«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы Жалпы ережелер «Пайдаланушы сертификатын беру»



Дата07.07.2016
өлшемі136.93 Kb.
#183472


«Пайдаланушы сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартының жобасы


1. Жалпы ережелер
1. «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік қызметтін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшасының (Чикаго, 1944ж.), «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 60 және 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 қаулысымен бекітілген Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасының (бұдан әрі - Қағидалар), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыға қойылатын сертифаттық талаптары (бұдан әрі – Сертификаттық талаптары) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету стандарты www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны пайдаланушы сертификатын беру (пайдаланушы сертификаты телнұсқасын) немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы).

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді берген күннен бастап 90 күнтізбелік күн.

Телнұсқаны беру мерзімі – 10 күнтізбелік күн;

2) уәкілетті органға осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) уәкілетті органда пайдаланушы сертификатын алу (телнұсқа) кезіндегі кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын 9:00ден - 18:30-ға дейін, түскі үзіліспен 13:00ден-14:30-ға дейін.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, күту және құжат толтыру, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (үзінді көшірмелері) көрсетілген стенділермен қамтамасыз етілген ғимараттағы орындарда жүзеге асырылады.

Уәкілетті органда жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында Жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсынымдар кітабы жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның сенім білдірген уәкілетті өкілі уәкілетті органға пайдаланушы сертификатын алуға мынадай құжаттар қоса отырып, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді ұсынады:

1) Мемлекеттік қызметті алушының мыналарды қамтитын ақпараты:

мемлекеттік қызметті алушы құрылтайшыларының негiзгi мәлiметтері;

мемлекеттік қызметті алушының тiркелген атауы;

мемлекеттік қызметті алушының негiзгi қызмет орнының мекенжайы;

пайдаланушымен тiкелей байланыс (байланыс ақпараты), қажет жағдайда ұшуды өндiру, ұшу жарамдылығы, ұшу және кабина экипаждары мүшелерiнiң бiлiктiлiгi, қауiптi жүктердiң тасымалы және басқада сәйкесiнше мәселелер бойынша жедел басшылығымен тез арада байланысқа шығуға қажеттi телефон нөмiрi мен факсi кiретiн, соның iшiнде елдiң коды және электрондық поштасының адресі (бар болса);

жоспарлы коммерциялық әуе тасымалының түрлерi;

ұшу өңiрлерi (аудандары);

әуе кемелерiне арналған мәлiметтер және оларды пайдалану бойынша шектеулер;

әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;

ұшу жұмыстарын ұйымдастыру;

ұшуды қамтамасыз ету.

2) Мемлекеттік қызметті алушының жарғы көшiрмесi және құрылтайшы шарты.

3) Заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi.

4) Ұйымдастыру құрылымы, штат кестесi.

5) Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей байланысты басшылық құрамы мен авиациялық мамандардың мiндеттерiн белгiлейтiн лауазымдық нұсқаулықтар.

6) Экипаждың жұмыс және демалыс уақыты туралы ережелер, оның iшiнде ең аз экипаж құрамымен ұшу кезiндегi және күшейтiлген экипажбен немесе бiр әуе кемесiндегi екi экипажбен.

7) Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей байланысты басшылық құрамы мен авиациялық мамандар жөнiндегi мәлiмет.

8) Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен бiрге ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымының басшы қызметкерлерiнiң лауазымдарын келiсудi растайтын құжаттар: ұшу қызметiнiң басшысы, ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы, инженерлiк-авиациялық қызметтiң басшысы.

9) Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы туралы деректер:

лауазымы;

тегi, аты, әкесiнiң аты;

бастапқы дайындығы;

ұшқыштар құрамы куәлiгiнiң класы, нөмiрi, қолданылу мерзiмi, кiм бердi;

жалпы ұшу;

кем дегенде әуе кемесiнiң командирiмен әуе кемесi түрлерi бойынша ұшу, қатарға қосу өткен (өтетiн) құжаттың атауы, соңғы саралап тексерудiң мерзiмi (ұшуды басқару техникасы, ұшақты жүргiзу, ұшудағы практикалық жұмысы);

медициналық куәландыру, куәлiктiң әрекет ету мерзiмi;

ағылшын тiлiнде байланыс жүргiзуге рұқсат беру, аяқталғаны туралы құжаттың нөмiрi, кiм және қашан бердi;

мамандық бойынша соңғы бiлiктiлiгiн жетiлдiру курстары;

ағылшын тiлi бойынша соңғы бiлiктiлiгiн жетiлдiру курстары;

авариялық жағдайда әрекет ету бойынша машықтануды үйрену және қуаттау;

соңғы жұмыс орны (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс iстеген кезеңi).

10) Пайдаланушының басшылығы бекiткен ұшу қызметiн жүзеге асыру құжаттарының тiзбесi;

11) Пайдаланушының басшылығы бекiткен және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулығы;

12) Техникалық қызмет корсету жүргiзуде негiзге алынатын құжаттардың тiзбесi;

13) Пайдаланушының басшылығы бекiткен техникалық қызмет көрсетудi реттеу жөнiндегi пайдаланушының нұсқаулығы;

14) Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердiң, ұшуға жарамдылық сертификаттарының, радиостанцияларға арналған рұқсаттың (лицензияның), әуе кемелерiнiң жергiлiктi жерлердегi шуыл бойынша сертификаттардың көшiрмелерi;

15) Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарының талаптарына сәйкес мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисiнiң көшiрмелерi;

16) Ұшуды қамтамасыз ету, әуе кемелерiн бiрлесе пайдалану, авиациялық қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшiрмелерi;

17) Пайдаланушы басшысы бекiткен әуе кемелерi бояуының үлгiлерi және мәтiндiк сипаты;

18) Азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiн болдырмау жөнiндегi шаралар туралы құжаттар;

19) Халықаралық ұшуға арналған құжаттар:

халықаралық ұшуды орындау үшiн нормативтiк және ұшу құжаттамасының тiзбесi және оның болуы;

әуежайлардағы кедендiк, паспорттық, санитарлық және карантиндiк бақылауды қамтамасыз ету туралы ақпарат;

халықаралық рейстердiң жолаушыларын орналастыру мен тамақтандыру үшiн қонақ үй, мейрамхана, дәмханалар туралы ақпарат.

20) Жүк және жолаушы тасымалын ресiмдеу үшiн тасымалдау құжаттамасының тiзбесi, егер пайдаланушы дербес жұмыс iстейтiн болса (шарт бойынша емес):

жиынтық тиеу ведомостары;

бас декларациялар;

жүктiң нөмiрлi биркасы;

«аса маңызды кiсi» биркасы;

тiркеу ведомостары;

купондар тiзiлiмдерi;

жүк ведомостары;

қону талондары;

жолаушылар багажы мен жүктердi тасымалдау кезiндегi ақаулықтар туралы актiлер;

жолаушы манифестi;

жүктiң жүкқұжаты;

жүк манифестi;

1,2 және одан көп тасымалдаушыларға арналған авиабилеттер;

1,2 тасымалдаушыға арналған әр түрлi жиын ордерлерi;

жүктiң нөмiрлi жүкқұжаты;

1,2 тасымалдаушыға арналған ақылы багаждың түбiртегi.

21) Әуе кемелерi туралы мәлiметтер және әуе кемелерiнің түрi, олардың жабдықтары бойынша техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру сипаттамасы, сондай-ақ әрбiр әуе кемесiнiң орналасқан жерi туралы анықтама;

22) Әуе кемелерiн пайдаланудағы шектеулер:

әуе кемесiнiң түрi, моделi;

тiркеу нөмiрi;

әуе кемесiнiң Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының I, II, III санаттары бойынша қонуға кiруге және қонуға рұқсаты;

қонуға кiру жүйесi бойынша әуе кемесi үшiн белгiленген минимумдар: ILS, VОR/DME, РАR, 2NDB, РАR+2NDB, VOR, NDB;

ұшуларды көзбен шолу және қонуға кiру үшiн әуе кемелерiне арналған белгiленген минимумдар;

(РВN) (RNAV 10, RNAV 5, RNAV 4, RNAV 1, RNР 4, RNР АРСН) сипаттамасымен негiзделген навигация жағдайында ұшуға рұқсат беру;

(GNSS, DME/DME, IRU/IRS, VOR/DME, LRNS, MNPS) сипаттамасымен негiзделген навигациялық санап теруге байланысты шектеулер;

ұлғайтылған алыстық жағдайында әуе кемелерiне ұшуға рұқсат беру (ЕТ0РS) (қос қозғалтқышты әуе кемелерi үшiн);

тiк эшелондау жағдайында ұшуға рұқсат беру (RVSМ);

аудандарда немесе (RСР) байланыстың сәйкес түрi белгiленген маршруттар бойынша ұшуға арналған жабдықтармен әуе кемелерiн жабдықтау;

соқтығысуды ескерту жүйесiмен жабдықтау.

23) Әуе кемелерiн жалдау (фрахт) шарттарының (келiсiмшарттарының) көшiрмелерi;

24) Пайдаланушының ұшу қауiпсiздiгiн басқару жөнiндегi нұсқаулығы.

Жоғарыда көрсетiлген барлық құжаттардың көшiрмелерi мемлекеттік қызметті алушының қолымен және мөрiмен куәландырады.

Мемлекеттік қызметті алушы пайдаланушы сертификатының телнұсқасын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға еркін нысандағы өтініш және мемлекеттік қызметті алушы жүргізген қызметтік тексеру материалдарын осы стандартта көзделген тәртіппен ұсынады.

12. Белгіленген үлгідегі өтініш нысаны уәкілетті органның www.mtk.gov.kz сайтында орналасқан.

13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне ұсынылады.

14. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон береді.

15. Пайдаланушы сертификаты мемлекеттiк қызметтi алушыға уәкiлеттi органның қызметкері берiлген сертификаттарды есепке алу және тiркеу журналына қолхат алу арқылы беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады, егер:

1) осы стандартың 11-тармағында аталған ұсынылған құжаттар Қағидалар талаптарына сәйкес келмесе;

2) мемлекеттік қызметті алушы ұсынатын қызметтер сертификаттық талаптарға сәйкес келмесе;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты осы қызмет түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болғанда.

Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі тиіс. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда,уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша дәлелді жауап береді.


3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі адамдардың конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауға және сыпайылық, барынша толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғанысы мен құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті органның жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын бірінші тоқсанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін уәкілетті органның қызметкерлері мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны +7(7172) 24-26-05.

21. Шағым көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мына мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны +7(7172) 24-26-05.

Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым уәкілетті органның басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекен жайы, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz қабылдау бөлмесінің телефоны +7(7172)24-26-05.

23. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда жазылады.

25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымды қабылдауды растайтын құжат осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты, жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.

26. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің сенім білдіру телефоны: 24-31-65.

___________________

«Пайдаланушы сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан


Уәкiлеттi орган басшысына

Пайдаланушы сертификатын алуға арналған (пайдаланушы сертификатын пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге өзгерiстер енгiзуге арналған) өтiнiм
_____________________________________________________________________
пайдаланушы сертификатын алу, қолданылу мерзiмiн ұзарту, пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге өзгерiстер енгiзу) мақсатында _____________________________________сертификаттау жүргiзудi сұраймын
(өтiнiм берушiнiң толық аты-жөнi) ұшуды бастау жоспарланған күн ____________________________________________(ұзарту/өзгерiстер енгiзу кезiнде тиiсiнше қолданыстағы сертификаттың аяқталу мерзiмi немесе жаңа пайдалану жағдайындағы ұшуды бастау жоспарланған күн көрсетiледi)
      өтiнiм берушi:
      - сертификаттау рәсiмдерiн орындауға;
      - сертификаттау талаптарына жауап беруге;
      - уәкiлеттi органға ұшулардың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етiлуiн және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беруге мiндеттенедi.

     


Басшы___________________________
            (лауазымы / қолы / күнi)

М.О.


«Пайдаланушы сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

Өтінішті қабылдау туралы талон

1. Өтінішті тіркеу нөмірі ___________________________________________________

   Өтінішті тіркеген күні 201_жылғы «__» ________________

2. _______________________________________________________________________

               (көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі)

3. _____________________________________________________ қабылданды.

              (мемлекеттік қызметті алушының өкілінің аты-жөні)

4. Қоса берілетін құжаттар саны _____ мен тізбесі:

1)____________________________________________________________________

2) ___________________________________________________________________

3) ___________________________________________________________________

4) ___________________________________________________________________

5) ___________________________________________________________________

6) ___________________________________________________________________

7) ___________________________________________________________________

8) ___________________________________________________________________

9) __________________________________________________________.

5. Қабылдаған:

__________________________________________________________________

     (Өтінішті қабылдаған қызметкердің аты-жөні, лауазымы және қолы)

6. Құжатты беру күні (уақыты) және орны: 20___ жылғы «__» __________ ___ сағ.___мин, _______________________________________________мекенжай бойынша.

«Пайдаланушы сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша



Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдың ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %- ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiгі

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %-ы (үлесi)










5. Сыпайылығы

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %-ы (үлесi)









«Пайдаланушы сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша





Талон

_______________________________________________________


(субъектінің атауы)

Өтінімді қабылдады _______________________________________


                     (маманның Т.А.Ә.)

20__ ж. «__» _________ __ сағат __ мин.



Тапсыру мерзімі және жауап алу орны 20__жылғы «_»_______________________дейін, _______________________________________________мекенжай бойынша.

(мөлшері 75 мм х 55 мм)



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет