Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Дата22.02.2016
өлшемі326 Kb.
#92
түріБағдарламасы




Қазақ тілі. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін байқау нұсқасы). – Астана, 2015. – 28 б.

Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған


Мазмұны

4 «Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар 6

5 «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер 7

6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру 10

7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі 10

8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту 11

9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы 12

1. «Қазақ тілі» пәні мазмұны 14




I Жалпы мәлімет
1 «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл – еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым-қатынастың ұйытқысы. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу – Қазақстанда тұратын барлық халықтың негізгі міндеті. Тіл – халықтың жеңістері мен жетістіктерінің, ұлттық құндылықтары мен өмір сүру салтының көрінісі.

Мектепте оқытылатын «Қазақ тілі» пәні білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, өмірге бейім, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге негіз қалайды. Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен көп тілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде. Әрбір қазақстандықтың үш тілді қатар білуіне арналған тіл саясатына сәйкес, сол үдерістің өзегі болып табылатын мемлекеттік тілді оқыту үдерісін жетілдіруді қажет етеді.

«Қазақ тілі» пәніне арналған бағдарлама білім берудің ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға негіздей отырып, еліміздің алға қойып отырған іргелі міндеттеріне сай және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерді, ұлттардың бейбітшілік пен келісім өмір салтын қалыптастыру саясатын ұстану қағидаларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әрі сапалы жүйелерін қалыптастыруды көздейді.

Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту, оқушылардың сыни тұрғыдан және ойлау дағдыларын қалыптастыру, олардың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени орталарда тілдік шектеуді сезінбей, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу - негізгі ұстаным болып табылады.

Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, өлеңдер жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау т.б. белсенді әдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қоры жетілдіріледі. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері және қоршаған ортаны қабылдауға қатысты психологиялық жай-күйі ескеріледі.
2 «Қазақ тілі» пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру.

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын, басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсуді және оқушының ойлау қабілеті мен дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін, қазақ халқының салт-дәстүрін, қазақша сөйлеу әдебін, қазақ әдебиеті үлгілерін меңгертуді көздейді және алған білімдерін өмірдің қажетті жағдаяттарына сай қолдана білуге үйретеді.

«Қазақ тілі» пәні оқушыларды қазақша өз ойын, сезімін білдіруге, танып-білген нәрселерін қазақша санасына түюге, пікір алысуға, оқыған, көрген не білген нәрселері туралы достарымен, үлкендермен өз ойымен бөлісуге, армандары мен мақсаттары туралы ойын еркін жеткізіп айта білуге, репродуктивтік, продуктивтік, проблемалық, шығармашылық жаттығуларды орындата отырып үйретеді. Аудиовизуалды оқу материалдарын тыңдап, түсініп, көріп, түсініп, берілген мазмұндағы негізгі ойды анықтайды және оған қатысты өз көзқарасын ауызша немесе жазбаша түрде білдіреді. Көркем-әдеби, ақпараттық-танымдық сипаттағы мәтіндерді өзінің оқу мақсатына сай іріктеп, оқу тапсырмасы бойынша талдаулар жасап, ой қорытындысын жасауға үйренеді, қысқа мәтіндерді жазуға дағдыланады.

Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) негізге алып айқындалған және әр деңгейдің соңында күтілетін нәтижелер берілген.

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру.

«Қазақ тілі» пәнін оқу арқылы оқушылар:



  • мемлекеттік тілге құрмет сезімін және Қазақстан халқына деген сыйластық сезімін қалыптастырады;

  • қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгереді;

  • қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастырады;

  • сөздерді тіркестіру және жай сөйлемдер құру, айту біліктері негізінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасады;

  • жалпы дүниетанымдық қабілеттерін дамытады;

  • тұрмыстық, оқу, әлеуметттік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени салаларда туындайтын түрлі сөйлеу жағдаяттарына сай қарым-қатынас жасауға дағдыланады;

  • меңгерген қазақша тілдік білім мен коммуникативтік іс-әрекеттеріне сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түседі;

  • қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді;

  • тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады.




3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, коммуникативтік, лингвистикалық құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.

Бұл мақсатқа жету үшін білім беру ұйымдары үш тілді оқытуды жүзеге асырады.

1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.

Үштілді оқу оқушының сөйлеу әрекетінің (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) түрлерін дамыту арқылы қазақша еркін және сауатты сөйлеу, жазу коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Мектептердің үштілді оқыту бағыты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.

Үштілді оқыту бағытының жүзеге асырылуы «Қазақ тілі» пәні бағдарламасының келесі тармақтарында көрсетілген:



  • «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ), мұғалімнің пәнді меңгертуге қажетті тілдік білім мен дағдыларды қалай жетілдіретіндігі анықталған.

  • «Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8-тармақ), мұғалімдердің, пән арқылы сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлерін жоғары деңгейде қалай дамытатыны сипатталған.

  • «Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы» тармағында (9-тармақ) бағалау тілі белгіленген.


4 «Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:




Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1-сынып

2 сағат

66 сағат

2-сынып

2 сағат

68 сағат

3-сынып

3 сағат

102 сағат

4-сынып

3 сағат

102 сағат









Сабақ барысында әртүрлі (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерін ұйымдастыру үшін оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ кітап сөрелері, стендтер және оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған орын болуы міндетті.

«Қазақ тілі» пәнін сапалы, тиімді оқытуда қолайлы жағдай туғызуға қажетті құрал-жабдықтар:

  • шектеусіз интернет;

  • компьютерлер немесе ноутбуктер;

  • құлаққаптар;

  • жылжымалы тақта;

  • интерактивті тақта;

  • флип-чарт;

  • маркерлер;

  • ламинатор;

  • есту-бейне материалдары ;

  • дидактикалық материалдар;

  • шағын және көлемді жеке суретті кітаптар;

  • сөздіктер (аударма, түсіндірмелі, орфографиялық, орфоэпиялық т.б.);

  • оқушыларға арналған энциклопедиялар;

  • жас ерекшелігіне сай әдебиеттер, қазақ ауыз әдебиеті материалдары;

  • жас ерекшелігіне сай журналдар;

  • шағын және орта көлемді сюжетті кітаптар;

  • бастауыш мектепке арналған көркем әдебиеттер қоры;

  • постерлер;

  • ұлттық киімдегі қуыршақтар (сахналық көріністер үшін);

  • ұлттық киімдер, сахналық киімдер, декорациялар;

  • ұлттық ойынға қажетті жабдықтар.


5 «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер

ҚР білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей т.б.) оқу үдерісінде «білім алу жолдарын білетін», өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.



Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі оқыту стратегияларын қолдану арқылы қалыптастырады және дамытады. Атап айтқанда, олар: диалогтік негіздегі мұғалім мен оқушының өзара біріккен оқу-танымдық іс-әрекеті үдерісін ұйымдастыру;

  • мұғалім мен оқушының «субъект-субъектілік» дидактикалық қатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;

  • оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану;

  • оқу проблемаларын шешудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен құру және көрсету;

  • оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту үшін оны қолданудың маңыздылығын мойындау, соның негізінде білім беру мен білім алу үдерісін ынтымақтасқан білім алмасу үдерісіне айналдыру;

  • өмірдің түрлі салаларына байланысты тілдік және сөйлеу жағдаяттары мұқият іріктелген тапсырмалар мен оқу іс-әрекет түрлерінің көмегімен оқушыны қазақ тілін өз бетімен үйренуге ынталандыру;

  • оқу ойындарын қолдану;

  • ойын және зерттеу әдісі;

  • қазақ ұлттық салт-дәстүрлерінен, қазақ фольклорынан театрландырылған үзінділер бойынша рөлдік ойындарды қолдану;

  • қоғамдық ресурстарды (кездесулер, саяхатқа шығу) үйлесімді пайдалану;

  • оқушылардың білім алуына «Оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;

  • жоба әдісі негізінде оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс-тәсілдеріне негізделген белсенді оқуын марапаттау;

  • сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • жеке және жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімділікпен қолдану.

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (интерактивтік тақта, компьютер, телефон, теледидар т.б.) орнымен қолдану арқылы оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын үнемі арттырып отыруды қамту .

  • «Қазақ тілі» пәнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар:

  • қазақ тілінен оқушылардың ауызша сөйлеу және жазу бойынша функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

  • оқушының қатесі үшін жазалап оқытуға болмайды, қателерін түзету үшін оқыту керек;

  • оқушы мен мұғалім арасында сыйластық әрі ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру;

  • оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, коммуникативтік іс-әрекет түрлерін меңгертуде арнайы деңгейлік тапсырмалар жүйесін қолдану;

  • жоба әдісін қолдана отырып, топтық жұмысқа жағдай туғызу, топта өзге топ мүшелерімен еркін жұмыс жасауға баулу (мысалы: әр балаға топтың белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау);

  • өз ойларын еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру;

  • тапсырмаларды өмірлік шынайы жағдаяттармен байланыстыра отырып қолдану және өз бетінше білімін жетілдіруге баулу;

  • түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын оқу дағдыларын қалыптастыру;

  • өзіндік ізденіс пен қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды орындау;

  • «Не білемін? Не білгім келеді? Нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру; рефлексиялық жаттығулар орындату;

  • оқушылардың біліміне жүйелі мониторинг жүргізу;

  • оқушының өз білімін жетілдіру және бағалауға ынталандыратын мүмкіндіктер жасау;

  • оқушыға алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.


Үш тілді оқытуға сәйкес пән мұғалімдерінің тілді меңгеруін қолдауы

ҚР білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей т.б.) қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытатын мұғалімдер үш тілді оқытуды жүзеге асыруда тілді деңгейлеп меңгерту арқылы жеке тұлғалық, әлеуметтік және білімдік мақсаттардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Қазақ тілі пәнін оқытуда әрбір жаңа тақырыпты үш тілді оқыту аясындағы ағылшын және орыс тілдерінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлердегі ұқсастығы мен айырмашылықтарын салыстыра отырып меңгертуге басты назар аудару керек. Мұғалім осылай, оқу үдерісінде оқушылардың үш тілді тең дәрежеде қатар үйренуіне әдістемелік тұрғыдан мүмкіндік туғызады. Қазіргі кездегі қазақстандық ортада пайда болып жатқан көптеген жаңа құбылыстар, жаңалықтардың көпшілігі көне латын тілінде, ағылшын тілінде аталатыны белгілі. Осы тұста мұғалім оны үштілділік бағытта тануға пайдалана алуы тиіс. Оқушылардың компьютерді, телефонды, интернетті еркін пайдалануы – қазақ тілі сабақтары үшін тек мол ақпарат алу мақсатында ғана емес, үш тілді үйренудегі ортақ нүктені табуға, тиімді қолдануға да тірек болуы керек.

Басқа пәндердің мазмұнын меңгертуде мемлекеттік тілді дұрыс қолдану пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, жыл мезгіліне байланысты бір тақырыпты жан-жақты талдау, себеп-салдарын түсіндіру, фактілер мен көзқарасты ажырату, қарама-қайшы тақырыпты талқылау кезінде оқушылар қазақша өз ойын жүйелеуге, түрлі ақпарат ресурстарынан алған мәліметтерін бағалауға, өзгелерге өзі білетін ақпаратты анық, түсінікті жеткізуге дағдылануы керек. Бұл оқушылардың басқа пәндер бойынша да қазақ тілімен қатар ағылшын және орыс тілдерін меңгеруде жетістікке жетуін қамтамасыз етеді.

Ал қазақ тілі мұғалімі басқа пәндер мазмұнына сәйкес тақырыптарды, мәтіндерді, тапсырмаларды пайдалану арқылы пәнаралық байланысты дамытады. Қазақ тілі мен басқа пәндер мұғалімдері арасында пайдаланатын мәтіндер мен тапсырмаларды орындату негізінде оқушылар арасында өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылады. Сонымен қатар, тіл мұғалімдері үш тілді үйренудегі басқа да қосымша қажеттіліктерді анықтау үшін барлық пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болады.


6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру

Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктерді қажет етеді. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың әлеуметтік және кәсіби ортада, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасында мыналар қамтылған:


  • Қазақстан Республикасы үшін, Отаны үшін мақтаныш пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

  • Қазақстанның бас қаласы – Астана қаласы туралы білімін кеңейту;

  • қазақ тілі арқылы қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне құрмет сезімін қалыптастыру;

  • Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына құрметпен қарай білу және ұлттық мәдениеттерді құрметтей білуге үйрету;

  • өзгенің пікіріне, көзқарасына, наным-сенімі мен әдет-ғұрпына, идеяларына сыйластық пен төзімділік көрсету қасиетін қалыптастыру;

  • оқушының көптілді, көпмәдениетті қоғамда өзін еркін сезінуі, өз пікірі мен өзгелердің пікірін, өз көзқарасы мен өзгелердің көзқарасын салыстыра отырып, өз ойын ашық жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру;

  • Қазақстан халқының келісімі мен ұлтаралық бірлікті сақтауды қолдау;

  • көп ұлтты қоғамда өмір сүру қабілетін қалыптастыру.

Осы аталған құзыреттіліктер тілдік жағдаяттар мен көркем шығармаларды оқу және белсенді оқу әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы қалыптастырылады.

7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыруда, өз бетімен іздену және зерттеу жұмыстарында сандық технологияларды жұмыс барысында орынды қолдана білуге үйретеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолданудың негізгі дағдылары арқылы қалыптасады.

Бастауыш мектепте АКТ-ны қолдану дағдылары ақпарат іздеу және дайындау, ақпаратпен алмасу, өз жұмысын бағалау және жетілдіру, алуан түрлі жабдықтар мен бағдарламалық қосымшаларды пайдалану арқылы дамытады.

«Қазақ тілі» оқу бағдарламасында ол төмендегідей жұмыстар негізінде іске асырылады:



  • қазақ тілі сабақтарында және сабақтан тыс кезде интернет ресурстарымен жұмыс (мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау);

  • онлайн сабақтарында инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды жүйелі түрде қолдану;

  • мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға көшу (Word, PowerPoint, электрондық тренажерлер, электрондық оқу құралдары, электрондық тестілеу т.б.);

  • ақпаратты өңдеп, баспа және электронды түрде сақтау үшін жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;

  • электронды оқулықтарды пайдалану;

  • «подкаст» жасау;

  • тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану;

  • ақпаратты саралау, зерттеу.






8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

ҚР білім беру ұйымдарына (мектеп, гимназия, лицей т.б.) арналған қазақ тілі пәні бойынша кіріктірілген оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі қауымдастықта тиімді қарым-қатынас жасауға қабілетті әлеуметтенген тұлғаны, азаматты, қазақша тілдік тұлғаны тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қазақша сөйлеу-сөйлесу, жазу түріндегі қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру қажет. Мұндай ортада оқушының тілдік тұлғасы өз ойын қазақ тілінде ауызша және жазбаша түрде еркін білдіре алатындай болуы үшін түрлі формадағы қатысым түрлерін үйрету маңызды болып табылады. Оқу бағдарламасы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуды көздейді.

Бағдарлама оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен қазақша қарым-қатынас жасау барысында қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу түрлерін сауатты пайдалануын қамтамасыз етеді.

«Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым мен айтылым әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:


  • тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар қоя білу;

  • таныс немесе оқушыларға қызықты тақырыптар бойынша анық, түсінікті сөйлеу;

  • алдын ала құрастырылған сұрақтар арқылы біреумен сұхбат жүргізу (мысалы, мұғалімнен бір күні жөнінде сұхбат алу) және алынған жауаптар бойынша ауызша есеп беру;

  • белгіленген тақырып бойынша пікірталасқа түсу\дәйектеу (мысалы, «Уақытты тиімді пайдаланып жүрміз бе?)

  • бір оқиғаны ым-ишарат қолдану арқылы жұпта немесе топта жазуға дайындалу;

  • ауызша айтылғандарды түсіну және соған сәйкес сұрақтарға жауап бере білу;

  • берілген тақырыпқа диалог құрастыру;

  • экскурсия бойынша күтілетін нәтижені талқылау (мысалы, кітапханаға барғанда алған әсерлері туралы ой бөлісу).

«Қазақ тілі» пәнінде оқылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • көз жүгірте оқу, шолу жасай отырып оқу, мағынасы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу, ақпаратты алу үшін оқу, қызыға оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу;

  • мәтіннің басы немесе тақырыбы бойынша оқиғаның дамуын болжау;

  • интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар дайындау);

  • әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа арналған сұрақтар мен жауаптар дайындау);

«Қазақ тілі» пәнінде жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • қысқаша хабарлама жазу;

  • тыңдалған\ оқыған мәтін мазмұнын қысқаша жазу, көрген фильмі немесе оқыған кітабынан алған әсерін сипаттап жазу;

  • белгіленген суреттер, диаграмма түрінде ақпарат ұсыну;

  • сұхбат нәтижесінің қысқаша есебін жазу;

  • сұхбатқа сұрақтар дайындау.



9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы

«Қазақ тілі» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім беру мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін бағалау үрдісі.

Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы (ағымдық) бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.

Қалыптастырушы бағалау - бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру кезенде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін және күнделікті сабақта және/немесе үйде жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін анықтайтын және оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын бағалау.


Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқау бойынша оқу бағдарламасының бөлімдерін меңгерудегі дағдаларының қалыптасуы және меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.

2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық баға 1-4 тоқсан кезінде қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі және жылдық баға қалыптастырушы мен ішкі жиынтық бағалаудың белгілі пайыздық үлесіне байланысты қойылады.

3-4 сыныптарда оқушылардың оқу нәтижесі төмендегідей түрде көрсетіледі:

- қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен әр тоқсанның соңында қойылатын тоқсандық баға түрінде;

- төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен пән бойынша қойылатын жылдық баға түрінде.

ІІ «Қазақ тілі» пәні мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі


1. «Қазақ тілі» пәні мазмұны

Бағдарлама «Біз пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» деген негізгі қағидаларды қарастырады. Пән бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Оқытудың мақсаттары әр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.







1-5 сыныптар



Бөлім

Бөлімше

1

Тыңдалым

1.1 Хабарлама мазмұнын түсіну

1.2 Лексикалық бірліктердің мағынасын түсіну

1.3 Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды анықтау

1.4 Аудиовизуалды материал мазмұнын түсіну

1.5 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсіну

2

Айтылым



2.1 Лексикалық қорды меңгеру

2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу және тіл нормасын сақтау

2.4 Тыңдалған мәтінді мазмұндау

2.5 Аудиовизуалды материалдар бойынша тіл дамыту

2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша өзіндік көзқарасын білдіру

3

Оқылым

3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.2 Мәтін мазмұнын түсіну

3.3 Жанр түрлерін анықтау

3.4 Сұрақтар қоя білу және жауап беру

3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат алу

4

Жазылым

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

4.2 Тыңдаған/оқыған материал негізінде жазу

4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау

4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

5.

Тілді қолдану

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

5.2 Орфографиялық нормаларды сақтау

Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.1. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «1» - оқу мақсатының реттік саны.



2 Оқу мақсаттарының жүйесі

1.Тыңдалым


Бөлімше

1-сынып

1А деңгей

бастапқы


2-сынып

1А деңгей

орта


3 –сынып

1А деңгей

жоғары


4-сынып

А2 деңгей

бастапқы


1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану

1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)

2.1.1.1 Ауызекі тіл және аудиовизуалды материалды тыңдау және қарапайым фразаларды түсініп қайталау

3.1.1.1 Ауызекі тіл және аудиовизуалды материалды тыңдау және жеке фразалардың мағынасын анықтау үшін сұрақтар қою

4.1.1.1 Ауызекі тіл және аудиовизуалды материалды тыңдау және басқа формада өзгертіп айту


1.2

Лексикалық бірліктердің мағынасын түсіну





1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну



2.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсіну

3.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндерді түсіну

4.1.2.1 Құрамында таныс емес сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын контексте анықтап түсіну

1.3 Хабарлама мазмұнын түсіну

1.1.3.1 Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдау

2.1.3.1 Хабарламаны тыңдау және сұрақтарға жауап беру, түсінгенін хабарлама мазмұнына сәйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдау арқылы көрсету

3.1.3.1 Хабарламаны тыңдау, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оқиға желісі бойынша суреттерді орналастыру, кесте толтыру

4.1.3.1

Хабарламаны тыңдау, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және негізгі тұстарын анықтау





1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну

1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенін түсіну


2.1.4.1 Тыңдалған материал мазмұнын түсіну және кейіпкерлер, оқиға ретін анықтау

3.1.4.1 Тыңдалған материал бойынша себеп-салдар байланысын анықтау, (негізгі ой, кейіпкерлер, оқиға)

4.1.4.1 Тыңдалған материалдағы негізгі ойды анықтау

1.5 Аудиовизуалды материал мазмұнын түсіну

1.1.5.1 Тыңдаған шағын мәтінді қаншалықты түсінгенін қимыл мен қысқа жауап арқылы білдіру және сұрақ қою

2.1.5.1 Аудиовизуалды материалдардағы оқиғалардың мәнін түсіну және мазмұны бойынша сұрақтар қою, сипаттама беру

3.1.5.1Аудиовизуалды материалдардағы оқиғалардың мазмұнын түсіну және кейіпкерлер туралы сұрақтар қою және оларды сипаттап жауап беру

4.1.5.1 Аудиовизуалды материал мазмұны бойынша негізгі ойды анықтауға жетелейтін сұрақтар қою және телебағдарлама үзіндісіндегі музыка, сөз және бейнелердің маңызын анықтау



  1. Айтылым

Бөлімше

1-сынып

1А деңгей

бастапқы


2-сынып

1А деңгей

орта


3 –сынып

1А деңгей

жоғары


4-сынып

А2 деңгей

бастапқы


2.1

Лексикалық қорды меңгеру



1.2.1.1 Танысу, өзі туралы айту, затты сипаттау үшін таныс сөз және сөз тіркестерін қолдану

2.2.1.1 Ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме айту үшін сөз және сөз тіркестерді қолдану

3.2.1.1 Сөйлеу барысында мәтін тақырыбына сәйкес арнайы лексиканы қолдану

4.2.1.1 Әңгімені қолдау үшін қажетті сөздерді қолдану

2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу


1.2.2.1 Сурет бойынша 2-3 сөйлем сөйлем құрастыру

2.2.2.1 Сюжетті сурет бойынша сөйлеу


3.2.2.1 Мұғалім ұсынған тақырып бойынша сөйлеу

4.2.2.1 Берілген мәтіннің басталуы бойынша жалғастырып сөйлеу

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу және тіл нормасын сақтау


1.2.3.1 Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру

2.2.3.1 Белгілі тақырыпта тілдік нормаларды сақтап диалогке қатысу және сұхбаттасын түсіну

3.2.3.1 Белгілі тақырыпта тілдік жағдаяттарға қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

4.2.3.1 Белгілі тақырыпта тілдік жағдаяттарға қатысу, сұхбаттасын түсіну және оның сөзін нақтылау, анықтау, өз сөзімен айтып беру

2.4

Тыңдалған мәтінді мазмұндау



1.2.4.1 Қарапайым оқиғаларды (мәтінді) мазмұндау

2.2.4.1 Таныс сөздерді қолдану арқылы оқиға желісін сақтай отырып, шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды баяндау

3.2.4.1 Тыңдаушының қызығушылығын туғызу мақсатында өлеңді мәнерлеп оқу немесе әңгімені толық мазмұндау

4.2.4.1 Алдын ала дайындалған жоспар / өз жазбаларын қолданып әңгімені, оқиғаны мазмұндау

2.5

Аудиовизуалды материалдар бойынша тіл дамыту




1.2.5.1 Қысқа фильмдер мен тыңдалым материалдарының сюжетін өз сөзімен сипаттау

2.2.5.1 Фильмдер мен тыңдалым материалындағы фразаларды қолданып көрген сюжетін сипаттау

3.2.5.1 Фильмдер мен тыңдалым материалындағы оқиғаларды өз тәжірибесімен салыстырып сипаттау

4.2.5.1 Фильмдер мен тыңдалым материалдарындағы оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіру

2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін білдіру

1.2.6.1 Тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) білдіру

2.2.6.1 Тыңдаған/оқыған материалды (ақпарат, кейіпкер, оқиға) салыстыру арқылы қарапайым пікір білдіру (мен ...ойлаймын, мен ... санаймын)

3.2.6.1 Тыңдаған/ оқыған материал бойынша өз көзқарасын білдіру ( маған ... сияқты, менің шамалауым бойынша)



4.2.6.1 Тыңдаған/оқыған материал бойынша өз көзқарасын білдіру (менің ойымша, менің көзқарасым)




  1. Оқылым




Бөлімше

1-сынып

1А деңгей

бастапқы


2-сынып

1А деңгей

орта


3 –сынып

1А деңгей

жоғары


4-сынып

А2 деңгей

бастапқы


3.1 Оқу түрлерін қолдану

1.3.1.1 Таныс сөздерді тұтас оқу

        1. Мәтінді қатесіз және мәнерлі дауыстап оқу



3.3.1.1 Мәтін немесе оның бөлімдерін оқу түрлерін қолданып (рөлге бөліп оқу, мәнерлеп оқу)


4.3.1.1 Мәтін немесе оның бөлімдерін оқу түрлерін қолданып (рөлге бөліп оқу, терме оқу) мәнерлеп оқу

3.2 Мәтін мазмұнын түсіну

1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну

2.3.2.1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

О1.3.1 Таныс сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіннің негізгі тұстарын түсіну

О1.4.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіннің негізгі тұстарын түсіну

3.3 Жанрды және мәтін түрін анықтау


1.3.3.1 Өлең, жұмбақ және ертегілерді ажырату

2.3.3.1 Өлең, жұмбақ, ертегі және әңгімелерді ажырату

3.3.3.1 Өлең, жұмбақ, ертегі, әңгіме және мақал-мәтелдерді ажырату,

әңгімелеу/сипаттау мәтінін анықтау



4.3.3.1 Өлең, жұмбақ, ертегі, әңгіме, мақал-мәтелдерді және жаңылтпаштарды ажырату,

пайымдау мәтінін анықтау



3.4

Сұрақтар қоя білу және жауап беру




1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша?) сұрақ қоя білу

2.3.4.1 Мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақ қоя білу және жауап беру

3.3.4.1 Мәтін мазмұны бойынша және кейіпкерлер іс-әрекеті туралы анықтаушы (қандай? қай? қашан? қайда?) сұрақтар қоя білу және жауап беру


4.3.4.1 Мәтін мазмұны бойынша және кейіпкерлер іс-әрекеті туралы бағалау (неліктен? не үшін?) сұрақтарын қоя білу және жауап беру

3.5

Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу



1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерден тауып алу

2.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалардан қажетті ақпаратты тауып алу

3.3.5.1 Сөздіктер, энциклопедия және анықтамалықтан қажетті ақпараттарды іздеу жолын білу және тауып алу

4.3.5.1 Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу




  1. Жазылым

Бөлімше

1-сынып

1А деңгей

бастапқы


2-сынып

1А деңгей

орта


3 –сынып

1А деңгей

жоғары


4-сынып

А2 деңгей

бастапқы


4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну


1.4.1.1 Берілген суретке (зат) қатысты сипаттау сөздерін жазу

2.4.1.1 Берілген иллюстрация бойынша сипаттау сөзін қолданып сөйлем құрастырып жазу


3.4.1.1

Тақырыпқа сәйкес сөз бен сөз тіркестерін қолданып сөйлем және қарапайым постер құрастыру




4.4.1.1 Оқиғаларды комикс түрінде ұсыну


4.2

Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазу




1.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған/ тыңдаған/аудиовизуалды материалдар бойынша таныс заттардың атауын жазу

2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған/ тыңдаған/аудиовизуалды материалдар бойынша сөз тіркестерін жазу

3.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған/ тыңдаған/аудиовизуалды материалдар бойынша қысқа жазбалар жазу

4.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған/ тыңдаған/аудиовизуалды материалдар бойынша шағын мәтін жазу

4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау

-

2.4.3.1 Мұғалімнің көмегімен жай сөйлемнің тыныс белгілерін қолдану

3.4.3.1 Жай сөйлемнің тыныс белгілерін қолдану

4.4.3.1 Шағын мәтін құрастыруда сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану

4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

1.4.4.1 Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазу

2.4.4.1 Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін, олардың сөздегі байланысын, көлбеу жазуды сақтауға дағдылану


3.4.4.1 Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін, көлбеу жазуды үйрену, үзбей жазу арқылы жазу техникасын жетілдіру

4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларды сақтау және ритмикалық үзбей жазу арқылы жазу техникасын жетілдіру




5. Тілді қолдану

Бөлімше

1-сынып

1А деңгей

бастапқы


2-сынып

1А деңгей

орта


3 –сынып

1А деңгей

жоғары


4-сынып

А2 деңгей

бастапқы


5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)



1.5.1.1 Мұғалімнің көмегімен заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздердің мағынасын түсіну, жазбаша және ауызекі тілде қолдану


2.5.1.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздер мен үстеу сөздердің мағынасын түсіну, жазбаша және ауызекі тілде қолдану

3.5.1.1 Зат есім, сан есім, сын есім, етістік, үстеу сөздің мағынасын түсіну, жазбаша және ауызекі тілде қолдану


4.5.1.1 Зат есім, сан есім, сұраулық шылаулар, үстеу сөздің мағынасын түсіну, жазбаша және ауызекі тілде қолдану


1.5.1.2 Сөйлеу барысында көптік/тәуелділік/ жіктік /септік жалғауларын мұғалімнің көмегі/үлгісі бойынша қолдану


2.5.1.2 Сөйлеу барысында көптік/тәуелділік/ жіктік /септік жалғауларын қолдану


3.5.1.2 Сөйлеу барысында көптік/тәуелділік/ жіктік /септік жалғауларын қолдану


4.5.1.2 Сөйлеу барысында көптік/тәуелділік/ жіктік /септік жалғауларын еркін қолдану

1.5.1.3 Мұғалім көмегімен бұйрық райлы етістік, болымсыз етістікті қолдану


2.5.1.3 Сөйлеу барысында бұйрық райлы етістік, болымсыз етістіктерді қолдану


3.5.1.3 Сөйлеу барысында бұйрық райлы етістік, болымсыз етістік, тұйық етістіктерді қолдану

4.5.1.3 Сөйлеу барысында етістік райларын, болымсыз етістікті, көсемшені қолдану


1.5.1.4

Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында етістіктің шақтарын, сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану





2.5.1.4

Сөйлеу барысында етістіктің шақтарын, сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану





3.5.1.4

Сөйлеу барысында етістіктің шақтарын, сілтеу есімдіктерін, модаль сөздерді дұрыс қолдану




4.5.1.4

Сөйлеу барысында етістіктің шақтарын, сілтеу есімдіктерін, модаль сөздерді, септеулік шылауларды дұрыс қолдану



1.5.1.5 Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру


2.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем құрастыру


3.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру


4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру



2.5.1.6 Мұғалім көмегімен айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) ажырату


3.5.1.6 Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) ажырату және құрастыру

4.5.1.6 Сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) бір түрден екінші түрге айналдыру


5.2 Орфографиялық нормаларды сақтау

1.5.2.1 Әріп пен дыбысты ажырата білу, дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескере отырып, сөздерді дұрыс жазу

2.5.2.1

Мұғалімнің көмегімен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді жазу



3.5.2.1 Жаңа сөздерді орфографиялық сөздік көмегімен қатесіз жазу

4.5.2.1 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді мұғалім көмегімен дұрыс жазу


1.5.2.2 Мұғалімнің көмегімен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтау және жазу

2.5.2.2 Ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді тауып жазу


3.5.2.2 Дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу

4.5.2.2 Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын ескеріп жазу



1.5.2.3 Мұғалімнің көмегімен бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын, үй жануарларына берілген атауларды) дұрыс жазу











3 Ұзақ мерзімді жоспар

1-сынып


Ортақ тақырыптар

Тақырыпша

Оқу мақсаттары

1-сынып

І тоқсан - 9 апта

1.Өзім туралы

Сәлемдесу. Сәлемдесу түрлері.

1.1.1.1; 1.1.2.1; 1.2.3.1; 1.2.6.1; 1.5.1.2

Жеке портреттер

1.1.1.1; 1.1.3.1; 1.3.3.1 ; 1.2.6.1; 1.4.1.1

Менің киімім (түстер)

1.1.1.1; 1.1.2.1; 1.1.3.1; 1.3.3.1 ; 1.2.3.1; 1.2.6.1;

Менің сәбилік кезім

1.1.1.1; 1.2.3.1; 1.2.6.1; 1.4.1.1; 1.3.3.1

2.Менің мектебім

Сыныптағы мені қоршаған заттар

1.1.1.1; 1.1.2.1; 1.3.2.1; 1.3.3.1; 1.2.3.1; 1.2.6.1 ; 1.5.1.1

Сынып бөлмесінің үлгісі мен сызбасы

1.1.1.1; 1.2.3.1 , 1.3.2.1; 1.2.6.1; 1.5.1.2

Сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік

1.1.2.1; 1.1.3.1; 1.3.3.1 , 1.2.3.1; ,1.2.6.1; 1.4.1.1; 1.5.1.4


«Мектеп күні» қойылым

1.1.1.1; 1.1.2.1; 1.3.3.1 , 1.2.3.1; 1.2.6.1; 1.5.1.5

ІІ тоқсан- 7 апта

3.Менің отбасым және достарым

Менің отбасым

1.1.3.1; 1.1.2.1; 1.3.3.1; 1.3.2.1; 1.2.1.1; 1.2.2.1; 1.2.6.1; 1.4.1.1; 1.5.1.2

Менің туыстарым

1.1.5.1; 1.1.2.1; 1.1.4.1; 1.3.3.1; 1.3.2.1; 1.2.1.1; 1.2.2.1; 1.2.6.1; 1.3.4.1

Менің достарым (Фильмді сипаттау)

1.1.3.1; 1.1.2.1; 1.1.5.1; 1.3.2.1; 1.2.5.1; 1.2.6.1; 1.4.1.1; 1.4.4.1; 1.5.1.5

4.Бізді қоршаған әлем

Үй жануарлары

1.1.2.1; 1.1.3.1; 1.1.4.1; 1.1.1.1; 1.3.3.1; 1.3.2.1; 1.2.6.1; 1.4.1.1; 1.5.1.4


Аңдар

1.1.2.1; 1.1.3.1; 1.3.4.1; 1.3.3.1; 1.3.2.1; 1.2.1.1; 1.2.2.1; 1.2.6.1; 1.4.2.1; 1.5.1.2 ; 1.5.1.1

«Дүкенге бару» рөлдік ойыны

1.1.2.1; 1.1.3.1; 1.1.4.1;1.3.4.1; 1.3.3.1; 1.3.2.1; 1.2.1.1; 1.2.2.1; 1.2.6.1

Менің елім

1.1.2.1; 1.1.3.1; 1.1.4.1; 1.3.4.1; 1.3.3.1; 1.3.2.1; 1.2.1.1; 1.2.2.1; 1.4.1.1; 1.5.1.4

ІІІ тоқсан – 10 апта ( Әә, Өө, Ғғ, Ққ , Іі дыбысы мен әрпі)

5. Саяхат

Мектепке барар жол

1.3.1.1; 1.3.3.1; 1.2.6.1; 1.3.5.1; 1.3.4.1

Мектепке барар жол – жаңа идеяларды түсіну

1.1.4.1; 1.1.5.1; 1.2.4.1; 1.2.3.1; 1.2.6.1 ; 1.5.1.3; 1.5.1.5

Мектепке барар жол – шағын есеп жазу


1.2.2.1; 1.4.1.1; 1.4.4.1; 1.5.1.2 ; 1.5.2.1

Көлік түрлері

1.3.3.1 ,1.2.6.1; 1.3.5.1; 1.3.4.1

Көлік – идеяларды түсіну

1.3.3.1 , 1.1.4.1; 1.2.3.1; 1.1.5.1 ,А1,1.2.3.1; 1.2.6.1;

Көлік туралы жазу үшін ақпараттар

1.3.3.1; 1.3.5.1; 1.4.1.1; 1.5.2.1; 1.5.2.2

6.Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін мазмұндау

1.1.4.1; 1.2.4.1; 1.2.3.1; 1.3.1.1; 1.3.3.1 ,1.2.6.1; 1.3.5.1; 1.5.1.5

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін есте сақтау

1.1.4.1; 1.1.5.1; 1.2.5.1; 1.2.3.1; 1.2.6.1; 1.3.4.1; 1.5.1.2; 1.5.1.3

Ертегі кейіпкерлері

1.1.5.1; 1.2.6.1; 1.2.3.1; 1.3.4.1; 1.4.1.1

Қазақстан туралы өлең оқу

1.3.3.1; 1.3.5.1; 1.3.2.1

Қазақстан туралы сөйлем/өлең құрастыру

1.2.2.1; 1.4.2.1; 1.4.4.1; 1.5.2.3;

ІҮ тоқсан – 8 апта (Ұұ, Үү, ң, һ дыбысы мен әрпі)

7.Тағам және сусын







Кешке арналған айрықша ас мәзірі - оқылым

1.1.3.1 ,1.1.4.1 ,1.1.5.1,1.3.2.1 ,1.3.3.1; 1.3.4.1 ,1.3.5.1; 1.2.6.1; 1.3.1.1

Кешке арналған ас мәзірі–идеяларды есте сақтау

1.1.3.1 ,1.1.2.1 ,1.1.5.1. ,1.2.1.1 ,1.2.3.1, 1.5.1.2; 1.5.2.1

Жемістер мен көкөністер – оқылым

1.3.2.1 ,1.3.3.1 ,1.3.4.1 ,1.3.5.1 ,1.2.3.1 ,1.2.1.1 1.2.4.1 ,1.2.5.1; 1.5.2.2

Жеміс-жидек және көкөністер –идеяларды есте сақтау

1.3.2.1 ,1.3.3.1 ,1.3.4.1 ,1.3.5.1 ,1.2.3.1 ,1.2.1.1 1.2.4.1 ,1.2.5.1

Жеміс және көкөністер - жазылым

1.4.2.1 ,1.4.2.1 , 1.5.2.2,1.4.2.1

8.Дені саудың – жаны сау

Дене мүшелері - оқылым

1.1.3.1 ,1.1.4.1; 1.2.3.1 ,1.3.2. 1 ,1.3.3.1 ,1.3.4.1, 1.3.5.1; 1.2.3.1; 1.3.1.1

Дене мүшелері – (идеяларды есте сақтау)

1.1.3.1; ,1.1.2.1; 1.1.5.1; 1.1.4.1; 1.2.3.1; 1.5.1.2

Ауруханаға бару

1.1.4.1; 1.1.5.1; 1.2.4.1 ,1.1.3.1 1.3.1.1 ,1.3.4.1

Дәрігер қабылдауында - ролдік ойын

1.1.4.1; 1.1.3.1; 1.2.2.1; 1.2.3.1; 1.3.1.1




Дәрігер қабылдауында жазу

1.2.4.1; 1.4.1.1; 1.4.2.1;




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет