Бағдарламасындағы ait/abt 4339 «Әскери информациялық технология»



бет27/40
Дата23.11.2023
өлшемі0.9 Mb.
#484208
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Ә инфо Тех ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

2. Мақсаты мен міндеттері: Студенттер жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың енгізілуі экономика, саясат, мемлекет, қоғам мен азаматтың белсенді әрі әсерлі дамуын туралы білуі қажет.
3. Лекция мазмұны
Жаңа ақпараттық және Телекоммуникациялық технологиялардың енгізілуі экономика, саясат, мемлекет, қоғам мен азаматтың белсенді әрі әсерлі дамуына бірегей мүмкіндіктер туғызды. Мұнымен қоса, бұл үрдістердің өңделуі кезінде жеке адамдардың, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың міндеттемелерімен байланысты бірнеше заңбұзушылық пен қылмыстық істер кездеседі. Осыған орай заңнамада «Ақпараттық құқық» атты бөлімше құрылып, дамып келеді. Ақпараттық құқық актілеріндегі ақпараттық технологияларды құрушы мен пайдаланушы арақатынасы, субъектілердің құқықтары мен бостандықтары, ақпаратты сақтап, тарату сынды үдістер заңдар мен нормативтік құқықтық актілер көмегімен іске асырылады. Ақпараттық құқық бөлімшесінің бақылау объектілеріне ақпарат, программалық және компьютерлік құрал-жабдықтар мен мәліметтер қоры жатады.
Субъектілер арасында екі категорияны бөліп қарастыруға болады: жүйені эксплуатациялайтын өңдеушілер мен мамандар.
Ақпараттық құқықты бұзу компьютерлік қылмыспен және ақпараттық заңнама нормаларын бұзумен байланысты.
Ақпараттық технологияларды құру және пайдалану кезінде тңмендегілермен байланысты заңдық қатысулар пайда болады:

  • ақпараттық ресурстарды құру және тарату құқығымен;

  • ақпараттық өнімдерді пайдалану құқығымен;

  • жиналынған ақпараттарды іріктеудің әдістері мен тәсілдері және ақпаратты орналастыруға қатысты интеллектуалдық меншік құқығымен:

  • машиналық тасушыға заттық меншік құқығымен:

  • ақпараттық ресурстардың анықтығы, сапасы, толықтығы және ресурстардың маңыздылығы үшін субъект-тұтынушының жауапкершілігімен;

  • қауіп-қатердің барлық түрінен ресурстарды қорғау жауапкершілігімен.

Осы жағдайларға орай заң шығару сферасында құқықтық қатысуды реттеу қажеттілігі туындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет