құлаққа тандыру, малдың терісін сыдыру және т.б.

Технологиялық жабдықтарең бірінші:

  1. Машиналарға

  2. Аппараттарға бөлінеді

Басқа да технологиялық жабдықтар кездеседі, мысалы: тетіктер, ағрегаттар, ағынды желілер олар қосалқы операцияларды атқарады.

Бірақ ТЖ курсы ең бірініші машиналар мен аппараттар қарастырылады.


Машиналар мен аппараттардың айырмашылығы олардың құрылымдық формасына байланысты болады:

Ең қарапайым машиналар өзінің құрылымдық формасына қарай минумум үш негізгі бөлімнен тұрады:



  1. орындаушы ( немесе ) жұмысшы механизмнен;

  2. беріліс беретін (немесе жетекші) механизмнен;

  3. Қозғалтқыш механизмнен (электроқозғалтқыштан, іштен жану және жылу двигателдерінен).

Аппараттар ең бірінші: орындаушы (немесе жұмысшы) органнан немесе жұмысшы камерадан тұрады (қозғалтқыш және беріліс механизмі, кей жағдайда қосымша жұмысшы механизм түрінде немесе мүлдем жоқ болады).
Машиналар және аппараттардың классификациясы
Құрылымы бойынша машиналар келесі түрлерге бөлінеді: (автоматтану дәрежесі бойынша)

  1. жай қарапайым машиналар

  2. жартылай автоматтар

  3. автоматтар.

а.) Жай қарапайым машиналар үш бөлімнен (тораптан) тұрады, біреуі жұмысшы механизм болып табылады. Олар бір нақты технологиялық операцияны орындауға арналған.

Мысалы:


Еткескіштер- ұсақтауға; араластырғыш – араластыруға және т.б.арналған.

б) Жартылай автомат: бірнеше бөлімдерден (беріліс беретін құрал, қозғалыс беретін құрал) және жұмысшы органдарынан тұрады. Мұнда автоматтық цикл бойынша, жұмысшының көмегі арқылы бірнеше технологиялық операцияны орындалады.

3. Автоматтарда бірнеше бөлімдерден (беріліс беретін құрал, қозғалыс беретін құрал) және жұмысшы органдарынан тұрады. Мұнда барлық операциялар (негізгі және қосымша) автоматтық цикл бойынша, жұмысшының көмегінсіз орындалады.
Барлық ТЖ жұмыс циклінің құрылымы бойынша:

  1. Толасты түрде жұмыс істейтін машиналар мен аппараттарға;

  2. Толассыз (үзіліссіз) түрде жұмыс істейтін машиналар мен аппараттарға бөлінеді.

Сондай-ақ жартылай толассыз түрде жұмыс істейтін машиналар кездеседі, бірақ олар сондай көп емес.

Ет өндірісіндегі технологиялық жабдықтардың жіктелуі

(классификациясы)

Профессор Пелеевтың А.И. ұсынысы бойынша барлық технологиялық жабдықтар алты негізгі топқа бөлінеді:



  1. Еткомбинаттарындағы көтергіш - тасымалдағыш жабдықтар:

1.1. Аспалы жолдармен конвейерлер және оларға қызмет көрсететін жабдықтар мен тетіктер.

1.2. Еден үстінде тұрақты орнатылған және жылжымалы көтергіш - тасымалдағыш жабдықтар.

1.3. Ет өнімдерін және әр түрлі шикізаттарды, мысалы: (ішек, май, фарш) құбырлар арқылы тасымалдайтын аспаптар яғни сораптар, щприцтер.


  1. Мал мен құсты союға арналған жабдықтар кіреді:

2.1. Тері сыпыратын машина

2.2. Жүн және қауырсын жұлатын

2.3. Ішек өңдейтін машина


  1. Етті механикалық түрде өңдейтін машиналар ет өнімдерін жуатын машиналар:

3.1. Етті бөлшектеп кесетін және өте ұсақ түрде майдалап кесетін машиналар (аралар, мүлік шабатын, басты екіге бөлетін, мал ұшасын үлкен кесектерге бөлетін таспалы аралар).

3.2. Жуғыш барабандар және басқа жуғыш машиналар, жартылай мал ұшасын жуатын машиналар.

3.3. Араластырғыш машиналар немесе бұлғауыш машиналар (фарш араластырғыш машиналар)


  1. Бөлу, өлшеу және қалыпқа келтіру жабдықтары.

4.1. Ет өнімдерін пресстейтін машиналар.

4.2. Графитациялық және ортадан тепкіш күштер арқылы бөлетін машиналар мен аппараттар.

4.3. Котлет формалайтын, тұшпара шығаратын, май құйатын, фарштарды буып-түйетін, консерві қалбырларын толтыратын машиналар және т.б.


  1. Ет және өнімдерін Жылу арқылы және диффузия арқылы өңдейтін жабдықтар.

5.1. Ет пісіретін қазандар; колбаса, ет, шұжық пісіретін, қуыратын қаптайтын камералар және пирожок қуыратын автоматтар.

5.2. Ет тұздайтын аппараттар мен тері тұздайтын аппараттар.




  1. Консервы заводтардың жабдықтары.

Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар



  1. Машиналар мен аппараттар өте сапалы өнімді шығаруы керек.

  2. Машиналар мен аппаратқа кірген шикізаттан шыққан өнім арасындағы массалы айырмашылық өте аз болуы керек.

  3. Машиналардың жұмысты атқаратын құралдары артық түрде қажамау, үгілмеуі керек.

  4. Машиналар мен аппараттардың жұмыс атқаратын құралдары тек қана тот алмайтын материалдардан жасалынуы қажет.

  5. Машиналар мен аппараттардың конструкциялық құрылғы өте жеңіл шұғыл түрде ажыратылып қайта жиналуы керек.

  6. Машиналар мен аппараттардың конструкциялық құрылғысында жуатын құрал немесе кісі қолы жетпейтін соңылаулар, шұнқырлар болмауы керек.

  7. Машиналар мен аппараттардың құрамына кіретін электроаспаптардың ішіне су тимеуі керек. Сондықтан ондай аспаптар герметикалық түрде орналасуы керек немесе су кіріп кететін жерінде тұрмауы керек.

  8. Машиналар мен аппараттар қауіпсіздік технологиясының талаптарына сәйкес болуы шарт.


Бақылау сұрақтары:

1. Машина және аппарат дегеніміз не?

2. Мерзімді әрекетті машиналар қалай жұмыс істейді?

3. Үздіксіз әрекетті машиналар қалай жұмыс істейді?

4. Автоматтандырылмаған машиналар (қарапайым машина) қалай жұмыс істейді?

5. Жартылай автоматтандырылған машиналар қалай жұмыс істейді?

6. Автоматтандырылған машиналар қалай жұмыс істейді?

7. Өнім өндіру бойынша негізгі операцияларды орындайтын жабдықтар қалай жұмыс істейді?

8 Соңғы операцияларды жузеге асыруға арналған жабдықтар қалай жұмыс істейді?
Қолданылған әдебиеттер.

Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971.


Дәріс 2. Ет өндірісіндегі технологиялық жабдықтардың негізгі параметрлері.

Дәріс жоспары.

1) өндірістік жұмыстың ырғағы, оның технологиялық белгілері

2) технологиялық процесстің жылдамдығы немесе оның кинетикалық жылдамдығы

3) машинаның жұмыс құралының ішіндегі өнім жылдамдығы

4) машинаның өнімділігі (шын мәніндегі) (M ист., Мо, Мшт, Мв )


  1. машинаның қозғалтқышының қуатты жатады.




  1. Жұмыс ырғағы деп өнімнің бір данасын (дана, тонна, кг, м3) өңдеп шығаруға жұмсалған уақыт мерзімін (с, мин, час) атайды.

Өндірістік жұмыс ырғағын келесі формуламен есептейміз:
m = 3600/Мдана., немесе m = 60/Мдана.
3600 және 60 – уақыт коэффициенті.

Мдана – машинаның даналық өнімділігі, дана/сағат.


Өндіріс тактісіне (ырғағы) келесі қасиеттер жатады:

- өнімді даналап өңдейтін машиналардың тактісі есептелініп анықталады;

- бітеу қабатта немесе көлемде өнім өңдейтін машинаның тактісі, ереже бойынша анықталмайды;

- такт өнімідлікке кері шама болып табылады.

2. Процестің кинетикалық жылдамдығы. Ол өнімді өңдеу қарқындылығын сипаттайды.

Қарқындылық деп:

- процесті жүргізуге арналған материал, шикізат және энергия шығындарының аз болуын,

- процестің ағындылығын (поточность),

- процесс жүрген уақытта жұмысшы органның ішіндегі өнімнің жоғары жылдамдықта қозғалуын,

Кинетика жылдамдығын келесі түрдегі теңдеумен анықтаймыз:

* = L/R

мұнда L – процесстің қозғаушы күші; R –процесс кедергісі.

Мысалы: жылулық процесстер үшін

* = L/R = Q/F·, дж/м2с (I-3), немесе

* = k·F·t·F· (I-4), мұнда

Қысқартылғаннан кейін (F·) аламыз:

* = k·t = t/R , мұндағы k = 1/R, дж/м2с

Ең басты кезең - жылулық процестегі кинетикалық жылдамдықтың өлшемі. Басқа процестермен бірдей өлшем бірлікте болуы үшін оны - Дж/м2с, дұрысырағы Вт = Дж/с.

Онда жылдамдықтың өлшем бірлігі - Вт/м2

Қозғалыс кинетикасы - белгілі бір аудан арқылы өнімге берілетін жылу ағыны (вт) арқылы анықталады. Немесе, белгілі бір аудан (м2) арқылы өнімге бірлік уақытта с) берілетін жылудың мөлшері (дж) бойынша анықталады.

Процестер:


  • массаалмасу;

  • сұйық біртекті емес ортада бөлгенде

  • пресстегенде

кинетика жылдамдығы келесі теңдеумен анықталады.

* = L/R = G/F·, кг/м2с

мұнда G – масса, кг.

Бірақ, әр нақты жағдай үшін әртүрлі физикалық мәні бар.

Әр процестің қозғаушы күші әртүрлі болады:

Массалмасу үшін - * = G/F· = С/R – концентрациялар айырмашылығы.

Бөлу процесі үшін - * = G/F· = /R – тығыздықтар айырмасы

Пресстеу процесі үшін - * = G/F· = Р/R – қысымдар айырмасы.

Теңдеу түрінде жассақ:

- * = G/F· = С/R

- * = G/F· = /R

- * = G/F· = Р/R

2. Машиналардың жұмысшы органы ішіндегі өнімнің қозғалыс жылдамдығы ().

Бұл біріншіден өңделетін өнімнің түріне байланысты болады. Егер өнім сұйық , созылмалы тұтқыр , сусымалы ұсақталған болса (сұыйық май түрінде, ет фарышы, шыжық және т.б.) және үздіксіз әрекетті машинада өңделінетін өнім көлемі бойынша болса қозғалыс жылдамдығы қысым немесе арын функциясы бойынша немесе Торичелли формуласы, анықталады.

 2· немесе   2·g·H

түбір астынан шығарсақ  = 2/2

Н = 2/2g

Бұл жылдамдықты өнімділіктен табылған функция бойынша (ағынның) үздіксіз ағынның теңдеуімен анықтауға болады

 = М0/f = 4·M0/·d2 м/с

В) Егер өнім даналы болса (мал ұшасы, пакеттегі өнімдер, жәшік, фляга, шыны ыдыс) және үздіксіз әрекетті машинада бір уақытта өңделіп және, конвейерлерде, таспалы тасымалдағыштарда, элеваторларда тасымалданса тасымалдау жылдамдығын келесі формуламен анықтауға болады.

 = Мшт.·L, м/с,

Осы жағдайда, яғни, егер өнім даналы болса, тасымалдау жылдамдығы технологиялық жабдықтардың жұмысшы органдарының жылдамдығына тең келуі керек. Бұл жылдамдықты келесі негізгі формула бойынша анықталады:


Технологиялық жабдықтардың нақты өнімділігі

Өнімділік :



  1. процестің кинетикалық жылдамдығымен;

  2. Өнімнің машинаның жұмысшы органының ішіндегі қозғалу жылдамдығы;

Бірінші жағдайда нақты өнімділік деп аталады.

Екінші жағдайда өткізгіштік қабілеті деп аталады:



  1. Жылулық жабдықтар үшін

Нақты өнімділік бөлінбеу теңдеуі арқылы анықталады.

Мнақ.= F·* = F·Q/F· = Q/, дж/с = вт

Яғни, нақты өнімділік дегеніміз - жылуалмасу аппаратының өнімге жылу беру қабілеті.

2. Масса алмасу процесі жүретін жабдықтарда

- сұйық және қатты фазаны тығыздықтар айырмасы әсерінен ортадан тепкіш немесе гравитациялық өрісте ажырату немесе

- престеу, яғни, құрғақ немесе қабыршақ өнім алу үшін сұйық фазаны бөлу үшін, нақты өнімділік төмендегідей анықталады

Мист.= F·* = F·G/F· = G/, кг/с

Өнімді көлемде өңдеу кезіндегі үздіксіз әрекетті машиналардың өнімділігі

Өткізу қабілетін де (немесе көлемдік өнімділігі) бөлінбеу теңдеуімен анықтайды

М0= f· м3

Өткізгіштік қабілеті дегеніміз - бұл ТЖ өзі арқылы белгілі бір көлемдегі бастапқы өнімді өткізу қабілеті.

1) өнім бітеу көлемде қозғалады,

2) жұмысшы органның жылдамдығына тең жылдамдықпен қозғалады, және

3) жұмысшы органның жылдамдығына тең емес жылдамдықпен қозғалады.

4) бұл теңдеу сұйық және тұтқыр –пластикалық өнімдер үшін де пайдаланылады.

5) егер теңдеңдеуді 3600 көбейтсек онда сағаттық өнімділік шығады

М0= 3600· f· м3/час

6) егер теңдеуді өнімнің тығыздығына  көбейтсек – ТЖ массалық сағаттық өнімділігі алынады.

МВ = 3600· f·· кг/час

Бұл теңдеу барлық Ү/сіз Ә машиналардың барлығына да (волчоктар, ҮӘ куттерлер, ҮӘ шприцтер, насостар, транспортерлерде және т.б.) пайдаланылады.

Өнімді көлемде өңдеу кезіндегі мерзімді әрекетті машиналардың өнімділігі

МӘ машинаның көлемдік өнімділігі машинаның жұмысшы камерасының уақытқа қатынасына тең.

М0 = 3600 V··/ = 3600 G/, кг/час

Сондай-ақ МӘ және ҮӘ машиналар үшін бір формула модификациясы қолданылады

М0 = V/ = f· Н·n· = 0,25 ·D2·H·n· м3

Бұл физикалық түрде, ал инженерлік түрге енгізсек онды а = 1,2-1,5қуаттың қор коэффициентіне көбейтіп, ауысу коэффициентіне 1000 және машинаның жетекші механизмінің ПӘК бөлу керек.

N  P··а/1000·, кВт



Бақылау сұрақтары:

1. Жұмыс ырғағы дегеніміз не?

2. Даналық өнімділік қалай анықталады?

3. Теориялық өнімділік дегеніміз не қалай анықталады?

4. Технологиялық жабдықтың нақты өнімділігі қалай анықталады?

5. Мерзімді әрекетті аппараттың өнімділігі қалай анықталады?

6. Машинаның қуаты қалай анықталады?
Қолданылған әдебиеттер.

Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971


Дәріс 3. Cұрыптау жөне іріктеу жабдықтары

Дәріс жоспары:

1. Сұрыптау процесі.

2. Сұрыптау тәсілдерінің сипаттамасы.

3. Електерді есептеу
Тамақ өнеркәсібінде көптеген сусымалы шикізаттарды өндіріс орындарында сапасы бойынша немесе геометриялық өлшемдеріне, пішініне, сондай-ақ газ және сұйық орталарда тұну жылдамдығына, магнитті қасиеттеріне қарай ажырату қажет болады. Мысалы, сыра қайнату және спирт өндірісінде астықты алдын-ала басқа заттардан тазартады; ұн тартатын диірменде ұнды кебектен ажыратады, кейбір кезде сусымалы материалды металды қоспалардаң ажыратады.

Сусымалы қоспаларды әртүрлі фракцияға ажырату сұрыптау процесі деп аталады.

Сұрыптаудың үш түрі бар:

- гидравликалық,

- ауа күшімен

- және механикалық күштер көмегімен.

Гидравликалық сұрыптау кезінде сусымалы заттар түйіршіктерінің белгілі сұйықта тұнбаға шөгу қабілеті пайдаланылады.

Ауа қозғалысында түйіршіктердің ауырлық күші немесе ортадан тепкіш күштері әсерінен жіктелінуі сепарация деп те аталады.

Механикалық жіктеу кезінде сусымалы шкізаттар електерден немесе торлардан өтеді. Фракциялардың ірілігі тор көзді електердің көздерінің өлшемдеріне байланысты.

Сусымалы шикізаттар тор көзді електе болінгенде екі фракция алынады: тор көздерден өткен түйіршіктерден және елек үстінде калған түйіршіктерден.

Електердің тор көздерінің пішіндері әр түрлі болып келуі мүмкін.

Сусымалы шикізаттарды көптеген фракцияларға жіктеу үшін тор көздерінің өлшемдері әр түрлі електер пайдаланылады

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында көкөністерді өңдеу мынадай технологиялық төртіп бойынша жүргізіледі: өнімдерді іріктеп олардан шіріген, бұзылған өнімдерді ажыратады. Сондай машинаның бірі маркасы МКП-2 тамыр жемістерін тазалайты машина. Машина жетекші және жетектегі біліктері бар рамадан тұрады. Машина жетегі шынжырлы берілістен, ирек тісті редуктордан, муфтадан жөне электрқозғаушыдан кұрастырылған. Роликті шынжырлы транспортердің бір шетіндегі кабылдау шанағынан түскен тамыр жемістер роликтер арқылы айналдырып жылжиды. Транспортердің екі жағында тұрған операторлар транспортер үстіндегі тасымалданған өнімнен жарамсыздарын алып тастайды.

Машинаның екінші жағындағы көлбеу наушаға түскен өнім тұтынушыларға немесе қоймаларға жөнелтіледі.Осыдай тәртіппен жұмыс істейтін маркасы МПО машинасы үлкен қоймаларда картопты іріктеуге пайдаланылады. Машина өнімді тор көзді синтетикалық жіптерден тоқылған сиымдылықтарға өлшемдейді.



Електерді есептеу

Егер сусымалы материал барабавды елек бетімен қозғалып еленсе материал түйіршігіне ортадан тебу күші мен ауырлық күші әсер етеді.Ортадан тебі күшінің мөлшері барабанның айналу жылдамдығымен тығыз байланысты болады. Барабанның айналым жылдамдығы аз болса материал барабанның ішінде еленбей кдлады. Сондықган ортадан тебу күші ауырлық күшінен көп болады.

m·ω2 R > m·g·fм

мұндагы m - елек бетіндегі өнім түйіршігінің массасы,кг; ω -барабанның айналым жиілігі,1/с; R - елек радиусы,м; g – еркін түсу үдеуі,м/с2; fм - түйіршік пен елек бетінің арасындағы үйкеліс коэффициенті.

Барабанның айналым жиілігі ω = 2π·n ескере отырып жогарыдағы тендеуді былай жазуға болады

m·(2π·n) 2 R > m·g·fм

Егер електі барабан көлбеу орнатылған болса, онда жоға-рыдағы формула былайша жазылады:

n = 1,8 cosα√gfм / πR

Електің теориялық өнімділігін төмендегідей теңцеумен анықгауға болады

МВ = F·υ·ρ·φ кг/с

мұндағы Ғ0 - електің тор көздерінің ауданы; υ - өнімнің електен өту жылдамдығы;

φ - елек бетін пайдалану коэффициенті; ρ өнімнің көлемдік тыгаздығы.

Елек тесіктерінің ауданын мына формуламен анықгауға болады

F = k·πD·H м2

мұндағы k - елек тор көздерінің тесіктерінің өлшемдеріне байланысты коэффициент k = 0,5 – 0,8;

Өнімнің елек көздерінен өту жылдамдығын мына фор-муламен анықгалынады

υ = (1 – Кпр)2 R·n/2π м/с
Бақылау сұрақтары:

1. Елеу мәні дегеніміз не?

2. Електер, олардың сипаттамалары және оларды дайындау әдістері?

3. Електік анализ теориясының негіздері қандай?

4. Електердің ПӘК және електердің анализдерінің нәтижелері графиктік және математикалық түрде қалай көрсетіледі?

5. Елеуге арналған машиналар қандай белгілеріне байланысты жіктелінеді?


Қолданылған әдебиеттер.

Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971



Дәріс 4. Өнімдерді ұсақтауға арналған машиналар.

Дәріс жоспары.

  1. Ұсақтау түрлері.

  2. Ұсақтау машиналарының жіктелуі.

  3. Еттартқыштар, куттерлер диірмендер.

  4. Ұсақтағыштарға қойылатын талаптар.


Ұсақтау деп механикалық кұштер әсерiнен материалдардың бөлшектерге бөлiну процесiн айтамыз.

Егер бөлшектердiң өлшемдерiне белгiлi бiр пiшiн берiлмей ұсақталса оны ұнтақтау немесе ұсақтау деп, егер бөлшек өлшемдерiне белгiлi бiр пiшiн берiп кiшiрейсе оны кесу деп атайды.

Қолдану аймағы бойынша ет кескiш машиналар қалыпты және қатырылған кұйдегi еттi, ферменттi майлы шикiзаттарды және т.б. өнiмдердi ұсақтау ұшiн қолданады.

Кескiш механизмге шикiзатты тасымалдау әдiсi бойынша:

-механизацияланған көтергiшпен;

-деңгейлерiнiң әртүрлiгi бойынша шикiзатты өздiгiнен тасымалдау.

Цилиндрлерiнiң орналасуы бойынша келесi тұрлерге бөлiнедi:

-көлденең цилиндрлi

-қиғаш цилндрлi

Цилиндрлердiң iшкi қабаттарында тiк немесе спираль тәрiздi кедiр-бұдыр қабырғалары бар. Олардың болуы өнiмнiң өс бойынша орналасуын қамтиды. Шнек пен қабырғалар арасындағы саңылау

2 мм-ден ұлкен болмауы керек.

Пiшiнi бойынша шнектер конусты және цилиндрлi болып бөлiнедi. ґндiрiсте цилиндрлi шнектер көп тараған.

Орамдарының ойылғанына қарап келесi тұрлерге бөлiнедi:

-тұрақты адымды шнектер;

-басы аз адымды, ал аяғына қарай жай азаятын адымды шнектер.

Ет кескiш машиналарының негiзгi сипаттамасы торлардың диаметрi болып келедi. Машиналардың кескiш органында пышақтармен торлардың тұрлерi болады. Әртұрлi пышақтар мен торлар бiрiгiп кескiш жұбын құрайды. Торлар саңылауы 25, 20, 13, 9, 6, 4, 3, 2 мм болады. Кескiш механизмдегi кескiш жазықтықтар неғҰрлым көп болса, өнiмнiң кесiлуi соғұрлым ұсақ болады.

Машиналардағы пышақтар формасы бойынша : крест тәрiздi немесе көп қырлы болып бөлiнедi.

Көп қырлы пышақтардың кемшiлiгi: қырларының көптiгiнен араларында бос аудан азаяды да, ол жерден ет аз өтедi, яғни көп шығарылуына керi әсер етедi. Ал араларын ұлкен қылып ашу ұшiн, пышақтың қырларын жiңiшке қылып жасайды, олардың төзiмдiлiгiн көтеру ұшiн қырларының Ұшына қатаңдық сақинасын кигiзедi.

Кесу мүмкіншілігі дегеніміз – бірлік уақытта пышақтармен кесілген бет

, кг/сағ

мұндағы: F- кескiш механизмнiң кесу мұмкiншiлiгi, м2/сағ;

F1- бiр бiрлiк массадағы шикiзаттың ұсақталуынан алынған өнiмнiң меншiктi ауданының бөлiгi, м2/ кг;

- механизмнiң кескiш мұмкiншiлiгiн пайдаланатын коэффициент.

Жұқа ұсақтау ұшiн келесi машиналар қолданылды:

- Әртұрлi пiшiндi және орақ тәрiздi пышақтары әртұрлi орналасқан толассыз және мерзiмдi әрекеттi куттерлер.

- Әмбебап куттерлер. Бұл куттерлерде алдын-ала және соңғы ұсақтау мен араластыру операциялары қоса өткiзiледi.

- Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған әртұрлi құрылымды машиналар.

Қазiргi куттерлердiң жаңа тұрлерi жоғары өнiмдiлiктi машиналар болып табылады. Бұл куттерлерде алдын-ала волчокта ұсақталған өнiммен қатар, мұздатылған iрi ұлкен кесектi өнiмдi алдын-ала және соңғы ұсақтап, араластыруға болады. Оларды пiсiрiлген, қақталған шұжық өнiмдерiнiң өндiрiсiнде фаршты дайындау ұшiн қолданады.

Әмбебап куттерлер ет тартқышты, араластырғышты, куттердi, микроҰсақтағышты толығымен алмастыра алады. Ал олардың кейбiреулерi қалыптайтын, вакуумдейтiн және пiсiру құрылғысымен жабдықталған. Олар жоғары өнiмдiлiктi процестi автоматтандырылған жұйемен басқарумен, пышақты бiлiк пен тостағанның жетектi құрылғысының ұлкен диапазонды өзгермелi айналыс жылдамдығымен жабдықталған.

Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтау ұшiн толассыз әрекеттi машиналар қолданылады. Мерзiмдi әрекеттi машиналарға қарағанда олардың келесi артықшылықтары бар: жоғары өнiмдiлiктi, ағынды жұйеге қосу мұмкiндiгi бар, жоғары дәрежелi ұсақтау қабiлетiлiгi және т.б.

Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған машиналар ұсақтағыш механизмiнiң құрылысына байланысты келесi тәртiппен жiктеледi:


  1. роторлы ұсақтағыштар

  2. көп пышақты ұсақтағыштар

  3. көп дискiлi ұсақтағыштар

  4. барабанды ұсақтағыштар

  5. комбинирленген ұсақтағыштар

Роторлы ұсақтағыштар - ұсақтағыш механизмiндегi қозғалатын статордан және айналмалы ротордан тұратын машиналарды жатқызуға болады. Көп пышақты ұсақтағыштар – айналмалы барабанның немесе тұрықтың iшiндегi бiлiкте құрастырылатын әртұрлi пiшiндi пышақтардан тұрады. көп дискiлi ұсақтағыштардың бұлардан айырмашылығы: олардың ұсақтағыш механизмi – көп тiстi дисктер жиынтығы немесе тiзбектей орнатылған көп тесiктi торлар жұбы. барабанды Ұсақтағыштар ұлкен жылдамдықпен айналатын перфорленген барабаннан құралған. Ал комбинирленген ұсақтағыштар – жазық, цилиндрлi, конусты тор тұрiнде орындалған жеке пышақ және пышақтардың жұбынан құралады.

Машиналарға қойылатын талаптар



  1. Ұсақтағыштардың барлық механизмдерi шикiзатты өңдеу кезiнде

талап етiлген ұсақтау дәрежесiн қамтамасыз ету керек, өнiмнiң сапасы мен құндылығы сақталуы керек және шикiзат шығыны аз болуы керек.

2) Ұсақтау кезiнде ет сөлiн қысып шығаратын сығу кұшi көп болмауы керек.

3) Жұмысшы аймаққа майлайтын майлар, қалдықтар тұспеуi керек.

4) ґнiмiне жанасатын бөлшектердi коррозияға берiк материалдардан

дайындау керек.

5) Жұмысшы механизмдердiң конструкциясы тез шешiлiп, тез жиналуы керек, шикiзаттар пен өнiм қалдықтарын алып тастауға және санитарлық өңдеу жұргiзуге қолайлы болуы керек.

6) Электроқозғағыштар, қосқыш аппатура, реттегiш аспаптар гуметикалық жәнеи су өтпейтiн қаптамамен қапталған болуы керек, электроқоздырғыштар және электро аппаратура жерлендiрiлген болуы керек.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ет өндiрiсiндегi жұқа ұсақтауға арналған машиналардың қолданылуы.

  2. Жұқа ұсақтауға арналған машиналардың тұрi, құрылысы және өнiмдiлiгi бойынша классификациясы.

  3. Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған машиналардың жұмысшы құралы және олардың құрылымдық ерекшелiктерi.

  4. Бiр винттi қоректендiргiш құрылғының максималды және минималды өнiмдiлiгi.

  5. Роторлы ұсақтағыштың өткiзу қабiлеттiлiгi.

  6. Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған машиналарды құрастыру ерекшелiктерi.


Қолданылған әдебиеттер.

Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971



Дәріс 5. Өнімдерді илеу және араластыру машиналары.
Дәріс жоспары.

1. Араластыру тәсілдері.

2. Араластырғыштардың түрлері

3. Фаршараластырғыштар.
Материалдарды араластыру үшін әртүрлі араластырғыштар, миксерлар және жұмысшы органдардың көмегімен компоненттерді ыдыстың барлық көлемінде біртекті етіп араластыратын құрылғылар қолданылады. Араластыру процесі тамақ және ет–сүт өндірісінде әртүрлі эмульсия және суспензия, сонымен қатар жентектелген ет, қамыр, тәттілер массасын дайындауда кеңінен қолданылады.

Сұйық орталарды араластырудың негізгі үш тәсілі болады:

1) механикалық - әртүрлі құрылысты араластырғыштар жәрдемімен;

2) пневматикалық - сығылған ауа немесе инертті газдар жәрдемімен;

3) циркуляциялық - насостар немесе соплалар жәрдемімен.

Ауамен және циркуляциялық араластыру тәсілдері жоғары тиімділікті болып келеді, бірақ мынадай кемшіліктері бар:

1) салыстырмалы түрде көп энергия шығыны;

2) ауамен араластырғанда тамақтың /ашу/ тотығу мүмкіншілігі немесе оның жылжымалық фазасының булану мүмкіншілігі.

Араластырудың тамақ өндірісіндегі кең тараған тәсілі – механикалық араластыру. Механикалық араластыру әртүрлі құрлысты қалақтары бар араластырғышпен /рамалы, қалақты, пропеллері, турбиналы, жалпақ қалақты т.б./ жүргізіледі.

Араластыру тәсілдерін, ыдыстың немесе араластырғыштың түрін, конфигурациясын, қалақшалардың формасы мен қозғалыс жылдамдығын араластырылатын массаның жағдайына, түріне және басқа факторларға байланысты таңдайды.

Сұйықта барлық массаның қозғалысында араластыру жүрмейді, сондықтан ыдыстың қабырғасында қозғалмайтын қалақшалар орнатады (1 сурет)

Кеңінен қолданылатын тағы бір түрі қалақшалары көлденең, тігінен және көлбеу орналасқан комбинирленген рамалы құрылысты араластырғыштар (2 сурет).


Араластыру процестің жүру сапасы - араластырудың тиімділікпен қолданылуында және оның жүруі үшін қойылған мақсаттың орындалуында, сонымен қатар араластыру сапасы араластырғыш құрылғылар мен аппараттың құрылысына және араласатын сұйыққа берiлетiн энергия шамасына байланысты болады.

Фаршараластырғыштар екіге бөлінеді:



  • барабанды,

  • қалақшалы

Фаршараластырғыш келесідей негізгі жұмысшы органдардан тұрады: тұрқыдан, араластырғыш астаудан, қақпақтан, араластырғыш шнектер мен жетектен. Тұрқы пісіріл қосылған қаңқадан тұрады, барлық жағынан облицовалық қаңылтырлы темірмен қапталған. Қаңқа ішінде араластырғыш шнектер орналасқан және жетектер буынтықты және цилиндрлі тісті берілістерден тұрады, бұларға айналыс сыналы белдік арқыл электрқозғалтқыштан беріледі. Тұрқыға арластырығыш астау бекітілген, оның ішінде екі араластырғыш шнек орналасқан. Фаршараластырғыштың шнекттері жетекші және жетектегі шнектер болып бөлінеді. Оларға айналыс электрқозғалтқыштан сыналы белдік арқылы буынтықты беріліске беріліп одан жетекші шнектен жетектелуші шнекке цилиндрлі тісті берілістер көмегімен бір-біріне беру арқылы жүзеге асырылады. Қаңқаның басқа бүйір қабырғасында фаршты түсіріуге арналған люк орналасқан, ол фарш түсіруге арналған. Люктың шетшеті нығыз жабылуы үшін резеңке салынған және ол арнайы тұтқа арқылы бекітіледі. Араластырғыш астауды үстінен қақпақ арқылы жабады. Араластырғыш астау және қақпақ 9Т18НХ маркалы болаттан дайындалған. Фаршараластырғыш басқару пульт көмегімен жүзеге асырлады. Фарш машинананың араластырығыш астауына қолмен немесе арнайы құрал жабдықтардың көмегімен арнайы компоненттерді қоса отырып жүктеледі. Араласқан фарш люкті ашу арқылы түсіріліп алынады.

Араластырғыш өнімділігі :



;

мұндағы t=45мин – араластыру процесінің ұзақтығы .

tмин – қосалқы операциялардың ұзақтығы .

G – бір жолғы толтыра артудың массасы көпшілік науада араластырғыштың өнімінің кг да

G=V∙ρ;

мұндағы ρ – араластырғыштың өнім тығыздығы, кг/м3 т.е. еттің ұсақталған тығыздығының зырылдауық есіктердің диаметрі шарбақта 3 мм ρ=1070 кг/ м3 , ([3]оқу табл.. 3-37).


Өзінді тексеруге арналған сұрақтар

1. Араластыру дегеніміз не?

2. Араластырғыштарды таңдау.

3. Сұйық орталарды араластыру әдістері.

4. Механикалық араластырғыштар.

5. Олардың жұмыстарының негіздері және құрылғылары.

8 Фаршараластырғыштар

7. Араластыру тиімділігін бағалау.


Ұсынылатын әдебиет:

Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971



Дәріс 6. Жуу машиналары мен қондырғылары.

Дәріс жоспары:



1.Жуу процесіне әсер ететін факторлар.

2. Көкөніс жуатын машиналар

3. Ыдыс жуатын машиналар.

4. Негізгі есептеулері
Тамақтану кәсіпорындарында көкөністер, жемістер, ет, балық, асханалық құралдар мен ыдыстар және басқа сиымдылықтар жуылады.

Жуу процесі 2 түрлі тәсілмен жүргізіледі:



  • гидравликалық

  • және гидромеханикалық.

Гидравликалық тәсілде өнімнің сыртқы бетін жуу су ағынымен, ал гидромеханикалық процесте су ағынынан басқа жуу машиналарындағы жұмысшы органдардың әсерімен жуылады.

Жуу процессіне екі үлкен фактор әсер жасайды:



  1. үлкен қысыммен соққан судың әсері және

  2. механикалық әрекеттер.

Олар келесі үш топтан тұрады:

  1. щеткамен тазалау

  2. ірі кесекті өнімдердің аударылып аунап бір-біріне үйкелісу, бір-біріне қажалу

  3. қатпарлар арқылы немесе қабырғалар арқылы ірі-кесек өнімдердің үйкеліп сырғанау, қажалу ығысылу тәсілдері болады.

Жылу мен салқын судың, будың энергиялық шығынын азайту үшін қатты кірлеген өнімдер мен тағамдар алдын-ала суға малынады, бұдан кейін өнімнің үстіне тозандатып су шашылады.

Жуғыш машиналарға қойылатын техникалық талаптар



  1. олар әбебап болу шарт

  2. су мен энергияның шығыны аз болу керек

  3. жуған өнім бұзылмау керек, оның массасы азаймау керек

  4. өнім жуғыш машинаның ішіне механикаландырылған түрде түсіп шығуы керек

  5. жуғыш машиналарды құрастырғанда немесе жобалағанда стандартты бөлшектер мен тораптардан құрастыруы шарт

  6. жуғыш машиналардың өлшемдері және массасы тым үлкен болмауы керек.

Жуғыш машиналардың жіктелуі.

  1. Жұмыс істеу цклына байланысты 2 топқа бөлінеді

а) толасты және б) толассыз

  1. Жуғыш машиналардың жуынатын өнімі бойынша келесі топтарға бөлінеді:

а)малдын жартылай ұшаларын жуатын машиналар

б)малдың ұшаларын жуатын машиналар

в)кесек өнімдерді жуатын машиналар

г) көкөніс жеміс жидектер жуатын машиналар

д)жұмыртқа жуатын машиналар

е)әр түрлі ыдыстарды жуатын машиналар.

Тамақ өндірісі кәсіпорындарында ең бір қиын жұмыстардың бірі адыс-аяқтарды жуу. Жуу процесінің негізгі операциялары болып ыдысты тамақ қалдықтарынан тазалау, жуу ерітінділерімен жуу, бір немесе екі рет шаю және кептіру. Ыдыстар тамақ қалдықтарынан су ағындарының көмегімен тазаланады.

Ыдыс жуатын машиналар 5 топқа бөлінеді:

а) шыны банкі жуғыш машиналар

б) темір, қаңылтыр банкілерді жуғыш машиналар

в) шұжық ілетін таяқтарды жуатын машиналар

г) алюминді тазиктерді жуатын машиналар

д) лоток, жәшік, бөшке және тағы басқа ыдыстарды жуатын машиналар.


  1. Жұмыс құралы бойынша жуатын машиналар келесі 5 топқа бөлінеді:

а) барабанды жуғыш машиналар

б) щеткалы жуғыш машиналар

в) ұрғыш жұмыс құралдары бар жуғыш машиналар

г) білікті жуғыш машиналар

д) суды тозаңдатып, шашыратып жуатын машиналар.

Құбырдан аққан сұйықтың шығыны Бернулли теңдеуінің көмегімен анықталады



НГ + НСТ + Н0 = const
мұнда, НГ – геометриялық арын, , м;

НСТ – статикалық арын, м;

Н0 = υ/2g – жылдамдық арыны, м.

Көкөністерді тербелмелі жуу машиналарының өнімділігі



мұнда - шнек орамдарының арасындағы қима ауданы,



- өнімнің орташа жылдамдығы

- өнімнің тығыздығы

- жұмысшы камерасын өніммен толтыру коэффициенті.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар

1. Жуу процесі неше түрге бөлінеді?

2. Жуғыш машиналарға қандай талаптар қойылады?.

3. Жуу машиналары қалай жіктеледі?

4. Ыдыс жуу машиналары неше топқа бөлінеді?

5. Көкөністерді тербелмелі жуу машиналарының өнімділігі қалай анықталады?


Ұсынылатын әдебиет:

Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971



Дәріс 7. Әртекті орталарды ажыратуға арналған машиналар.

Әртекті жүйе екі және оданда көп фазалардан құралған болады. Бұл фазалардың біреуі дисперсионды немесе сыртқы фаза болып, оның ішінде басқа фазалардың бөлшектері таралған болады. Бұл таралған бөлшектерді дисперсті немесе ішкі фаза деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет